Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:
№ 4-5. Тақырыбы: Азия мен Еуропадағы хундар империясы
Мақсаты: Хұндардың шығу тегі жэне империясына тоқталу.
Жоспар
1.Хундар мекендеген аумақ
2.Азиядағы хундар күрған мемлекет
3.Хундардың экономикасы және мемлекетгі басқару дәстүрі
4.Шығыс Еуропадағы хундар империясы
1. Біз сөз еткелі отырған ежелгі хундар кімдер? Олардың шығу тегі қандай? Мекендеген жерінің аумағы, даму кезендері, түрмыс-салты, діни сенімі, хундардың Азия мен Еуропада қүрған мемлекеті, оны басқару дөстүрлері, шаруашылығы, мэдениеті, көршілес елдермен қарым-қатынасы жайлы біз не білеміз?
Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың эйгілі үш тарихшысы еді. Олар: Біріншісі — Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь (б. з. б. 135—67жылдар). Оныңеңбегі "Ши-цзи" ("Тарихижазбалар") 130 бөлімнен түрады. Соңғы бөлімінде Сыма Цянь хундар, Орта Азия халықтары, оғыздар, каңлылар, үйсіндер, қырғыздар және басқалар туралы да жазыпты. Хундар туралы ол келтіретін мэліметтердің бэрі өте қысқа — үзінді түрінде.
Екінші тарихшы — Бань-Гу. Ол жазған еңбек "Цянь Хань-Шу" ("Батыс Хань мемлекетінің қүжаттары") деп аталады. Бүл еңбек біздің заманымыздан бүрынғы 206 жылдан басталып, біздің заманымыздың 25 жылына дейінгі оқиганы камтиды.
Үшінші тарихшы — Фай Е-нің "Хоу Хань-шу" ("Шығыс Хань мемлекетінің қүжаттары") — жоғарыда аталған екі тарихшының ізімен жазылған аса қунды еңбек. Бір артықшылығы — түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар: "Чжоу-шу" ("Чжоу үлысының қүжатгары"), "Бэи-ши" ("Алдыңғы үлыстар тарихы"), "Түн-дянь" ("Бөгде тайпалар жылнамасы"), Тайпин хуан-юи" ("Көне тарих туралы дерек") және тағы басқалары.
Еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцеллин — біздің заманымыздың IV ғасырындағы Рим тарихшысы. Ол біздің заманымыздың I ғасырынан V ғасырына дейінгі хувдар туралы маңызды деректер қаддырған. Оның еңбегі —"Іс-қимылдар" деп аталатын 31 кітаптан түратын шығарма. Ал Гот тарихшысы, біздің заманымыздың V ғасырында емір сүрген Иордан хундар кесемі Ругила, Аттила басқарган мемлекет туралы жэне Аттиланың Римге жорығы туралы, соғыстың жеңістері жөнінде ете бағалы мэліметтер келтірген.
Орыс тарихшылары ішінде аса күнды деректер жазған Бичурин Н. Я. (1777—1853)— архимандрит, орыстың белгілі кытайтанушысы, 1807 жыдцан бастап 14 жыл бойы Пекиндегі Орыс діни миссиясының басшысы болып, сол кезде қытай тілін үйренеді. Негізгі еңбектері Орта жэне Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтардың көне тарихы мен этнографиясын қытай деректемелері бойынша зерттеуге арналған.
Хундар тарихнамасына айтарлыктай үлес косқан ғалымдар Н. А. Аристов, В. В. Бартольд, Л. Гумилев, Қ. Акишев, Г. А. Қушаев, әкелі-балалы Аманжолов С. жэне Аманжолов А. еңбектерін айтуға болады. Аристов Н. А. Түрік тайпалары мен халықтарының этникалык қүрамы және олардың саны жоніндегі мэліметтер туралы макдлалар (СПб, 1887), "Живая старина" ("Тірі ескілік") жеке Г/рет шығуы, 1896; Бартольд В. В. История турецко-монгольских народов. Ташкент, 1928; Бартольд В. В. Соч., т. 5. 1964; Гумилев Л. Н. Хунны: Средняя Азия и древние времена. М., 1960; Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992; Акишев К., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алматы, 1963).
Міне, осы еңбектерге сүйене отырып, өу баста қойылған сүрақтарға тоқталайық. Хундардың шығу тегі туралы тарихшылардың зерттеулеріне сүйенсек, б. з. б. III ғасырда хундар түркіше сойлеген және олар қаңлы, үйсін, кырғыз т. б. жиырмадан астам түркі тайпаларымен бірге өмір сүрген. Откен ғасырларда-ак Еуропа ғалымдары хундардың кім болғанын, Еуропаға қайдан келгені туралы ғылыми зерттеулер жүргізе бастаған. Хундар өздерін эр түрлі атаған: монғолмыз, түрікпіз, славянбыз, неміспіз, иранбыз деген жэне басқа да халыктарды айтқан. Кейінгі жылдары қазіргі Монғолия мен Байкал өңірінде кеп ғасыр өмір сүрген сюннуларды (хундарды) жамандап жазған қытай жазбалары табылды. Қытайлардың оларды жек коруінің себебі де бар еді. Сюннулар (хундар) туралы жазылған бір қолжазбада мынадай мінездеме берілген: "Дэстүрлері бойынша малдың етін жеген, оның сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап киген, малдары шөп жеп, су ішкен, жылдың эр мезгіліне карай су, шөп іздеп олар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі жэне сыртқы қоргандар жоқ, түрақты мекен-жайлары жоқ, қалалары болмаған және жер оңдеумен айналыспаған. Әрбір еркек жауынгер болған. Соғыста қүстардың тобы сияқты жауына бәрі күлшына жабылады, ал жеңілген кезінде бытырап кетеді, сонан соң қайта жиналады" дейді.
Сюннулардың тарихы кытай жазбаларында біздің заманымыздан бүрынғы 403 жылдан басталады. Біздің заманымыздан бүрынғы 206 жылы олардың көсемі Моде еді. Ол жоғары қолбасшының баласы болғаны айтылады. Қытайлар түркілерді сюннулардың (хундардың) үрпақтары деп есептейді.
Түркі тайпаларының кепшілік бөлігі ертеде Алтайды мекендегенін түркі халқының аңыздары, тайпа, езен, кел, тау аттары айғактайды. Түркі халқының шығуы туралы ешкдндай нақты дерек болмағанымен, хун империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады.
Орыс ғалымы Н. А. Аристовтың айтуынша, б. з. б. III ғасырда хундар түркіше сейлеген. Хун замандастарына кангюйлер, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар (қытайша: сэ) жатады. Сол кездегі Енисейде түрған қырғыздар қытай деректеріндегі хундар дэуірін, б. з. б. 201 жылды еске түсіреді. Ежелгі қытай транскрипциясында қырғыз деген сез — гяныунь.
Ғасырлар бойы сахарада айтылып келген ертегі-жырды, аңызды, әңгімені ең алғаш шығарып таратқан көшпелі түркі тіддес елдер. Олардың ішінде жүртшылық жүрегінен белгілі орын алып, тарихта көрнекті ат қалдырғандар үйсін мен қаңлылар, қырғыз бен үйғырлар, одан бергі оғыз бен қыпшақтар, карлық, керей, наймандар еді. Бүл елдердің ішінде үйғыр мен қырғыз жүрты болмаса, өзгесінің барлығы тарихи дэуірлерде бүгінгі қазақ даласында тіршілік жасап, олардан тараған рулардың көпшілігі бері келе қазақ елінің іргесін күруға негіз болды. Сондықтан, бүл айтқан ескі рулар жасаған мэдениет бүйымының іздері де, оның ішінде халық жыры, эпос, ою-өрнек, сэулет өнері, жүртшылық салты, елдік заңы, барлык рухани тіршілігі сахараны үздіксіз коныс еткен, олардың түбегейлі мүрагері қазақ елінің түрмысында ашығырақ сақталды"1.
Бүдан шығатын қорытынды: түркілер — хун үрпақтары, адамзат тарихында ежелден келе жатыр. Олардың қалыптасуын ежелгі Қытай, Грек, Рим жүртының қалыптасу тарихымен қатар қойып салыстыруга болады.
Достарыңызбен бөлісу: |