Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау



бет10/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Лекция Ғылыми

Бақылау сұрақтары
1.Зерттеу бағдарламасы
2.Проблема және зерттеу тақырыбын анықтау
3.Зерттеудегі болжау
Әдебиеттер тізімі
1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.
2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980
8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.
9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.
10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.
Дәріс-8.
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмперикалық әдістері

1.Методология туралы түсінік


2.Зерттеудің жаңа стратегиясы
3.Зерттеушіге арналған айқын бағдарлар
4.Методология түрлері
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі-ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі-ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.
Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс-әрекет жүргізу үшін, тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу - қалыпты пікір-шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту кажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой-өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсіздікке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса кажет. Мысалы, ұлы физиктер Пьер және Мария Кюри өз қолымен алты тонна уран рудасының қалдықтарын өңдеп, жаңа химиялық элемент радийді тапты.
Теория және эмпирика ғылымдары бір - бірін толықтырады, байытады. Тек қана практика жұмыстарына негізделген ғылым ұсақ-түйек фактілермен үйіліп, басылып қалады да жалпы бағытты жоғалтып алады. Екінші жағынан қарағанда, тек қана теория ой-түйіндеріне сүйенген ғылыми жұмыстардан жасалған идеялар шындықтан, практикалық қажеттіліктен айырылып калып схоластикаға әкеліп тірейді. Әрбір зерттеушіге ғылыми жұмыстың осы екі түрінің оңтайлы қарым- қатынасын табу кажет.
Зерттеу объектісі бойынша ғылым жаратылыстану және гуманитарлы болып белінеді.
Жаратылыстану ғылымдары өмірде объективті түрде, адам жігерінен тәуелсіз құбылыстарды зерттейді. Бұл құбылыстар өзгертілмеген шарттарды қамтамасыз еткенде көп мәрте қайталана береді және шексіз уақыт бойы дүниеден табылады. Бұған физика, химия, биология, медицина сияқты, т.б. ғылымдар жатады. Ғылыми-зерттеулердің қорытындысы абсолютті объективті, олар зерттеуші тұлғасынан, оның көзқарасына тәуеелсіз болып келеді. Олар табиғаттың абсолютті заңдарына бағынып, әлем өмір сүргенше бұл дүниеден табылады.
Гуманитарлы ғылымдар адамның рухани өміріне байланысты және оның жігеріне, дамуына, уақыт пен кеңістікке тәуелді үрдістерді зерттейді. Бұған тарих, философия, лингвистика, т.б. ғылымдар кіреді. Бұл ғылымдар субъективті, олардың жасаған қорытындылары кісі тұлғасына, зерттеу әдісіне, зерттеу орны мен уакытына байланысты. Бұл салада жүргізілген жұмыс ғалымнан зор азаматтық пен шыншылдықты талап етеді. Мұның себебі зерттеулер адамның рухани өмірімен байланысты болғандықтан, қорытындылары түрлі тұрғыдан талқылануы мүмкін, нәтижесінде белгілі саяси, ұлт, экономика мүдделерін қорғауда пайдаланылады. Мысалға, тарих ғылымында қазіргі саяси көзқарасы мен жалпы саяси жағдайды ескере отырып, өткен тарихтың белгілі қайраткеріне әртүрлі баға мен түсінік берілуі мүмкін.
Әрбір жас азамат ғылыми іс-әрекетпен айналысуға ниет білдіре отырып, қай салада, қандай қабілет пен мүмкіндігі барын ескеріп, өзінің жүрегі мен санасына ыстық болып көрінетін ғылымды таңдауы керек.
Зерттеудің жаңа стратегиясын құру үшін әлеуметтік құбылыс ретіндегі ғылым табиғатын, оның қоғамдағы орнын, оның құрылымы мен жүру және даму заңдылықтарын білу керек.
Методолог - зерттеу бағдарламасының жалпы схемасын қалай құруды білуі тиіс, яғни, ғылымның жай-күйін бағалай білуі, оның қиыншылықтары мен даму перспективаларын анықтай білуі, алынған нәтижені білім жүйесіне ендіре білуі тиіс.
Казіргі заманғы ғылымның негізгі проблемаларына жасалған үстірт шолудың өзі, ғылым саласында қабылданатын шешімдердің тиімділігі - оған сәйкес (адекватты) методологиялық нұсқауларға тәуелді екендігін көрсетеді.
Ғылыми іс-әрекет масштабы өте үлкен болғандықтан, зерттеудің - адекватсыз методологиясын таңдау, орасан зор материалдық шығындарға, ғылыми-техникалық прогрестің екпінін төмендетуге әкеліп тірейді. Сондықтан, бұл негативті құбылысты айтып қана қоймай - оны жоюға, методологияның қажет екенін түсінудсн ғылымның барлық салаларындағы, ғылыми іс-әрекеттерді қазіргі заманғы методологиялық қамтамасыз ету шараларына көшу керек .
Бұл зерттеушінің методологиялық мәдениетін көтеруді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет