Түркілердің тайпалары мен мекеңдеген аймағы және этникалык кұрамы
"Түркі" сөзі біздің заманымыздан бүрынғы V ғасырда бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда бодды. Осы кезде түркілер Монғолиядан жөне Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жаткан үлы көшпелі империяның негізін қалады. Үлы далада түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дэуірінен дерек бёретін Күлтегің ескерткішінде былай деп жазылды: "Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінін, арасында адам баласы жаратыццы. Адамзат баласының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түркі зандарын шығарып, оны бекітті". Мүнда дүниенің терт бүрышьщ түгел өзіне табындырған алгашқы түркі қағандарының билік күрған уақытымен байланысты суретгеледі.
V ғасьірда түркілер деп Ашина ордасына қараған тайпалар аталды. Ал көршілес тайпалар түркілер қатарына саналған жоқ. Түркілердің шығу тегін зертгеу ғылымда XIX ғасырдың соңына дейін көршілес кытай, парсы, грек, Византия еддерінің деректері арқылы белгілі болды. 568—598 жылдары түркілерге қарай бірінші болып Еділден өткен Земарх баскарған Византия елшілері әрқандай деректер жазып қалдырды. Жекелеген түркі халыктары мен олардың тіршілік еткен мекені туралы толығырақ мәліметті біз IX—X гасырлардағы араб географиясынан кездестіреміз. Осы географиялық әдебиетте "түркі" деген сөз халыктар тобы жэне олардың тілінің ортақ иесі ретінде көрсетілген.
Соңғы жыддары лингвистикалык зерттеулер негізінде түркілердің шығу тегі, көне тарихы туралы мэселе карастырылу үстінде. Түркі халықтары туралы мәліметгердің басым бөлігі грек, парсы, мүсылман, кытай колжазбаларында кездеседі.
Грек деректерінен біз түркілер VI ғасырдың өзінде-ак Шығыс Европаға келіп, Византиялық қала Босфор мен Керч бүгазын жаулап алғавдығын білеміз. Парсы деректері бойынша түркілер парсылардан Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын тартып алғаны белгілі. Ең батыс түркі халқы печенегтер еді. Алғашында Еділден шығысқа карай мекендеген олар IX ғасырда Оңтүстік Ресейге қоныс аударған. Еділдің орта жэне төменгі ағыстарын мекендеген бүлғарлар мен хазарлар бір тілде сөйлейтін, тіддері түркі тілі тобындағы чуваш тіліне үқсайтын.
Еділден, батыстан шығысқа қарай Қытай шекарасына дейін оғыздар мекендеген, орталықтары Сырдарияның төменгі ағысында болған. Қарлүқтардың орталығы ТТТу өзенінің бойында болды. Тоғыз-оғыздардың орталығы Турфан еді. Кейбір авторлардың жазбаларында Жетісу аумағында Қарлүктармен катар басқа да түркілер мекендеген. Түркілер екіге бөлінген, олар Тухси мен Аз Шігілдер Ыстықкөлдің солтүстігін мекендесе, Яғма халқы Нарынның оңтүстігін қоныстанды. Тоғыз-оғыздардан солтүстікке қарай кырғыздар өмір сүрді, олардың орталығы Енисейде болды. Қырғыздардың батыс көршісі қимақтардың орталығы Ертісте болатын. Қимактар туралы Қытай, Орхон жазбаларында ешкандай дерек кездеспейді. Олардың батысқа қай жақтан келгені белгісіз. Қимактардың бір бөлігі — кыпшактар. Олар печенегтермен көршілес түрып, өз алдына жеке халық атанған.
Махмуд Қашқари күрастырған түркі тіддерінің эйгілі сөздігі—"Дивани луғат-ат-түрік"-те түркі тілдерінің жекелеген түрлері туралы көп мэліметтер келтіреді. Махмуд Қашқари көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың түрмыс-салты, тілі, ауыз жэне жазба эдебиеті туралы кыруар мол материал жинаған. Махмуд Қашқари бүл жөнінде быиай деп жазды: "Мен түркілер, оғыздар, шігіддер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын аралап, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар аралап шықтым, лүғаттарын (сөздерін) жинадым, түрлі сөз касиеттерін үйреніп, анықтап шықтым. Мен бүл істерді тіл білмегенім үшін емес, кайта бүл тілдердегі эрбір кіші-гірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім, солардың бөрін мүқият бір негізде жүйеге салдым"1.
Махмуд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түркіше білген халыктардың бэрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын солтүстік жэне оңтүсік деп екі топка бөледі, әркайсысында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, иемекгер, башкүрттар, ябакулар, татарлар, қырғыздар т. б. Оңтүстік тобына жататындар: шігіл, тухси, яғма, играк, чарук, жумыл, үйғыр, тангүт, хитай, табғаш.
Достарыңызбен бөлісу: |