Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұСҚаулық



бет11/13
Дата13.11.2022
өлшемі346.83 Kb.
#464761
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Норма

Формулаларды, қосымша формулаларды қоспағанда, дөгелек екі жақтық жақшада формула деңгейінде, араб сандарымен үздіксіз нөмірленуі тиіс. Əрбір формулалар мен теңдеулерді жазғанда жоғарыдан жəне төменнен бір-бір жолдан кем болмайтын бос орын қалдыру қажет.
Мысалы, (1), (2), (3), т.б.
Бір формуланы – (1) белгілейді.
Мəтіндегі сілтемелердің реттік нөмірлері жақшамен беріледі.
Мысалы, ...(1) формулада.
Қосымшада орналасқан формулаларды , əр қосымша шегінде араб сандарымен, цифр алдында қосымшаның əріптік (цифрлық) белгілерін көрсетіп нөмірлеу керек.
Мысалы, ...(В.1) формулада.
Бөлім шегінде формулаларды нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен тұрады.
Мысалы, (3.1), (3.2), (3.3).
Егер формулаға кіретін белгілер мен сандық коэффициенттер, бұрын мəтінде немесе қосымшада түсіндірілмесе, олар тікелей формула астына келтірілуі тиіс.
Əр белгілердің, түсіндірмесі белгілер формулада келтірілген ретімен жаңа жолдан берілуі тиіс. Түсіндірменің бірінші жолы (қос нүктесіз) «мұндағы» деген сөзбен азат жол шегінісінен басталуы тиіс.Мысалы, үлгі массаның тығыздығы ρ, кг/м3, келесі формуламен есептелінеді:

ρ = = = 4 кг/м3, (1)


мұндағы, m - үлгі массасы, кг салмақ – күш;
v – үлгі көлемі, м3.
Мәтінмен бөлінбеген бірінен кейін бірі тұратын формулаларды, үтірмен бөледі.
Мысалы,

S = V· t , (1)


ρ = . (2)


Оқу жұмысының мәтінінде математикалық теңдеулерді мазмұндау тәртібі формуламен бірдей.
Дипломдық жоба мәтінінде қолданылатын формулаларды формула редакторын қолдана отырып теру керек.
Кестелерді жақсы көрнелік ретінде жəне көрсеткіштерді теңестіру ыңғайлылығы үшін қолданады. Сандық материалды кесте түріне сəйкес ресімдейді.
Мысалы, жиынтықтың жалпы көрсеткіші 1.1 – кестеде көрсетілген.

1.1 – кесте. Жиынтықтың жалпы көрсеткіші



























































Кесте тақырыбы – оның мазмұнын аша отырып қысқа əрі нақты болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, азат жол шегінісінен, «1 – кесте» деген сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.


Оқу жұмысының барлық мəтінінде кестелерге сілтеме берілуі тиіс, сілтеме берілген кезде «кесте» деген сөзбен оның нөмірін көрсетіп жазу тиіс. Кестелері бөлім шегінде нөмірленуі тиіс. Бұл жағдайда кестенің нөмірлері нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Мысалы, 2.1- кесте – 2 бөлімнің 1 – кестесі.
Кестелерді мәтіннен бір бос жолмен бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет