Дислалия тіл кемістігінің анықтамасы, себептері. Дислалия түрлері. Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады. Этиологиялық себептер негізінде дислалияның екі түрі бар: механикалық және фукционалды дислалаия.негізгі түрлері мыналар: акустикалық-фонематикалық,артикуляторлы фонематикалық, артикуляторлық -фонетикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |