2. Банкроттық
Американдық зерттеушілер құлдырау мен өрлеудің, дағдарыс пен банкроттың пайда болуының белгілі заңдылықтарын анықтап берді:
• біріншіден, кәсіпорынның өмірлік циклының барлық сатысында кезендік дагдарыстың пайда болуы;
• екіншіден, шағын жэне орта бизнес фирмаларына тән құлдырау немесе өрлеу циклдарының математикалық әдіспен анықталған ұзақтылығы.
Мәселен, американ фирмаларының өрлеу фазасы орта есеппен 3 жылға (1 жылдан 7,7 жылға дейін), ал құлау фазасы - 2,8 жылға (1 жылдан 4 жылға дейін) созылады.
Батыс елдерінің экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика белгілі бір бақылау жүйесін, кәсіпорындарды мүмкіндіктеріне қарай толығымен ойсыраудан қоргау, банкротқа ұшыраған шаруашылық субьектілеріне көмектесу жүйесін жасап шығарады.
Бұл жуйеніц негізгі мәні - өндіріс құрылымын нарық қалыптастырып отырған төлем сұранымын канағаттанды-руға бейімдеу қажетгілігі.
Банкрот жүйесін құру және оны нактылы іске асырудыц түпкі мақсаты - тауар өндіруші және қызмет көрсетуші құрылымдардың тиімді жұмыс істеулерінің жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық шаруашылығын кұрылымдық жағынан қайта кұру. Бұған әлемдік экономиканың жетістіктері көрсеткендей, келесі принциптерді сақтағанда гана кол жеткізеді :
* кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субьектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялык жүйесін, құқыктары мен міндеттерін бірыңғай тұрақты жэне сенімді орналастыру;
* борышқорға өзінің қызметін жаңадан бастау міндеттерін орындап шығуына мүмкіндікберу;
* банкрот және экономикалық құлдырау кезінде қауіпсіздік шараларын ойластыру;
* бизнесті кайта түлетудің жүйесін жасап шыгару;
*борышқор кәсіпорынға өзінің міндеттерін орындау-
да қаржылық реттеу тетігін ұсыну, оларды бизнесті тоқ-
татпай тұрып-ақ жақсарту;
* адал және сенімді әріптестердің (серік) жұмыста-
рын ынталандыру үшін коммерциялық және құқықтық
жүйелер құру;
* қаржыға байланысты дауларды шешуде әдісте-
мелік процедураны қалыптастыру;
* банкротқа ұшыраған кәсіпорынды тарату кезінде
банкрот жүйесіне қатысушылардың барлығының (несие
беруші, қызметкерлер) мүддесін сенімді қорғау;
* борышқордың активтерін әділетті түрде бөлуге
жағдай жасау.
Міне, осы айтылғандар банкрот жүйесінің келесі жылдары тұрақтанып, борышқор кәсіпорын нарық талаптарына бейімделіп кетулері мүмкін. Демек, кәсіпорындарды сақтап қалуға бағытталған атқарымдық принциптерінің қысқаша мазмұны осындай болып табылады..
Банкротқа ұшыраушылық әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа да түрлі қозғалыс мүшелері арасында әр түрлі пікір таласын туғызуда. Олардың бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шыгаруға тырысады. Алайда, банкротқа ұшыраудың жоғарыда көрсетілген максаттары мен принциптері банкроттық жүйені обьективті позиция тұргысынан бағалауға мүмкіндік береді. Бұлай деуімізге мына төмендегі себептер дәлел бола алады:
басым көпшілігі мемлекеттің колдауында болды, дотациямен күй кешті.
•екіншіден, көптеген жеке кәсіпорындар банкроттық мәртебені қабылдамайды, демек, олар қызметтерін өз еркімен токтатады, оны қайта бастамайды.
Міне, осындай жағдайда банкрот жүйесін пайдалану тиімсіз де емес, өйткені банкротқа ұшырау жағдайды жақсарту жолдарын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Демек, жағдайды жақсартуға бағытталған банкроттық процедура барлық қатысушылар үшін болмаса да, олардың көпшілігі үшін тиімді.
Шын мәнінде, кәсіпкер (оның ішінде мемлекет те) өз ісінің нығайуына мүмкіндік алады, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындай алмағанына орай жетекшілікті өзгертеді, ал бұл өз кезегінде:
•оңды техникалық;
•маркетингтік және кадр саясатын жүргізуге;
•өндірісті дамытуга қажетті инвестициялар тартуға тиісті жағдай туғызады.
Несие беруші болса, ол өзіиің ақшаеын сақтап калуға, ал қоғам - экономиканың нарыққа бейімделген кұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл тұрғындарға да тиімді. Олар тұтынуға қажетті тауарлармен қамтамасыз етілсе, бизнес өкілдері тиімді және керекті істермен шұғылданады.
Әлеуметтік қоргау жүйесі:
- жұмыстан босап қалған еңбекке жарамды адамдарға тиісті жағдай жасау кажеттілігін;
- жұмыссыздығы бойынша жэрдемақымен қамтамасыз етуге;
- олардың біліктілігін кетеру үшін кайта окыту жұмыстарын ұйымдастыруды алдын ала ескерулері қажет.
Банкротжүйесінің құрамды бөлігі:
• кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжамдау:
• дағдарыстың алдын алу және бақылау.
Дағдарыс жағдайын болжамдау бірнеше кезеңдерден
тұрады:
• кэсіпорынның қаржылық жагдайын талдау;
- нарықтық қатынастардың даму бағытын болжау;
- дағдарыстың себептері мен негізгі факторларын дер кезінде таба білу.
Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:
- сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;
- ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.
Сыртқы (әлеуметтік) жэне ішкі (технологиялық) фак-торлардың өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шебер-лікпен ұштастыра жүргізіп отыру кэсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өркендеп өсуінің бірден-бір кепілі.
Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы фактор-оларға м ы н ал ар жатад ы:
- халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;
- халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі. ягни оның сатып алу қабілеттілігі (бұган баға деңгейі және тұтыну несиесін алу мүмкіндіктері де кіреді);
- саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыт-
тар;
- ғ ылым мен техниканың тауар ендіру процесі мен оның бәскеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
- мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағ-дылары;
- халыкаралық бә секе, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары -жетілген технология негізінде.
Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылык жағдайына:
•ел экономикасының даму барысы;
•инфляция;
•кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
•мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;
•мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де эсер ететінін үнемі ескеріп отырулары қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |