Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология ғылымдарының докторы


АЛҒАШҚЫ САЛАЛЫҚ ЖУРНАЛДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ



бет24/29
Дата02.01.2022
өлшемі0.84 Mb.
#453405
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Диссертация Акынбекова А.Б. (1)

АЛҒАШҚЫ САЛАЛЫҚ ЖУРНАЛДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  1. «Сана» журналындағы ғылыми-танымдық контент


1923 жылдың қаңтар айында Түркістан мемлекеттік білім кеңесінің тілі

«Сана» журналы жарық көре бастады. Журнал редакциясы Ташкент қаласында орналасты. Алғашқы санындағы оқырмандарға арналған «Қазақ- қырғыз білім комиссиясынан» деген мақалада қазақ қоғамындағы оқу, білім мәселелері сөз болады. «Заманымыз мәдениет заманы. Мәдениетке білім жеткізеді Білім

алудың жолы көп. Жолдың ең төтесі – жақсы мектеп, білімді мұғалім. Білімді

мұғалім бізде жоқ. Мұғалімдеріміздің шала-шарпы білімі бар. Ауыруын жасырған жазылмайды. Мектеп пен мұғалімнің нашар екенін ашық айтып, анық түсіну керек» деп оқырмандарға ой тастайды [126]. «Сананы» шығарғандағы мақсатымыз– аз болса да жоғарғыда айтылған кемшіліктерді жойып, аңсаған елге, алақтаған мұғалімдерге, жасөспірім шәкірттерге түсінікті сөз беру» деп журналдың алға қойған мақсатымен таныстырады [126, б. 33]. Журнал шығарғандағы біздің ұстайтын жолымыз – мынау, деп негізгі 8 бағытты ұсынады. Мұнда 1-ші бағытының өзі 10 тармақтан тұрады:



  1. басынан бастап әр пәндерге түсінікті етіп білім беру;

  2. ғылым-қисап (математика);

  3. дүниенің жаралу түзілісімен, аспандағы жұлдыздармен, жердегі болатын жауын шашын секілді өзгерістермен таныстыру;

  4. жануарлармен, жер жүзіндегі ағаш-шөп секілді өсімдіктермен, тас топырақтармен таныстыру, жердің қалай жаралғанын, неден түзілгенін білдіру;

  5. бұрынғы өткен халықтармен, олардың мәдениетімен, салтымен таныстыру, бұрынғыдан қалған тамтықтарды қалай іздеу жайында, оны қалай пайдалану жайында баяндама жасау;

  6. қай жұртта қандай шаруа бар, қандай заң бар, қандай тұрмыс тіршілік бар, сонымен таныстыру;

  7. жер жүзіндегі елдермен, жерлермен таныстыру;

  8. санақ туралы баяндама беру, жер жүзіндегі елдердің түсінің, өлімінің, оқу үйінің, сауатсыздығының, түрлі қажетіне жұмсайтын бұйымдарының санағын беру:

  9. адамның, малдың ауырулары, саулық сақтау туралы мағлұмат беру;

  10. қаріп түзу, баспахана түзу, кітап бастыру, сурет туралы мағлұмат беру [126, б. 33-34].

Міне, осы міндеттерді алға қойған журналдың шығарушы редакторы Халел Досмұхамедұлының мақаласы арқылы біз «Сана» журналының негізгі мақсаттары арқылы бағыт-бағдарының басымдылығы ғылыми-танымдық екенін анық бағамдаймыз.

Досмұхамедұлы Халел (1894, қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсоған) – Алаштың көрнекті қайраткері, білімдар ғалым. Өмірінің

Ташкенттегі кезеңінде «Шолпан», «Сәуле», «Сана» журналы мен «Ақ жол» газетіне жиі қатысып тұрды. ... Ол – Алаш қозғалысына белсене араласқан

қайраткер, «Қазақ автономиясын алуға күш-жігер жұмсаған азамат. 20-ж. Халық ағарту ісі мен ғылымының көшбасында тұрған азаматтың бірі. Осындай ірі ғалым 1937 ж. Тоталитаризмнің қарамағына ілініп, 1939 ж. ресми құжаттарға қарағанда абақтыда «науқастан» дүние салған» [65, б. 155-156].

Халел Досмұхамедұлының публицистикасын зерттеген ғылым Аманқос Мектеп-тегі оның шығармашылығына төмендегідей баға береді: «Халел Досмұхамедұлы қазақ баспасөзі тарихында салалық журналистиканың негізін қалаушылардың бірі екендігін атап айтқан орынды. Ол – дәрігер-публицист; ол– тарихи-очеркші, ол – тілші-лингвист; ол – әдебиетші-фольклоршы; ол – саясаттанушы; ол– табиғаттанушы; ол – кинорецензент: ол – баспагер-редактор; ол – кітаптанушы» [20, б. 139].

Жоғарыдағы ғалым А. Мектеп-тегінің Х. Досмұхамедов туралы айтқан болмыс, қасиетінің барлығы да «Сана» журналының көтерген тақырыптары болды. Журнал беттерінде жануаралар мен адамзат жаратылысы, медицина, астрономия, химия, тарих, фальклор, тіл мәселесі жан-жақты таратылып жазылды.

Баспасөз тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектерінде «Сана» журналына қатысты мынандай пікірлерді жолықтырдық: «Санада» саясат болмады, яғни, онда партия саясатын насихаттау, партия жолы үшін күресу көрінбейді. Журнал материалдары халықтың ой-санасын, қоғамдық пікірді сол кездегі саяси- әлеуметтік мәселелерге аудармайды. Сол күннің, сол таңның көкейкесті әлеуметтік, саяси мәселелерін көтермейді, ол жөнінде өз пікірлерін айтпайды, жаңаны насихаттамайды. Үнемі ескіні, өткен-кеткенді сөз етеді. Ел назарын артқа аударып, күні өткен нәрселерді уағыздайды. Бұрынғы би-бектерді мадақтап кетеді. Ескі салт-сананы дәріптейді «Сана» кей ретте әдебиеттің тазалығы, идеялығы дегенді ескермейді. Онда жарияланған бірсыпыра шығармалар ұлтшылдықты уағыздады. Мысалы, «Аруақпен айтысу» атты өлеңде бір әйел жау қолынан қаза тапқан ерінің моласына барып тіл қатады. Сонда күйеуі кәпірдің қолынан өлдім, обалың кәпірге болсын дегенді айтады. Кәпір дегені – орыс. Әрине мұндай жат идеялы, саяси бағыты теріс материалдардан халықтар достығына зор нұқсан келетін еді. Міне, осындай қателіктері үшін «Сана» үш номерінен соң 1924 жылы ноябрьде жабылды»,- деп журналдың жабылу себептерін оның тікелей мазмұнында кеткен

«қателіктермен» байланыстырады [109, б. 33].

Біз бұл пікірге толық қосыла алмаймыз. Өйткені, мұнда журналдың алғашы санындағы жарияланған басылымның мақсат-міндеттері ескерілмеген. Журнал өзінің алғашқы санында-ақ бағыт-бағдарын ашық айтқанын. Ол жерде «саясатты насихаттап, партия ісін жаpиялаймыз», деп жазған жоқ. Журналдың міндеті:

«Қазақ-қызғыз жұртының тарихымен, салт-дәстүрімен, тұрған жерімен таныстыру», деп әдебиет пен мәдениет, білім, салт-дәстүрімізді насихаттауға күш салған. «Біздің кейбір ойын-сауықтарымызға Еуропа таңданарлық», деп қазақтың ұлттық ойындарымен журнал беттерінде оқырмандарын таныстырып, қазақ халқының би-шешендері мен ақындарын, батырларын дәріптеуді мақсат тұтқан [127].

Журнал қазақ халқының «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген мақалын негізге ала отырып, ата-бабамыздың өткен өмірінен, салт-санасынан мағлұмат беруді көздеген. Ал жоғарыда айтылған «журналда саяси бөлім болмады»,- деген айыптаулар негізсіз болған.

Бұл пікірімізді профессор Н. Омашевта қостағандай: «Шын мәнінде «Сана» журналының о бастағы ұстанған мақсаты «жаңа саналы» адам қалыптастыру емес, ұлттық негізден білім алған ұрпақ тәрбиелеу еді. Ол журналдың кемшілігі емес, артықшылығы деп бағалау еді» [126, б. 10].

Ал алаштанушы ғалым А. Мектеп-тегі: «Журналдың бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі хақында ғалым зерттеушілердің шынайы ақиқатты жазуға еркіндігі жетпеді. Тіпті, көп жағдайда баспасөздің түпнұсқасымен танысудың да мүмкіншілігі болмағандай әсер етеді. Себебі журналдың шыққан, жабылған жылдарына байланысты жаңсақ айтылған пікірлер соны байқатады. Мәселен, қазақ баспасөзінің тарихына іргелі еңбектер жазған профессор Бейсенбай Кенжебаев: «Сана» журналы, 1924 жылы Ташкентте шықты. «Қазақ-қырғыздың мәдениетін өркендетушілердің «Талап» қауымы шығарды», деп жазған [20, б. 212-213].

Зерттеушілеріміз кезінде кеңестік идеологияны шеңгелінен шыға алмады дегенімізбен де, еліміз тәуелсіздік алған жылдары басылған Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразаевтар жазған «Қазақ журналистикасының тарихы (1870- 2008жж.)» еңбегінде де «Сана» журналы туралы «Саясат» бөлімі болмағандықтан сол күннің, сол таңның көкейкесті әлеуметтік, саяси мәселелерін көтеріп, жаңаны насихаттамағаны және ескіні, өткенді сөз еткені үшін деген айып тағылып, 1924 жылдың қараша айында жабылды», деген ескі көзқарастағы пікірлерді кездестіреміз [23, б. 131].

«Сана» журналы алғаш шыққан күнінен бастап қаржы тапшылығын сезінген. «Білімі бар саналы азаматтар, әсіресе, мұғалімдерге жәрдемші болып сүйеңдер, деген өтініш айтамыз. Ақшамен болсын, жазумен болсын жәрдем беріңіз», деп өтініш білдіреді. Жазушыларға ескертулерін де ұмытпайды [126, б. 35]. Журналды шағарған соң оның мазмұнының да, басылған қағазының да жоғары сапалы болғаны маңызды. «Сана» журналын шығарушылар көмек беретін демеушілер іздейді. Тіпті журналға мақала жіберушілердің өзі сапалы дүниелерін салуын өтінеді. Басқармаға келген мақалаларды редакциялап отырудың өзі уақыт алатынын, ал уақыттың өзі қаржыға келіп тірелетінін түсінуге болады.

Қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедов те журналдың алғашқы саны көңілінен аса шыға қоймағанын білдіреді. «Бірінші себеп– істің жаңалығын, бұрынғыдан үлгі болмағандығы. Екінші себеп – көп адам сөз жазбақшы болып уәде берде уәделерінде тұрамады, бірқатары журналымызға лайықты сөз жаза алмады», дей отырып Білім кеңесінің журналға берген ақшасы журналдың техникалық жұмыстарынан артыла қоймағанын, ал ақысын сұрамаған жазушыларға еңбегін сатпай, халық үшін бос қызмет еткендерге алғысын білдіреді [126, б. 36]. Оның «Сананың» алғашқы санына

көңілі толмауы заңды. Өйткені, Халел Досмұхамедұлы интеллектуалдық өресі биік, зор білім иесі болды.

Халық Ағарту Комиссариаты Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің тілі «Сана» журналына міндетті түрде жазушы тілшілердің қатарында «Арабайұлы Ишанғали, Асфандиярұлы Санжар, Әуезов Мұхтар, Байғурин Әлжан, Тынышбайұлы Мұхамеджан, Жандосұлы Ораз, Жәленұлы Кәрім, Жұмабайұлы Мағжан, профессор Шмит Александр, Қожанұлы Сұлтанбек, Досмұхамедұлы Жанша, Досмұхамедұлы Халел, Досжанова Аққағаз, Диваев Әбубәкір, Рысқұлұлы Тұрар, Сүлейұлы Біләл, Ғалымжанов Файзолла, Қашқымбайұлы Иса, Оликов Федот, Есболұлы Мырзағазы, Омарұлы Уәлихан, тағы басқалар»,- болды деп түйіндейді [20, б. 200].

«Сана» журналын ғылыми-көпшiлiк басылым ретінде қарастырсақ, Х. Досмұхамедұлының өзi де: «Сана» – шындығында журнал емес, бөлек басылып шықпайтын уақ бiлiм сөздерiнiң жиынтығы. Оқу кiтабын жазу – қиын жұмыс, ұзаққа созылатын, жиi шығарып тұру қолымыздан келмегендiктен, бiлiм беретiн уақ сөздердi жиып, журнал ретiнде шығарып тұруға ойладық»,- деген [126, б. 35].

Журналдың 1-саны 1923 жылдың қаңтар айында шықса, 2-3 сандары біріктіріліп 1924 жылдың қараша айында шыққан. 1-санының мұқабасында жазылу бағасы: Алтын бағасымен бір-бірлеп 20 тиын деп белгіленген. «Бүтін жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!» деген ұранмен шыққан журналдың

«Шығарушысы: қазақ-қырғыз білім комиссиясы», деп жазылған. Ал 2-3 сандарының мұқабасында «Басқарма адресі: г. Ташкент. Киргизский Институт Народного просвещения. Для «Сана». Жазылу бағасы: 1-жылға 10 сом, 6-айға 5 сом, 3-айға 2 сом 50 тиын, нөмірлеп алғанда 1 сом 50 тиын» деп белгіленген журналдың таралымы 1500 болған [128].

«Сананың» тұңғыш санында «Ғылым», «Әдебиет», «Мектеп», «Ойын- сауық», «Мәдениет майданы» бөлімдері болса, біріктіріліп шыққан 2-3-сандарында «Тәлім-тәрбие» бөлімі, «Білім бөлімі», «Әдебиет бөлімі», «Сын бөлімі», «Халық әдебиеті» бөлімдері болды. Журналдың осы үш санында Халел Досмұхамедұлының 11 мақаласы жарық көрген. Олар: «Қазақ-қырғыз білім комиссиясынан», «Ұйқы деген немене?», «Машинаның күші», «Жұлдыздарды күндіз көруге бола ма?», «Миллион деген немене?» деген ғылыми-танымдық мақалалары басылса, «Ойын-сауық» бөлімінде «Ай құлақ», «Дүмпілдек» деген балалар ойындарының шарттары жарияланған. Ал «Халық әдебиеті» бөлімінде

«Қалмақтың қарғысы», «Аюдың қойға батасы», «Адай Абыл ақынның сөздерінен қалған жұрнақ», «Аруақпен айтысу» басылған. Бұлардың барлығын Халел Досмұхамедұлы «Х.Д», «Қара бала» деген бүркеншік есімдермен жариялаған.

«Сана» журналының құрылымы мен мазмұнын диаграмма түрінде көрсетіп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет