Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау



бет13/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Лекция Ғылыми

Әдебиеттер тізімі

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.


2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.
4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.
5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.
6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.


ДӘРІС 10-11


Курстық және дипломдық жұмысты орындауға қойылатын талаптар
Мазмұны
1.Жалпы ережелер......................................................................................4

2.Курстық жұмыстың құрылымы .........................................................5


3. Жұмыстың құрылымы элементтеріне қойылатын талаптар...............5


4. Курстық жұмысты орындау реті.......... .................................................6


5.Курстық жұмысты рәсімдеу ..................................................................7.


6.Курстық жұмысты қорғау .....................................................................10


7.Қосымша ..................................................................................................11




1 Жалпы ережелер

1.1. Курстық жұмыс оқу жұмысының ең негізгі формасы болып табылады және оқу жоспары бойынша студент орындайды.


Курстық жұмысты жазу, тапсыру және қорғау кестесін кафедра құрастырады және бекітеді.
1.2. Курстық жұмысты орындау үшін лекциялық материалды терең меңгеріп, компьютерде практикалық және қолданбалы есептерді шығару дағдыларын игерген соң жүзеге асады.
Курстық жұмысты орындауға студенттен осы тақырыпқа қатысты жалпы және арнайы әдебиеттерді білуі ғана емес, теория және практиканы байланыстыра білуі, жалпылай алуы, қорытынды мен ұсыныстарды жасай білуі талап етіледі.
1.3. Курстық жұмыстың тақырыбы оқу пәні бойынша жыл сайын қаралып, толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Кафедрада курстық жұмыстың кестесімен бір мезгілде бекітіледі.
Студентке курстық жұмыстың тақырыбын таңдау құқықтары беріледі. Курстың барлық тақырыптарын түгел қамту үшін кейбір жекелеген тақырыптар бойынша студенттер санын шектеуге болады, Мысалы, бір тақырыпқа үш студенттен артық емес.
Студент тақырыптың зерттеу мақсатын анықтап алуы қажет. Кешендік тақырыптарды топ болып (2-5 адам) орындауға болады. Мұндай жағдайларда әрбір студент проблеманың жеке аспектілерін зерттейді.
1.4. Сыртқы бөлім студенттері курстық жұмысты орындау үшін өздері жұмыс істеп жүрген немесе іс-тәжірибеден өткен мекемеде (мектеп және т.б.) материалдар жинайды; күндізгі топ студенттері іс-тәжірибе кезінде жинаған материалдарын пайдаланады.
1.5. Студент жетекшімен бірлескен түрде зерттелетін және эксперименттік жұмыстарға қатысты мәселелерді анықтайды; зерттеу жоспарын құрастырады; курстық жұмыстың құрылымын жасайды, кезеңдер бойынша оның орындау мерзімін белгілейді, қажетті әдебиеттер мен басқада қажетті материалдардың (статистикалық есеп, эксперимент нәтижелерін және т.с.с.) тізімін құрайды.
1.7. Курстық жұмыстың құрылымы таңдалынған тақырыпты және оның жеке мәселелерін ашуға ықпал етуі тиіс. Оның құрылымы дипломдық жұмыстың құрылымына ұқсас болады.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі тек 1-тараудан тұрады. Ал, оның қалған бөлімдері қатаң логикалық бірізділікті сақтай отырып, өзара байланыста болуы керек.
1.8. Курстық жұмыста сүлбелерді (схема), кестелерді, диаграммаларды, графиктерді, фотосуреттерді, суреттерді енгізуге болады.
1.9. Жұмысты бағалау кезінде оның мазмұны, өзектілігі, өзіндік орындалу дәрежесі, қорытындылар мен ұсыныстардың шынайылығы (оригинальность), қолданылған материалдың сапалығы, сондай-ақ сауаттылық деңгейі (жалпы және арнайы) есептелінеді.
Пікір білдіруші курстық жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін бірдей көрсетіп, толықтыру қажет болған жағдайда оны да көрсетеді.
1.11. Курстық жұмысты арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия студенттің теориялық білімі мен практикалық дағды деңгейін анықтайды және курстық жұмыстың талаптарына сай екендігін тексереді.
1.12. Комиссия құрамында 2-3 оқытушы болады, оның біреуі – курстық жұмыс жетекшісі. Ережеге сәйкес курстық жұмысты қорғауға дейінгі он-он бес күн бұрын комиссия мүшелерін кафедра бекітеді.
1.13. Курстық жұмыс емтиханды тапсырғанға дейін қорғалуға тиіс.
1.14. Қорғау кезінде студент жұмыс мазмұны мен қысқаша түрде таныстырады. Сөйтіп, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
Қорғау қортындысы мен орындалған жұмыстың сапалылығына қарай комиссия курстық жұмысты бағалайды.
1.15. Студенттің ғылыми үйірме (қоғамда) орындаған жұмыстары және мәжілісте жасаған баяндамалары курстық жұмыс ретінде қарастырылып, есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет