Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау



бет14/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Лекция Ғылыми

2. Курстық жұмыс құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері мыналар болып табылады:


- титул парағы;
- тапсырма;
- аннотация;
- мазмұны;
- нормативті сілтемелер;
- анықтама;
- белгілір мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім ;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымша (кесте, схема, бағдарламалық құжаттар);
3. Курстық жұмыстың элементтеріне қойылатын талаптар

3.1. Титульдың беті және курстық жұмысты орындауға тапсырма А4 форматты қағазда орындалады (А,Б қосымшалар).


3.2. Реферат
Реферат қысқа, компьютерлік 1 бет көлемде жазылады. Онда курстық жұмыстың зерттеу объектісі, алынған нәтижелер және жаңалықтар, жаңалықты енгізу дәрежесі, оның қолданылулары, жұмыстың көлемі жайындағы мәліметтер, бөлім саны, иллюстрациялар, кестелер, қосымшалар, қолданылған әдебиеттер көрсетіледі.
3.3. Кіріспе
Кіріспеде тақырыпты таңдауы негізделеді, тақырыптың өзектілігі, қарастырылатын көкейкесті мәселелер, оларды шешу қажеттілігі баяндалады; тақырыпты ашу үшін өзара байланысқан кешендік мәселерелерді жіктеп, жұмыстың мақсатын анықтайды; зерттеу объектісі көрсетіліп, талдауда қолданылған әдістер және пайдаланылған әдебиеттер жазылады.
3.4. Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде қажетті ғылыми-теориялық ережелер дамытыла түседі, тақырыпқа сәйкес студенттердің мектепте жиналған тәжірибелері талданып, сипатталады.
Тақырыпқа байланысты әдістемелер және бағдарламалар, бағдарламалық есептер негізгі мәтінге немесе қосымшаға енгізіледі. Жұмыстың соңында библиографиялық ережелер сақтала отырып, қолданылған әдебиеттер тізімі келтіріледі.
3.5. Қорытынды
Қорытынды да студенттің зерттеу нәтижесіндегі теориялық және практикалық қорытындылау мен ұсыныстар логикалық бірізділік жазылады. Жұмыстың қортындысында орындалған жұмыстың тиімділігін, негіздемелерін, мәнін, мазмұны жайлы толық ақпарат беретіндей етіп оны әрі қысқаша жазу керек. Барлық ұсынылған бағыттар бойынша нақты зерттеу объектісінің проблемаларын жетілдіруді олардың тиімділік бағаларын көрсету, жүргізілген талдаулардың теориялық мәселелердің негізгі қортындыларын әр бөлім бойынша мәтін түрінде жазу керек.
3.6. Қосымша
Қосымшаға көмекші материалдары енгізу қажет.
Көмекші материалға аралық есептеулерін, берілгендердің сандық кестелері, нұсқаулар, әдістемелер, иллюстрациялар, есеп формасы және т.б. жатады.
Егер қосымша оннан көп болған жағдайда, онда оларды түрлеріне қарай (аралық компьютерлік математикалық есептеулер, сынақ нәтижелері және т.с.с.) топтап біріктіру керек.
3.7. Графикалық материал
Графикалық материал курстық жұмыстың негізгі міндетті бөлімі болып табылады. Ол жұмыс мазмұнына байланысты құрылып, талдау және жобалаудың негізгі ережелерін көрнекті түрде иллюстрациялап көрсетуі тиіс.
3.8. Курстық жұмыстың көлемі қолжазба түрінде 35-40 бет немесе компьютерлік 30-35 баспа бет болғаны жөн. Жұмыстың көп бөлігін негізгі бөлімі құрайды. Мұнда тарау аралық сәйкессіздіктер (диспропорция) болмауы қажет.

4. Курстық жұмысты орындау реті


4.1. Студент жұмысы
4.1.1. Студент жетекшімен бірлесіп зерттейтін мәселелердің сұрақтарын түзеді.
4.1.2. Студент әдебиеттермен жүйелі түрде жұмыс істейді, алғашқы материалдарды талдап жинақтайды, жетекшімен үнемі байланыста болып, қажетті ақпаратты алып тұрады.
4.1.3. Студент әрбір тарауды жазып болған соң, оны жетекшіге көрсетіп, жетекшісінің ескертулеріне орай курстық жұмысқа түзетулер мен толықтырулар енгізеді.
4.1.4. Студент жоспарда бекітілген мерзімде жұмыстың дайындығы жөнінде жетекші алдында немесе қажет жағдайда кафедра алдында есеп береді.
4.1.5. Курстық жұмыста келтірілген ақпараттар туралы және қабылдаған негіздемелер жөнінде студент жауап береді.
4.2. Жұмысты дайындауды ұйымдастыру.
4.2.1. Курстық жұмысты орындау үрдісінде кафедра студенттердің өзіндік жұмысы үшін жағдай жасайды.
Студенттерге қажетті:

  1. жетекшілік және кеңес алу;

  2. жұмысты жүйелі түрде бақылау;

  3. сәйкес әдістемелік құжат;

  4. қажетті фактілі материалдарды алуға және өңдеуге көмек;

  5. университеттен жұмыс орыны.

4.2.2. Курстық жұмысқа жүйелі түрде жетекшілік жасау үшін, жетекшіге мынадай міндет жүктелінеді:
1) Курстық жұмысты орындау үшін студентке тапсырма беру;
2) Студентке тақырыпқа қатысты қажетті әдебиетті көрсетеді;
3) Бекітілген кестеге сәйкес студентке кеңес береді;
4) Жұмыстың орындалу барысын қадағалап, ол туралы кафедраға баяндайды.

5. Курстық жұмысты рәсімдеу


5.1. Рәсімдеудің жалпы ережелері


5.1.1.Курстық жұмыс сауатты жазылуы және дұрыс көрнекілік жасалуы тиіс. Жұмысты А 4 (210х297мм) форматтық тек бір жақ бетіне жазады. Жұмыс мәтінін жазғанда (компьютерде тергенде) мына ереже сақталады:
сол жағы - 30 мм;
оң жағы -10 мм;
төменгі жағы -10 мм;
жоғары жағы -20 мм.
5.1.2. Сүлбелер, формулалалар, суреттер жєне кестелерді қара сиямен не бояумен орындау қажет.
5.1.3. Көрнекі жұмыстарын орындау кезінде мәтінде жіберілген қателерді, графикалық дәлсіздіктерді ақ сырмен ( штрихпен) әдемілеп, тазалап өшіріп, қара сиямен не қара бояумен жөндеуге болады.
5.2. Титулдық бет, реферат, мазмұны.
5.2.1. Титулдық беті А,Б қосымшаға сай әрленеді.
5.2.2. Жұмыстың мазмұны В қосымшада келтірілген үлгіде көрнекіленеді.
5.2.3. Тарауларды және беттерді нөмірлеу
5.3.1. Титулдық бет беттерді нөмірлеудің жалпы санына енеді, бірақ титулдық бетке нөмір қойылмайды.
5.3.2. Жеке беттердегі иллюстрациялар, кестелер нөмірлеудің жалпы санына енеді.
5.3.3. Курстық жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға (бөлімдерге), бөлімшелерге бөлу қажет.
5.3.4. Тараулар, параграфтар, бөлімдер мен бөлімшелер (кіріспе, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан басқасы) араб цифрларымен нөмірленеді, Мысал, 1-тарау, 2.1. бөлім, 2.1.1. бөлімше.
5.3.5. Тараулар мен бөлімшелерінде тақырып болуы тиіс.
«Тарау» сөзі жазылмайды. Тақырыптар бөлім мазмұнын оның және қысқа түрде айқындауы керек.
Тарау тақырыбы, сондай-ақ «КІРІСПЕ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «МАЗМҰНЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөздерін қатардың ортасына нүктесіз бас әріптермен, астын сызбай жазып, мәтіннен қатараралық үш интервалмен жоғары орналастырады. Тақырыпта сөзді тасымалдауға болмайды.
5.3.6. «ТАРАУ», «КІРІСПЕ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «МАЗМҰНЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөздерін жаңа бетке жазып, нөмірлемейді. Бірақ, нөмірлеудің жалпы санына енеді. Курстық жұмыс тапсырмасы мен реферат нөмірленбейді және нөмірлеудің жалпы санына енбейді.

5.4. Графикалық материал


5.4.1. Иллюстрацияларды (сызбалар, графиктер, сүлбелер, диаграммалар, фотосуреттер, суреттер) мәтіннен кейін орналастырған жөн. Барлық иллюстрацияларға курстық жұмыста сілтеме жасау керек.
5.4.2. Иллюстрациялардың аты болуы тиіс және де оны иллюстрацияның астына жазады. Қажет жағдайда суреттің алдына берілгендерге түсініктеме келтіріледі.
5.4.3. Жұмыстың барлық жеріндегі иллюстрацияларды реттік нөмірмен араб цифрімен нөмірлейді.
5.4.4. Егер жұмыста бір иллюстрация болса, онда оны нөмірлеудің және астына «сурет» деп жазудың қажеті жоқ.

5.5. Кестелер


5.5.1. Жұмыстағы цифрлық материалдарды кесте түрінде жазу керек.
5.5.2. Кестені де мәтіннен кейін қояды, егер ол бетке сыймаса, онда келесі бетке түсіреді. Кестені сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан сызықтармен шектейді. Барлық кестеге мәтін ішінде сілтеме жасалады.
5.5.3. Жұмыстың барлық жерінде кестелерді араб цифрымен реттік нөмір бойынша нөмірлейді. Кестенің сол жақ жоғары жағына кесте деген сөзден кейін нөмір қойылады.
5.5.4. Егер курстық жұмыста бір кесте болса, онда оны нөмірлемейді және «кесте» деген сөз жазылмайды. Кесте сөзі және кесте тақырыбы үлкен әріптермен жазылып, тақырыптан кейін нүкте қойылмайды.
5.5.5. Кестенің графалары тақырыптары бас әріптермен жазылады.
5.5.6. Кестенің графасына «№ , қ/с» дегенді енгізудің қажеті жоқ.
5.5.7. Жұмысқа кестені енгізген кезде, жұмысты айналдырып оқитындай етіп қойылмауы тиіс.
Егер кестені енгізу мүмкін болмаса, онда жұмысты сағат тілі бағытымен айналдырып оқитындай етіп орналастыру керек.
5.5.8. Кестені тасымалдаған кезде кестенің басын қайталап, оның үстіне «Кестенің жалғасы» деген сөз нөмірленіп жазылуы тиіс.
Егер кестенің басы үлкен болса, онда оны қайталамай-ақ: мұндай жағдайда кесте графаны нөмірлеп, нөмірленген графаны келесі бетке қайталап қою керек. Кесте тақырыбы қайталанбайды.
5.5.9. Егер кесте ішінде цифр немесе берілгендер жазылмаса, онда «-» сызыќша ќойылады.
5.5.10. Тақырыптар мен тақырыпшаларды және графаларды диагонал сызықтармен бөлуге болмайды.
5.5.11. Егер кестеде келтірілген барлық көрсеткіштер бір және бірегей бірлікпен берілсе, онда кестенің оң жақ төменгі бөлігіне оның белгіленуін көрсетеді.
5.5.12. Кестеде қайталанатын цифрларды, математикалық таңбаларды, пайыз таңбаларын, нормативтік құжат белгілеулерінің орнына тырнақша қоюға болмайды.
5.5.13. Мәтінде көлемі көп емес цифрлық материал кездесетін болса, онда оны кестеге орналастырудың қажеті шамалы, одан гөрі қорытынды түрінде (мәтін түрінде) келтіріп, цифрлық берілгендерді бағанға жазады.

5.6. Формулалар мен теңдеулер


5.6.1. Символдар мәні мен сандық коэффициенттер туралы түсініктемені формуладағы берілген бірізділікті сақтай отырып, формуланың астына жазу керек.
5.6.2. Мәтіндегі формула мен теңдеулерді мәтіннен бөлек арнайы қатарға жазған жөн. Әрбір формула немесе теңдеуден жоғары және төменгі жағына кемінде бір бос қатар қалдырған дұрыс.
Егер теңдеу бір қатарға сыймаса, онда 1=1 теңдік таңбасынан кейін, немесе 1+1 таңбасынан кейін, немесе әрбір математикалық таңбадан кейін, сол таңбаны жаңа қатарда қайталап отырып жазуы тиіс.
5.6.3. Курстық жұмыстағы формулалар мен теңдеулерді реттік нөмірді сақтай отырып, араб цифрларын жақшаға алып, сол формуланың оң жағына жазады. Егер жұмыста бір ғана формула не теңдеу болса, онда олар нөмірленбейді.
5.7. Сілтемелер
5.7.1. Курстық жұмыста қандай бір қолданылған әдебиетке сілтеме жасалған кезде библиографиялық тізімдегі нөмірі тік жақша ішіне / алынып жазылады. Қажет жағдайда (цифрлық берілгендер немесе цитаттарды қолданғанда) қолданылған әдебиет нөмірі және бет нөмірі көрсетіледі, мысалы – нөмір, 4-5 бет.
5.7.2. Кестелер, суреттер, қосымшалардың сілтемелері жай (дөңгелек) жақшаға жазылады. Сілтеме жасағанда:
«5 кестедегі берілгендерге сәйкес»,
/2 - кесте/, «3 - суретте берілген бойынша», / 4 - сурет/, «А қосымшаға сәйкес», / Б қосымша /, ,,... /3/ формула бойынша».
5.8. Қолданылған әдебиеттер тізімі
5.8.1. Курстық жұмысты бақылау жұмысты орындау кезінде қолданылған әдебиеттерден тізім жасалады. Тізімде келтірілген әдебиеттерді 4.6. бөлімде көрсетілген үлгідегідей етіп жазу керек.
5.9. Қосымша
5.9.1. Қосымшаны курстық жұмыстың жалғасы ретінде келесі бетте жеке кітап түрінде көрнекілеу қажет.
5.9.2. Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, оның тақырыбы қосымшаның төбесінде жазылып, беттің ортасында «Қосымша» сөзі жазылуы тиіс және ол белгіленгені жөн. Егер қосымша біреуден көп болса, онда олар араб әріптерімен жазылады.
5.9.3. Қосымшаларды мәтіндегі сілтеме ретіне қарай орналастырады.
5.9.4. Курстық жұмысты бет форматы бойынша реттеп қояды.
5.9.5. Әрбір қосымшаны жаңа беттен бастайды.
5.9.6. Егер қосымшаны курстық жұмыс соңына орналастырса, онда жеке бетте қолданылған әдебиеттен кейін, «Қосымша» сөзі бас әріптермен жазылып, беттерді жалпы нөмірлеу санына енгізеді. Егер қосымшалар көп болған жағдайда, жеке кітап түрінде көрнекіленеді. Титулдық бетке бас әріппен «Қосымша» сөзі жазылады.

6. Курстық жұмысты қорғау


6.1. Қорғау курстық жұмыстың орындалғандығын тексерудің ерекше формасы болып табылады. Қорғау студентті оған берілген тапсырманы жан-жақты шешу және орындалған жұмысты тереңірек түсінуге мүмкіндік беруі тиіс.


6.2. Курстық жұмыс студенттердің, жетекшінің және бір-екі оқытушының алдында қорғалады.
6.3. Курстық жұмысты қорғауда міндетті талаптар қойылмайды. Студентпен әңгімелескеннен кейін қорытынды баға қойылады.
6.4. Курстық жұмысты қорғау ұзақтығы әр студенттің баяндамасы және сұраққа жауап беруі үшін 8-10 минуттан беріледі. Сонда барлығы 20 минуттан аспауы тиіс.
6.5. Курстық жұмыс дифференциалдық бағамен бағаланады. Модульдік –рейтінгілік жүйемен оқыту және ағымдық бақылау бойынша білімді, ебдейлік пен дағдыны бақылауға сәйкес курстық жұмысты орындауға максимум 60 балл және қорытынды бақылауға ( қорғауға) максимум 40 балл беріледі.
6.6. Курстық жұмысты белгілеген уақытта тапсырмаған немесе себепсіз жағдайлармен қорғамаған студент академиялық қарызы бар деп есептеледі.
6.7. Барлық курстыұ жұмыс қорғалғаннан кейінжетекші студенттерді жинап, өтежақсы және нашар жұмыстар жөнінде, олардың жұмыста жіберген қателері мен кемшіліктері туралы талдау жасап әңгіме өткізуі тиіс.
6.8 Теориялық және практикалық жағынан маңызы бар жұмыс байқауға ұсынылады.
6.9 Курстық жұмыстардың орындалғандығы туралы нәтиже кафедра мәжілісінде талқыланады.
6.10. Орындалған жұмыстар қорғалған соң кафедра меңгерушісі бақылауымен екі жыл кафедра кабинетінде сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін барлық жұмыстарға акт жасалып, тізімнен шығарылады. Актіде мына нәрселер көрсетіледі:
- пән, жұмыс тақырыбы, студенттің аты-жөні, қорғалған күні, жетекшінің аты-жөні, бағасы;
- актіге кафедрадан құрылған комиссия (үш адам) және төрағасы-кафедра меңгерушісінің қолы қойылады. Кафедра меңгерушісі тізімнен шығарылған жұмысты жою шараларын жүзеге асырады.

Курстық жұмыстың титулдық беті






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет