Афазия: сипаты, себептері, түрлері Афазияның анықтамасы.
Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы.Афазия пайда болу себебі мидың қан айналымы бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан, ісіктен, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының (аневризм) кеңейіп жарылуының, тамырлардағы қанның ұюынан (тромбозмболий) бітеліп қалуының, жүректің бұлшық еттерінің (ревматизм) шаншып ауруынан кеселденуінің (порок) және бас сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінде афазия жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалады. Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қозғаушы афазиясы жиі байқалады. Балалардың афазиясы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануының, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдарынан ғана болады.Түрлері: 1Акустико - гностикалык сенсорлы афазия.2 Акустико-мнестикалық афазия3 Семантикалық афазия4 Афференттік моторлы афазия5 Эферентті моторлы афазия 6 Динамикалық афазия.
Достарыңызбен бөлісу: |