Дипломдық жобаның тақырыбы «fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу»



бет11/14
Дата12.06.2016
өлшемі2.13 Mb.
#131025
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Электр қауіпсіздігі

Жобаланып жатқан цехта электро қауіпсіздікке көп назар бөлінуде. Қызмет көрсететін жұмысшыларды электр тоғынан зақымданудан қорғау үшін жерге қосу (заземление) қарастырылған. Қауіпті жерлерде қауіпті белгілейтін плакаттар ілінген. Электро қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорында еңбектің қауіпсіздік әдістеріне үйрету және нұсқаулау жүргізіледі.

Электрлік токтың қауіпті әсері адамның электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен тікелей контактісі кезінде көрінеді.

Электрлік ток адам денесі арқылы өткенде келесідей әрекеттерді жасайды: термиялық – терінің қызуына және күюіне, қан жүретін жолдардың және қанның қызып кетуі; электролиздік – қанның және плазманың жіктелуіне; биологиялық – ағза терісінің тітіркенуі. 0,05 А электрлі ток күші адам өміріне қауіпті деп саналады. 40-60 Гц-ті айнымалы ток аса қауіпті.

Электр тоғымен зақымдану жергілікті электрожарақаттар (электрлі күю, электрлік таңба, терінің металдауны, электроортальмия) және электрлі соққылар (жалпы адам ағзасының зақымдануы).

Адамның электр тоғымен зақымдану дәрежесі токтың күші және жиілігіне, адам денесінің кедергісі, электр токтың өту ұзақтығы, қоршаған ортаның жағдайларына байланысты байланысты болады.

Электрлі күю – 1-2 кВ кернеулі электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен дененің контактісі жерінде терінің күюі деп аталады.

Электрлі таңбалар – токтың әсерінен пайда болған адамның терісіндегі сұр түсті дақтар, жаралар.

Терінің металдануы – электрлік доғалар және электролитте балқытылған электролизді ванна әсерінен балқыған металдың майда бөлшектері терінің жоғарғы қабаттарына енуін айтады. Терінің жараланған жері бұдырланып, қатты және соған сәйкес түске боялады.

Электроофтальгия – электр токтың әсерінен бұлшық еттердің қысқарулары (сокращение) нәтижесінде көздің сыртқы қабатының ісінуі.

Электр тоғынан жарақат алу қауіпінен қорғану.

Кернеу жүйесіне қосылған электро қондырғылармен жұмыс істеу кезінде электр тоғынан жарақат алу қауіпінен қорғану үшін жалпы және жеке қорғану құралдарын қолдану қажет. Жалпы қорғану құралдары деп қоршаулар, жерге қосулар нольге қосу және электроқондырғылардың корпустарын өшіру, қауіпті жерлерде ілінетін ескерту плакаттары және т.б.

Изоляцияның жоғарғы деңгейлі күйі – қауіпсіздіктің негізгі талаптарының бірі.

Изоляцияның тағайындалуы – сымдардың қыстқа тұйықталуларын және өрттердің пайда болуын алдын алу үшін. Изоляцияның кедергісі жүйеде кернеуді белгілейтін саннан мың есе көбейтілген болуы қажет, бірақ 0,5 МОм-нан кем болмауы керек.

Электр қондырғылардың ток жүретін қорғалмаған бөліктерінің барлығы (сымдар, шиналар, ркбилниктер және т.б.) қоршауға алынуы қажет.

Технологиялық процестің өтуі және қондырғыларды қоладну кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар бойшына қорғану шаралары


Қызмет көрсетуші жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мыс штейнын өңдеу қондырғысында жобамен келесі шаралар қарастырылған:

  1. трансформатор бөлмесі табиғи ауа алмастыру жүйесі бар жабық күйде орындалған;

  2. электропеш-миксер отқа төзімді кірпішпен қоршалып қапталған, газ бағытындағы пеш кессондары отқа төзімді кірпішпен қаланған;

  3. Мыс штейнын өңдеу пешінде булану суыту жүйесі бар;

  4. пешті тазалау және авариялық жағдайда босату үшін науа астында ковш орнатылған;

  5. электродтарды қосу аймағы оқшауланған, қауіпті аймақ қоршалған;

  6. электропеш-миксердің қосылуы және өшірілуін хабарлау үшін онда дыбыстық және жарықтық сигнализация жүйесі қамтылған және жұмысшылардың қауіпті аймаққа түспеуі үшін блокировка жүйесі орнатылған;

  7. Мыс штейнын өңдеу пешінің оттықтары ауаның немесе газдың берілмеуі кезінде қосылатын бөлу қондырғысымен қамтылған;

  8. өндірістік үрдістерді толық механизация ескерілген. Олар материалды энергия сақтаушы барабанға енгізу, электродтарды қосу және жіберу, тексеруге шығару, трансформаторды және оттықтарды жөндеу және ауыстыру;

  9. түйіршіктелінген мыс штейнының берілуі конвейерлі тасымалдау жүйесімен жүргізіледі. Тасымалдау жүйесінің бір бөлігі істен шыққанда авариялық блокирлеу жүйесіжобада қарастырылған.

  10. барлық жобаланып жатқан объектілері бойынша қондырғылардың қозғалмалы элементтері, көпірлер қоршалған.

Қондырғылардың қаупсіз жұмыс істеуі – ондағы жұмыс істейтін қызметкерлердің жоғары дәрежелі мамандығы, сонымен қатар қауіпсіздік теникасын, өрт қауіпсіздігін, технологиялық регламентке сәйкес технологиялық режимді қатаң сақтау арқылы жүзеге асады. Жұмсқа арнайы дайындықтан өткен, қауіпсіздік техникасымен танысқан, жұмыс орнына жіберілу үшін арнайы емтихан тапсырған адамдар ғана жіберіледі.

Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық жұмыстар мен инструкцияларды қызметкелердің білуі және оларды сақталуы қатаң бақыланып отырады.

Автоматты блокирлеу және сигнализация жүйесінің, автоматика және бақылау құралдарының дұрыс қосылуының тексеріп отыру керек. Барлық насостардың жәнеқозғалтқыштардың жұмысын бақылап отыру қажет. Аймақтың және бөлмелердің газдар қоспасымен ластануын болдырмау қажет.

Газбен ластанудың барлық жағдайларын жазып, автоматты газ талдау құралдырымен белгіленген шекті шамада ұстап тұруды бақылап отыру.

Авариялық жағдай кезінде апат аумағындағы электр қондырғыларын оператор мониторынан дистанционды және автоматты түрде өшіру жүйесі қарастырылған.

Қызметкерлердің жоғарғы температурадан зақымданбауы үшін барлық ыстық бөлу жүйелері оқшауланған.



13 Басқару жүйесінің техника – экономикалық негіздемесі
Өндірістің интенсификация жолына өтуі мемлекеттің экономикалық дамуының басты мақсаты болып табылады. Бұл ескірген автоматтандыру құралдарын жаңа жетілдірілген құралдармен ауыстыру өндірістің тиімділігін және сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мыс штейнын өңдеу пешін тиімді пайдалану, үрдісін технологиялық параметрлерін қатаң түрде сақтай отырып, өндірістік қорғасынды алу бастапқы шикізатты қолдану деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Ал басқару жүйесін жетілдіру нәтижесінде үрдіс жүргізу қауіпсіздігі жоғарылап және қызмет көрсетуші персонал санының азаюына әкеледі.

Берілген қондырғының жұмыс режимі үздіксіз, үздіксіз үрдістерде технологиялық операциялар өндірістік үрдіспен бірге тоқтаусы орындалады, яғни технологиялық үрдіс үздіксіз. Тасымалдау және қосымша операциялар технологиялық операциялармен бірге орындалады. Соның нәтижесінде өндірісті комплексті механизациялауға және автоматизациялауға мүмкіндік туады.

Жаңа технологиялық сипаттағы басқару және автоматтарндыру құралдрын ендіру, жұмысшылардың санын азайту және өнімнің өзіндік құнын азайту өндіріс көлемін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пайда табу көлемінің өсуіне, өндірістің әрі қарай дамып жетілдірілуіне, жұмысшылардың әл ауқатының жақсаруына мүмкіндік туады.

Мыс штейнін алу үрдісінің автоматтандыру жүйесі қазіргі уақыт талаптарына лайық болып келеді. Экономикалық тиімділікке жаңа жүйедегі комплекстерді қолдану арқылы жетеді.

Берілген автоматтандыру жүйесіндегі өлшеу және бақылау құралдары жүріп жатқан үрдіс өзгерістері жайында дәл ақпараттар береді.

Өндірістің автоматтандырудан кейінгі қуаты және жұмыс істеу режимі.

Өндірістік қуатты есептеу үшін қондырғылардың тиімді жұмыс уақытын анықтау қажет. Мыс штейнін алу үрдісі жылына 330 күн үздіксіз жұмыс істейді, ал қалған күндері профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін қолданады.

Мыс штейнын өңдеу қондырғысының жұмысы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

ауысымдар саны – 4;

жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағат.

Берілген режимді ескеріп қондырғылар жұмысының тиімділігін анықтаймыз:

Тт = Тк – Тж (13.1)

мұнда Тт – қондырғының тиімді жұмыс қоры; Тк – календарлық уақыт; Тж – жыл бойында жөндеуде тұрған уақыты (сағат).

Тк = 365 күн * 24 сағат = 8760 сағат.

Тж = (365 – 330) * 24 сағат = 840 сағат.

Сонда, Тт = Тк – Тж = 8760 – 840 = 7920 сағат. Автоматтандырудан кейінгі объектің өндірістік қуатын келесі теңдеумен анықтауға болады:

Қ = С * Н * Тт, (13.2)

мұнда С – негізгі қондырғылардың саны, мыс штейнын өңдеу пеші = 1; Н – бір қондырғының өнімділігі, пештің өнімділігі = 14,25 т/сағ;

Сонда, Қ = 1 * 14,25 * 7920 = 112 860 т/жыл.

Автоматтандыруға кеткен капиталды шығын

Құралдардың сметалы құны қазіргі прейскурант негізінде анықталған. Құралдардың сметалы құны спецификация негізінде анықталады.



Кесте 13.1 - Құралдардың автоматтандыруға дейінгі шығындар

Аталуы

Саны

Бағасы тг

Монтаждау тг.

Біреуі

Жалпы

Біреуі

Жалпы

Термоэлектрлі түрлендіргіш ТХА

12

1806

21672

180,6

2167,2

Термоэлектрлі түрлендіргіш ТСМ

1

1880

1880

188

188

Манометр МЭД

18

1500

27000

150

2700

Дифмонометр ДМ - 368

18

1500

27000

150

2700

Мембранды орындау механизм МХМ

41

2860

117260

286

11726

Электропневматикалық түрлендіргіш

35

2100

73500

210

7350

Тұрақты ток түрлендіргіші

10

4614

46140

461,4

4614

Басқару құбыры

20

12400

24800

1240

2480

Дифмонометр ДМ - 35

21

3820

80220

382

8022

Қоректендіру блок – 22БП

41

12275

503275

1227,5

50327,5

Панельді щит ЩПК

4

2821

11284

282,1

1128,4

Қабаль

1370

30

202500

15

20250

Құбырлар

1000

130

130000

13

13000

Басқару блогы БУП

41

1880

77080

188

7708

ШВУ

1

880000

880000




880000

жалпы







2568011




1048801

Есептелмеген құралдар







133180




13318

Жалпы шығындар







2701190




1062120

Кесте 13.2 - Құралдардың автоматтандыруға кететін шығындар



Аталуы

Өлш

бірлг


Саны

Бағасы, тн

Монтаждау бағасы тн

Біреуі

Жалпы

Біреуі

Жалпы

Термоэлектрлі түрлендіргіш ТХА 9312

Дана

1

1880

1880

188

188

Термоэлектрлі түрлендіргіш ТХК 9503-13

Дана

2

1800

3600

1800

360

Термоэлектрлі түрлендіргіш ТХК 9503-22

Дана

2

1800

3600

180

360

Термоэлектрлі түрлендіргіш ТХК 9503-25

Дана

3

1800

5400

180

540

Манометрлі термометр, көрсететін, сигналдайтын ТКП-100ЭК

Дана

1

3400

3400

340

340

Манометр көрсететін, сигналдайтын ДМ2010СГ

Дана

34

3800

129200

380

12920

Артық қысым датчигі Метран-100-ДИ

Дана

1

5900

5900

590

590

Қысым айырмасын өлшеу датчигі Метран-100-ДД

Дана

38

5900

224200

590

22420

Мембранды, көрсетуші тягонапорометр ТНМП-52-М2

Дана

3

2250

6750

225

675

Напор және тяга реле-датчигі ДЕМ-107

Дана

2

1750

3500

175

350

Айнымалы ток түрлендіргіші Е854/1-М1

Дана

2

1400

2800

140

280

Камерлі диафрагма ДКС-06-200

Дана

4

400

1600

40

160

Камерлі диафрагма ДКС-06-50

Дана

16

400

6400

40

640

Камерлі диафрагма ДКС-06-150

Дана

14

400

5600

40

560

МЭО-250/63-0,25Н-99К

Дана

3

5250

5250

525

525

2-і каналды қоректендіру блогы Метран-602-036-50

Дана

3

5760

17280

576

1728

4-і каналды қоректендіру блогы Метран-604-036-50

Дана

29

5760

167040

576

16704

Тұрақты токтағы милиамперметр М4264

Дана

29

1750

50750

175

5075

Контроллер Faswel RTU188

Дана

3

160000

480000

16000

48000

Кабельдер

метр

5000

≈ 170 тг/м

850000

17

85000

Жалпы










2045600




204560

Есептелмеген құралдар










474490




175307

Жалпы шығындар










2520090




379867

Кесте 13.3 - Құралдардың автоматтандыруға дейінгі сметалық бағасы



Аталуы

Сметалық бағасы, тн

Құралдардың бағасы

2568011

Монтаждау

1062120

Қосымша шығындар

133180

Жалпы шығындар

2701190

Кесте 13.4 - Құралдардың автоматтандырудан кейінгі сметалық бағасы



Аталуы

Сметалық бағасы, тн

Құралдардың бағасы

2045600

Монтаждау

379867

Қосымша шығындар

474490

Жалпы шығындар

2520090

Автоматтандыруға дейінгі және автоматтандырудан кейінгі еңбек ақыны және еңбекті ұйымдастыру

Автоматтандыру жүйесін ендіруге дейін және кейін мыс штейнын алу бөлімі жұмысшылардың келесі тізімі болды:

Кесте 13.5 Автоматтандыру жүйесін ендіруге дейін және кейін мыс штейнын алу бөлімі жұмысшылардың тізімі



Қызметі

Еңбек дәрежесі

Саны

Айлық жалақы

Ауысым мастері

ИТР

5

46250

Балқыту оператор

Негізгі жұмысшы

5

40000

УРФМ операторы

Негізгі жұмысшы

5

40000

ХВО операторы

Негізгі жұмысшы

5

40000

Кезекші слесарь

Қосымша жұмысшы

5

41250

Кезекші электрик

Қосымша жұмысшы

5

41250

Крановшик

Қосымша жұмысшы

5

33750

Шикі зат тасымалдаушы

Қосымша жұмысшы

2

33750

Жұмысшылардың санын анықтау және олардың жалақы мөлшерін есептеу

Жұмысшылардың жалақы мөлшерін анықтау үшін ең алдымен олардың санын анықтау қажет, ол үшін бір жұмысшының уақыттық балансын құру керек. Осыған байланысты бір жылда қанша дем алыс күдері бар екенін анықтау керек, ол үшін ауысымдар кестесі құрылады. Бірақ ауысымдар кестесін құру үшін алдымен бригадалар санын анықтау керек.

Бригадалар санын анықтау.

Бір жылдық 7 сағаттық жұмыс күндерінің санын анықтау.

Тжж = (Ткален−Тдем)*7= (365−(52+8))*7 = 2135 сағат.

мұнда: Ткален = 365 күн; Тдем = 52 күн.

Бір айда жұмыс сағаттар саны:

Тжа = Тжж/12 = 2135/12=178 сағат.

Айдың орташ ұзақтығы:

Тжа = 30*24 = 720 сағат.

7 сағаттық жұмыс күндерінде бригада сандары.

Кбр = 720/178=4 бригада.

Үздіксіз өндірісте 7 сағаттық жұмыс күндерінде 4 бригада 3 сменамен 8 сағаттан жұмыстейді.

Бригадалар санын біле отырып сменалар графигін тұрғызайық. 8 сағаттық жұмыс күні кезінде үздіксіз өндірісте 8 сағаттық үш ауысыммен 4 бригадамен жүргізіледі.

Кесте 13.6 - Сменалар графигі



Смена/күндер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1 см.

А

А

А

А

Б

Б

Б

Б

В

В

В

В

Г

Г

Г

2 см.

В

Г

Г

Г

Г

А

А

А

А

Б

Б

Б

Б

В

В

3 см.

Б

Б

В

В

В

В

Г

Г

Г

Г

А

А

А

А

Б

Демалыс

Г

В

Б

Б

А

Г

В

В

Б

А

Г

Г

В

Б

А

Кесте 13.6 жалғасы

Смена/ күндер

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

1 см.

Г

А

А

А

А

Б

Б

Б

Б

В

В

В

В

Г

Г

2 см.

В

В

Г

Г

Г

Г

А

А

А

А

Б

Б

Б

Б

В

3 см.

Б

Б

Б

В

В

В

В

Г

Г

Г

Г

А

А

А

А

Демалыс

А

Г

В

Б

Б

А

Г

В

В

Б

А

Г

Г

В

Б

Смена ауысу периоды :

П=а* b=4*4=16.

а – бригадалар саны.

b – 1 аптадағы күндер саны = 4.

Бір жыл ішіндегі демалыс күндер саны Д=365/П*b=91 күн.

Жұмысшының жұмыс уақытының теңестірілуін анықтау.

Жұмыс уақытының балансы бір жылдың ішіндегі жұмысшының ортатәуліктік еңбекпен өтеу күндерінің саны жатады. Осының нәтижесінде цех жұмысының режимінде және жұмыс күнінің ұзақтығы жобасында, жұмысшының уақыт бюджеті келесідей болады.

Бір жұмысшы уақытының шамамен теңестірілуі (күн).

Кесте 13.7 - Цех жұмысының режимінде және жұмыс күнінің ұзақтығы жобасындағы, жұмысшының уақыт бюджеті






8 сағаттық жұмыс күні кезінде

Бір жылдағы күнтізбелік күндер саны

365

а) Демалыстар

91

б) Мерекелік күндер

-

Бір жылдағы жұмыс күні, Тн

330

Жұмысқа шықпау:




а) Кезекті қосымша демалыстар

24

б) Бір жұмысшының сырқаттануы бойынша жұмысқа келмеуі

6

в) Декреттік демалыстар орташа

2

г) Мемлекеттік міндеттерді орындау

1

Бір жыл ішіндегі бір жұмысшының еңбекпен өтеу күндері Тэф

296 күн 7 сағаттан

Жұмыс уақытының алынған балансын есепке ала отырып өту коэффицентін тізімдік құрамын келесі формуламен есептейміз.

К = Тн / Тэф = 330/296 = 1,11

Жұмысшылардың санын анықтау

Жұмысшылардың санын есептеу келесі жолмен болады.

А) ауысымдағы жұмысшылар саны (Рау) анықтау:

Рау=Ка / Нқ;

мұнда Ка – аппараттар саны; Нқ – қызмет көрсету нормасы.

Сонда,

Балқытушы оператор үшін Рау=3/2≈1 адам;



УРФМ операторы үшін Рау=2/2=1 адам;

ХВО операторы үшін Рау=1/2≈1 адам;

Кезекші жұмысшылар үшін Рау=5/2≈2 адам;

Крановшик үшін Рау=1/1=1 адам;

Шикі зат тасымалдаушы үшін Рау=2/2=1 адам;

Б) тәуліктегі жұмысшылар саны (Рт):

Рт=Рау*С,

мұнда: С – ауысымдар саны.

Сонда,

үшін Рт=1*4=4 адам;



үшін Рт =1*4=4 адам;

үшін Рт =1*4=4 адам;

Кезекші жұмысшылар үшін Рт =1*4=4 адам;

үшін Рт =1*4=4 адам;

үшін Рт =1*2=2 адам;

В) штаттағы жұмысшылар саны (Ршт):

Ршт=Рт +1/3*Рт,

Мұнда үздіксіз өндіріс үшін жұмысшыларды демалыс күндерінде ауыстыру үшін келетін жұмысшылар санына қосымша бір бригада қосылады.

Г) жұмысшылардың тізімдік саны Ртс келесі теңдеумен анықталады:

Ртс=Ршт*К,

мұнда К – тізімдік құрам коэффициенті.

Жоғарыда белгіленген есептеулерді келесі кестеге енгіземіз.

Кесте 13.8 - Жұмысшылардың саны


Қызметі

Рау

Ауысым саны

Рт

Ршт

К

Ртс

Ауысым мастері

1

4

4

5

1,11

5

Балқытушы оператор

1

4

4

5

1,11

5

УРФМ операторы

1

4

4

5

1,11

5

ХВО операторы

1

4

4

5

1,11

5

Кезекші слесарь

1

4

4

5

1,11

5

Кезекші электрик

1

4

4

5

1,11

5

Крановшик

1

4

4

5

1,11

5

Шикі зат тасымалдаушы

1

2

2

2

1,11

2

Барлығы

8

4

30

37

1,11

37

Автоматтандырудан дейінгі жұмысшылардың жалақы қоры келесі кестеде көрсетілген:



Кесте 13.9 - Автоматтандырудан дейінгі жұмысшылардың жалақы қоры



Қызметі

Еңбек дәрежесі

Адам саны

Тарифтік ставка

Айлық оклад

Жылдық айлық қоры

1

Ауысым мастеры

ИТР

5

1850

185 000

2 220 000

2

Балқытушы оператор

Негізгі жұмысшы

5

1600

160 000

1 920 000

3

УРФМ операторы

Негізгі жұмысшы

5

1600

160 000

1 920 000

4

ХВО операторы

Негізгі жұмысшы

5

1600

160 000

1 920 000

5

Кезекші слесарь

Қосымша жұмысшы

5

1650

165 000

1 980 000

6

Кезекші электрик

Қосымша жұмысшы

5

1650

165 000

1 980 000

7

Крановшик

Қосымша жұмысшы

5

1350

135 000

1 620 000

8

Шикі зат тасымалдаушы

Қосымша жұмысшы

2

1350

67500

810 000

Жалпы

37







14 370 000

Әлеуметтік салымдар 18%










2586600

Автоматтандырудан кейінгі жұмысшылардың жалақы қоры келесі кестеде көрсетілген:

Кесте 13.9 - Автоматтандырудан кейінгі жұмысшылардың жалақы қоры





Қызметі

Еңбек дәрежесі

Адам саны

Тарифтік ставка

Айлық оклад

Жылдық айлық қоры

1

Ауысым мастеры

ИТР

5

1850

185 000

2 220 000

2

Балқытушы оператор

Негізгі жұмысшы

5

1600

160 000

1 920 000

3

УРФМ операторы

Негізгі жұмысшы

5

1600

160 000

1 920 000

4

ХВО операторы

Негізгі жұмысшы

5

1600

160 000

1 920 000

5

Кезекші слесарь

Қосымша жұмысшы

4

1650

165 000

1815 000

6

Кезекші электрик

Қосымша жұмысшы

4

1650

165 000

1 815 000

7

Крановшик

Қосымша жұмысшы

4

1350

135 000

1 485 000

8

Шикі зат тасымалдаушы

Қосымша жұмысшы

2

1350

67500

810 000

Жалпы

37







13905 000

Әлеуметтік салымдар 18%










2502900

Шикізат және негізгі материалдар бойынша шығындарды есептеу


Экономикалық тиімділік жобаланып жатқан автоматтандыру құралдарын ескере отырып өнімнің өзіндік құнының төмендеуімен анықталады.

Мыс штейнын өңдеу қондырғыларының жұмысы үшін электр энергия, ауа, табиғи газ, су қажет.

Шығындардың өзгеруінің жалпы көлемі келесі теңдеумен анықталады:

Э=(Ндейін–Нкейін)*В*Ц,

мұнда Э–экономдау; Н – автоматтандыруға дейінгі және кейінгі шығындар көлемі; В бір жыл ішіндегі өнімнің шығуы; Ц –жоспарланған баға.

Электр энергияның шығындары.

Автоматтандыруға дейін элер энергия шығындары 3575,95 кВт/сағат. Автоматтандырудан кейін энергия шығындары төмендеп 2320,4 кВт/сағтты құрады.

Электр энергия шығындарының айырмасы келесідей:

Э=(3575,95 – 2320,4) *112 860*4,4=623 486,041 тенге

Табиғи газ шығындары

Табиғи газды экономдау мақсатында газбен – ауа қатынасын реттеу контурын іске қосамыз, сонымен қатар ол шлак өңдеу пешінде қыздырылған ауаны қолдану арқылы табиғи газды экономдау жүзеге асады. Жалпы түрде табиғи газдың шығыны автоматтандырудан кейін келесідей түрде болды 104,8 м3/сағ, ал автоматтандыруға дейін 186,0 м3/сағ.

Табиғи газды экономдау бір жылда келесідей болады:

Эг = (186 – 104) * 11,3 * 112 860 = 104 576,076 тенге.

Ауа шығындары

Шлак өңдеу пешінде сапалы өнімалу үшін ауа қажет, үрдісті жүргізу үшін ауа шығыны 67 м3/сағ.

Автоматтандыруға дейін ауа шығыны 139 м3/сағ болды.

Сонда,

Эа = (93 – 67) * 0,8 * 112 860 = 4446,684 тенге.



Су шығындары

Автоматтандыруды енгізгеннен кейінгі судың шығыны 168 м3/сағ құрады. Автоматандыруды енгізгеннен кейін судың шығынын төмендетуді, пештердегі оптималды температураны ұстап тұру және қабырғаларының қызбауы арқылы жүзеге асты, осының нәтижесінде пештерді мұздату үшін аз көлемде суды қажает етеді.

Автоматтандыруды енгізгеннен кейінгі судың шығынын 168 м3/сағ. Бұл дегеніміз қолданатын су көлемі өзгермеді сондықтан экономия мөлшері 0-ге тең.

Эв = (168 – 168) * 44,5 * 112860 = 0 тн.

Мыс штейнын өндіру нәтижесінде қосымша өнім бу шығады. Оның көлемі 8,38 т/сағ.

Сонда Эб = 8,38*40*112860=37830,672

Жалпы энерго қорларының экономдау келесідей түрде болды:

Э = Ээн + Эг + Эва – Эб = 623 486,041 + 104 576,076 + 0 +4446,684 + 37830,672= 770 339,47 тн жыл.

Жоғарыда жүргізілген есептеулер кестеге енгізілген.

Кесте 13.10 – Шикізат және негізгі материалдар бойынша шығындар



Энергетикалық көрсеткіш

Жылдық өнім өндіруге кететін шығындар нормасы

Өнімнің шығуы, т/жыл

Жоспарланған құны, тенге

Экономиятенге

дейін

кейін

Газ

186

104

112860

11,3

104 576

Ауа

93

67

112860

0,8

4 446

Су

168

168

112860

44,5

0

Электро энергия

3575,95

2320,4

112860

4,4

623 486

Бу




8,38

112860

40

37 830










жалпы

770 339

Еңбекті қорғауға кететін шығындар:

Эеқ = Здейін * Ртс – Зкейін * Ртс

мұнда: Здейін , Зкейін – бір қызметкерге кеткен еңбекті қорғау шығындары.

Эеқ = 1000 * 37 – 1000 * 37 = 0 тн.

Шартты жылдық экономия

Капиталды шығындарды есепке ала отырып экономияны келесі формуламен анықтаймыз:

Эц = (Скейін + Е*Кдейін) – (Скейін + Е* Ккейін)/ В

мұнда: С – автоматтандыруға дейінгі және автоматтандырудан кейінгі өнімнің өзіндік құны.

Е – капиталды шығындардың нормативті эффективтілік коэффиценті. E=0,3.

В – автоматтандырудан кейінгі жылдық өнім өндіру. В = 112860 т/жыл

Кд=2701190/150480=17,95

Кк= 2520090/150480=16,74

Өнімнің өзіндік құны автоамттандырудан және кейін тұрақты болып табылады.

Сонда теңдеу келесідей болады:

Эц = (Е*Кдейін – Е* Ккейін)*В = (0,3*17,65–0,3*16,74) * 150480 = 4095432 тенге

Автоматтандыруға дейін және автоматтандырудан кейінгі өнімнің өзіндік құнын салыстыру.

Кесте 13.11 – Автоматтандыруға дейін және автоматтандырудан кейінгі өнімнің өзіндік құнын





Аталуы

Автоматтандыру

Экономия

Дейін

Кейін

1

Шикі зат және негізгі материалдар

2568011

2045600

522411

2

Әлеуметтік төлемдер

2586600

2502900

83700

3

Қызметкерлердің еңбек ақысы

14 370 000

1390500

465000

4

Энергетикалық шығындар

2021365

1290955

730 410

5

Амотизациялық төлемдер

542621,58

808655,8

-266035,22

6

Цех шығындары













Құралдарды монтаждау

1062120

379867

682253




Еңбекті қорғауға

37000

37000

0

Жалпы

23187717

2012786

2749809

Автоматтандыруға жұмсалған капиталды шығындардың өтелу мерзімі

Өтелу мерзімі келесі теңдеумен анықталады:

Т=Ккап шығын/Э,

мұнда: Э – шартты жылдық экономия көлемі.

Т=2520090/4095432 =1,12 жыл

Егер өтеу мерзімі анықталса, капиталды шығындар тиімділігінің салыстыру коэффициентін есептеп табуға болады.

Е=1/Т=0,89
Технико – экономикалық көрсеткіштерінің құрама кестесі

Кесте 13.12 – Технико – экономикалық көрсеткіштерінің құрама кестесі





Аталуы

Өлш. бірлг.

Автоматтандыру

Экономия

Дейін

Кейін

1

Өнім шығаруы (Cu)

Т/жыл

112860

150 480

+37620

2

Жұмысшылар саны

Адам

37

34

-3

3

Бір өнімнің өзіндік құны (Cu)

Тн

205,45

133,72

71,74

4

Еңбек өнімділігі

Тн




33




5

Капиталды шығындар

Тн

2701190

2520090

181100

6

Меншікті капиталды шығындар

Тн

33,34

25,7

+7,64

7

Жылдық экономия

Тн




770 339




8

Өтелу уақыты

Жыл




1,12




9

Эффективтілік коэффиценті







0,89



Қорытынды


Технико – экономикалық есептеулердің негізінде жаңа автоматтандыру құралдарын қолдану, жабдықтарды орынды пайдалану, қызметкерлердің санын төмендету және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану экономикалық жағынан тиімді.

Жаңа орнатылған автоматтандыру құралдарының өтелу уақыты 1,12 жыл. Бұл кезде энергетикалық ресурстарды экономдау завод иелеріне тиімі болады. Еңбек өнімділігі 1,3 есеге өсті. Қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдану және монтажаду өнім сапасын жоғарылатады, өндірістік қуаттың өсуіне әкеледі. Енгізілген қондырғылар және құралдар талаптарға сай және регламенті ұстануға мүмкіндік береді. Соңында өнімді керекті мөлшерде алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет