Өндірістік еңбек белгілі бір дәрежеде адам ағзасына зиян болып келеді.
Өндірістік қауіп деп жұмысшыларға мүмкін әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды айтады.
Мыс штейнын өңдеу үрдісі зиянды заттардың бөлінуімен бірге жүреді: технологиялық қондырғыдан (мыс штейнын өңдеу пеші, миксер,) және балқытылған мыс штейнынан жылу бөлінулер; шығылу пешінде мыс штейнын үрлеу кезінде пайда болатын газдар; мыс штейнын тасымалдағанда және төккенде пайда болатын шаңдар.
Технологиялық үрдісте келесі компоненттер қатысады: қорғасын, мыс, мышьяк, мырыш, кремний, висмут, алтын, күміс және т.б. металдар.
Технологиялық қондырғылардың жұмысы кезінде зиянды заттар бу және газдар бөлінеді.
Негізгі зиянды зат болып қорғасынды шаңдар саналады. Бұл шаңдар 1 қауіпті заттар классына жатады. Олар адам ден саулығына күрделі зиян келтіреді. Ол нерв жүйесінің, қан тамырларының және қанның өзгеруіне алып келеді. Қорғасын буларымен улану созылмалы аурулармен сипатталады.
Негізгі қауіп түрлері:
– ыстық қондырғылармен және балқымалармен сипатталатын термиялық күйік алу қаупі;
– цехта электр қондырғысымен және электрожүйесі бар болуымен сипатталатын электрлі токпен зақымдану қаупі;
– механикалық қондырғылардың (науалар, жүк көтеру қондырғылары) бар болуымен сипатталатын маханикалық жарақат алу қаупі;
– технологиялық үрдісте зиянды газдардың, қорғасын аэрозольдарының бар болуымен сипатталатын газбен улану қаупі;
Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы
Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы (жұмыс бөлмелері, өндірістік цех, және т.б.) ауалы ортаның физикалық күйінен байланысты болады және негізгі метеорологиялық элементтерімен сипатталады: температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ылғалдылығы, сонымен бірге қондырғылардың және қолданылған материалдар және бұйымдардың қыздырылған беттерінің жылулық сәулеленуі жатады. Осы өндіріс бөліміне лайықты бұл факторлардың жиынтығы өндірістік микро климат деп аталады.
Қолайлы микро климаттық жағдайлар адам ағзасына ұзақ уақыт бойында әсер еткенде оның дұрыс функционалды күйін қамтамасыз етеді.
Өндірістік және қосымша бөлмелерде жарықтандыру, жылыту, ауаның айналымы және конденсациялануы ауалық ортаның адамның денсаулығын сақтауға және оның жұмыс қабілеттілігін жоғарылатыуға қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Мыс штейнын өңдеу үрдісін жүргізген кезде пештен, энергия сақтаушы барабаннан, миксерден бөлінетін жылу қоршаған ортамен жылу алмасуын тудырады. Жылу алмасуды химиялық және физикалық деп бөледі. Химиялық жылу алмасу зат алмасу деңгейінің өзгеруімен сипатталады. Физикалық жылу алмасу ағзаның қоршаған ортаға жылу алмасуын сипаттайды.
Түрлі жылу алмасулардың арасындағы қатынастар метеорологиялық факторларға тәуелді өзгереді.
Өндірістік жұмыс орындарындағы температура өндірістік ортадағы метеорологиялық жағдайды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Жоғары температурады жұмыс істеу адам организміне кері әсер етеді. Жоғары температурада жұмыс істеген кезде адам денесінен көп мөлшерде тер бөліп шығарады, бұл организмді құрғатып жібереді, жүрек – көк тамырларының жұмысын нашарлатады, тыныс алуды жиілетеді, басқа мүшелер мен жүйелерге кері әсер етеді.
Жоғары температураның адам ағзасына ұзақ уақыт бойы әсері, әсіресе жоғары ылғалдылықта, адам ағзасында жылудың көп мөлшерде жиналуына әкеп соғады (гипертония, кан қысымының артуы).
Жылу бөлініуді төмендету шаралары:
– жылу тасымалдайтын бу-газ құбырлары және қондырғылары жылу сақтайтын материалдармен қаптау;
– құрал-жабдықтардың герметизациясы;
– ауа алмасу жүйесін пайдалану;
– жеке қорғану заттарды қолдау;
Өндірістік шулар және дірілдеулер
Шу бұл серпімді (газды, сұйық, немесе қатты) ортада бөлшектердің толқын тәріздес тербелмелі қозғалысы нәтижесінде пайда болатын әртүрлі жиіліктегі және қарқындылықты дыбыстар жиынтығын айтады.
Өндірістік қондырғыларды жобалағанда, құрастырғанда және қолданғанда шулар мен тербелістерді жою негізгі шаралардың бірі болып табылады.
Мыс штейнын тасымалдау, құю, төгу үрдістері шулармен және тербелулермен бірге жүреді. Шу және тербеліс көздері ретінде қондырғылар және аппараттар, және де технологиялық қондырғаылар және аппараттар болады.
Қазіргі уақытта техниканың дамуы, кәсіпорындарды энергияты және тез қозғалатын қондырғылар және аппараттармен жабдықтау, адамның шудың әсеріне әрдайым ұшырауына әкеліп соқтырады.
Жұмыс орындарында шу және тербеліс деңгейінің жоғарылауы адам ағзасына зиянды әсер етеді.
Дыбыс толқындарының таралуы шудың сипаты үшін, шуды бағалау үшін және қорғану шараларын таңдау үшін маңызды біршама акустикалық факторлардың пайда болуымен бірге жүреді.
Шудың есту мүшелеріне әсерінен басқада ағзаның жүйесіне және мүшелеріне кері әсері бар екені белгілі. Бірінші кезекте орталық нерв жүйесіне әсері. Шудың әсерінен нерв жүйесінің зақымдануы ашушаңдылықпен, апатиямен, нашар көңіл-күймен және т.б. бірге жүреді. Шудың әсер етуі ас қорту жолдарының ауруына, зат алмасу үрдісінің өзгеруіне, жүрек кантамырлары жүйесінің функционалды жағдайының бұзылуына әкеледі. Шулардың кері әсері оның әсер ету уақытын азайтумен, жұмыс және демалыс уақытын реттеумен төмендетуге болады.
Шу дыбыс тербелісінің жиілігімен, дыбыс қысымымен, дыбыс қарқындылығымен және дауыс қаттылық деңгейімен сипатталады. Дыбыс қысымын өлшеу үшін шу өлшегіш Ш-ЗМ, ИШВ-1 құралдары қолданады.
Шуды нормалау үшін екі нормалау әдісі қолданады: шудың анықталған спектрі бойынша және дыбыс деңгейі бойынша, дБ-мен. Бірінші әдіс тұрақты шулар үшін негізгі болып саналады және дыбыс қысымының деңгейін орташа геометриялық 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000 и 8000 Гц жиіліктермен сегіз октавты жиілікте нормалауға болады.
Кесте 12.2 – Шу мен вибрацияның мүмкін деңгейлері
Жұмыс орындары
|
Орташа геометриялық жиіліктегі дыбыс деңгейінің қысымы, Гц
|
Дауыс деңгейі дБ эквиваленті бойынша
|
63
|
125
|
250
|
500
|
1000
|
2000
|
4000
|
8000
|
Оператор және жұмыс бөлмелері
|
79
|
70
|
68
|
63
|
55
|
52
|
50
|
49
|
60
|
Лабороториялық тәжірибелерді өткізетін бөлмелер
|
94
|
87
|
82
|
78
|
75
|
73
|
71
|
70
|
80
|
Кәсіпорын аймағындағы жұмыс орындары және жұмыс аймақтары
|
99
|
92
|
86
|
83
|
80
|
78
|
76
|
74
|
85
|
Шумен күресу шаралары.
Шумен күресу үшін техникалық және медициналық сипаттағы шаралар қолданады.
Олардың негізгілері болып:
-
шудың пайда болу себебін жою немесе оны әлсірету;
-
дыбыс және вибро қорғау, дыбыс және вибро жұтқыш құралдарымен шу көзін қоршаған ортадан оқшаулау;
-
шудан жеке қорғану құралдарын қолдану;
-
медициналық сипаттағы сақтандыру шаралары;
Тербелістен, үйкелістен, соққылар салдарынан пайда болатын шумен күресудің ең тиімді жолы – қондырғылардың конструкциясын жақсарту.
Шумен күресудің шаралары технологиялық үрдістерге қазіргі заманғы құралдарды енгізу, шу көздерін оқшаулау, жеке қорғаныс құралдарын және архитектуралық – жобалау шешімдерін жақсарту болып табылады.
Вибрация – (тербелу) – белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын қондырғының, механизмдердің, серпімді денелерінің механикалық қозғалуларының жиынтығы. Көп жағдайларда вибрация шумен бірге жүреді.
Вибрация амплитудамен, жиілікпен, жылдамдықпен және үдеумен сипатталады. Осы параметрлер вибрацияның адамға, құралдарға, құрылыс конструкцияға әсерін анықтайды. Вибрацияның басқада құрылыс конструкцияларына таралуын азайту үшін вибрацияланатын қондырғыларды бөлек орнатады және қондырғылардың конструктивті бекітілуін жақсарту қажет.
Тербелудің зиянды әсері болып қондырғылардың және аппараттардың пайдалы әсер коэффициентінің төмендеуіне, дисбаланс салдарынан қондырғы бөлшектерінің тозуы жатады. Тербелумен туғызылатын ұзақ уақыт бойы тербелулер құрылыстардың конструкциялы орындалуының бұзылуына әкелуі мүмүкін.
Вибрация орталық нерв жүйесіне, ішек-қарын жолдарына, тепе-теңдік мүшелеріне (вестибулярлы аппарат) әсер етеді, бас айналуын тудырады, буындардың ауруын туғызады. Вибрацияның ұзақ уақытты әсері кәсіби науқастану – вибрационды ауруды туғызады. Оны емдеу тек алғашқы сатыда ғана болады, ал кейбір жағдайларда жұмысқа қабілеттіліксіздікке әкелетін, ағзада кері қайтпайтын үрдістер болуы мүмкін.
Әсер ету ұзақтығы 480 минут үшін нормалаушы параметрдің жиілігіне байланысты интегралды бағалау кезінде вибрацияның мүмкін мәндері:
-
тербелу үдеуі бойынша - Z,X,Y = 4 м/c2;
-
тербелу жылдамдығы бойынша - 4 м/с10-2;
-
16 - 1000 Гц жиіліктер үшін - дБ 118 (ГОСТ 12.1.012-91)
Жарықтандыру
Бөлмелердің және жұмыс орындарында орынды жарық түсіру еңбек етуге қолайлы жағдайлар туғызады
Жарықтандыру кезінде еңбек өнімділігі жоғарылайды, қауіпсіздік жағдайы көтеріледі, шаршағандық төмендейді. Жеткілксіз жарықтандыру кезінде жұмысшы айналасындағы заттарды нашар көреді және өндірістік жағдайға бейімделу қиындайды. Дұрыс емес және жеткіліксіз жарықтандыру қауіпті жағдайдың пайда болуына әкелуі мүмүкін. Жақсы көру жағдайын күн сәулесі жасайды.
Жарықтандыруды тиімді ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын жеткілікті жарықтандыру ғана емес, сонымен қатар жарықтандырудың тиісті сапалық көрсеткіштерін жасау керек. Жарықтандырудың сапалық көрсеткіштеріне келесілер жатады: жарық ағынының біркелкі таралуы, жарықтық, жарық күші, фон, обьектінің фонмен карама – қарсылығы.
Өндіріс, қызмет, тұрмыс бөлмелерін және жұмыс аймағын жарықтандыру үшін табиғи жарықты және жасанды жарық көздерін қолданады.
Табиғи жарық көзі – күн радиациясы, яғни жер бетіне күннен келетін сәуле энергиясының түзу және шашыраған жарығы. Табиғи жарық терезелер арқылы бөлме ішіне кіреді. Табиғи жарықтың таралуы тәулік және жыл мезгіліне, сонымен қатар атмосфералық құбылыстарға байланысты. Жарықтандыруға ғимараттардың орналасуы және құрылысы, шыны беттерінің үлкендігі, терезелердің формасы мен орналасуы, қарама – қарсы тұрған ғимараттардың арақашықтығы және т.б. әсер етеді.
Жасанды жарықты қолданғанда жарықтану СНиП II-4-79 бойынша реттеледі.
Бұл жобада өндісрістік бөлмелерді табиғы және жасанды жарықпен жарықтандырылады. Технологиялық үрдісті үздіксіз жүргізу үшін оператор бөлмесінде және өндірістік бөлмелерде авариялық жарықтандыру қарастырылған.
Жасанды жарықтандыру табиғи жарық жетіспейтін немесе табиғи жарық жоқ кезде қолданылады. Бүкіл өндіріс біртекті шырақтармен жарықтандырылады және бірдей энергиятағы шамдармен жарақталады. орынды бір қалыпты жарықтандыруды, кенеттен өзгеріссіз және пульсациясыз, жарықтық қолайлы спектралды құрамы және жеткілікті жарықтығы қарастырылған. Функционалдық қызметіне қарай жасанды жарықтандыру жұмыстық, кезекшілік және авариялық болып бөлінеді.
Жарықты өлшеу және бақылау үшін жұмыс істеу принципі фотоэлектрлік эффектіге негізделген Ю-116 и Ю-117 люксметрлер қолданады.
Жасанды жарықтандырудың екі жүйесі қолданады: жалпы және қиыстырылған, ал арналуы бойынша жұмысшы және авариялық болып бөлінеді. Жасанды жарықтандыру қызу (накаливание), галогенді немесе люминисцентті шамдармен қосылады. Люминисцетті шамдар жоғарғы сапаны қамтамасыз етеді және табиғи жарықты жасайды.
Авариялық жарықтандыру жұмысшы жарықтандыру өшірілген кезінде өндірістік бөлмелерді жарыұтандыру үшін қолданады. Авариялық жарықтандыру кәдімгі жарықтандырудан 5 % құрау керек. Ол қажетті дәрежеде қауіпсіз болуы қажет. Авариялық жрықтандыру үшін қызу және люминисцетті шамдарды қолдануға болады.
Жарықтандыру жағдайлары көздің көруіне, нерв жүйесіне және адамның барлық ағзасына әсер етеді. өндірістік бөлмелерді жақсы жарықтандыру еңбек үрдістерін дұрыс орындалуына жағдай жасайды, еңбек өнімділікті жоғарылатады және жұмысшылардың денсаулығын сақтайды, жарақат алуды төмендетеді, қауіпсіздік талаптарына жауап береді.
Жасанды жарықты есептеу.
Горизонталь бетте қажетті жарықты есептейтін формула:
=
мұнда: – нормаланатын жарықтың ең төменгі мәні, люкс.
- әр лампаның жарық ағыны, люмен (лм).
- жарық ағының пайдалану коэффициенті. Төбе мен қабырғадан шағылу коэффициентіне және бөлме көрсеткішінің шамасына тәуелді(i).
=
- бөлменің көрсеткіші.
- шырақ салпаншағының жұмыс бетінен биіктігі,м.
- бөлменің ұзындығы,м.
- бөлменің ені,м.
- шырақтардың саны.
- бөлменің ауданы.
- қор коэффициенті, тозуын ескереді, шырақтардың шаң басуын және ластануын, технологиялық процестің түрімен анықталады.
- жарықтың бірқалыпсыз коэффициенті(орта жарықтың минимал жарыққа қарауы).
Біріншіден, әр лампаның жарық ағынын есептеу үшін, бөлме көрсеткішін (2) формуладан табамыз.
мұнда: =180м2, =3м., =18м., =10м.
==2,14
Жарық ағыны:
=
мұнда: =750, =1,2, =1,5
==4542,056лм.
=180м2, =2,14, =25
Мыс штейнын өңдеу қондырғысынан кейінгі газдарды шаңдардан тазалау
Балқыту цехының щлак өңдеу комплексінің үлкейтілген жеңді фильтрлері Мыс штейнын өңдеу қондырғысының газдарын шаңдардан тазалайды және алты УРФМ-2 типті әр-қайсысы 2300 м2 ауданды жиырма секционды жеңді фильтрлерден тұрады.
Мыс штейнын өңдеу қондырғысынан 350 С температуралы газдар 2800 мм-лі жинау газ құбырына келеді, онда олар 30-55 С температуралы айналмалы (вентиляционные) газдармен араласады.
200 С температураға дейінгі газ қоспасы УРФМ-нің шаңды газ коллеекторына келеді, содан кейін жеңді фильтрлер бойнынша тазалауға бөлінеді.
Жеңді фильтрлердің кірісіндегі газдардың шаңдануы 13-18 г/мм3 аралықтар шамасында. Шық (роса) нүктесінің температурасы 57 С.
Газдар жеңді фильтрлерде тазаланғаннан кейін таза газ коллекторына келеп түседі, ол жерден мұржа арқылы атмосфераға тасталады.
Жеңді фильтрлерде ұсталынған шаңдар транспортер және элеватор көмегімен шаң үшін арналған жинау бункеріне беріледі. Бункерден шаң цинк зауытына тасымалданады.
Кесте 12.3 - УРФМ-2 аппаратының техникалық сипаттамасы
Жеңді фильтрде секциялар саны
|
20 дана
|
Секцияда жеңдер саны
|
42 дана
|
Жеңдердің жалпы саны
|
840 дана
|
Секцияның фильтрлеу ауданы
|
115 м2
|
Жалпы фильтрлеу ауданы
|
2300 С
|
Рұқсат етілетін максималды температура
|
200 С
|
Рұқсат етілетін максималды қысым
|
280 мм су бағ.
|
Жеңдерінің ұзындығы
|
400 мм
|
Жеңді фильтрлердің технологиялық параметрлері
Фильтрлердің қалыпты жұмыс істеуі келесі шарттарды сақтауды талап етеді:
1. фильтрге тазалауға келіп түсетін газдардың температурасы 200 С-тан аспауы қажет. Егер температура 180 С-тан жоғаны болған кезде оператор автоматты түрде температураның төмендетуіне дейін сору насостарын ашады.
2. фильтрді қағу жүргізілмеген кезде жеңді фильтрдің ауа үрлеу коллекторының қысымы 160-180 мм. су бағанаснан төмен болмауы қажет, ал фильтрді қағу кезінде кері үрлеу қысымы 40 мм су бағанасынан кем болмауы қажет.
3. конденсацияның болмауы жеңді фильтрлердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды талаптарының бірі болып табылады. Газдардың ылғалдылығы жақсы оңашалағанда және жылытылған ауамен үрлеу кезінде келесі мәндерге сәйкес болуы қажет:
Кесте 12.4 - Газдардың фильтрдегі шарттары
Газ температурасы, С
|
Шық температурасы, С
|
Үрленетін ауа температурасы, С
|
180
|
102
|
|
130
|
90
|
95-100
|
105
|
80
|
85-90
|
90
|
70
|
75-85
|
4. әрбір аппаратта фильтрлейтін матаның қалыпты кедергісі 130 мм су бағанасынан аспауы қажет.
5. фильтрден кейінгі рұқсат етілетін максималды жұмыс қысымы 280 мм су бағ., ал фильтр алдында 10-20 мм су бағ.
6. УРФМ-2 бір аппаратының фильтрлеу матасына түсірілетін газды жүктеу 45-50 м3/сағаттан кем болмауы қажет, фильтрлеу жылдамдығы 0,8-0,95 м/мин.
7. фильтрдің шығысында (таза газ коллекторында) газдардың температурасы 85 С-тан кем болмау қажет.
8. атмосфералық ауаны үрлеу 20-26 %-дан аспауы қажет.
9. қағу жұмыстары үшін сығылған ауаның орташа көлемі Р=6 кгс/см2 кезінде 2,5 мм3/мин.
10. фильтр секциясының регенирация уақыты 1 минут, ұзақ уақытты 127 В кернеуді берген кезде 10-15 сек. УРФМ-2 аппаратының толық регенерация циклы 10 минут.
Операторлық бөлмедегі желдеткішті есептеу.
Ауа айналымының қалдықсыздығын есептейтін формула:
=; (сағ-1).
мұнда: тәжірибе өткізетін ауа соратын шкафтың көлемі, м3
==400м3
а – ұзындығы, м. b – ені, м. h – биіктігі, м.
құрылыммен беріліп тұратын ауа өлшемі.
=
Қорғасын үшін ауа айналымының қалдықсыздығы К=150.
==
Достарыңызбен бөлісу: |