Дәулетбек Байтұрсынұлының сыншыл өлеңдерінде қазіргі замандастар ортасында ақшақұмарлық-дүниеқоңыздық жолында жүріп, исламның ұлык қағидаларын ескермеген, құдайсыздық, әзәзілдік, арамдық батпағына батқан күнәһарлардың келбетін реалистікпен бейнелеген:
«Ақша» деп айтты ұмыттың,
Намаз да калды барылмай.
Елеусіз қалды ұлык күн,
Күнәдан жүрсің арылмай.
Аллаһқа бір сәт сиынбай,
Ұйқыда жаттың төсекте.
Кұдайсыздықтан тиылмай,
Шайтанға ердің, өсекке!
Адал мен арам білінбей,
Сенуден аулақ сенделдің.
Тазару керек, көмілмей,
Жұмақ пен Тозақ - өлген күн! [17. 44 б.].
Қазіргі казақ поэзиясының діни-исламдық дүниетаным шығармаларының қатарында ислам тарихының негізгі қайраткерлер Мүхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның сахабалары (Әбубәкір, Омар, Оспан. Әли) және халыққа имандылық-адамғершілік ұлағатын ұқтырған оқымысты ағартушылар, күрескер тұлғалар туралы жырланған дастандар да айрыкша орын алады. Дастандардың сюжеттік-композициялық желісінде ислам дінінінің адамзат ұрпақтарына арналған гуманистік мұраттарын ұқтыруда өмірлерін арнаған Жаратушы Алланың жердегі Елшісі, әлемдегі соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) және касиетті ислам дінін ұрпақтарға үғындыу жолында төзіммен, сеніммен еңбек еткен сахабалар, олардан кейін мүсылман елдеріндегі ұлттық-азаттық көтерілістерінің көсемдері, ағартушы оқымыстылар - бәрі де эпикалық шығармалардың тарихилық негізіндегі көркемдік-эстстикалық дүниетаным болмысы шындығын дәлелдеді.Ақын Баянғали Әлімжановтың «Пайғамбар мен Қаһарман» атты дастанында ислам діні тарихының көрнекті қайраткерлері деректі аңыздық көркем шындыкпен өрнектелген сипатымен дараланған. Эпикалық шығарманың такырыбы - Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның сахабасы Әзірет Әлі кызмет еткен ислам діні қалыптасуы шындығы, идеясы - жер-жаһанның барлық билігі ұлы Жаратушы Алланың құдіреттілгін дәлелдеу. Шағын дастанның сюжеттік-композициялық желісінде Дүлдүл тұлпарына мінген, қолына Зұлпұқар алдаспанын ұстаған, дене қайратына кәміл сенген Ислам сардары Әзірет Әлінің пенделік көңілмен өзіндік күш-қуатын тым асыра бағалаған. асып-тасқан көңіл-күй шарықтауын шынайы бейнелеген. Жердің өзін шыр айналдыратындай шалқыған көңіл-күй шарықтауымен Мұхаммед пайғамбарымызға келген сәті («Жердің жүзін солқылдатып, Дүлдүлі Пайғамбарға Ғали келді бір күні») де, тым асқақтай сөйлеуі де романтикалық сипатымен әсерлі:
«Күшім тасып бойға сыймай кеткенде,
Көрсеткім-ақ келеді елге үлгіні.
Уысымда күлпара боп пұт тасы,
Темірдің де бұзылады нұсқасы.
Шіркін-ай, шыр айналдырар едім бір,
Қолға тисе сонда жердің тұтқасы!» [22.36 б.].
Жастықтың серпінді арынды қуатымен, күш-қайраты тасқындаған екпінді ғұрпатымен алабұртып тұрған кара күш иесі адал досы сахабасын сабырлылыққа шақырған сол сәттегі пайғамбардың көңіл-күйі де, келбеті де мұсылмандық инабат тағылымын танытады:
«Қайратыңа қорған - ақыл, иман бар,
Сабыр, тауба, бір Алланы ойлаңдар...»
Ақ жүзінен нұр шуағы төгіліп,
Жанға жайлы жымиыпты пайғамбар [22.36 б.].
Басты кейіпкердің өзіндік мол дене күш-қуатымен әсерленген табиғи көңіл-күй психологиясының осылай болуы - табиғи заңдылық. Ислам дінін адамзат ұрпақтарына ұғындыру жорығында жүрген сахаба Әзірет Әлінің бұдан кейінгі сапарға аттануы («Күш құйылып өн бойына қорғасын, аттаныпты ер айшылық жолға сын»), сапар кезінде иығына дорбасын ілген бір қарияға сәлем бергені, әзиз атаның жерге қойған дорбасын алып бергені, сұраған өтінішін орындай алмағаны - бәрі де білек күшіне ғана сенген пенделік асқақтауды айыптау сынағындай жырланған:
... Ғали батыр ат үстінен дорбаны
Ілмек болды қамшысының ұшымен.
Қозғалмады оған дорба алайда,
«Аламын - деп - жерден жұлып қалайда!» -
Қаһарланып қолын салды қаһарман,
Түсетұғын емес тіпті оңайға.
Қайран қалып «Қу дорбаның бү несі?»
Дүлей күштің, үдей түсіп үлесі.
Үзеңгісін шірей тартқан кезінде
Кірді жерге Дүлдүл аттың тізесі [22. 37 б.].
Сюжеттік шиеленістің осы сәтінде «Жұлқып-жұлқып, таусылғанда амалы дорбаны шал жерден іліп алады». Оқиғаның шарықтау шегіндегі осы құбылысқа таңданған сахабаның көңіл-күй психологиясы («Адамзаттың асып туған батыры, айран-асыр, астан-кестең ақылы») және мәнісін түсіндіруді сұрап пайғамбарға келгені де шынайы:
«Бұл неғылған керемет?» - деп сұрады, Пайғамбарға қайта келіп ақыры [22. 37 б.].
Әлінің әуелде асылықпен айтқан сөзі мен тіршілік шындығының кайшылықты құбылыстарына Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) берген бағалаулары да адамзат іс-әрекеттерінің, касиеттерінің, бүкіл ғаламдағы билік, шешім барлығының да иесі Жаратушы Алла екендігін тұжырымдайды:
«Мұсылманның тірегісің, шегесің,
Тегін емес құр долбармен егесің.
Кұдай саған жер тұтқасын ұстатты,
Асылық қып, «Айналдырам!» - дегесін!
Үйірмедің неге оңға, солыңа,
Шүкірлік қыл жүрсің хақтың жолында.
Бұйырмайды пендеге әлем тағдыры
Жер тұтқасы Жаратқанның қолында!» [22. 37 б.].
Осы арада «Мұхаммед пайғамбардың өсиет хадистеріндегі ұлағаты байыптаулар да ислам имандылықты ұғуға бағдарлайды: «Кімде-кім өз ісін және өзі мен Алла тағаланың арасындағы қарым-қатынасты Алланың қалауына сай етсе, онда Алла тағала оның халықпен арақатынасын да оның ризашылығына сәйкестендіреді. Алла оның ашық істерінің, бәрін дұрыс етеді» [21. 81 б.]. Эпикалық шығарманың көркемдік-эстетикалық тағылымы ислам тарихындағы көрнекті қайраткерлердің де, қарапайым халықтың да-бәрінің де Жаратушының құдіретімен ғана тіршілік козғалыстары жүйесіндегі саналы, өмір сүру ұлағатын дәйектейді.
Достарыңызбен бөлісу: |