Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология ғылымдарының докторы



бет25/29
Дата02.01.2022
өлшемі0.84 Mb.
#453405
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Диссертация Акынбекова А.Б. (1)

1- диаграмма



Сурет 1 - «Сана» журналының бөлімдері


Десек те, «Сана» журналын ғылыми-танымдық дүниелерге басылымның алғашқы беттерінен орын беріп, қазақ оқырмандарына тың дүниелерді ұсынған ғылыми-танымдық, салалық журнал ретінде қарастырамыз.

Басылым беттерінде Мұхамеджан Тынышбайұлының «Түрiк-монғол тарихы», Кәрiм Жәленұлының «Химия өзгерiстерi», Әбубәкiр Диваевтың

«Бұрынғы заманнан қалған заттарды қалай hәм қайдан iздеуге», Мұхтар Әуезовтің «Қазақстан, Түркiстанның жерiнiң, халқының саны», «Жас жүректер» шығармасы, Кәрiм Құлназарұлының «Қымбат намаз», Мағжан Жұмабайұлының

«Ақан серi», «Сәрсембайдың жерi», «Жұлдызды – жүзiк, айды – алқа ғып берейiн», Халел Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз Бiлiм Комиссиясынан»,

«Ұйқы деген немене?», «Машинаның күшi», «Жұлдыздарды күндiз көруге бола ма?», «Миллион деген немене?», «Шәкiрттер саулығын сақтау» секілді тарихи- этнографиялық, ғылыми танымдық, әдеби-мәдени өмiрдегi жаңалықтарға байланысты әр түрлi жанрдағы мақалалар мен зерттеу еңбектер, өлең-жырлар, жұмбақтар жарық көрдi.

Журнал бетінде жарияланған Мұхамеджан Тынышбайұлының «Түрік- моңғол тарихы» атты зерттеу еңбегі ғылыми құнды ой-пікірлерімен ерекшеленіп, осы күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Сөз басында тарихтағы жұртты екіге бөліп қарастырған. Дамыған елдердің өнері де, мәдениеті де, техникасы да, шаруашылығы да алда келеді. Өздері еңбекқор. Екіншісі, ілгері баспаған, тоқырауға ұшыраған, тарихы жоқ, тұрмысы жабайы халықты сөз етеді. Дамыған елдерге Еуропа, Азия, Американы жатқызады да ал дамымаған елдерге деп Африка, Америкадағы үнділер, Австралия жақтағы малайларды айтады. Осы тұста «Түрік - монғолдар» қай елге жатады дегенге

тоқталады. Тақырып аясында «Ескі заманнан Шыңғыс ханға шейін» бөлімінде түрік жұртының бастапқы жүрген жерлері сөз болады. Сондай-ақ, «үнні (һунны), үйсін, қырғыз, сақ, иуз, қаңлы, сәнбі, жужан (ауар), ұйғыр, тоғыз, өгіз, қарлық, пижнек, бұлғар, хазар, мажар, башқұрт, қыпшақ» секілді ру-тайпалар мен этностар туралы мол мағлұмат береді.

Халел Досмұхамедұлының «Ұйқы деген немене?» деген танымдық мақаласында ұйқының адам ағзасына тигізер әсеріне байланысты талдау жасай отырып, оқырманға ой тастайтын деректерді келтіреді. Адам ұйқысыз өмір сүре алмайды, Оның денсаулыққа пайдасы мен зияны жайлы сараптама жасалады.

«Ұзақ ұйықтамаса, адам өледі. Ұйықтаған мезгілде адамның есі, ойы, тоқуы, еркі жойылады, демалысы сирейді, жүрек соғуы кемиді, сирейді, қан ағысы жайланады, боршалары (еті) босайды. Дененің барлық мүшелерінің жұмыстары жайланады, тамақтануы (тамаққа мұқтаждығы) кемиді», деп ұйқының қайдан, неден пайда болғаны әлі күнге дейін белгісіз екендігін айтады. Ұйқы адамға қаншалықты қажет болса да ұйқы – ауру деген болжам жасайды. «Ұйықтау – ауру болу. Ұйқы мидың ауруы мен өзінің әрекетінен пайда болған нәрселерден уланады. Сондықтан ауырады – ұйқы пайда болады» [126, б. 56]. Осылайша, адам ұйықтағанда миы демалып, ауруынан айығады деген пікірді ұсынады. Яғни адам ұйықтағанда миға жиылған улар жойылып біткенде ұйқының қанатынын дәлелдейді. Егер миға демалыс бермесе, мидан бөлінетін токсиндер миды өлтіреді. Ми өлген соң, адам да өледі, деген тұжырымды ғылыми түрде дәлелдейді. Ғылыми қорытынды жасау үшін, итке жасалған тәжірибенің қорытындысын жариялаған. Мәселен итті 10-15 күн бойы ұйықтатпай отырса оның өліп қалатынын дәлелдеген. Тіпті Қытай еліндегі адамдарға қолданатын

«ұйықтатпау» жазасын да дәлел ретінде ұсынады. Ал тәжірибе барысында, ұйықтамаған иттің қанынан улы токсиндер табылған. Осылайша, автор ұйқыны жоятын антитоксинді оқымысты білгіштер іздеу үстінде екендігін шебер баяндайды.

Халел Досмұхамедұлының «Машинаның күші» атты танымдық мақаласында: «Үстіміздегі киімді машинамен тоқиды, машинамен тігеді. Шөпті машинамен шабады. Жерді машинамен жыртады. Мақтаны шиетінен машинамен айырады. Машинамен сүттің майын айырып алады. Отарбаларды темір жолмен айғыр (паравоз) сүйрейді. Қара айғырдың іші толған машина. Көшедегі трамвайлар да машинамен жүреді...», деп машинаны адамзат баласының жұмысты жеңілдету үшін ойлап тапқан құралы екенін оқырмандарына жеткізеді [126, б. 59].

Егер машиналардың барлығының көзін жойып, олар атқарған жұмысты адамдар істейтін болса адамның бәрі құл қылып істетсе де үлгермейтінін, сол кездегі адам санынының аздығын тілге тиек етеді. Ал енді осы жұмыстың барлығын адам мойнынан алып, жансыз машиналардың істеп отырған- ғылымның өркендеуі екендігін басса айтып жеткізеді. «Ғылымды іздеп тауып, тексеріп, бәрін шешіп отырған – адамның ақылы. Адамның ақылы, ақылдың баласы–ғылымнан айналса болмай ма?», деп осы кереметтердің барлығы табиғаттанудан шыққанын, осының бәрін істетіп отырған – білім, сондықтан



білімге ұмтылуымыз керек деп жұртты білім алуға шақырады [126, б. 60]. Білімді ел азат ел болатынын айтып, құлдық санадан шығудың бірден-бір жолы елдің дамуы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруы – ғылым мен білімді игеру жолында деген ұстанымды алға тартады.

«Жұлдыздарды күндіз көруге бола ма?»,-деген шығын мақала аспан әлемі туралы қызықты жайттарды баяндайды. «Бұл сұрауға жұрттың көбі ойланбай-ақ болмайды деп жауап береді. Мұндай жауап дұрыс емес, жұлдыздарды көруге болады», дейді автор [126, б. 62]. Осындай қызықты, тапқыр тақырыптармен оқырманды тартып, баурайды, таным-түйсігін кеңейтіп, қызығушылығын оятады. Жұлдыздардың түрлерімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін бағамдайды. Астрономия ғылымындағы «телескоп» деген құралдың қызметімен таныстырып, жұлдызды түнде қалай көруге болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Халел Досмұхамедұлы публицистикасының ерекшелігі – тілінің өте қарапайым бұқарашылдығы. «Ол не туралы жазса да оқырмандарының қабалдауына жеңіл әрі көкейіне қонымды етіп жазады. Қиналып қалың ойды сірестіріп жазу, күшеншектік оның қаламгерлік машығына жат», деген пікірлерге қосыламыз [20, б. 139].

Шындығында да ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамына енді-енді келіп жатқан ғылым саласының құпияларын, оның ерекшеліктері мен қоғамдағы мәнін түсінікті тілмен, ұғынықты етіп жеткізу Х. Досмұхамедұлының өте білімді, интеллектуалды, көтерген тақырыбын жан-жақты аша білетін көсемсөз шебері екенін көрсетеді.

«Сана» журналында тәлім-тәрбие бөлімінде «Басқыш мектепте қолданылатын жиынды программа» жарияланған. Мақалада мектеп өміріндегі түрлі ұйымдастырушылық жұмыстардың реті көрсетілген. «Есеп шығара білу. Балалардың өз еркімен маңайдағы заттардың суретін сала білуі. Жазу таңбаларымен (қаріптер) танысып, таңбалармен жеке сөздерді жаза білу. Үй сыпыру (үй сыпырған уақытта есік-терезелерді ашу, балалардың бойына қарай сыпырғыш жасау, есік-терезелердің жақтаулары, еденді сулы шүберекпен сүрту), дәретханаларды таза ұстау», деп балаларды мектеп істерімен таныстырады [126, б. 186].

Балалардың денсаулығына байланысты мына тәртіпті ұсынады:



  1. Балаларға науқас, сау адамдар жайынан ұғым беру. Балалар ауыруы, жұқпалы ауырулар.

  2. Балалардың бойын, салмағын өлшеу (ұзындық, салмақ өлшеулері, жарты, ширек бөлшектері) Балаларды жеке сөздерден қостырып, сөйлем жаздыруға, оқытуға үйрету. Балалардың саулығын сақтайтын жабайы істерге жаттықтыру (бет-аузы, аяқ-қолдары, төсек-орны, киімдерінің таза, кірсіз болуы. Партаға түзу отыра білу [126, б. 187].

Жоғарыда келтірілген мысалдар, мектеп пен оқушы бала өмірінде әлі де өзінің қажеттілігін жойған жоқ деп айта аламыз. Бағдарламада «Күз-қыс мезгілінің соңында жалпы алған білімдерін көрме ретінде көрсету», деген ереже бар. Бұл дегеніміз, тоқсан соңында білім деңгейінің жиынтық қорытындысын

көрсету, бүгінгі таңдағы мектеп оқушыларының бөлім бойынша, тоқсандық бойынша жиынтық бақылаулар тапсыратын тапсырмаларымен сәйкес келіп тұр.

«Тәлім-тәрбие» бөлімде Жүсіпбек Аймауытовтың «Әдет заңы» деген мақаласы басылған. «Әдеттің жақсысы да, жаманы да бар. Шылым шегу, насыбай ату, арақ, апиын ішу, бейәдептілік – жаман ғадет. Ал шыдамдылық, қанағатшылық, батылдық, тәуекелшілдік тәрізділер – жақсы әдет» [126, б. 208]. Осындай әдеттерге бағындыратын мидың жұмысына тоқталады. «Әдет адамның екінші табиғаты», «Әдеттің күші табиғатынан он есе артық», «Әдет – бір сақтаулы қазына (капитал)»,- деп әдеті ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып, оқырманына жан-жақты түсіндіреді. Адам өзін – өзі тәрбиелеуде, жаманнан жиреніп, жақсыны үйрену үшін тағылымы мол өнеге ретінде әдет заңы шебер баяндалады.

«Сана» журналының жарық көргеніне бір ғасыр болса де әлі күнге дейін қолданыста дұрыс ретін тапай келе жатқан адам аты-жөнінің жазылуына үлес қосқан. «Қазақша жазғанда, сөйлегенде пәмилие артынан «ов», «ев», «ин» дер келмесін. Оның орнына жәй сөйлескенде, жазысқанда әркімнің өз аты аталсын. Кітап сыртына немесе, ресми қағаздарда, документтерде әкесінің (ұлы, қызы болып) содан соң өзінің аты қойылсын», деген «Пәмилие туралы» 1924 жылы, шілде айының ішінде болып өткен қазақ-қырғыз білімпаздар жиылысының жасаған қаулысында жазылған [126, б. 242].

Журнал көтерген жүктің бірі – «Сын бөлімі» болды. «Жаңа шыққан кітапқа сын жазу – мәдени елдің ата кәдесі. Мәдениет өресіне қол сермеген біз-дағы

«сабасына қарай піспегі» деп қолдан келгенше сын дегенді жүргізгелі отырмыз. Ешкіммен алты аласымыз, бес бересіміз жоқ, ұзыннан өшіміз, қысқадан кегіміз жоқ, біреудің өз басын мақтау емес, не жамандау емес кітаптың маңызын байқау. Сондықтан кітап иелері біздің сынымызға салқын қанмен қарауларын өтінеміз.», деп Абдолла Байтасұлының «Жануарлар туралы әңгімелер», «Физикалық жағрапия», Есполұлының «Су, ауа туралы әңгімелер», Абраш деген автордың

«Дарвин білімінің негізі», Жүсіпбек Басғараұлының «Күн күркіреу мен найзағай», Ф. Ғалымжанұлының «Геология» атты аударма кітаптарына «Арқа» деген автордың сын пікірі басылған [126. б. 299]. Кітаптардың барлығы ғылым- білім, танымдық дүниелер екені атауларынан-ақ көрініп тұр. Яғни, «Сана» журналы ғылым-танымдық дүниелерге ерекше мән берген.

Басылымдарға тек қана сын-пікірлерлер беріліп қоймай, журнал оқырмандарға жарық көрген кітаптарды таныстыру да көзделген. Мысалы:

«Жануралар туралы әңгімелер». Аударушы Абдолла Байтасұлы. Бастырушы Түркістан Республикасының баспасөз таратушы мекемесі. Ташкен, 1942 жыл. 126 бет, 10000 дана. Бағасы 50 тиын. Бұл кітаптың тілі ұғымды. Бірақ сүрінбестен ұғыну үшін осы күнде ауыз сарсаңда жүрген жат тілдерді (термин) білу қажет... Аударушы араб тілі өкпелейді деген бе? Кейбір жерлерде ғиярат, алһам, жаһад сияқты сөздер кіргізіп жіберген. Желбезек орнына жабраны, гидросымақ дегеннің орнына гидроид деп орысты өкпелетпеген», деп басқа кемшілігінің жоқ екенін айта отырып, жоғарыдағы сөздерді түзесе балаларға түсінікті болатынын айтады [126, б. 298].

«Күн күркіреу мен найзағай». Аударушысы – Жүсіпбек Басғараұлы. Түркістан Республикасының баспасөз таратушысы мекемесі. Ташкен, 1923 жыл, 44-бет, 5000 дана. Бағасы 40 тиын. Кітап ұғымды тілмен жазылған. Найзағайдың әлденеше түрде, түсте болатынын, электрдің қандай нәрселерден шығатынын, найзағайдың электрден пайда болатынын, найзағайды тексерген білімпаздардың тәжірибесі, күн күркіреудің себебі, найзағайдың қандай зиян келтіретіні, найзағайдан сақтану жолы толық жазылған. Мұндай таныстыру оқып отырған адамның осы кітапқа деген қызығушылығын оятатыны рас.

«Сын» бөлімінде Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» (сөздері) деген сын- пікірі жарияланған. Мұнда Мағжан «Ақан серінің сөзінен өмірі сұлу» деген пікірді ұстанады. «Ақанның сөздірін мағына жағынан тексермес бұрын біз Ақанның тілінен бастамақшымыз. Бұған себеп – Ақанның тілінің таза еместігі», деп қазақ ақыны Ақанның қазақ тіліне араб, парсы, жаза қалса орыс сөздері кіріп кеткенін дәлелдейтін мысалдар келтіреді [126, б. 268]. Тілінің таза еместігін Ақанның өмір сүрген заманынан көреді. «Ақан – заманның баласы. Ол заман, өткен тоқсан тоғыз, жүзінші жылдар қазақ дадасының оңтүстік пен солтүстіктен екі албастының келіп басқан заманы. Біреуі – Бұхардан ишандардың, хазіреттердің, молдалардың, қалпелердің, шаңырақтай сәлдедеріне, шүнбелеріне, күйектей етектеріне жабысып келген мұсылман албастылары. Екіншісі – болыстардың знак, мөрлерін, тілмаш-учительдердің, қақиған қартоздарына, сымпиған шалбарларына оралып келген орыс албастылары. Ол дәуір осы екі албастының кесірінен елдің іріп-шіріп, тілінің тарғылданған дәуірі» [126, б. 269].

«Хат жаздым қағаз алып қалам-сия, Көптен- көп сәлем айттым Гүлназия.

Тағырифын тамат қыдлып танығандай,

Діл бардан ділмар керек шаһбазия», - деген өлең жолдарына «Ақанның шұбар тіліне рақмет айтарлық еш нәрсе жоқ», деп жазған [126, б. 270]. Мағжан Ақанның ғашықтық тақырыбындағы өлеңдерінен шеберлігі көрінеді, онда Ақанның әрбір сөзіне тамсанып, жоғары баға береді.

«...Етегі ақ көйлектің ілмелеткен,

Қастарың қаріп мәттай сүрмеленген».

Бұл Ақанның «Ақ көйлек» өлеңінен алынған. «Ақан ғашықтыққа тереңірек қараған адам. Ол ғашықтықты «Ақ төске білектің артылуы - артылмауымен» ғана байлап қойған емес», деп бағасын берген [126, б. 275]. Журналдың осы бөлімінің аясында М. Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» шығармасына да сын жазылған. Алайда, Даниял деген автордың бұл сын-пікірі «Сана» журналының келесі санының шықпай, жабылып қалуына байланысты аяқталмай қалған.

«Халел Досмұхамедұлы 1923 жылы 13-желтоқсанда Ташкентте оқыған зиялылардың басын қосып, мемлекеттік Ғылыми кеңестің жанынан «Талап» қауымын құрады. Қауымның мекен-жайы: Карл Маркс даңғылы, 14 үй, 35- пәтерге орналасты. Қазақ-қырғыз мәдениетін көркейтушілер қауымы «Талапқа» мүше болғандар саны қысқа мерзімде 103-ке жетті. Қауымның төрағасы Халел Досмұхамедұлы, ал мүшелерінің қатарына шығыстанушы, профессор

Александр Эдуардович Шмид, инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы», деп ұйымға қатысып жүрген студенттердің де тізімін басқан [20, б. 210]. «Сана» журналының 1-ші санының «Мәдениет-майданы» бөлімінде «Қазақ-қырғыз мәдениетін көркейтушілер қауымы – «Талаптың» жолы» атты бағдарламасы жарияланады. Ол «Қауымның мақсұты, һәм істейтін істері», «Қауымның қаражаты», «Қауымның құрлысы» деген бөлімдерге бөлінген. Негізгі мақсаттары ретінде мыналар белгіленген:

«а – Қазақ-қырғыз халқының әдеби тілін, ғылыми атауларын (терминология) емілесін һәм басқа мәселелерді тексеру;

б – Ұлт өнерін (искусствосын) тәптіштеу;

п – Қазақ-қырғыз халқының тарихын һәм салтын тексеріп қарастыру; т – Қазақ- қырғыз мектептерінде оқыту мәселесін реттеп, жөнге салу;

ж – Қазақ-қырғыз халқының білім қызметкерлеріне һәм өнер қайраткерлеріне жәрдем көрсету...»[126, б. 172].

Осы жасалған арнайы бағдарлама өзінің жұмысын өзге де аймақтарда жүргізсек деген зор үміттері болған. Алайда ұйым өзінің атқарып отырған қызметін көп ұзамай тоқтатады. Бұл жөнінде зертеуші-ғалым Аманқос Мектеп зерттеу жұмысында былай деген: «Қазақ қоғамын зерттеу қоғамы басқармасы Ташкент қаласындағы қазақ мәдениетін жан-тәнімен қолдаушы «Талаптың» қызметін 21 қараша 1925 жылдан бастап бұл қоғамдық ұйымды тарату мәселесі көтерілді. Қабылданған қарар бойынша: Ташкент қаласында «Талап» қоғамы қызметі тоқтатылды» [20, б. 211].



«Сана» журналының біріктірілген соңғы 2-3 сандары 1924 жылдың қараша айында басылып шығады. Ал Түркістан Республикасы халық ағарту Комиссариатының Мемлекеттік Ғылыми Кеңесі 1924 жылдың 30 желтоқсанында бекіткен «Сана» журналына қаламақыға жұмсалған ақша есебі көрсетілген ведомость сақталған екен. Онда: «Х. Досмұхамедұлы журналдың редакциясына

  • 24 сом, жарық көрген мақалаларына – 24 сом, 38 тиін; Қ. Кемеңгерұлы журналдың материалдарын редакциялағаны үшін – 24 сом, жарық көрген мақалаларына – 58 сом 13 тиін: Д. Ысқақұлы журналдың материалдарын редакциялағаны үшін – 24 сом, жарық көрген мақалаларына – 153 сом, 76 тиін, корректорлық қызметіне– 36 сом; Ғ. Байтасұлы жарық көрген мақалаларына – 111 сом 58 тиін, корректорлық қызметіне – 12-сом, Ж. Аймауытұлы жарық көрген мақалаларына – 28 сом, 13 тиін; М. Тынышбайұлы жарық көрген мақалаларына – 30 сом, журнал қосымшасына – 11 сом, 25 тиін; І. Жансүгірұлы жарық көрген мақаласына – 13 сом; М. Жұмабайұлы жарық көрген жарияланымдары үшін – 52 сом 50 тиін қаламақы алған», деп жазылған [20, б. 212].

Жарияланған бұл мәліметтер арқылы біз «Сана» журналының жұмысына атсалысып, мақала жазған жазушыларды, олардың басылым ісінде атқарған қызметтерін бағамдаймыз.

«1931 жылы 4 мамырда Біріккен саяси Бас басқарманың тергеушісіне берген түсініктемесінде Халел Досмұхамедұлы өз қолымен былай деп жазды: «...Халық Ағарту Комиссариатының тағайындауымен «Сана» журналының редакторы мен

болдым. Сол бір шақтағы әдеби жұмыстарға бейімділігі бар жандардың тым жетіспеушілігінен журналды үзбей шығарып тұру өте-мөте қиынға соқты, сондықтан ол басылым екінші санында тоқтады» [20, б. 203]. Бұл кезең қазақ интеллегенциясының жаппай қуғын-сүргінге ұшырап жатқан кезі еді. Өйткені Х. Досмұхамедұлы журналға жазып тұрған авторлардың бірлі-жарымдарының есінде қалғанын айтып, толық мәлімет бермеген. Көптеген авторларды жасырып, журналдың редакциялық жұмыстарына араласуға қолдары да тимеді деген деректерді алға тартқан.

«Сана» журналының бар болғаны үш-ақ (№1; №2–3 сандары бірге) саны жарық көрсе де елдің көңілінен шыққан, бағыт-бағдары айқын, үлгі тұтарлық, ізашар басылым ретінде қазақ баспасөзінің тарихында алтын әріппен мәңгі жазылып қалды» [129].

Тұжырымдай келе, аз ғұмырында артына өшпестей із қалдырған «Сана» журналының шоқтығы биік, өз заманының төрінен орын алған, болашаққа батыл қадам жасап, көрегендік танытқан бірегей басылым болғанын айтамыз. Оның ұлтқа жеткізсем деген армандарын әлдекімдер ерте аңдап, өз уақытынан ерте тұншықырғаны шындық. Журнал зиялы қауымның мінбері бола білді. Журнал ғылым-білімнің көкжиегіне айнала алды. Бірақ ғұмыры қысқа болғаны да тарихи шындық. Ақиқаты, журналдың өміршеңдігі, жарық көрген мезімімен өлшенбесе керек. Оның ғұмырнамасы аз уақытта болашаққа не бергенімен құнды болуында болса керек.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет