Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарының тарихы, атқарған қызметі мен типологиясы алғаш рет бір жүйеде қарастырылды;
Қазақ журналдары тұңғыш рет салалық журналдар ретінде зерттелді;
Зерттеуде күні бүгінге дейін ғалымдардың назарына ілікпеген «Абай» журналының соңғы 12 саны табылып, ол араб қарпінен кириллге түсіріліп, ғылыми айналымға енгізілді;
Салалық журнал ретінде қарастырылған «Мұғалім», «Темірқазық» журналдары араб қарпінен кириллге ауыстырылып жеке кітап ретінде басылды. Қазақтың тұңғыш сатира журналы– «Шаншардың» бір жылда шыққан 1-ші
санының екі түрлі нұсқасы ҚМОА қорынан табылып, кирилл қарпіне түсіріліп, ғылыми айналымға қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |