Электр энергиясын өндіруден оны тұтынушыға жеткізу кезінде қосалқы станцияның электр сымдары мен жабдықтары табиғи үдерістерге ұшырайды, электр энергияны жеткізуде технологиялық шығын әкеледі, яғни электр энергиясының ысыраптары пайда болады.
«KEGOC» АҚ тораптарына электр энергиясы ысыраптары өзгермелі және шартты-тұрақты болып бөлінеді. Өзгермеліге қатыстылар электр жеткізу желілеріндегі және қуатты трансформатор мен автотрансформатордағы жүктемелі ысыраптар.
Жүктемелі ысыраптар электр сымдарының ілеспесімен шарттасылады, электр тораптары бойынша электр энергияны жеткізу кезінде электр сымдарының күюі электр энергия шығындарына әкеледі.
Негізгі әсер ететін факторлар – электр энергияны табыстау көлемі. Электр энергияны табыстау көлемінің неғұрлым көп болуы – солғұрлым жүктемелі ысыраптар жоғары.
Шартты-тұрақты ысыраптар негізінен энергия ағынына байланысты болмайды және оның құрамдастары:
-
электр жеткізудің әуе желілеріндегі «тәждік» ысыраптар;
-
трансформатор мен автотрансформатордың бос жүрісіндегі ысыраптар;
-
реактордағы ысыраптар;
-
қосалқы станцияның өз қажеттіліктері кезіндегі электр энергия шығындары.
Тәждік ысыраптар жоғары вольтты (220кВ және жоғары) электр жеткізу желілерінің тәжді разрядынан көрінеді. Әсер ететін факторлар:
-
кернеулер;
-
ауа райы жағдайлары;
-
желілердің техникалық параметрлері.
Тәждік ысыраптар кернеуге тікелей байланысты болады. Тәждік ысыраптар ауа райының қолайсыз жағдайларынан (ылғалдылық, мұз қатуы) бірнеше есе артады.
Трансформатордың бос жүрісіндегі ысыраптар, сондай-ақ реактордағы ысыраптар жабдықтардың техникалық сипаттамасымен анықталады және жабдықтардың жұмыс кернеуі мен уақытына байланысты болады. Бұл жағдайда ысыраптарды азайту жөніндегі негізгі мүмкіндік шаралар реакторды ажырату және тораптардың қажетті сенімділігі мен кернеудің қол жетімді деңгейін қамтамасыз ету кезінде жүктелмеген трансформаторды резервте ұстау болып табылады.
Қосалқы станцияның өз қажеттіліктері кезіндегі электр энергия шығындарына электр энергияны қабылдаудағы электр энергияны тұтынулар, қосалқы станцияларда бекітілген жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі мен қызмет көрсетуші жұмыскерлердің өміршеңдігі – жабдықтар мен өндірістік ғимараттарды ысыту мен суыту, жарық беру, желдету, екінші тізбектер мен электр аспаптарына қажетті энергияларды беру жатады. Өз қажеттіліктері кезіндегі электр энергия шығындарын төмендету жөніндегі шаралар қосалқы станцияларды аса энергиясы тиімді жабдықтарды қолданумен жаңғырту болып табылады.
«KEGOC» АҚ тораптарында электр энергиясын ысыраптардың техникалық құрылымы 2010 жылы көрші мемлекеттердің өткінін есепке алғанда мынаны құрады:
-
жүктелген ысыраптар – 61 %.
-
тәждік ысыраптар – 21 %.
-
Реактордағы ысыраптар – 9 %.
-
Трансформатордың бос жүрісіндегі ысыраптар – 5 %.
-
қосалқы станцияның өз қажеттіліктері кезіндегі ысыраптары – 4 %.
2010 жылдың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ тораптарында оны жеткізу кезінде көрші мемлекеттердің өткінін есепке алғанда электр энергиясының технологиялық шығыны (техникалық ысыраптар) 2 335,3 млн.кВт/сағ; ресейлік өткінін есепке алғанда (қырғызстандық өткінсіз) – 2 169,5 млн.кВт/сағ. «KEGOC» АҚ-да коммерциялық ысыраптар қалыс қалды.
2009 жылмен салыстырғанда ысыраптар 104,6 млн. кВт/сағ төмендеді (2009 жылы – 2 440,0 млн. кВт/сағ). Электр энергиясын жоғалтудың салыстырмалы шамасы 2009 жылы 5,38 %-дан 2010 жылы 5,32 %-ға төмендеді.
«KEGOC» АҚ-ның электр тораптарында 2010 жылы оны жеткізуге (электр энергиясын жоғалту) электр энергия шығындарын төмендету бойынша орындалған техникалық шаралардан нәтиже 10,7 млн. кВт/сағ құрады, оның ішінде:
6,8 млн. кВт/сағ – қуатты трансформаторды аз жүктеме кезінде ажыратудан;
3,6 млн. кВт/сағ – қосалқы станцияның өз қажеттіліктері кезіндегі электр энергия шығындарын төмендетуден;
0,4 млн. кВт/сағ – аз жүктеме кезінде желілерді ажыратудан.
МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2011ж. 01.01. жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ-ның метрологиялық қызметінде 19 тексеру зертханалары жұмыс істейді, олардың 10-ы электр көлемдерін өлшеу құралдарын тексеру құқығына, 9-ы қысым мен температураны өлшеу құралдарын тексеру құқығына ие. 8 қысым мен температураны өлшеу құралдарын тексеру құқығына аккредиттелген.
Пайдаланылатын өлшеу құралдарының жалпы саны ЖЭТ филиалдарында 2010ж.01.01. жай-күй бойынша 29 819 бірлікті құрады, соның ішінде электр энергиясын санауыштар 2820 бірлік, бақылау аймағында 2741 санауыштар тұр. Метрологиялық қызметтердің тексеру зертханалары 319 бірлігіндегі көлем бірлігінің бастапқы эталондарымен және 60 бірліктегі тексеру қондырғыларымен жарақтандырылған. Метрологиялық қамтамасыз ету аймағында электр энергиясын есепке алудың 2064 өлшеу кешендері тұр, олардың құрамына 6120 тоқты өлшеу трансформаторы және 1545 кернеуді өлшеу трансформаторлары кіреді. Өлшеудің жұмыс құралдарын тексеру бойынша толық өндіріс жұмыстары үшін өлшеу құралдарының айналым жұмыс көлемі жеткіліксіз – 180 бірлікке жуық (манометрлер, 0,2 дәлдік класының санауыштары, қайта құру өлшеуіштері 7KG).
Есептік кезеңде СМиИС зертханаларында мердігерлік тәсілмен 4707 өлшеу құралдарын тексеру ұйымдастырылды.
СМиИС зертханаларында 9630 өлшеу құралдары тексерілді.
Электр энергия санын өлшеудің сенімділігі мен дәлдігін қамтамсыз ету үшін 2010 жылы кернеуі 6-220 кВ 89 фаза өлшеу трансформаторына мердігерлік тәсілмен тексеру ұйымдастырылды.
Өлшеу құралдарының 4168 бірлігіне техникалық қызмет көрсету жүргізілді, мердігерлік тәсілмен 144 бірлікке ТҚ жүргізілді.
«KEGOC» АҚ филиалдарының метрология және өлшеу жүйесінің қызметі қосалқы станцияларды жаңғырту жобаларына белсенді қатысты. 2010 жылы 23 қосалқы станция электр энергияны есептеу жүйесімен жаңғыртылды. 324 санауыш және 23 мәлімет жинаушы құрылғылар арнайы шкафтарға ауыстырылды SCADA жүйесі 7KG тұрпаттағы 480 қайта құру өлшеуіштері бекітілді және бағдарламалар орнатылды.
Мемлекетаралық электр энергия ағындарын өлшеудің дәлдігін жоғарылату мақсатында «Мемлекетаралық электр энергия ағындарын есепке алу тәртібі» мемлекетаралық құжаттардың талабын орындау және Қазақстан Республикасының электр тораптары тәртібі мемлекетаралық 500 кВ электр жеткізу желілерінде 0,2 дәлдік класы ток өлшеуші трансформаторын бекітумен электр энергиясын есепке алу тәсімін өзгертулер орындалды.
2010 жылы электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) өнеркәсіптік пайдалану жалғастырылды. Аталған электр энергиясының өлшемдері электр энергиясының барлық нүктелерінен 71 қосалқы станцияларының деректерін жинаудың әр құрылғысына келіп түседі.
ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ
2010 жылы көтерме сауда нарығының субъектілеріне жасалған шарттар мен тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес толық көлемде жүйелік қызметтер көрсетілді.
2009 жылдан ауысқан және 2010 жылы жасалған тұтынушыларға қызмет көрсету, электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының жалпы саны 518 болды, соның ішінде:
-
аймақтық электр тораптары компанияларына электр энергиясын
жеткізу бойынша – 11;
-
тікелей тұтынушылар үшін электр энергиясын жеткізу бойынша – 208;
-
техникалық диспетчерлеу бойынша – 82;
-
электр энергиясын тұтыну-өндіру теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша – 178;
-
электр энергиясын сатып алуға – 16;
-
қуаттылықты резервте сақтау бойынша – 1;
-
жеткізушілерден сатып алу қызметінен – 20;
-
Ресей Федарациясынан нақты жоспарлыдан электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосы ауытқуының сағаттық көлемін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу – 1;
-
Ресей Федарациясына нақты жоспарлыдан электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосы ауытқуының сағаттық көлемін өтеу мақсатында электр энергиясын сату – 1.
2010 жылы «KEGOC» АҚ қосымша шарт жасады және жаңа тұтынушыларға қызмет көрсетті: «ФСК ЕЭС» ААҚ, «ТрансЭнергоСоюз» ЖШС, «Karaganda energy» ЖШС, «Central Asia Cement» ЖШС.
Компания тұтынушыларына 2010 жылдың 1 тамызына дейін негізгі қызметтер бойынша (электр энергиясын жеткізу, техникалық диспетчерлеу) ТМРА бұйрығымен бекітілген тариф бойынша қызмет көрсетті. Компания қызметтерінде алғаш рет 2010 жылдың 1 тамызынан кейін электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтеріне бірыңғай тариф белгіленген.
«KEGOC» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу
2010 жылы «KEGOC» АҚ электр энергиясын жеткізудің Ресей Федерациясының энергия жүйесі үшін мемлекетаралық өткінді есепке алғандағы нақты көлемі – 34 697,3 млн.кВт/сағ құрады, оның ішінде:
1-ші тоқсан – 8 171,7 млн.кВт/сағ,
2-ші тоқсан – 7 573,7 млн.кВт/сағ,
3-ші тоқсан – 8 438,6 млн.кВт/сағ,
4-ші тоқсан – 10 513,3 млн.кВт/сағ.
2010 жылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетудің нақты көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 4 359,1 млн.кВт/сағ немесе 14,4% артты. Электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетудің нақты көлемінің өсу себебі жаңа тұтынушы «ФСК ЕЭС» ААҚ (Ресей Федерациясы) пайда болуы және Ресей-Қазақстан-Ресей деңгейінде мемлекетаралық транзитін жүзеге асыруы, ол жеткізудің жалпы өсуінен 65,7%, сондай-ақ электр энергиясын жекелеген тұтынушылардың тұтынуы құрады. Бұдан басқа қызметтер көлемінің артуы Қазақстан Республикасы электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушылар қатары тұтыну көлемінің жоғарылауымен көрінеді: «Казфосфат» ЖШС 541,4 млн.кВт/сағ немесе 63,7 %; «ҚарағандыЖылуӨткізу» ЖШС 119,1 млн.кВт/сағ немесе 51,0%; «Темиржолэнерго» 947,0 млн.кВт/сағ немесе 45,4%; «Астанаэнергосбыт» ЖШС 135,3 млн.кВт/сағ немесе 42,2 %.
Осы кезде электр энергиясын тұтынудың және көтерме сауда нарығының жекелеген субъектілерінің жеткізу көлемі төмендеуі байқалды, атап айтқанда: «Екібастұз МАЭС-1» 1 096,2 млн.кВт/сағ немесе 55,2%; «Ақтөбеэнергожабдықтау» ЖШС 195,4 млн.кВт/сағ немесе 32%; «Алматыэнергосбыт» ЖШС 700,7 млн.кВт/сағ немесе 29,7%; «ҚостанайЭнергоОрталық» ЖШС 66,1 млн.кВт/сағ немесе 8,3%.
Техникалық диспетчерлеу
2010 жылы техникалық диспетчерлеу бойынша жалпы қызмет көлемі 75 986,7 млн.кВт/сағ құрады, оның ішінде:
1-ші тоқсан – 20 603,3 млн.кВт/сағ,
2-ші тоқсан – 17 264,3 млн.кВт/сағ,
3-ші тоқсан – 17 120,1 млн.кВт/сағ,
4-ші тоқсан – 20 999 млн.кВт/сағ.
Техникалық диспетчерлеу бойынша жалпы көрсетілген қызмет көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 4 375,6 млн.кВт/сағ немесе 6,1% өскен.
Бұл өсім энергия өндіруші кәсіпорындардың тораптарында іздестіру және босатудың жоғарылауымен Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр тұтынуының артуымен байланысты.
Тораптарда электр энергетикасын босату көлемінің артуы мынадай энергия өндіруші кәсіпорындарда байқалды: «ЕМАЭС-2 станциясы» АҚ – 928,2 млн.кВт/сағ немесе 21,9%; «Алматы электр станциясы» – 829,6 млн.кВт/сағ немесе 20,8 %; «Екібастұз МАЭС-1» – 1 327,8 млн.кВт/сағ 13,6 %; «ССТӨБ» АҚ 112,9 млн.кВт/сағ немесе 9.7%.
Осы кезде мына кәсіпорындарда өнім көлемі төмендеді: «АрселорМитталТемиртау» АҚ 561,3 млн.кВт/сағ немесе 23,2%; «3-Энергоорталык» АҚ 80,6 млн.кВт/сағ немесе 10,4%; «Қазақстан Алюминиі» АҚ 57,3 млн.кВт/сағ немесе 2.7%.
Электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру
2010 жылы электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтердің нақты көлемі – 138 349,8 млн. кВт/сағ құрады, оның ішінде:
1-ші тоқсан – 37 797,8 млн.кВт/сағ.
2-ші тоқсан – 31 749,6млн.кВт/сағ.
3-ші тоқсан – 30 570,4млн.кВт/сағ.
4-ші тоқсан – 38 232,1млн.кВт/сағ.
2009 жылмен салыстырғанда теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 9 584,3 млн. кВт/сағ немесе 7,4% артты. Электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемінің өсу себебі Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын жалпы іздестіру және тұтынуының жоғарылауы болып табылады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
2010 жылы «KEGOC» АҚ стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастырды:
«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы
Жоба 326,2 млн. АҚШ долларына бағаланды, оның 100 млн. АҚШ доллары - Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің (ХҚДБ) қарыз қаражаты, 147,8 млн. АҚШ доллары - Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) қарыз қаражаты, 21 млн. АҚШ доллары мен 6,97 млрд.теңгесі – «Қазақстан Даму Банкі» (ҚДБ) АҚ-ның қарыз қаражаты, 9 млн. АҚШ долларынан астамы – «KEGOC» АҚ ортақ қаржыландыру қаражаты.
Осы жоба бойынша 2010 жылы 500 кВ Алматы ҚС-ны қайта құру аяқталды, құқықты белгілеу құжаттарын ресімдеу, жеке меншікке жер учаскелерін сатып алу, жер бөлу және т.б. жұмыстары аяқталды. Шу-Алматы 500-АРДЦ байланыстың талшықты-оптикалық желілері мен Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік 500 кВ екінші электр жеткізу желісі бойынша ІІ-кезеңнің құрылысын салуды есепке ала отырып, Қазақстан БЭЖ-нің апатқа қарсы автоматика кешенін салу жөніндегі жұмыстардың негізгі көлемдерін орындады.
«ҰЭТ-ты жаңғырту – I-кезең» жобасы
Жобаның барлық құрамдас бөліктері табысты аяқталды. 2010 жылы жоба шеңберінде «Siemens» компаниясы тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тоқтатпастан қосалқы станциялардың жабдықтарын ажырату кестесіне сай 67 қосалқы станцияның қалған 25-де релелік қорғау және автоматика құрылғыларын пайдалану үшін сынау және іске қосу жұмыстарын аяқтады. 67 қосалқы станцияның бастапқы 42-де релелік қорғау және автоматика құрылғыларын пайдалану үшін сынау және іске қосу жұмыстары 2009 жылы орындалған болатын.
Жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен ХҚДБ - 140 млн. АҚШ доллары, ЕҚДБ - 45,00 млн. АҚШ доллары несие желілерінің және Компанияның жеке қаражатының есебінен жүзеге асырылды. Несие қаражаттары толығымен игерілді.
2010 жылы мемлекетаралық 500 кВ ӘЖ-ның негізгі қорғаныстарын қайта құру, 110-220 кВ электр жеткізу желілерінің негізгі қорғаныстарын қайта құру, 500 кВ Сокол ҚС-да жалпы қосалқы станциялық басқару пунктінің (ЖҚБ), телекоммуникациялық байланыс жүйелерінің ғимаратын салу жұмыстары аяқталды.
«ҰЭТ-ты жаңғырту – IІ-кезең» жобасы
Жобаның мақсаты – Қазақстан БЭЖ-і қосалқы станциялары жабдықтарының техникалық деңгейін арттыру, Қазақстан БЭЖ-інің энергиялық тиімділігі мен жұмысының сенімділігін қосалқы станцияларда осы заманғы жоғары вольтты жабдықтарды орнату арқылы қамтамасыз ету.
Жобада жаңғыртудың бірінші кезеңінде көзделген жұмыс көлеміне кірмей қалған Қазақстан БЭЖ-інің 55 қосалқы станцияларында жабдықтарды жаңғырту, сондай-ақ 220 кВ желілерді салу көзделген. Жобаның құны 52 млрд.теңгеге бағаланды.
Қазақстан БЭЖ-інің 55 қосалқы станцияларында электр жабдықтарды ауыстыру үшін ЕҚДБ-ның 255 млн. еуро сомасындағы қарыз қаражаты тартылды.
2010 жылы MVV Decon GmbH компаниясы (Германия) сатып алу және жобаны басқару жөнінде консультациялық қызметтер көрсетті, жоба бойынша Тендерлік құжат әзірленді. 2010 жылғы 24 желтоқсанда KEC International Ltd. Консорциумымен (Үндістан) және «АСПМК 519» ЖШС-мен (Қазақстан) «KEGOC» АҚ-ның 6 (алты) филиалының қосалқы станцияларына жаңғырту жүргізуге арнап екі келісім-шарт жасалды. 2011 жылғы 31 қаңтарда KEPCO, Hyundai Engineering Co. және Hyundai Corporation Консорциумымен (Корея Республикасы) «KEGOC» АҚ-ның 3 (үш) филиалына жаңғырту жүргізуге келісім-шарт жасалды.
«Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобасы
Жобаның негізгі мақсаты – Алматы облысының Райымбек ауылындағы Шарын өзенінде салынып жатқан қуаттылығы 300 МВт Мойнақ ГЭС-інің қуатын беруді қамтамасыз ету. Мойнақ ГЭС-і қуат пен электр энергиясының тапшылығын азайту, өте көп жүктемелерді жабу, Алматы облысының және Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын тұтастай алғанда, электр энергиясымен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында салынып жатыр.
Осы жоба бойынша 2010 жылы 220 кВ трассалары мен кеңейтілетін ҚС алаңдары бойынша инженерлік іздестіру, таңдау және келісу жұмыстары орындалды, 220 кВ «Шелек» ҚС-ны кеңейту және қайта құру» және «220 кВ МГЭС АТҚ-ны салу» объектілері бойынша ЖСҚ әзірленді.
Қарыз қаражаттарының есебінен іске асырылатын жоба бөлігінде 2010 жылы MVV Decon GmbH компаниясымен (Германия) сатып алу мен жобаны басқару жөніндегі консультациялық қызметтерді көрсетуге келісім-шарт жасалды. Осы консультациялық компания жоба бойынша Тендерлік құжатты әзірледі. 2010 жылғы 29 желтоқсанда жоба желілерінің құрылысын салуға мердігерді таңдау жөнінде тендер өткізілді.
«Кернеуі 500 кВ, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на жалғаумен Алма ҚС-ны салу»
Жобаның негізгі мақсаты – Алматы өңірін электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету, Балқаш АЭТ (1320 МВт) бірінші кезегінің қуатын беру, Алматының серіктес қалаларын дамыту, Алматы қаласының индустриалды паркін салу үшін техникалық мүмкіндікті жасау.
Осы жоба бойынша 2010 жылы инженерлік іздестіру, 500 кВ Алма ҚС-да өндірістік мақсаттағы ғимаратты салу, кернеуі 500 кВ, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на жалғаумен Алма ҚС-ны салу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жабдықтарды жинақтауға тапсыру жұмыстары орындалды.
Жобаны іске асыру үшін 2010 жылы Компания мемлекеттік кепілдікпен ХҚДБ-мен несие келісімін жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |