Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология ғылымдарының докторы



бет10/29
Дата02.01.2022
өлшемі0.84 Mb.
#453405
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Диссертация Акынбекова А.Б. (1)

Зерттеу жұмысының теориялық мәні:


    • ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ журналдарының шығу тарихы, атқарған қызметі мен олардың салалық журналдарға бөлінуі теориялық тұрғыдан талданды;

    • Ғылыми жұмысың нәтижелері мен пайымдаулары қазақ баспасөзінің тарихы туралы зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздері мен ұстанымдарын нақтылауға және оның мәселелерін саралауға көмегін тигізеді;

    • Зерттеу барысында жүргізілген мәтіндік, текстологиялық талдаулар журналдардың түпнұсқа негізін құрайды;

Зерттеу жұмысының тәжірибелік мәні.


Жоғарыда айтылған журналдар туралы кезінде ғалымдарымыз зерттеулер жүргізді. Олардың көпшілігі коммунистік жүйеде тәрбиеленген, қызыл идеология санасын әбден дендеп, көзқарастарын қалыптастырып жіберген болатын. Сондықтан да сол замандағы ұлттық мәселелерге оң баға бере алмады. СОКП Орталық комитетінің, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулы-қарарларынан, ленинизм қағидаларынан шыға алмады. Сондықтан да көп жағдайда бір сарында, бір мазмұнды зерттеулер жүргізілді. Шындық бұрмаланды. Тәуелсіздікті аңсаған ұлт зиялыларына «алашордашыл, ұлтшылдар» деген айыптар тағылып, «халық жауы» деп қудаланды, абақтыға қамалып, атылды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихымызды еркін, тәуелсіз көзқараспен зерттеуге мүмкіндік алдық. Мемлекет тарапынан «Мәдени мұра»,

«Халық тарих толқынында», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мегажобалар қабылданды. Ол журналдарды жаңаша көзқараспен зерттеуге жол ашты.

Зерттеу жұмысының материалдарын «Қазақ журналистикасының тарихы»,



«Алаш баспасөзі» бойынша оқу құралдарын, теориялық дәрістерді құрастыруда, сонымен қоса студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет