Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарын, оның тарихын, функциясы мен типологиясын кешенді тұрғыда зерттеу, талдау. Докторлық диссертацияның ғылыми-теориялық және тәжірибелік тұтастығын, өзектілігін ескере келе, зерттеу жұмысында мынандай мәселелерді шешу қажет:
ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарының шығу тарихына тәуелсіздік тұрғысынан қайта қарау;
Қазақ баспасөзі, оның ішіндегі қазақ журналдарына байланысты ғылыми мұраларды жинау, жариялау, зерттеудегі мазмұндық ерекшеліктерді анықтау;
Араб әріптерімен басылған журналдарды толыққанды зерттеу мақсатында, кирилл қарпіне түсіріп, талдау, ғылыми айналымға енгізу;
Қазақ баспасөзі туралы алғаш пікір білдірген ғалымдар А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Т. Рысқұлов, Х. Досмұхамедұлы, М. Сералин, М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Сейфуллин т.б. еңбектерін салыстырып, сараптау;
Қазақ журналдарындағы ұлттық сананы қалыптастыру, ұлтты өркендету қызметтерін айқындау;
Қазақ журналдары функцияларының қалыптасу негіздерін айқындау;
Қазақ журналдарындағы идеялық, мазмұндық, типологиялық сипаттарды айшықтау;
Басылым беттеріндегі ұлттық сана түсініктеріне баға беру.
Қазақ журналдарының салалық басылымдарға икемделу, бейімделу кезеңдерін айқындадау;
Қазақ журналдарының тарихы туралы көмекші оқу құралдарын құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |