Дістемелік кешен


Қырғыз мемлекетінің қалыптасу және нығаю кезендері



бет113/125
Дата02.01.2022
өлшемі1.24 Mb.
#452590
түріРеферат
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   125
turki hal tar umkd

2.Қырғыз мемлекетінің қалыптасу және нығаю кезендері

Қырғыз халқы –көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мұрагері. Қырғыз жерін адам баласы б.з.б. ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін археологиялық ескерткіштер анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан, неолит дәуірінің ескерткіштері Бішкек, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2үңгірде қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуандар суреті сақталған. Неолит кезінде тайпалар тас өндеудің жетілген техникасын игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Мал шаруашылығы тобына бөлінгеңдігін археологиялық материалдардан байқауға болады.

Б.з.б. VII-VI ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүлікиік жіктеу күшейді. Көшпелілер, арасында рулық одақ, ал егіншілік аудандарда құл иеленуші мемлекет пайда болды.Солтүстік Қырғызстанда Сақтар (б.з.б. VIII- VII ғ.), кейін үйсіндер(б.з.б.Iғ. мен Vғ.) өмір сүрді Оңтүстік аудандар (б.з.б. IІ-Іғ) Парфия мемлекетіне, кейін Құшан патшалығына қарады. Қырғызстанның оңтүстік аудандарында VII-V ғасырларда тоған таспа техникасы қолданылады,су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді.

Экономикалық өмірдің жаңа қоғамдық қатынастарының өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекет феодалдық мемлекет бірлестіктеріне ауысты, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. V ғасырда Солтүстік Қырғызстанда көшпенділер отырықшылана бастайды.

VI-VIIғасырларда Қырғызстан Батыс Түркі қағандығының орталығына айналды. Астанасы-Суяб. Қалаларда қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. VI-VIII ғасырларда Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы болды.

Х ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньді мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауында қалалармен отырықшылар көбейе бастады. Хғасырдың орта шенінен ХІІ ғасырдың соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы Шу бойындағы Баласағұн болды. Х-ХІІ ғасырларда өндіргіш күштер сол кездегі дамудың жоғарғы сатысына жетті.

ХІІІ ғасырдын бірінші ширегінде монғолдар қырғыз жерін жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды орналастырды. Түркістанның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай Ұлысына кірді.

XV ғасырдың екінші жартысында солтүстік қырғыз жерінде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетін құрды. XVI ғасырдын бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табаңды күрес жүргізді.

Біріккен қазақ-қырғыз әскерлері Моғолстанда үлкен жеңіске жетті. Ол туралы «Тарихиш-Шах Махмуд бин мырза Фазыл Чорс»-шығармасында: «Қазақтар мен қырғыздар Моғолстанға аттап баса алмады. Ақырында Әбді-Латив сұлтан қазақ Хақназар ханды шауып, көп тұтқын мен олжа түсірді. Хақназар хан қазақтар мен қырғыздарды жинап , ізіне түсті. Сұлтан жауды білмей жатты. Ал Хақназар хан мен басқада алты төре оның ізінен қуып келді. Қазақтар мен қырғыздардың әскері түн ортасында сұлтанға шабуыл жасап, оның әскерін тас-талқан етті. Қатты жараланған сұлтан Хақназар ханға апарылды»,-дейді. Осы жеңістен кейін біраз жылдан со Моғолстан қазақтар мен қырғыздардан жеңіліп, Жетісу өңірі мен ТяньШаньда Қырғыз қазақ үстемдігі нығайды. Моғолстан негізгі жер аумағы Қырғыз-қазақ хандығына қосылды. Қырғыз-қазақ хандығы сыртқы жаумен күресте өздерінің жерің кеңейтіп, дербестігін сақтап қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет