Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология ғылымдарының докторы



бет6/29
Дата02.01.2022
өлшемі0.84 Mb.
#453405
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Диссертация Акынбекова А.Б. (1)

Зерттеудің пәні. «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистикаға кіріспе», «Қазақ баспасөзінің тарихы», «Алаш баспасөзі»

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Қазақстан Республикасы орталық кітапханасының сирек қолжазбалар қорындағы БАҚ материалдары, ХХ ғасыр басындағыдағы қазақ көсемсөзшілерінің басылым беттеріндегі жарияланымдары мен ғылыми еңбектері, ҚҰОА материалдары, ХХ ғасыр басынадағы қазақ журналдарының түпнұсқалары.

Зерттеу жұмысының әдістері. ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ журналдарын тарихи кезеңдерге сай бөліп қарастыру. Сол кезеңдердегі қоғамдық-саяси ахуалдарға орай бейімделу тарихын бағамдау. Басылым

мазмұны арқылы оның атқарған қызметін айқындау. Мақсатына қарай журналдардың типологиясын анықтау.

Типология деген сөздің теориясына жүгінсек - «Типология (от греч. телос – отпечаток, форма, образец и логос –слово, учение) –это, во-первых, метод научного познания, в основе которого лежит расчленение систем объектов и их группировка с помощью обобщенной, идеализированной модели или типа; во- вторых, результат типологического описания и сопоставления» [12].

Басылымдардың типологиясына орай Ресей зерттеушісі А.И. Акопов мынандай тұжырым ұсынады: «Типология периодических изданий - это область теории журналистики, включающая историко-теоретическое системное описание изданий по типоформирующим признакам, составление различных, зависящих от конкретных задач исследования, классификации изданий; выяснение взаимоотношений, связей между подвергнутыми классификации изданиями в пределах данной системы» [13]. Зертеуші А.И. Акопов «Теоретико- типологических исследование» деген зерттеу еңбегінде журналдарды тақырыбына байланысты 11 негізгі салаға бөліп қарастырған:



  1. Саяси, әлеуметтік, экономикалық;

  2. Техникалық;

  3. Ғылыми-танымдық;

  4. Ауылшаруашылық,

  5. Медициналық;

  6. Мәдени-ағартушылық;

  7. Филологиялық;

  8. Өнертану;

  9. Әскери;

  10. Спорттық;

11. Сауда[ 13, б. 11 ].

Сондай-ақ оларды үш деңгейге бөлген: « А – деңгейі ) Жалпыға ортақ ; Б – деңгейі) Білім саласына қызығушы жалпы жұмысшыларға; Д – деңгейі) салалық мамандарға арналған» [14].



Біз де зерттеу жұмысымызда журналдарды тақырыптық бағыттарына қарай бөліп қарастыру әдістерін ұсынамыз. Осы ретте, біз ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген қазақ журналдарын басылып шыққан жерінен бастап, журналдың басты бағытын, негізгі түрлерін, басылымның мазмұны арқылы, онда бөлінген бөлімдер мен айдарлар негізінде талдадық. Содан кейін авторлар құрамы, жарияланымның ішкі құрылымы, материалдардың негізгі жанрлары, журналдың дизайны, жиілігі, көлемі, таралымы сияқты факторлар зерттелді. Мерзімді басылымдар, оның ішінде журнал басып шығарудың тәсілдеріне мән бердік. Шыққан кезеңдеріне сәйкес, ел ішіндегі тарихи жайттармен байланыстыра отырып, мұрағаттан алынған құжаттарымен салыстырдық. Бейімделуіне байланысты педагогикалық, сатиралық, ғылыми салаларға топтастырдық. Фактілер мен деректерді тұжырымдап, баға беріп, тарихи тұрғыдан талдап, жүйелеп, салыстырмалы түрде қарастыру көзделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет