Дислалия тіл кемістігі туралы Дислалия


Арнайы мектептегі тәрбие түрлері



бет5/60
Дата02.01.2022
өлшемі54.03 Kb.
#454301
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
тутықпа жауап

Арнайы мектептегі тәрбие түрлері.

  • Артикуляциялық тіл жаттығуларын жүргізудің технологиясы мен әдістемесі бойынша сипаттамасыАртикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивтіболып екіге бөлінеді.-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;– пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:1Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.2Оның орындалуын көрсетеді.3Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет