Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұСҚаулық


Дипломдық жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар



бет10/13
Дата13.11.2022
өлшемі346.83 Kb.
#464761
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Норма

7.2 Дипломдық жобаны рәсімдеуге қойылатын талаптар
Жоба мәтіні ресми басып шығару, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы Заңына» сəйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Дипломдық жоба мәтінікомпьютермен теру тəсілімен жазылып, бәр беттік қағазда, яғни А4 (210х297 мм) форматты ақ қағазда МемСТ 2.301-68 бойынша 1,5 кейін орындалады. Қаріп – қарапайым, 14 кегль.
Мəтіндік бөлімінің беттері жиектелінбейді. Бұл айтылғанға МемСТ 2.106-96 бойынша ресімделетін сипаттізім кірмейді.
Мәтін компьютермен орындаған кезде шеттері келесі өлшемде болуы тиіс: жоғары – 20 мм, төмен – 20 мм; сол жағы – 30 мм; оң жағы – 10 мм.
Компьютермен теру тəсілімен орындалғанда Microsoft Word редакторында Times New Roman Kz (Times Kaz, Times/Kazakh) 14 шрифтері қолданылады. Мəтіннің тығыздығы біркелкі болу тиіс. Мəтін шегінде азат жол (1,25 шегініс) бірдей жəне бес таңбаға тең болуы тиіс.
Дипломдық жобаның барлық беттері титул бетінен бастап, қосымшалары мен сипаттізімін қосқанда, үздіксіз реттік нөмірлері болуы тиіс. Беттерді «КІРІСПЕ» беттен бастап, беттің төменгі жағынын ортасына араб сандарымен нөмірлейді. Нөмірден кейін нүкте қойылмайды.
Бөлімдер тармақ немесе бөлімше жəне тармақшаға бөліну тиіс. Тармақтар, қажет болса, тармақшаларға бөлінуі тиіс. Оқу жұмыстарының мəтінін тармақ пен тармақшаға бөлген кезде, əр тармақ, тармақшада аяқталған ақпарат болу қажет. Бөлім, бөлімше, тармақ, тармақшаларды араб сандарымен нөмірлеу тиіс жəне азат жолдан жазу тиіс. Диплом жобаның əр бөлімі жаңа беттен басталуы қажет.
Мысалы,

1 Компьютерлік графика (бөлім атауы)


1.1 Компьютерлік графика түрлері (тарау атауы)


Бөлім мен бөлімше тақырыптар аралығы компьютермен басылғанда – 1 аралықта басылады. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер тақырыптары бір-бірінен мəтіннен екі жол (2 аралық) төмен түсіріліп басылады.
Тізімделудің əр позициясының алдында сызықша немесе оқу жұмысының мəтінінде тізімдеудің біреуіне сілтеме қажет болса, соңында жақшасы бар кіші əріп қояды. Атап өтуді ары қарай бөлшектеу үшін соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет.
Тізімдеудің соңына үтір нүкте немесе нүкте қояды. Əр жаңа позиция азат жолдан кіші не бас əріппен басталады.
Мысалы,
1. Вирустар әсерін жоятын антивирустық бағдарламаларды үш топқа жіктеледі. Олар:
– файл мәліметтерінің бақылауға арналған олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген бағдарламалар;
– бағдарламаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік бағдарламалар;
– вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын бағдарламалар.
2. ___________:
а) ___________________________ ;
ә) _______________________________;
1) ______________________;
2)______________________;
б) _______________________________.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет