Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Келімбетов Н. «Көркемдік дәстүр жалғастығы» Астана: Елорда. 2000-288 б.
Екі мың жылдық дала жыры. (Құрастырған Е. Дүйсенбайұлы, Ә. Қайырбеков) – Алматы ; 2000-752 б.
2. Шаңғытбаев Қ. «Азаттық күнгі жыр» Қазақ әдебиеті, 1999жыл, 24-желтоқсан.
Мырза Әли Қ. « Заман-ай» Алматы; Жазушы,1997-352 б.
3.Медетбек Т. «Тағдырлы жылдар жырлары» Алматы; Атамұра,1999-176 б.
4.Дәдебаев Ж. «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы; Қазақ университеті, 2002-311 б.
5.Қайырбеков Ә. Заманхат немесе Қ. Мырза Әлидің «Заман-ай» дастандар кітабын парақтағанда туған ойлар; Ақиқат №3, 68-73 б.
Лекция5. Тақырып: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар поэзиясы.
5.1 Қазіргі қазақ балалар поэзиясындағы лирикалық кейіпкердің ұлттық сипаты.
5.2 Қазіргі қазақ балалар поэзиясындағы фольклорлық дәстүр мен көркемдік ізденістер.
Соңғы жиырма сегіз жылдық бедеріндегі қазақ балалар лирикасында жаңаша сипаттармен бой көрсеткен кейіпкерлердің ұлттық белгілері мен ұлттық бейнесін ашуды юморлық тәсілдермен жеткізген туындылар баршылық. Түрлі мазақтамалардағы салақтық, жалқаулық, еріншектік көп баланың бойында кездесетін, адамның балалық шағына тән мінез болса, ана тілін білмейтін баланы әжуаға айналдыру – тап бүгінгі балалар лирикасы үшін ұтымды тақырып. Біз сатиралық шығармалардың денінен кейіпкердің ұлттық сипатын сөз етпекті ниет еткен авторлық позицияны байқаймыз. Әкім Ысқақтың «Кино көргіш Шонай» деп аталатын өлеңінде бүгінгі кейіпкердің тағы бір қырынан сыналуы көрініс тапқан. Автор баланың ой-өрісіне сәйкес келетін тартымды да, ойнақы оқиға құра білген. Бұл – бала кемшілігін сөз етудің, кәдімгі мазақтаманың бір түрі. Басты кейіпкер Шонайдың бір ғана ермегі бар: ол – күндіз-түні теледидар алдындағы тұтқынға айналуы.
Ван Дам, Шварцнегер дегендерді
Жатқа біледі.
Оларды білмегендерді
«Өмірден қалған» деп күледі.
Ал өзі,
Қобыландыны, Кебекті, Абылайды,
Кім екенін білмейді, танымайды» [2, 4-б.].
Өз заманымыздың шындығын, бүгінгі кейіпкердің боямасыз бет-бейнесін айна қатесіз көреміз.
Қаламгерлеріміз балаларды күлкімен тәрбиелеуді – тәрбиенің ең үлкен түрі ретінде баса назарда ұстайды. Сөгіп ақыл айту өскелең уақыттағы бала психологиясына кері әсер етері заңды. Оған кемшілігін жекіп түсіндіргеннен гөрі жеңіл де, жылы юмормен әшкерелеудің ақылға тән функциясы басым. Сондықтан да ақындарымыз күлкіге баланы тәрбиелеудің жанды құралы ретінде мән береді. Бұларды мазақтама жанрына тән деп танимыз.
Ал, Қастек Баянбаевтың «Байлаулы бала» дейтін өлеңіндегі сатиралық нақыш басқаша.
«Күнде көрем Қуатты,
Телевизор алдынан.
Кәрі мысық сияқты.
От басында қалғыған» [3, 210-б.].
Бұл тұста біз көркемдік мәселесін емес, бүгінгі кейіпкердің тұтас танымын сөз етіп отырмыз. Екі ақын да оқиға өзегін өмірден алған. Бұл бүгінгі өркениет заманының ұландарының басында бар жағдай, таныс сурет. Балалар поэзиясы фольклордан бастау алады десек, жоғарыдағы жырдан өзінің түп-тамырынан хабары жоқ, тіпті мүлдем мақұрым кейіпкермен ұшырасып қалғандаймыз. Өзінің тарихын білмейтін, өз қаһармандарын танымайтын, өз құндылығын көрмейтін ұрпақтың пайда болғанын авторлар Қуат пен Шонай бейнесін жасау арқылы көрсетіп, ескерту жасайды. Шығарманың сюжеті жеңіл, тілі мейлінше қарапайым. Жалпы, мінезіне көз жүгіртсек, Шонай мен Қуат жағымсыз балалардың қатарында болуы тиісті еді. Бірақ, авторлар көркемдік шешімді бұл бағытқа құрмаған. Өйткені, Шонай мен Қуат мінезі үлкендердің іс-әрекетінен туған. Үйдегі теледидар күндіз-түні атыс пен шабыс суреттейтін картиналарды көрсететін уақытта кез-келген үйдің баласының басынан табылып қалатын ситуация. Шонай мен Қуат бейнесі қоғамдағы осындай олқылықтар тудырған әдеби өскін немесе әлде әдебиетімізде жаңадан пайда болған жаһанданудың құрбаны, оның көркемдік көрінісі деуге лайық.
Ұлттық сипаттағы кейіпкер кіл жақсы мінезден құралмайды. Ұлттық кейіпкердің жағымдысы да, жағымсызы да болады. Қымбат Әбілдақызының «Әкеге қарап...» дейтін өлеңінен бүгінгі күн сипатын танимыз, ұлттық характердің кері болмысын көреміз.
«- Әке, сіз қайда тудыңыз?
- Атаңдар тұрған ауылда.
- Қалада неге тұрдыңыз?
- Не бар дейсің ауылда?
- Әке, мен де өскенде.
Шет елде тұрамын.
Туған жерде не бар деп,
Әке жолын қуамын!» [4, 16-б.].
Ұлттық негізінен айрыла бастаған, ұлттық бастауын есінен шығарып алған тұлғадан өз түп-тамырын танымас адамдар туарына көз жеткізе бастағандаймыз. Баласының сөзі арқылы әкенің шектеулі түсінігін танимыз. Бір ғана ситуацияда әкенің әрекеті ғана емес, өз тегін бағалауды естен шығарып бара жатқан тұтас бір ұрпақты әшкерелеген.
Ақын Ескен Елубаевтың «Сұхбатта» деп аталатын өлеңінде ақын мектеп жасындағы барлық бала айтатын, армандайтын «Кім болам?» тақырыбына мән берген. Сөйтсе, бір топ бала ақынға арманын айтады. Жауабын тыңдасақ, баршасы да әлеуметтік жағдайдың жоғарылығын қалап, ақшалы мамандықтың иелері болмақ екен. Бұған қарсы ақын былай деп толғайды:
«Сонда кім қазбақ көмірді,
Кім қорытпақ темірді,
Кім бақпақшы қойларды,
Кім салмақшы жолдарды,
Кім шығармақ күліңді,
Кім жыртады жеріңді,
Кім қорғамақ еліңді»? [5, 147-б.].
Бүгінгі балалар лирикасында Тоқтар мен Талғат бейнесі жаңа уақыттың жаңа қаһармандары ретінде кестеленіп келеді. Бұл тақырып аясында Қымбат Әбілдақызы:
«Қазақтың тұңғыш ұшқышы,
Ғарышкер батыр атанды.
Қыраннан асып шың құсы,
Жер-Анадан бата алды» [4, 8-б.],-десе, бұл қатарда Ермек Өтетілеуовтың «Тоқтар – тұңғыш ғарышкер» дейтін өлеңі бар.
Ұлттық кейіпкер дегеніміздің өзі – ұлттық психологиямен ұштасып жатқан категория. Сондықтан да ұлттық кейіпкер жағымсыз да, жағымды да болып келеді. Бұны жоғарыда талдау көзіне айналдырған шығармаларымыз айқындайды. Ақындарымыз бүгінгі кейіпкердің ұлттық бағытын байыту сипатына өзіндік үлестерін қосты. Ұлт ішінен өрбитін жамандық пен жақсылықтың айқасы тәрізді тартыстарды туындату негізінде ұлттық характердің сан алуан қыры болатынын, оның тек жақсылық шеңберінде сақталып қалмайтынын, бірақ, жақсы мінездің жеңіске жететінін бейнеледі. Балалар әлемі үшін құнды, жақсылықтың жаршысындай кейіпкерлер ұлттық
Ы.Алтынсарин баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі негізгі сара жол деп ислам дінін атайды. Оның досы Н.И.Ильминскийге жазған хатында оқушыларды тәрбиелеу ісі туралы ой бөлісетін тұсы мол. Соның бірінде «...оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып жатырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос уақытымда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, одан басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді қосып айтамын»
[10, 274-б.],-деп жазады.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз ислам қағидаларымен үндеседі. Діни сипатты жырлар лиризмге, терең сезімге құрылғандықтан биік пафосты да, асқақ рухты жыраулар поэзиясымен көп үйлесімділік сақтамайды. Сондықтан да, өткен ғасырдың бас шеніне дейін өмір сүрген қазақ ақындар шығармашылығынан діни сипатты жырларды көп ұшыратпаймыз.
Қазақ балалар әдебиетінде бүгінгі діни сарынды жырлар зерттелмегенімен, қазақ әдебиетіндегі діни шығармалар біршама зерттеу көзіне айналды. Қ.Төрәлінің қазақ даласына исламдық әдебиеттің таралуы туралы зерттеулерінде, Д.Қамзабектің қазақ әдебиетіндегі ағартушылық кезең туралы еңбектерінде, Қ.Әлқожаевтың Абай танымы мен ислам дінін салыстыруы турасындағы зерттеулерінде кеңінен көрініс тапты. Диссертациялық жұмыста қарастырылып отырған бұл бөлім әдебиетімізде бүгінгі күні жазыла бастаған қазақша ислами әдебиеттің негізгі бағытын анықтауға көрсеткіш бола алмайды, әйтсе де бүлдіршіндерімізге ислами тәрбие беретін жырларды жинақтай отырып шолу – бүгінгі балалар әдебиетіндегі ислам дінінің көрініс табуын зерттеу болып табылады. Тәуелсіздікпен бірге елімізге есік ашып, келген ислам діні қазақ балалар әдебиетіне тың тәрбиелі, тың серпінді жаңа бағыт әкелді. Қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорында Құдайға жалбарыну, табыну, медет тілеушілік мәні шоғырланған жырлар аса мол. А.Әбдірәсілқызы мұндай жырларды жанрына қарай екшей келе, «мінәжат жанры» деген ұғымға топтастырады. Алайда оның «жазба әдебиеттің біртұтас, тұлғаланған жанры ретіндегі мінәжаттың шығу төркіні исламдық араб поэзиясынан бастау алады. Басқа да бірқатар шығыстық жанрлар секілді исламдық мазмұндағы мінәжат түркі жазба әдебиетіне парсы поэзиясы арқылы сатылай енген»,-деген тұжырымы бүгінгі балалар поэзиясының бастапқы арнасын анықтауға көрсеткіш бола алмайды. Өйткені, қазақ балалар фольклорында көп кездесетін кейбір діни сипатты өлеңдер ислам діні қанат жая бастаған уақыттан бұрын пайда болған. Айталық, ауыз әдебиетімізде сақталған төл туындының бірі – тұман, құйын кезінде айтылатын ойындық поэзияға тән балалар жыры:
«Қара тұман, қайт, қайт,
Әке-шешең өлді,
Желмен хабар келді!»
немесе:
«Мен – апамның тұңғышымын,
Қазан қырған қырғышымын,
Жаума, күнім, жаума!» [11, 26-б.] немесе балаларымызға арналған ойын-
дық жыр фольклордағы үлгісін сақтай отырып, М.Әлімбаев қайта жазып шыққан «Ақ серек, көк серек» ойыны (серек – қасқырдың ертедегі атауы. Мыс: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі Л.Қ.). – қасқырды пір тұтушылық кезеңдерде пайда болып, сол заманнан бері жасап жалғасып келе жатқан танымдық сипатты танытады.
Е.Өтетілеуовтың бұл бағыттағы жырлары мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндеріміз үшін жазылса, Ө.Ақыпбекұлы шығармалары бастауыш мектеп балаларының жас шамасына орай лайықталып, дін қағидаларымен там-тұмдап таныстыра беру, баланың көкейіне көркем сөзбен өрнектеп орнату секілді қағиданы басты назарға алған. Дініміз – ислам дегенмен де, мұны мінберлерде айтып, әр ауылдан мешіт салғанымызбен де, ертеңгі азаматты қалыптастыруда аса зор маңызы бар балалар әдебиетінде діни тақырыпта бірде-бір дүниенің болмағаны рас-ты.
Санамақтың әр саны әр түрлі қастерлі ұғымды білдіреді десек, кеңес уақытындағы балалар лирикасында адамзат өмірі үшін үлкен фактор санатындағы дін саласы ауызға алынбайтын. Ермек Өтетілеуовтың «Он сабақ – Санамақ» деп аталатын санамақтар топтамасында: «Бірінші сабақ –
Отан», «Екінші сабақ – Достық», «Үшінші сабақ – Ұрпақ», «Төртінші сабақ – Уақыт», Бесінші сабақ – Дін»,-дей келе, дін ұғымдарын кішкентай оқырмандарымыздың пайымына лайықтап көрсетеді.
Ө.Ақыпбекұлының осы таным желісімен жазылған – «Мұсылман болдым мен енді...», «Көрімдік», «Сүндет той», «Сенім», «Мұсылмандықтың алғы шарты», «Құбылам – Қағба киелі», «Құран», «Намаз», «Азан», «Нанымым – бір Алла», «Рамазан айы», «Ораза», «Сәресі», «Ауызашар», «Пітір-садақа», «Құрбан айт», «Зәмзам суы» дейтін өлеңдерін ерекше атауға болады. Бұл қатарда ақынның «Тозақ оты». «Пайғамбардың жолдасы» дейтін ертегі, балладалары да бар.
Бүгінгі балалар лирикасында діни сарындағы жырлардың бой көрсеткенін сөз етер болсақ, олардың түрлі формалық ізденістер бойынша да дамып, жетілгенін көреміз. Бұл қатарда Ө.Ақыпбекұлы шығармашылығын ерекше атаймыз. Ақынның діни сипатты, діни уағызды жырлары бұл саланың қорын байыта түседі.
«Ө.Ақыпбекұлы кейіпкерлерінің иманжүзділігі, Жаратқан ие туралы түсінігіне қатысты жекелеген де, жалпылама айтылған да ұнамды қырлары мол» [13, 66-б.].
Ө.Ақыпбекұлы поэзиясы дәстүрлі сопылық таным желісінен мүлдем алыста жатыр. Десе де, әдебиеттанушыларымыз Ө.Ақыпбекұлының мінәжат жанрына тән жырларын қазақ әдебиетінің кеңістігіндегі діни сауатты күрделі шығармашылық тұрғысынан қарастыруы шарт.
«Қасиетті мекенім – Қағба» деп аталатын жырында дәстүрлі кейіпкерлер ата мен баланың әңгімесін тыңдаймыз. Немересінің иісі мұсылман қауымның тәу етері – Қағба туралы сұрағына атасы былай жауап береді:
«Қуанттың балам сен мені,
Сұрағың жанды тербеді:
Қағба – Құбыла,
Алланың –
Қасиетті үйі жердегі.
Құлшылық етіп біз бұған,
Жүрекке ектік ізгі дән.
Оны: Ибрахим мен Исмайл (с.ғ.с.)
Пайғамбарлар тұрғызған...»
Деп атам ізгі айтты ойды,
Нұрланды жүзі,
Шат болды:
«Намаздың кезі» – деді де,
Жайнамазға шұғыл бас қойды».
Жарапазан – жыл сайын бір рет келетін рамазан айында айтылатын діни жыр. Ислам дінінде рамазан айы мұсылмандар үшін айрықша болғандықтан, бұл көңіл көтерудің бір тәсілі, сонымен қатар шариғатта айтқан адам үшін сауап берілмек делінеді. Жарапазан жыры жақсылық пен жақсы ниетке бағышталып айтылады. Оның орындалу мерзімі ауыз ашылған уақыт – кештен таңға дейін.
«Астымдағы тана еді,
Жатайын деп барады.
Үстімдегі ай еді,
Батайын деп барады.
Қасымдағы бала еді,
Ұйықтайын деп барады,
Сыбағаңды алып шық,
Саптыаяққа салып шық!» [14, 9-б.],-дейтін және мұнан да өзге дәстүрлі үш-төрт нұсқасы бар халық ауыз әдебиетінің төлі.
Жарапазан жырлары – қазақы өлең арнасына ислам дінімен қатар енген рухани құндылық. Бұл жарапазанның ислами жыр екендігін айғақтай түседі. М.Әуезов жарапазан жырларын ислами бағытта көрсетеді. «Ісләм дінімен байланысқан өлеңдер ...қазақта мұндай өлеңдердің түрі көп емес, бірен-саран. Мысалы, жарапазан ...» [15, 46-б.],-дейді.
Жарапазанның жаңа үлгісін Ө.Ақыпбекұлының поэзиясынан көреміз:
«Ораза айы туғалы,
Думан, шаттық тынбады.
Жарапазан айтамыз,
Жақсы дәстүр бұл-дағы.
Тай-құлындай үйірлі,
Аралаймыз үй-үйді...
Жарапазан – тілекке,
Үлкен-кіші сүйінді.
Тыңнан бір күш тапқандай,
Әндетеміз жасқанбай,
Рамазанда:
Ән-жырдың,
Байқауы өтіп жатқандай..!» [16, 22-б.],-деп жырлайды ақын.
Өтепберген Ақыпбекұлының бұл қатарда «Ораза айт», «Пітір-садақа», «Қадір түні», «Ауызашар», «Сәресі», «Ораза», «Рамазан айы» секілді жырлары бар.
Балалар ақыны болу үлкен бақыт, себебі бала өзінің сәби кезінде оқыған жырларды көкірек сарайында кіршіксіз, саф таза күйінде сақтайды, ақын өлеңі сәби жүрегінде ескірмес сурет болып қалады. Сондай ақындардың бірі – Баянбай Қастек.
Достарыңызбен бөлісу: |