Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұСҚаулық



бет8/13
Дата13.11.2022
өлшемі346.83 Kb.
#464761
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Норма

Диплом жобасының негізгі бөлімі әдеттегідей зерттеу объектісіне қатысты мәселелік сипаттамасы бар әр бөлім бойынша қойылған зерттеу нәтижелерінен, қорытынды және ұсыныстардан тұрады. Әрбір бөлімде қарастырылған сұрақтар бойынша қысқаша қорытынды болуы қажет. Жобаның негізгі бөлімінің көлемі 25-28 бет.
Дипломдық жобаның экономикалық бөлімінде жалпы экономикалық жағдай, бағдарламалық өнімді әзірлеуге кететін шығындар сметасы, шығын материалдары, жалпы шаруашылық шығындар, бағдарламалық өнімді жасаудың еңбек сыйымдылығын есептеу, бағдарламашының еңбекақысын есептеу сияқты қарастырылады.
Дипломдық жобаның экономикалық бөлімі, әдетте, бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді.
Дипломдық жобаның еңбек қорғау бөліміне Қазақстан Республикасының Еңбек қорғау жөніндегі заңнамалық актілері, электр қауіпсіздігі жөніндегі ережелер, компьютерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ өндірістік санитарияның және еңбек гигиенасының негізгі міндеттері келтіріледі.
Дипломдық жобаның еңбекті қорғау бөлімі, әдетте, бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді.
Диплом жобаның əр бөлім жаңа беттен басталады және бөлім, бөлімше, тармақ, тармақшаларды араб сандарымен нөмірлеу тиіс жəне азат жолдан жазу тиіс («1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ», «2 АРНАЙЫ БӨЛІМ», «3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ», «ЕҢБЕК ҚОРҒАУ»). Бөлімдерге барлық мəтін шегінде қосымшаларды қоспағанда, реттік нөмірлер қойылуы тиіс.
Мысалы, 1, 2, 3 т.б.
Бөлім немесе тармақ бөлімінде нүктемен бөлінген бөлімше немесе тармақ нөмірі кіреді.
Мысалы, 1.1, 1.2, 1.3 т.б.
Тармақша нөміріне нүктемен бөлінген бөлім, бөлімше, тармақ жəне тармақшаның реттік нөмірі кіреді.
Мысалы, 1.1.1.1, 1.1.1.2, 1.1.1.3 т.б.
Жоба мəтінінде бөлім, бөлімше, тармақ, тармақша нөмірінен кейін нүкте қойылмайды.
Қорытынды көлемі зерттелген мәселе бойынша нақты зерттеу объектісіне негізделген 1-2 бет болуы керек. Қорытындыда тек қана зерттеулердің нәтижелері мен қолданылған нақты зерттеу әдістерінің негізіндегі тұжырымдар болуы керек. «ҚОРЫТЫНДЫ» сөзін тақырып ретінде бас əріптермен жолдың ортасына жазылады жəне нөмірленбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет