Дипломдық жобаның тақырыбы «fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу»


Қорғасын шығару өндірісімен байланысты экология қиындықтары



бет6/14
Дата12.06.2016
өлшемі2.13 Mb.
#131025
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қорғасын шығару өндірісімен байланысты экология қиындықтары

Қорғасын шығару өндірісінде қолданатын шикізаттардың құрамы қоршаған ортаға едәуір зардап келтіреді. Сондықтан бұл өндірісте қоршаған ортаны қорғау шаралары жан-жақты зерттеліп, дамытылып келеді.

Қазіргі заманғы қоғамның табиғатты қорғау іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып аз қалдықты немеесе мүмкін болған жағдайда қалдықсыз технологиялық үрдістерді құруды қарастыру.

Табиғатты қорғаудың экономикалық аспектісі қазіргі уақытта және болашақта жерде адам өміріне қолайлы биологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қарастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында қоршаған табиғи ортаны қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бойынша шараларды жүзеге асыру және ары қарай дамыту қажеттілігі көрсетілген.

Ластау және қалдықтарды көп шығаратын көзі ретінде өндірістік кәсіпорындар саналады. Қорғасын өндірісінде 100-ге жуық технологиялық үрдістер өтеді. Соның салдарынан жұмыс ортасындағы ауаға 50-ге жуық санитарлы нормалармен бекітілген зиянды заттар кездеседі.

Зауыт аймағындада келесі жұмыстарды атқаратын өндірістік-санитарлы лаборатория бар:

а) техгнологиялық газдардың барлық шаң үстау қондырғыларының жұмысын бақылау.

б) бекітілген кесте бойынша ауа алмасу қондырғыларының тиімді жұмысын тексеру

в) қолданысқа енгізілетін технологиялық объектердің жұмысшы көрсеткіштерін жазып алу

г) ауа алмасу қондырғыларын жөндеуден және орнатқаннан кейін жұмысшы көрсеткіштерін жазып алу

д) цехтарда жұмысшы аймақтың, завод аймағында және санитарлы қорғау аймағының ауасында қорғасынның, мырыш, мыс және т.б металдар және газдар бекітілген график және байқауды алу нүктелері бойынша құрамын анықтау

е) газдардың анализін жасау, шаңдардың физико-химиялық сипаттамасын анықтау метеорологиялық факторларды және синитарлы күйді бақылау.


Технологиялық жүйенің қысқаша сипаттамасы

Мыссыздандыру бұл – қорғасынды рафинадтау кезеідегі күрделі операция болып табылады. Ол пироматаллугиялық және электролиттік рафинадтау әдістері үшін міндетті болып табылады. Қорғасынды мыстан тазалау екі сатыда жүреді.

Бірінші сатысы температураны азайту арқылы қорғасындағы мыстың ерітіндісін төмендетуге негізделген. Қара қорғасынды 700-9000C – тан экветика температурасына дейін салқындатқан кезде Pb – Cu жүйесіндегі мыстың құрамы 0,06% және одан да төмен басақа қоспалар бар кезде төмендейді. Мыстың пайда болған кристаллдары, оның қосындылары мен қатты ерітінділерінің тығыздығы төмен болады және жоғарғы бетіне қалқып шығады. Мыс шликерін шумовка арқылы алып тасталанады. Шликерлерді алу кезенде 5-20% қорғасын ұсталынып қалады. Олар қара қорғасынның салмағаның 10-30% - ын құрайды.

Рафинациялаудың бұл сатысын екі рет жүргізеді. Неғұрлым температура жоғары болған сайын, соғұрлым шликер құрамындағы қорғасын төмен болады; сондықтан құрғақ шликерлерді құрамында 10-30%Cu, 50-70%Pb, 550-5600C температура кезінде алады.

Құрғақ шликерлерді қорғасыннан алған соң 0,5-0,6% Cu қалады. Ары қарай мысыздыадыру үшін ерітіндінің температурасын 360-3700C – қа дейін төмендетеді және қорғасыны жоғары шликерлерді алады. Майлы шликерлерді процестің басына қайтарады. Бұл алынулардың қара қорғасынның массасының 2-3% - ын құрайды.

Екінші стадияның – жіңішкелеп мыссыздандыру негізінде ерітілген мыстың күкіртпен химиялық реакциясы болып табылады. Ваннаның температурасын 340 – 3450С дейін төмендетеді және араластырғыштың көмегімен күкіртті қосады. Операцияны өткізу жағдайында күкітттің мысқа жақындығы қорғасынныңкіне қарағанда жоғары. Пайда болған мыс сульфиді қорғасында ерігіштіг шектелген және тығыздығы төмен болады. Сульфидті шликерлердің массасы қорғасынның 2-5% - ды құрайды. Оның құрамында 1-5%Cu, 3-4% S, қалғаны қорғасын. Бұл шликерлер айналымдағы өнім болып табылады. Қорғасындағы мыстың қалдығы 0,005% - дан көп болмайды. Екі стадияны да рафинациялау қазандықтарында жүргізеді.


Қоршаған ортаға келтіретін зиянды қалдықтарды есептеу

Қоршаған ортаны ластайтын заттардың негізгі түрлерінің шекті мүмкін шоғырлануы (концентрация) ГОСТ 48-125-76 шайынды су бойынша және ГОСТ 12.1.005-88 жұмыс орындағы ауа бойынша мөлшерленген. Цехтың қондырғыларын сумен қамтамасыз ету зауыттың орталық айналым су магистральдарынан жүзеге асырылады. Үрдісті жүргізу кезінде пайда болатын шайынды сулар зиянды заттардан тазалаудан өткеннен кейін қалалық коллекторға тасталады.

Қатты қалдық ретінде үрленген кедейленген түйіршікті шикі зат жатады, ол кен қоймаға жіберіледі.

Кесте 11.2 - Шайынды сулар



Аталуы

Мөлшері

Пайда болуы

Жоғырлану жері

Ескерту

Хим. тазаланған су

26 тн/сағ

Тұрақты

Барабан-сепараторға

26 тн/сағ = 26 м3/сағ

Айналым су

65 м3/сағ

Тұрақты

ШАП-ң кессондарына

Кессондарды суыту үшін

Хим тазаланған су

5,6-8,4 м3/сағ

Кезеңді түрде

ШАП-ң кессондарына

Қоректендіруші су

Айналым су

168 м3/сағ

(14*12 м3/сағ)



Тұрақты

ШАП-ң 14 оттықтарына

Газ суыту кессондарына

Кессондардан шайынды сулар

-

Тұрақты

Градирняға

Ыстық суды суыту үшін

Айналым су

-

Тұрақты

Мыс штейнын өңдеу пешіне

Шикі затты түйіршіктеу үшін

Кесте 11.3 - Атмосфераға шығарулар



Аталуы

Мөлшері

Пайда болуы

Тазалау және зиянсыздандыру

Ескерту

Шикі заттың шаңы, т/сағ

Pb = 1,5%

тұрақты

Барлық газ қоспалары УРФМ-2 фильтрлерінде тазаланады

Тазаланған газдар биіктігі 108 м құбыр арқылы атмосфераға тасталады.

Zn = 7%

SiO2 = 12%

Ca = 9%

Атмосфераға тасталатын зиянды заттарды есептеу

Берілген мәндер бойынша жыл бойында пайда болатын тастаулардың көлемін анықтау қажет.

Газды қоспада пайыздық қатынаста берілген тастаулардың көлемін анықтаймыз:

Қорғасынның шоғырлануы: Pb = 1,5%.

Қорғасынның көлемі: V = 1000 кг/сағ ∙ 1,5% = 15 кг/сағ.

Қорғасынның бір жылда тасталу көлемін табамыз:

М = V ∙ ТЭФ ∙ 24 сағ (11.1)

мұнда: ТЭФ – бір жылда қондырғының үздіксіз жұмыс істеуі.

МPb = V ∙ ТЭФ ∙ 24 сағ = 15 кг/сағ ∙ 330 күн ∙ 24 сағ = = 118800 кг/жыл = 118,8 т/жыл.

Осыған байланысты газ қоспасының барлық бөліктері үшін есептеулер жүргіземіз.

Мырыштың шоғырлануы: Zn = 7%.

Мырыштың көлемі: V = 1000 кг/сағ ∙ 7% = 70 кг/сағ.

Мырыштың бір жылда тасталу көлемін (11.1) теңдеумен анықтаймыз:

МZn = V ∙ ТЭФ ∙ 24 сағ = 70 кг/сағ ∙ 330 күн ∙ 24 сағ = = 554400 кг/жыл = 554,4 т/жыл.

Кремнезийдің шоғырлануы: SiO2 = 12%

Кремнезийдің көлемі: V = 1000 кг/сағ ∙ 12% = 120 кг/сағ.

Кремнезийдің бір жылда тасталу көлемін (11.1) теңдеумен анықтаймыз:

МSiO2 = V ∙ ТЭФ ∙ 24 сағ = 120 кг/сағ ∙ 330 күн ∙ 24 сағ = = 950400 кг/жыл = 950,4 т/жыл.

Кальцийдің шоғырлануы: Ca = 9%

Кальцийдің көлемі: V = 1000 кг/сағ ∙ 9% = 90 кг/сағ.

Кальцийдің бір жылда тасталу көлемін (11.1) теңдеумен анықтаймыз:

МCa = V ∙ ТЭФ ∙ 24 сағ = 90 кг/сағ ∙ 330 күн ∙ 24 сағ = = 712 800 кг/жыл = 712,8 т/жыл.

Кәсіпорын қоршаған ортаға келтіретін мүмкін зияндарды анықтаймыз:

у = уа + усу + уж, (11.2)

мұнда: у – кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтіру мөлшері, уа – ауаға зиян келтіру мөлшері, усу – суға зиян келтіру мөлшері, уж – жерге зиян келтіру мөлшері.

Ауаға зиян келтіру мөлшерін анықтау келесі теңдеумен жүргізіледі.

уа = К1 ∙ К2 ∙ у1 ∙ Ма, (11.3)

мұнда К1 – зиянды затты тастау көзінің орналасуын ескеретін коэффициент,

К2 – зиянды затты тастау биіктігін ескеретін коэффициент,

у1 – зиянды заттың 1 тоннасын атмосфераға тастауға байланысты салыстырмалы зиян келтіру,

Ма – бір жылда зиянды затты тастау массасы.

Егер кәсіпорын халық саны 100-500 мың адамы бар қаланың қасында орналасқан болса К1 = 1;

Егер зиянды затты тастау биіктігі 81-150 м болса (зиянды зат тасталатын құбыр биіктігі 108 м), онда К2 = 0,7;

Ауаға тасталатын зиянды заттың салыстырмалы зиян келтіруі төмендегі кестеде көрсетілген.



Ластау затының түрі

Салыстырмалы зиян келтіру

Шаң

1284 тг/т

Бір жылда зиянды затты тастау массасын анықтауда жоғарыда есептелген мәндер қолданады:

М = МPb + МZn + МSiO2 + МCa, (11.4)

М = 118,8 т/жыл + 554,4 т/жыл + 950,4 т/жыл + 712,8 т/жыл =

= 2 336,4 т/жыл.

Сонда, (11.3) теңдеуі бойынша:

уа = К1 ∙ К2 ∙ у1 ∙ Ма = 1 ∙ 0,7 ∙ 1284 тг/т ∙ 2 336,4 т/жыл =

= 2099956.3тг/жыл.


Атмосфераға шығарылатын заттардың зияндылығы келесі қатынаспен анықталады:



Кәсіпорынның қауіпсіздік коэффиценті келесі формуламен анықталады:



мұнда Мі – і - ші заттың бір жылда шығарылатын массасы, т/жыл

ПДКі – і - ші заттың ортақауіпсіздік ПДК – і, мг/м3

аі - өлшемсіз тұрақты, і – ші заттың зияндылық дәрежесін күкіртқышқыл газының зияндылығымен салыстыру.



Берілген өндірістің қауіптілігі I - ші дәрежеге жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет