Кадрлық даму жөніндегі комитет «KEGOC» АҚ Басқармасының жанынан құрылды және «KEGOC» АҚ-ның кадр саясатын іске асыруды үйлестіретін консультативтік-кеңес беру органы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері «KEGOC» АҚ-ның адами ресурстарды басқару және дамцту жөнінде тиімді жұмыстарды ұйымдастыру және қолдау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау болып табылады.
Сондай-ақ Компанияда жетекшілік ететін мәселелер бойынша алқа шешімдерін қабылдау мақсатында құрылған консультативтік-кеңес беру жұмыс органдары болып табылатын комитеттер жұмыс істейді:
Инвестицилық комитет жекелеген жобалар мен бағдарламалар бойынша инвестициялық шешімдеу қабылдау және KEGOC» АҚ-ның инвестициялық қызметін үйлестіру жөнінде «KEGOC» АҚ Басқармасының алқалық сипаттағы ұсынымдарын әзірлейтін KEGOC» АҚ-ның тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңес беру органы болып табылады.
Бюджет комитеті Даму жоспары мен Бюджеттерді жасау, қаржылық ресурстардың ұтымды бөлінуіне және пайдаланылуына, оның ішінде «KEGOC» АҚ-ның филиалдары мен мекемелеріне бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша алқалық негізде шешімдер қабылдау мақсатында құрылған KEGOC» АҚ-ның жұмыс органы болып табылады.
Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет дебиторлық және кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі бірыңғай саясатты жүргізу мақсатында құрылған жұмыс органы болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет тауарлы-материалдық қорларды басқару жөнінде бірыңғай саясатты жүргізу мақсатында құрылған KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының жұмыс органы болып табылады.
ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
Қызмет жұмысының негізгі мақсаты тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және копоративтік басқару жүйелерін жетілдіре түсуге жүйелік көзқарасты енгізу жолымен Компанияның Директорлар кеңесіне Компанияның тиімді жұмысын қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және шынай ақпаратты табыс етеді.
Ішкі аудит қызметі 2006 жылы үш адамдық құраммен құрылды. 2009 жылы Қызметтің штат саны 8 адамға жеткізілді. Бақылау ортасының пісіп-жетілгені, «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелері санының өсе түскені және оның географиялық жағынан кеңейгені ескеріліп. Қызмет құрамында екі бөлім: комплайенс-аудит бөлімі мен операциялық және қаржы аудиті бөлімі жұмыс істейді.
2010 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес Қызметтің орындаған аудиторлық тапсырмаларының тақырыптары филиалдарды кешенді тексеруді, қаржылық есептемені, шарттық-құқықтық жұмысты, сыртқы аудитті, сатып алуды, Корпоративтік басқаруды, ақпараттық жүйені енгізу процесін, бөлімшелердің IT жұмысын, Мемлекеттік бюджет қаражаттарының пайдаланылуын, Компаниядағы менеджмент тәуекелін қамтиды.
2010 жылғы аудиторлық тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша Қызмет Компанияға 184 ұсыным берді.
Қызмет тоқсан сайынғы негізде берілген ұсынымдардың орындалуы жөніндегі мониторингіні жүзеге асырады. Мониторингінің мақсаты аудиторлық ескертулердің толығымен шешімін табуын, яғни анықталған тәуекелдердің деңгейін төмендетуді (болдырмауды) қамтамасыз ететін шаралардың қабылдануын анықтауды білдіреді.
Директорлар кеңесіне Компанияның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға жәрдем көрсету мақсатында Қызмет Аудит жөніндегі комитетпен бірлесе отырып, ішкі бақылау жүйесін құрайтын құрамдас бөліктерді егжей-тегжейлі қарап шықты. Компаниядағы ішкі бақылау жүйесі тиімді және сенімді түрде жұмыс істеп келеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Орнықты даму – мүдделі тараптармен тұрақты түрде іс-қимыл жасау негізінде іске асырылатын және стратегияны тиімді іске асыруға, тәуекелдерді басқаруға, «KEGOC» АҚ-ның іскерлік беделін жақсарту мен оны қолдауға, сондай-ақ капиталдандыруды ұлғайтуға бағытталған жүйелі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жүйесі. Біздің Компания орнықты даму қағидаттарын ұстанған. Бұл Компанияның өздерінің экономикалық мақсаттарына қол жеткізуі мен әлеуметтік және экологиялық салалардағы міндеттері арасында теңгерімді ұстап тұру қажеттілігін түсінетіндігін білдіреді. Компания мемлекет пен қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін мойындайды және бүгінгі бизнес-шешімнің келешек ұрпақтың игілігін арттыруға мүмкіндік беретінін түсінеді.
Қазақста БЭЖ-і Жүйелік операторының функцияларын орындайтын біздің Компанияның қызметі БҰҰ-ның адам құқықтары, еңбек ұқатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ғаламдық шартында өзінің көрінісін тапқан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
«KEGOC» АҚ барлық мүдделі адамдармен ашық диалог жүргізеді және «KEGOC» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметіне қатысты ақпаратты тұрақты түрде ашып тұрады.
2010 жылы «KEGOC» АҚ алғашқы рет орнықты даму саласындағы 2009 жылғы толық есепті шығарды. Кезекті 2010 жылғы есеп әзірленуде. Бұл есепте Компания өзінің қызметіне байланысты тәуекелдерді қалайша басқаратыны, әр түрлі топтармен қалай іс-қимыл жүргізетіні көрсетілген. Орнықты даму саласындағы есепті дайындаған кезде қазіргі уақытта әлемде көбірек қолданылатын GRI (Global Reporting Initiative) жүйесі қолданылған. Бұл есептеме принциптері мен көрсеткіштерінің халықаралық танымал жүйесі болып табылады. GRI орнықты даму саласындағы есептеме бойынша басшылық ұсынымдарына сәйкес Есепке экономика, экология және әлеуметтік сала жөніндегі мәліметтерді қамтитын «үш бірлікті қорытынды принципі» жөніндегі ақпарат енгізілді.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ
«KEGOC» АҚ-ның кадрлық әлеуеті оның жетістігін анықтайтын маңызды стратегиялық фактор болып табылады. Жұмыс күшінің сапалық және сандық сипаттамасы өндірісті дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және оның тиімділігі бағдарламасын іске асыру мүмкіндігін айқындайды.
Компания қызметкерлерінің тізім бойынша саны 2011ж.01.01. жай-күй бойынша 4062 адамды құрайды («Энергоинформ» АҚ мен «KEGOC-Сервис» мекемесі қызметкерлерінің санын есепке алмағанда).
Компанияның жас ерекшелік топтары бойынша құрылымы негізінен 30 жас пен 60 жас аралығында берілген және теңгерімделген, атап айтқанда:
қызметкерлердің жалпы санының
-
30-40 жастағы (24 %),
-
40-50 жастағы (27 %),
-
50-60 жастағы (25 %).
Компания бойынша орташа жас 41,5 жас.
Компания қызметкерлерінің 48%-дан астамының энергетикада 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Салада 5 жылдан астам өтілі барлар: басшылардың 85%-ы, мамандардың 63%-ы және жұмысшылардың 68%-ы.
Компания кадрларының тапшылығы 2010 жылы 7,5%-ды құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 0,6%-ға жоғары және 2008 жылмен салыстырғанда, 3,5%-ға төмен (11%). Соңғы екі жылда кадр тапшылығының азаюы жалақыны 18,5%-ға көбейтуге және «KEGOC» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың жақсаруына байланысты болды.
«KEGOC» АҚ-ның филиалдары
|
Қызметкерлердің жалпы саны
|
Тапшылық пайызы
|
Ақмола ЖЭТ
|
611
|
7,4%
|
Ақтөбе ЖЭТ
|
248
|
3,6%
|
Алматы ЖЭТ
|
448
|
11,9%
|
Шығыс ЖЭТ
|
295
|
6,8%
|
Батыс ЖЭТ
|
234
|
18,9%
|
Сарыбай ЖЭТ
|
466
|
5,8%
|
Солтүстік ЖЭТ
|
424
|
5,5%
|
Орталық ЖЭТ
|
446
|
7,7%
|
Оңтүстік ЖЭТ
|
469
|
2,4%
|
ЖО ҰДО
|
120
|
7,7%
|
Алматы қ. Өкілдік
|
9
|
30,8%
|
Атқарушы дирекция
|
292
|
9,0%
|
Барлығы «KEGOC» АҚ бойынша
|
4062
|
7,5%
|
«KEGOC-Сервис» мекемесі
|
141
|
16,6%
|
«Энергоинформ» АҚ
|
542
|
7,2%
|
ЖИЫНТЫҒЫ
|
4745
|
7,7%
|
Электр энергетикасында кадрларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру еңбек өнімділігіне, апаттық пен қызметкерлердің жарақаттануының азаюына әсер ететін негізгі факторлар болып табылды.
2010 жылы оқу орындарында 144 қызметкер, олардың ішінде жоғары оқу орындарында (ЖОО) – 110 адам, колледждерде – 34 адам білім алды, бұл қызметкерлердің білім алу деңгейінде оң көрініс тапты. Бұл процесті ынталандыру мақсатында Компанияда ақылы оқу демалыстарын беру рәсімдері қолданылады.
«KEGOC» АҚ-да әкімшілік қызметкерлер (Басқарма мүшелерін қоспағанда), өндірістік персонал мен қызметтерді іске асырумен айналысатын қызметкерлер үшін «KEGOC» АҚ-ның бюджеттік қаражаты есебінен кәсіби оқулардың оқыту іс-шараларына қатысу нормалары кем дегенде үш жылда бір рет, сондай-ақ шетелде көп дегенде бір жылды құрайды (АҚ, төтенше жағдайлар (ТЖ) саласындағы, жұмылдыру және арнаулы жұмыстардағы оқыту мен білімдерін тексерудің міндетті түрлерін, Мемтехқадағалаудың бақылауындағы кәсіптік оқыту мен аттестаттауды және т.б. қоспағанда, сондай-ақ Комитеттің шешімі бойынша).
Қаралатын кезең ішінде қызметкерлердің 26%-ы (1050 адам) кәсіптік оқу мен кәсіптік дамудан өтті, соның ішінде «KEGOC» АҚ Оқыту орталығында Компанияның 105 қызметкерінің қатысуымен 6 семинар өткізілді. Бір қызметкердің оқуына кеткен шығын 44 мың теңгені құрады.
Компания мамандарының негізгі саны – 1011 адам немесе 96%-ы Қазақстан Республикасының оқу орындарында біліктіліктерін арттырды, соның ішінде: «KEGOC» АҚ-ның Оқыту орталығында – 105 адам, АЭБУ – 65 адам, өңірлік оқу орындарында және ҚР басқа да семинарларында – 841 адам.
Жеті қызметкер (оқудан өткендердің жалпы санының 0,7%-ы) Ресейдің мамандандырылған біліктілікті арттыру оқу орындарында (Мәскеу қ., Санкт-Петербург қ., Иваново қ.) оқыды. «ҰЭТ жаңғырту – ІІ кезең» жобасы шеңберінде 30 адам немесе қызметкерлердің 2,8%-ы оқытылды.
Рәсімдердің айқындылығын қамтамасыз ету үшін біліктілігі жоғары мамандар іздестіріліп, іріктелді, қызметкерді бос әкімшілік лауазымдарына іріктеу кезінде әділ конкурстық рәсімдер жүргізілді. Бос лауазымдық орындарға конкурстық іріктеу ережесіне сәйкес «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясында және филиалдарында 2010 жылы бос лауазымдық орындарға 70 конкурс өткізілді.
«KEGOC» АҚ кадрлық резервімен жұмысты құру және ұйымдастыру ережесін орындау жөнінде толық жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы Компанияда 449 адамнан тұратын шоғырландырылған кадрлық резерв құрылды, соның ішінде «KEGOC» АҚ бойынша – 415 адам, «Энергоинформ» АҚ бойынша - 34 адам.
Кадрлық резервпен жұмыс нәтижелері бойынша және кадрлардың орнын ауыстыруға байланысты «KEGOC» АҚ-да кадрлық резервтен бос лауазымдық орындарды толтыру пайызы 42 бос орынның 62%-ын немесе шамамен 26 қызметкерді құрды.
2010 жылы Атқарушы дирекцияның қызметкерлеріне сауалнама жүргізілді, соның негізінде қызметкерлердің Компания жұмысының әр түрлі аспектілері мен еңбек жағдайларына қанағаттану дәрежесіне талдау жүргізілді. Тексеруде шақырту алған қызметкерлердің барлығының ішіндегі тексеруге қатысуға келіскен қызметкерлердің үлесі ретінде өлшенетін респонденттердің қатысу деңгейі 61,4%-ды құрды, бұл репрезентативтік сатысына сай келеді. Жүргізілген сауалдардың нәтижелері бойынша 2010 жылғы қанағаттану көрсеткіші 64%-ды құрды, бұл 2009 жылғы қызметкерлердің қанағаттану пайызынан 2 есеге артық (34%). Бұл персонал қызметін бағалау жүйесін және қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың жаңа ережелерін енгізу, қызметкерлерге «KEGOC» АҚ-ның қаражаты есебінен ауырған жағдайда ерікті түрде медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсыну арқасында мүмкін болды.
Компания мен қызметкерлердің өзара мүдделері мен мақсаттары Компания мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған Ұжымдық шартта көрсетілген, онда Қазақстан Республикасының ауыру мен жарақаттануды азайтуға, еңбекті қорғауға, қауіпсіздік техникасына, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен, арнаулы киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етуге бағытталған еңбек заңнамаларының негізгі ережелері көрініс тапқан, сондай-ақ қызметкерлер мен ардагер энергетиктерді әлеуметтік қолдауға және т.б қатысты мәселелер көрсетілген.
Әлеуметтік қолдау көрсету ережесі негізінде қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында «KEGOC» АҚ-ның қызметкерлеріне 2010 жылы Компания 679 қызметкерге 69,518 млн.теңге жалпы сомасында материалдық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген ереженің негізінде 2010 жылы Компания біліктілігі жоғары мамандарға тұрғын үй мәселелерін шешуде былайша көмек көрсетті:
-
қызметті жеткізушілерімен 47,962 млн. теңге сомаға жасалған шарт негізінде тұрғын үйді жалдау;
-
Компанияның қызметкерлерімен 11,438 млн. теңге жалпы сомасына дербес түрде жасалған жалға алу шарттарының негізінде тұрғын үйге ақы төлеу шығыстарын ішінара өтеу.
2010 жылы сіңірген еңбегін тану мақсатында 6 қызметкер мемлекеттік наградалармен: екеуі Қазақстан Республикасының «Құрмет» («Почет») грамотасымен және екеуі Қазақстан Республикасының «Ерен енбегі үшін» («За трудовое отличие») медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен – екі қызметкер марапатталды. Сондай-ақ үш қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен және төс белгісімен марапатталды.
Есептік кезең ішінде Компания 183 қызметкерге награда ұсынды, соның ішінде:
«ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрмет төс белгісі
|
9
|
ТМД Электр Энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасы
|
16
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрлігінің Құрмет грамотасы
|
3
|
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Құрмет грамотасы
|
13
|
«KAZENERGY» медалі
|
7
|
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы
|
4
|
«Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы
|
8
|
«Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының құрмет грамотасы» құрмет грамотасы
|
7
|
«KEGOC» АҚ-ның Құрмет грамотасы
|
63
|
«KEGOC» АҚ алғыс білдірілді
|
53
|
ДЕНСАУЛЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау – «KEGOC» АҚ-да денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қызметтің негізгі бағыты. 2010 жылы Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, технологиялық операцияларды орындаған кезде жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту жөнінде тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырды.
2010 жылы Компанияның қызметкерлері жоспарланған медициналық тексеруден өтті; қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, арнаулы тағамдармен, дәрі-дәремектермен қамтамасыз етілді.
Барлық филиалдарда жөндеу науқаны кезеңінде жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру және жүргізу жөнінде семинарлар жүргізілді; қорғаныс құралдарымен, құрал-саймандармен, такелаждармен, арнаулы киімдермен толықтырылуын тексере отырып, жөндеу бригадаларына аттестаттау; еңбек жағдайы бойынша жұмыс орынын аттестаттау жүргізілді, нәтижелері бойынша еңбек жағдайын бұдан әрі жақсарту жөнінде іс-шаралар әзірленді. Жұмыс процесінде зиянды факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлер олардың жұмыс орындарын зиянды жағдайлардың болуына аттестаттау нәтижелері бойынша нормалармен белгіленген өтемақылар алды.
«KEGOC» АҚ-да есептік кезеңде техникалық пайдаланудың, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау мен объектілердің өрт қауіпсіздігінің жай-күйінежүргізілетін он жеті мақсатты тексерулер ұйымдастырылып, өткізілді.
2010 жылы 12 Қауіпсіздік техникасы күні, филиалдар мен Атқарушы дирекцияның ИТҚ басқарушы құрамының білімдерін тексеру жөніндегі орталық біліктілік комиссиясының 15 отырысы өткізілді.
2010 жылы қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазым жағдайлардан сақтандырылды. Жұмыс орындарын аттестаттаудың жылдық жоспары мен әр жұмыс орынындағы еңбек жағдайын еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар орындалды.
Өрт қауіпсіздігі.
2010 жылы «KEGOC» АҚ-ның объектілерінде өрттер мен жанулар болмады.
«KEGOC» АҚ-да өрт қауіпсіздігінің сапасын сақтау және арттыру үшін мынадай іс-шаралар орындалды:
-
«KEGOC» АҚ объектілерінде бастапқы өрт сөндіру құралдарын ұстау және қолдану» нұсқаулығы әзірленді және «KEGOC» АҚ Басқармасы бекітті;
-
оттан қорғайтын құрамы бар ғимараттың 41 535 шаршы метр ағаш құрылымдары өңделді;
-
388 өрт сөндіргіштер қайта тексеруден өтті;
-
922 өрт сөндіргіштер қайта зарядталды;
-
қосалқы станцияларда 17 бірлескен (мемлекеттік өртке қарсы қызметпен), 89 объектілік және 908 цехтық өртке қарсы жаттығулар өткізілді;
-
өрт-техникалық минимум бойынша оқудан 1 592 адам өтті;
-
2 903 адамды қамти отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша 17 754 нұсқама жүргізілді;
-
96 өртке қарсы сыртқы су құбырына, 151 ішкі су құбырына, 82 автоматты өрт сөндіру қондырғысына сынақ жүргізілді.
Филиалдарда филиалдардың бас инженерлерінің басшылығымен өрт-техникалық комиссия құрылды, олар 181 тексерістер жүргізді. Тексерістердің нәтижелері бойынша 721 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтар анықталды. Айқындалған бұзушылықтар бойынша бұдан кейін осындай бұзылыстарды жою және алдын алу жөнінде іс-шаралар әзірленді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР
Қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, «KEGOC» АҚ сыртқы әлеуметтік саясатына – қайырымдылық демеушілік қызметке баса назар аударады.
Қайырымдылық және демеушілік көмек мыналар сияқты негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-
өнерге және мәдени іс-шараларға қолдау көрсету;
-
спорттың жекелеген түрлеріне қолдау көрсету;
-
ардагерлер мен зейнеткерлерге көмек көрсету;
-
мамандарды бағыт бойынша оқытуға көмек көрсету.
«KEGOC» АҚ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты көмек көрсетуге белсенді қатысады: осылайша 2010 жылы су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Осы мақсатта «KEGOC» АҚ-ның Басқармасы «Алматы облысы бойынша жұмылдыру дайындықтарын, азаматтық қорғанысты басқару және апаттар мен табиғат апаттарының алдын алу және жоюды ұйымдастыру» ММ-ға ақша аудару жөнінде шешім қабылдады.
2010 жылы өнерді және мәдени іс-шараларды қолдау мақсатында:
- 2010 жылғы 10 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына концерт өткізуге демеушілік көмек көрсетілді;
- Мәскеу қаласындағы Жоғары лига ойындарына қатысу үшін «Қазақтар» ұлттық құрама КВН командасына қаржылық көмек көрсетілді. «Қазақтар» командасы финалда екінші орынды иеленді.
Спорттың жекелеген түрлерін дамытуға бағытталған демеушілік көмек көрсетілді:
- спортшы Н.Ж.Катаевқа 2010 жылы еркін күрестен Қазақстан Чемпионатына, Азия чемпионатына және Әлем чемпионатына қатысу үшін;
- «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығы нысанындағы ЗТҚ-ға WSB (Всемирная Серия Бокса) нұсқасы бойынша жарыстарға Astana Arlans кәсіпкер бокс клубы спортшыларының қатысуы мен отандық боксты дамыту үшін.
Зейнеткерлер, ардагер-энергетиктер, Ұлы Отан соғысы мен еңбек фронтының ардагерлері, сондай-ақ интернационалист жауынгерлер назардан тыс қалмайды. 2010 жылы «KEGOC» АҚ-да 633 адам есепте тұрды, оларға Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу құрметіне қайырымдылық көмек көрсетілді. «Энергетиктер күні» кәсіби мерекесі құрметіне 569 ардагер энергетиктер мен жұмыс істемейтін зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсетілді.
2010 жылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық қызметін қолдауға демеушілік көмектің елеулі бөлігі жіберіліп отырды: «Қазақстан Энергетикалық қауымдастығы» ЗТҚ, «Уран» қоғамдық қоры, «Энергопрофсоюз» АҚ, «SOS Қазақстанның балалар ауылы» қоры, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының Қазақстан қауымдастығы, «Ақсуатты Қолдау» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Астана.KZ» ұлттық құрама КВН командасы» корпоративтік қоры.
«KEGOC» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Компанияның қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қызметі мына ішкі нормативтік құжаттармен реттеледі:
-
Ұжымдық шарт;
-
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ-ның кадр саясаты;
-
«KEGOC» Директорлар кеңесі бекіткен «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесі;
-
«KEGOC» АҚ Басқармасының хаттамасымен бекітілген «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің сіңірген еңбектерін тану және ынталандыру ережесі;
-
басқа да ішкі нормативтік құжаттар.
Ұжымдық шартта «KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі ережелерінен басқа Компанияның қызметкерлерін, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және оларға теңестірілген адамдарды, медициналық қызмет көрсету ұйымдарын, қызметкерлердің бос уақытындағы мәдени-көпшілік шараларын және басқа да көптеген шараларды әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелер көрсетілген.
Корпоративтік өзара қарым-қатынастарды нығайту, ұжымда қолайлы жағдай туғызу және қызметкерлерді біріктіру үшін Компания 2010 жылы қызметкерлер үшін мерекелік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды жүргізді.
Компания сонымен бірге жұмысқа бұдан әрі жас мамандарды тарту мақсатында жастарды еліміздің ЖОО-да және колледждерінде сырттай нысанда оқытуға көмек көрсетеді. Есептік жылы «KEGOC» АҚ 21 студенттің оқу ақысын төледі.
Жыл сайын 2-5 курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибеден және ЖОО түлектерінің диплом алдындағы іс-тәжірибеден өтуі бойынша Қазақстанның ЖОО-мен ынтымақтастық жүзеге асырылып тұрады. 2010 жылы тұтастай алғанда Компания бойынша 179 студент іс-тәжірибеден өтті.
2010 жылы Компания қызметкерлерге «KEGOC» АҚ қаражаты есебінен ауырған жағдайда ерікті түрде медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі берілді.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау «KEGOC» АҚ экологиялық саясатының негізгі принципі болып табылады. «KEGOC» АҚ қызметінің негізгі түрі қоршаған ортаға елеулі әсер етпейді. Алайда Компания үшін теріс әсерлерді азайту және экологиялық саясатты жетілдіру үшін экология саласындағы өзінің жауапкершілігін түсіну маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |