Директорлар Кеңесі Төрағасының және «kegoc» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі 2


кВ «ОБТҚ-Осакаров» ӘЖ-ны қайта құру



бет3/7
Дата25.02.2016
өлшемі3.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

220 кВ «ОБТҚ-Осакаров» ӘЖ-ны қайта құру


Жобаның мақсаты – Астана қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, сондай-ақ қаланың және Астана қаласының индустриалды аймағында салынады деп жоспарланып отырған объектілердің электр энергиясына деген артып отырған қажеттілігін қамтамасыз ету.

Осы жоба бойынша 2010 жылы «220кВ «ОБТҚ-Осакаров» ӘЖ-ны қайта құру» жобасының ТЭН-і әзірленді.

«KEGOC» АҚ мен ЕҚДБ арасында 2011 жылдың 26 қаңтарында 166 млн. АҚШ долларына дейінгі мөлшерде ұзақ мерзімді қаржыландыру арқылы жобаға қатысуын қарауға ЕҚДБ-ның мүдделілігін растау туралы мандат хатқа қол қойылды («Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы бойынша ЕҚДБ мен ҚДБ-ның алдыңғы қарыз қаражаттарын қайта қаржыландыруға арналған қаражатты қоса алғанда).

Өндірістің ағымдағы деңгейін ұстау мақсатындағы күрделі қаржы салымдары

2010 жылы «KEGOC» АҚ электр энергетикалық объектілерде өрт сөндіру-күзету іс-шараларын ұйымдастыру, пайдалануға берілетін қосалқы станциялар мен электр жеткізу желілерінің техникалық жай-күйін нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келтіру, қолданыстағы өндірістік ғимараттарды қайта құру, релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандырудың микропроцессорлық құрылғыларын орнату кезінде электромагниттік жағдайды жақсарту, оқыту-жаттығу полигонын салу, телекоммуникациялар ғимараттарын салу, көлік құралдары мен арнайы техниканы, аспаптарды, өрт сөндіру құралдарын, техникалық қауіпсіздік құралдарын және азаматтық қорғаныстың (АҚ) жабдықтарын сатып алу жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

2010 жылы:


  • 500 кВ ОБТҚ ҚС-да қуаттылығы 125 МВА автотрансформаторын қуаттылығы 250 МВА автотрансформаторына ауыстыру;

  • 220 кВ Шымкент ҚС-да қуаттылығы 60 МВА АТ-1 автотрансформаторын қуаттылығы 125 МВА автотрансформаторына ауыстыру;

  • «№ 11», № 2134/2144 «Өскемен ҚС – № 14 ҚС-ның тармақталуымен бірге 220 кВ № 2014/2024 «Бухтарма ГЭС – № 7 ҚС», № 2034/2044 «№ 7 – «Өскемен» ҚС-ның ӘЖ электр жеткізу желісін күшейту;

  • 220 кВ Бейнеу-Ақтау -АЭТ-3 ӘЖ электр жеткізу желісін күшейту;

  • Компанияның 28 қосалқы станцияларында РҚА микропроцессорлық құрылғыларды орнату кезінде электромагниттік жағдайды жақсарту;

  • Компанияның 8 қосалқы станцияларында мемлекетаралық желілерге арналған 500 кВ ток трансформаторларын орнату жүргізілді.


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу

2010 жылға арналған ҒЗТКЖ жоспарына сәйкес мынадай жұмыстар орындалды:



  • «Экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжау сценарийлерін есепке ала отырып, 2030 жылға дейінгі перспективалық дамуды қоса алғанда, 2015 жылға арналған Қазақстан БЭЖ-інің 220 кВ және одан жоғары электр тораптарын дамыту нұсқаларын техникалық-экономикалық жағынан зерттеу». «KEGOC» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен осы жұмыс қабылданды. Жұмыстың мақсаты күрделі қаржы салымдарының ірілендірілген бағалауымен бірге экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжау сценарийлерін есепке ала отырып, 2010-2015 жылдардағы кезеңге (жылдар бойынша) және 2020, 2025 және 2030 жылдарға дейінгі перспективаға арналған Қазақстан БЭЖ-інің кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр тораптарын дамытуды техникалық-экономикалық жағынан зерттеу болып табылады;

  • Электромагниттік өтпелі процестерді зерттеу және 1150 кВ Көкшетау ҚС мен 500 кВ Ағадыр ҚС-ның 500 кВ АТҚ жабдықтарына олардың теріс әсер етуін шектеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Бүгінгі күні осы шарт бойынша дайындық жұмыстары (1150 кВ Көкшетау ҚС мен 500 кВ Ағадыр ҚС-ның АТҚ жабдықтарының схемаларын, техникалық сипаттамалары мен жұмыс режимдерін талдау; 1150 кВ Көкшетау ҚС мен 500 кВ Ағадыр ҚС-ның апаттық оқиғаларды тіркеуші осциллограммалары мен әуелік және элегазды ажыратқыштардың зақымдануын тексеру актілерін талдау; 500-1150 кВ ажыратқыштарымен және қарымталауыш реакторларының ажыратқыштарымен коммутациялау кезінде 1150 кВ Көкшетау ҚС-ға, 500 кВ Ағадыр ҚС-ға іргелес тораптардағы электромагниттік өтпелі процестердің әртүрлі режимдерінде математикалық үлгілеу жүргізу; шунттаушы, қарымталаушы реакторлар мен ӘЖ ажыратқыштарымен коммутациялау кезінде 1150 кВ Көкшетау ҚС-да, 500 кВ «Ағадыр» ҚС-да өтпелі электромагниттік процестерді осциллографиялау жүргізу кезінде табиғи тәжірибелерді өткізу жоспары» әзірленді) жүргізілді.

Ғылыми-техникалық кеңес

«KEGOC» АҚ-да Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) тұрақты негізде жұмыс істейді, оның құрамына техникалық мәселелерге жетекшілік ететін Компанияның басшылары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді. Компанияның Басқарма төрағасы ҒТК төрағасы болып табылады. ҒТК отырыстарына тұрақты мүшелерінен басқа, әдеттегідей, ғылыми-зерттеу ұйымдарынан, электр энергетикалық компаниялардан, мүдделі ұйымдардан шақырылған сарапшылар қатысады.

2010 жылы ҒТК-нің төрт отырысы өтті, онда бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «KEGOC» АҚ-ның тапсырысы бойынша орындалған «Экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжау сценарийлерін есепке ала отырып, 2030 жылға дейінгі перспективалық дамуды қоса алғанда, 2015 жылға арналған Қазақстан БЭЖ-інің 220 кВ және одан жоғары электр тораптарын дамыту нұсқаларын техникалық-экономикалық жағынан зерттеу» мақұлданған болатын.

Сондай-ақ «220 кВ «ОБТҚ-Осакаров» ӘЖ-ны қайта құру» жобасының шеңберінде 220 кВ ОБТҚ-Шығыс учаскесінде жоғары өткізу қабілеті бар жаңа үлгідегі сымды қолдану мақұлданды.


Астана қаласы мен оған іргелес жатқан аудандардың тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру қажеттілігіне байланысты Астананың апатқа қарсы энергия торабын құру туралы мәселе қаралды.

Отырыста сондай-ақ Павлодардың энергия торабымен байланысты күшейту және Балқаш АЭТ-тың бірінші кезегінің қуатын беруді қамтамасыз ету үшін электр желілік құрылысты салу көлемдерінің нұсқалары жөніндегі мәселелер талқыланды. Талқылаудың нәтижелері бойынша осы мәселелер бойынша ТЭН әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.

Тағы бір өзекті талқыланған тақырып - 1150 кВ Көкшетау ҚС мен 500 кВ Ағадыр қосалқы станцияларының 500 кВ ажыратқыштарының зақымдануы мәселесі. Электромагниттік өтпелі процестерді зерттеу және 1150 кВ Көкшетау ҚС мен 500 кВ Ағадыр ҚС-ның 500 кВ АТҚ электр жабдықтарына олардың теріс әсер етуін шектеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Кірістер

2010 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жалпы шоғырландырылған кірістері 50,2 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 35%-ға немесе 13,0 млрд.теңгеге көп.

Негізгі қызмет бойынша кірістер 44,4 млрд.теңге, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 11,7 млрд.теңгеге көп. Тарифтерді өсіру есебінен қосымша 5,2 млрд.теңге алынды. Электр энергиясын жеткізу жөнінде көрсетілген қызметтер көлемінің 14,4%-ға, диспетчерлендіру – 6,1%-ға, электр энергиясын өндіру тұтынуды теңгерімдеу – 7,4%-ға артуы есебінен Компанияның кірістері 2,5 млрд.теңгеге өсті.

Бұдан басқа, «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ-мен жасалған шарттарға сәйкес 2010 жылдың мамыр-желтоқсан айларында теңгерімсіздіктерді қарымталау мақсатында электр энергиясын сатудан 1,3 млрд.теңге сомасында, транзиттік электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтен 2,7 млрд.теңге сомасында кіріс алынды.

2010 жылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі тарифтер 1,8%-ға (0,923 бастап 0,94 теңге/кВтс дейін), диспетчерлендіру бойынша – 10,8%-ға (0,102 бастап 0,113 теңге/кВтс дейін.), теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша – 77,8%-ға (0,018 бастап 0,032 теңге/кВтс дейін) өсті.

Шығыстар

2010 жылы шоғырландырылған шығыстар 41,0 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 0,6 млрд.теңгеге немесе 1,5%-ға төмен. Тұтастай алғанда, 2010 жылы шығыстар 2009 жылы теңгені девальвациялау салдарынан туындаған теріс бағамдық айырманың шығындарын 9,5 млрд.теңгеге қысқартумен қарымталанды.

Бұл ретте электр энергиясының мемлекетаралық сальдо-ағынының жоспардағыдан нақтылы ауытқуларының сағаттық көлемдерін қарымталау мақсатында РФ энергия жүйелерінен электр энергиясын сатып алу шығыстарының пайда болуына, сондай-ақ электр энергиясын сатып алудың орташа бағасының өсуіне байланысты электр энергиясының технологиялық шығысын қарымталауға арналған шығындардың, ҚР ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде объектілердің іске қосылуына байланысты амортизациялық шығыстардың ұлғаюына байланысты өндірістік шығындар 6,8 млрд.теңгеге (27,6%-ға) артты.

Жалпы және әкімшілік шығыстар 4,9 млрд.теңгені құрады. 2009 жылмен салыстырғанда жалақының өсуіне байланысты негізінен ол еңбекке, медициналық сақтандыруға, демеушілік пен қайырымдылық көмекке ақы төлеу шығыстарының артуы есебінен 22,7%-ға (0,9 млрд.теңгеге) артты.

2010 жылғы қызметтің нәтижелері бойынша таза пайда 5,8 млрд.теңгені құрады, ал 2009 жылдың осы кезеңінде шығын 4,5 млрд.теңге болды, соның салдарынан 2009 жыл үшін «KEGOC» АҚ Жалғыз акционерге дивиденд төлеген жоқ.


ТАРИФТІК САЯСАТ

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен (ТМРА) бірлесе отырып, реттелетін қызметтердің тарифтық саясатын жетілдіру жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап «KEGOC» АҚ-ның тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметке арналған тарифтыесептеу әдістемесіне сәйкес «KEGOC» АҚ-ның тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерге арналған тариф 8 аймаққа (Батыс, Солтүстік-Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық, Алматы және Шымкент) бөлінді.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2008 жылдың1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы енгізілді. Осы Заңға сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясының нарығын ұйымдастыру Жүйелік операторға, яғни «KEGOC» АҚ-ға жүктелді. 2008 жылдан бастап осы қызмет сатып алынған және ЭТН-да сатылған электр энергиясы үшін нақтылы өзара қаржылық есеп айырысуды жүзеге асырмай-ақ, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы (ЭТН) жүйесінің жұмысы имитациялық режимде жүзеге асырылады. Осыған байланысты, 2009 жылы ТМРА теңгерімдеуші нарық жұмысының имитациялық режиміндегі тарифты анықтауды көздейтін электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді есептеу әдістемесін әзірледі және бекітті. 2009 жылдың 18 мамырынан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты осы қызметке 0,018 теңге/кВс мөлшеріндегі тариф бекітілді.

2009 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тараптардың қабылдауын көздейтін, Қазақстанның БЭЖ-і мен Ресей БЭЖ-інің қатарлас жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімге қол қойылған болатын.

Электр энергиясының мемлекетаралық сальдо-ағынының жоспардағыдан нақтылы ауытқуларының сағаттық көлемдерін қарымталау мақсатында РФ электр энергиясын сатып алу – сатуды «KEGOC» АҚ электр энергиясын өндіру тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызмет шеңберінде жүзеге асырады.

Осыған байланысты, ТМРА-ның бұйрығымен бекітілген электр энергиясын өндіру және тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған тарифты есептеу әдістемесінің теңгерімсіздіктерді жабу үшін электр энергиясын сатып алу жөніндегі шығыстардың шығындары мен осы электр энергиясын сатудан түскен кірістер құрамына енгізу бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. 2010 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты осы қызметке арналған жаңа тариф 0,032 тенге/кВтс болып бекітілді.

Бұдан басқа, 2010 жылы ТМРА-ның бұйрығымен «KEGOC» АҚ-ның тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметке арналған бірыңғай тарифты есептеу тәртібін көздейтін ұлттық электр тораптарымен электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерге тарифтерді есептеудің қолданыстағы әдістемесіне өзгерістер енгізілген болатын.

Әдістеменің талаптарына сәйкес ТМРА-ның бұйрығымен электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметке бірыңғай тариф 0,94 теңге/кВтс мөлшерінде болып бекітілді.

Бірыңғай тарифты енгізу қызметтің барлық тұтынушылары үшін қызметті ұсынудың тең жағдайларын жасауға және ҰЭТ-қа теңдей кіруді қамтамасыз етуге, бағаны белгілеу процесінің айқын болуына, энергия өндіретін ұйымдардың экспорттық әлеуетін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік берді. Осы немесе өзге Әдістемелерді қолдану кезінде ұстаным әрқашан да ескерілген жөн, өйткені тарифтер реттелетін қызметті ұсынуға қажетті шығындардың құнынан төмен болуы және табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы алу мүмкіндігін ескеруі тиіс.

Электр энергиясын жеткізу мен оны торапқа босатуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтердің көлемі ұлғайған жағдайда қолданыстағы тәртіптің негізінде тарифтерге уақытша төмендетуші коэффициенттерді белгілеу арқылы электр энергиясын тұтыну көзделген.

2010 жылдың сәуір айынан бастап «Қазфосфат» ЖШС үшін электр энергиясын жеткізу ТМРА-ның 2010ж.02.04 №103-ОД бұйрығының негізінде 0,96 мөлшеріндегі тариф бойынша уақытша төмендетуші коэффициент есебімен жүзеге асырылды.

2010 жылы «KEGOC» АҚ «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ге электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының ТМРА мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2000 жылы 15 жылға бірлесе бекіткен қолданыстағы тарифтың 10% мөлшерінде жеңілдік тарифпен іске асырды. Нақтылы жеңілдік 2010 жылы 782 млн. теңгені құрады.
САТЫП АЛУ ҚЫЗМЕТІ

2010 жылы Компанияның сатып алу саясаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға елу немесе одан көп пайыз акциялары (үлестік қатысуы) тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінің негізінде, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен меншік немесе сенімді басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға елу немесе одан көп пайыз дауыс беруші акциялары (үлестік қатысуы) тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырылып келеді.

«KEGOC» АҚ-да өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу мынадай қағидаттарға негізделеді:


  • сатып алу процесінің жариялылығы мен айқындығы;

  • сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаларды ұтымды және тиімді жұмсау;

  • сапалы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;

  • барлық әлеуетті жеткізушілерге Холдингтің тиісті тізілмінде тұратын мүгедектер ұйымдарын (жеке тұлғалар - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер), отандық тауар өндірушілерді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, отандық кәсіпкерлерді қолдаған жағдайда сатып алу процесіне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді жасау;

  • Холдинг сатып алатын тауарларда, жұмыстарда, қызметтерде қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру;

  • әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік;

  • ішкіхолдингтік кооперацияны дамыту мақсатында Холдингке кіретін ұйымдар арасындағы сатып алуларға жәрдемдесу;

  • қабылданатын шешімдер үшін бақылау жасау мен жауапкершілік;

  • сатып алу процесінде делдалдардың қатысуын азайту;

  • инвестициялық стратегиялық жобаларды тиімді іске асыру.


ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН САТЫП АЛУ-САТУ ОПЕРАЦИЯСЫ

2009 жылы Компания технологиялық шығысты (ысырапты) қарымталау үшін және ҰЭТ-тың шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырды.

«KEGOC» АҚ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес және өткізілген сатып алу рәсімдерінің негізінде шарттар жасалды және технологиялық ысырапты қарымталау үшін және ҰЭТ-тың шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясы сатып алынды.

2010 жылғы технологиялық ысыраптарға 11 481,4 млн.теңге сомасындағы (ҚҚС-мен) электр энергиясын сатып алу көлемі 2 160,462 млн.кВт сағатты құрады. Электр энергиясының шығындары мен технологиялық ысыраптары 2009 жылмен салыстырғанда 2 185,6 млн. теңгеге немесе 23,5 %-ға өсті. Көрсетілген шығынның артуы «KEGOC» АҚ-ның жеткізушілерінен сатып алынатын электр энергиясына деген тарифтердің өсуіне (орташа 27,0 %-ға) байланысты болды. Нақтылы тарифтердің өсуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес энергия өндіретін кәсіпорындар топтарына арнап бекітілген тарифтердің шекті деңгейінің жыл сайынғы өсуіне байланысты болып отыр.

Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ филиалдарының шаруашылық қажеттіліктеріне 30,8 млн.кВтс электр энергиясы сатып алынды, оның ішінде:


  • 1-тоқсан – 13,5 млн.кВтс,

  • 2-тоқсан – 4,3 млн.кВтс,

  • 3-тоқсан – 3,0 млн.кВтс,

  • 4-тоқсан – 10,0 млн.кВтс.

Компанияның шаруашылық қажеттіліктеріне деген электр энергиясының шығысы өткен жылдың деңгейінде қалды. Барлық филиалдардың шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясын сатып алу Атқарушы дирекция арқылы бір орталықтан жүзеге асырылды. Шаруашылық қажеттіліктеріне арналған электр энергиясы көлемінің аз ғана бөлігін қосымша сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес Алматы ЖЭТ филиалы ғана дербес жүргізді. Бұл филиалдың жекелеген объектілерін электр тораптарының қолданыстағы схемасы бойынша электрмен жабдықтау Алматы энергия торабы үшін электр энергиясын жеткізуде басымдық жағдайға ие отырған «Алматыэнергосбыт» ЖШС-ның электрмен жабдықтаушы ұйымдарынан тікелей жүргізілуіне байланысты.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

Тәуекелдерді бірдейлендіру және тәуекелдерді бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың негізінде Компанияда айқындалған 40 тәуекелге, оның 9-ы - күрделі, сәйкес тәуекедердің Тізілімі мен Картасы бекітілді, олар мынадай:



    • валюттық тәуекел;

    • еңбек қауіпсіздігі тәуекелі;

    • пайыздық тәуекел;

    • активтер мен қорлардың ескіру тәуекелі;

    • конкурстық рәсімдер тәуекелі;

    • өтімділік тәуекелі;

    • электр энергиясын босатпауды қоса алғанда, электрмен жабдықтауды тоқтату немесе шектеу тәуекелі;

    • бедел мен рейтингтің төмендеу тәуекелі;

    • қызметкердің біліктілігі жетпейтін тәуекел.

Тәуекелдерді басқару мақсатында 2010 жылға арналған Тәуекелдерді басқару бағдарламасы іске асырылды, барлық жоспарланған іс-шаралар табысты орындалды.

2010 жылы операциялық тәуекелдерді, валютталық тәуекелді, пайыздық тәуекелді, өтімділік тәуекелін басқару, банк-контрагенттерге арналған теңгерімдік және теңгерімнен тыс міндеттемелер бойынша лимиттерді белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар бекітілді.

2010 жылы тәуекел менеджменті саласында біліктілікті қолдау және оны арттыра түсу үшін Компанияның қаржы-экономикалық блогының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін «Қаржылық тәуекелдерді басқару» атты тақырып бойынша оқыту өткізілді.

Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс одан әрі жүргізілуде.

Сонымен, Компанияда «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясының, сондай-ақ Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша басшылық алға қойған мақсаттарға қол жеткізу мен оның міндеттерін іске асыруға әсерін тигізетін қауіптердің теріс ықпалын азайтуға бағытталған Тәуекелдерді басқару саясаты бекітілді.

Көрсетілген құжаттарға сәйкес:



  • үш деңгейлі ТБЖ енгізілді, ол құрылымдық бөлімшелердің, Тәуекелдер жөніндегі комитеттің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің тәуекелдерді анықтауы мен басқаруы бойынша жауапкершілігін белгілейді және бекітеді;

  • Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің тарапынан қадағалау мен бақылаудың тиісті деңгейі қамтамасыз етіледі;

  • Тәуекелдер жөніндегі комитет туралы ережеге, құрылымдық бөлімшелер ережелеріне және орындайтын функцияларды нақтылау бөлігінде тәуекелдерді басқаруға жауапты қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізілді.

Тәуекелдерді басқару саласында шешімдерді жедел қабылдау үшін Тәуекелдер жөніндегі комитеттің құрамы оңтайландырылды.

2011 жылға арналған тәуекелдердің Тізілімі мен Картасын жасау және Тізілімдеме мен Картада көрсетілген негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды анықтау жұмыстары жүргізілді.


МЕНЕДЖМЕНТТІҢ БІРІКТІРІЛГЕН ЖҮЙЕСІ

2010 жылы халықаралық стандарттарға сәйкес менеджменттің біріктірілген жүйесін сертификациялау саласын жұмыс бабында ұстау, оны жақсарту және кеңейту жұмыстары жалғастырылды.

2010 жылы менеджменттің біріктірілген жүйесін жұмыс бабында ұстау, жақсарту жұмыстарының жоспарына сәйкес осы бағыттағы негізгі мақсаттар мыналар болды:


  • «KEGOC» АҚ-ның 8 филиалы мен «Энергоинформ» АҚ-да менеджменттің біріктірілген жүйесін сертификациялаудың қолданыстағы саласын кеңейту;

  • «KEGOC» АҚ МБЖ ISO 14001:2004, ISO 9001:2008 және OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкестігін растау.

Филиалдарда кеңейтілген аудиттің өткізілуіне дайындық жасау үшін барлық филиалдарда, ЖО ҰДО, «Энергоинформ» АҚ–да МБЖ-ның жұмысына тексеру жүргізілді, сондай-ақ «Алматы ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Ақмола ЖЭТ» филиалдарының барлық құрылымдық бөлімшелерінің, ЖО ҰДО, «Энергоинформ» АҚ қызметкерлеріне арнап кеңес беру өткізілді.

2010 жылғы 2 тоқсанда «KEGOC» АҚ менеджментінің біріктірілген жүйесіне кеңейтілген қадағалау аудиті табысты жүргізілді. Кеңейтілген қадағалау аудитін «Интерсертифика-ТЮФ» компаниясы TÜV Thüringen e.V. (Германия) менеджмент жүйесін сертификациялау жөніндегі органның серіктесі болып табылатын «ТЮФ Тюрингенмен» бірлесе отырып өткізді. Аудит қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ МБЖ ИСО 9001:2008, ИСО 14001:2004, OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкес келетіні расталды. Кеңейтілген қадағалау аудитін жүргізу кезінде аудиторлар Компания қызметкерлерінің стандарттардың талаптарын барынша терең түсіне алатынын, талаптарды іске асыру қажеттілігін әрі оның маңыздылығын жетік білетіндігін, сондай-ақ стандарттар талаптарын орындаудағы механизмдердің жақсы үлгілерін танытқанын атап көрсетті.

«KEGOC» АҚ-ның барлық бекітілген құжаттары мен оған енгізілген өзгерістер электрондық почта арқылы хабарламалармен жарияланып тұрады.

Барлық адамның кіруге мүмкіндігі бар Microsoft Exchange серверінде орналасқан МБЖ бойынша құжаттама базасы тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Жыл бойы МБЖ-ның жұмыс топтарына, АД құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдар мен мекемелердің қызметкерлеріне арнап ұйымдық мәселелер, олардың құрылымы және МБЖ құжаттамаларын ресімдеу ережелері; бөлімшелер қызметінің заңнаманың талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу; бөлімшелер туралы ережелерге және лауазымдық нұсқаулықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қадағалау аудитіне дайындық жасау бойынша 14 техникалық сабақ өткізілді.

Ішкі аудит бағдарламасына сәйкес объектілерге (құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды адамдар) 77 тексеру жүргізілді. Аудитті «KEGOC» АҚ МБЖ ішкі аудиторлары жүргізді. 120 сәйкессіздіктер мен 16 қадағалау актілері ресімделі. Барлық сәйкессіздіктер бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерде түзетуші және алдын ала әрекет ету жоспарлары әзірленді, олар уақытында орындалып келеді.

Жақсарту мақсатында 2010 жылы кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында экологиялық аспектілер мен тәуекелдерді бағалау әдістемесі қайта қаралды. Әдістеменің жаңа нұсқасы істен шығулар мен болуы мүмкін зардаптарды бағалаудың статитикалық әдісін (FMEA) қолдануға негізделді, ол әрбір жұмыс орнында және қызметтің барлық түрлері бойынша кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау және экология саласындағы тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. Бұдан әрі процестерді басқаруды жетілдіру мақсатында ЖО ҰДО базасында процестер бойынша деректерді өңдеудің статистикалық әдістері қолданылды.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» деп аталатын сапа саласындағы жыл сайынғы сыйлығын алу конкурсына қатысты және белсенді қатысқаны үшін Дипломмен наградталды.


ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҒЫ

«KEGOC» АҚ көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында 2010 жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша сауалдама жүргізілді. «KEGOC» АҚ-ның жүйелік қызметтерін тұтынушылармен кері байланысты жүзеге асыру барысында қанағаттанушылыққа баға беру үшін (филиалдар бойынша, алатын қызмет түрлері бойынша, тұтынушылардың қызмет түрлері бойынша және жүйелік қызметтерді пайдалану ұзақтығы бойынша) сауалдама нәтижелерін орташалау әдісі қолданылды.

2010 жылы тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін орташа жылдықпен бағалау, атап айтқанда, «KEGOC» АҚ қызметкерлері жұмысының деңгейі, ұсынатын іскерлік және техникалық ақпараттың дұрыстығы, тұтынушылардың өтініштері бойынша атқарылатын жұмыстың жеделділігі, ӨДО-ның жедел-диспетчерлік басқару бөлігіндегі қызметтің сапасы, жұмыстың сапасы 4,29 балды құрады. «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарына сай жүйелік қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылығының бастапқы көрсеткіші 2010 жылға 4,25 балға дейін болып жоспарланды.


Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет