Кәсіпорынның дамуын аныктайтын және қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары мынадай:
- кә сіпорынның негізгі мақсаты;
- оның қызметінің негізгі принциптері;
- ресурстар жэне оны пайдалану;
- маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі жәие
оның сапасы.
Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуга болады. Мәселен, американдык кәсіпорындардың 9 0%-ға дейінгісініңжұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы:
- тәжірибесіз менеджерлерге;
- істі жете білмейтін басшылыққа;
- олардың кәсіпорын жұмысын өзгеріп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.
Кәсіиорыи дагдарысының бұлардан басқа да ішкі себептері бар. Олар:
- жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра ал-
мағандык, осыған байланысты кәсіпорынның көптеген
орынсыз шығынға ұшырауы;
- өндірілген тауардың бәсекеге қабілеттілігіпің төмендеп кетуі;
- тауарлы өнім түрінің дер кезінде жаңартылмауы;
- басқару құрылымдарының үйлесімсіздігінен өнім өндіру мең дайын тауарды сатудағы шығындар деңгейінің тез көтеріліп кетуі;
- Штаттың өсуі;
- қымбат бағалы технология, құрал жэне басқа да
еңбек заттарын шектен тыс пайдалану;
Өндірістің және кәсіпорынның жалпы мәдени деңгейінің төмендеуі;
- кадрлардың біліктілігі;
- өндірістің техникалық деңгейі;
- ұжым қызметкерлерінің өзара қарым-катынаста-
ры;
- олардың нәтижелі жұмысқа сеніммен және ынталы түрде ұмтылуы және т.б.
Батыс елдері мамандарының пікірінше, классикалык нарықтық экономикада, банкротқа ұшырау себептерінің барлық кәсіпорындардың сыртқы факторлары үштен бір бөлігін, ал ішкі факторлар үштен екі бөлігін құрайды екен.
3. Банкроттың алдын алу
Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын неғұрлым ертерек алуда бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше. Оның негізгі бағыттары жөнінде мыналарды көрсетуге болады:
• Кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша өз әріптестерінің, тауарлы өнімді жеткізіп берушілердің, несиегер, банк, өнімді тұтынушылардың кәсіпорынға деген теріс козқарастарын мезгілінде сезіну;
қайта ұйымдастыруға байланысты барлык өзге-
рістер (мәселен: ұйымдық, кәсіпорынның жабық және
ашық бөлімшелері, филиалдары, еншілес бөлімшелері,
олардыңбірігулері);
- тауарды жеткізіп берушілердің жиі және негізсіз алмасулары;
- нарыктың жаңа түрлеріне шығу;
- материалдар мен шикізатгарды көтере сатып алу;
- басқа да кәсіпорынның стратегиясындағы кұбылыстарды зерделей қадағалап, олардан жедел де тиісті қорытынды шығару.
Кәсіпорынның ойсырауы кейде оның жоғарғы деңгейдегі басшылары арасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктеріне де байланысты.
Банкроттың басқа да ертерек байкалатын белгілері болады, кәсіпорын қызметіндегі каржылық көрсеткіштердің өзгеруімен байлаиысты, сапалы түрде қаржылык есеп беру, оның уақытымен орындалмауы, аудиторлық тексерудіңжүргізілмеуі:
- бухгалтерлік есеп беруді кешіктіріп ұсыну және
оның сапасын өзгерту, саналы (әдейі) әрекеттерге, не
құрамның төменгі деңгейіне немен куәлік беру; осы және
басқа да белгілер қаржылық басқарудың болымсыздығы-
на әкеліп соғады;
- бухгалтерлік баланс статьяларын пассив жәие актив жағынан өзгерту және олардың анықталған сәйкестігін бұзу;
- кәсіпорынның жеткізілім бойыыша өзінің міндеттерін орындаудағы не қызығушылықтарын, не болуы мүмкін кабілетсіздіктері жөнінде немен түсіндіре алады, материалдық запастардың артуы және кемуі;
- жеткізушілер және несие беруде кәсіпюрын қарыздарының артуы;
- кәсіпорынның табысын төмендету, кәсіпорындағы акция құнының кемуі, кәсіпорында өз өніміне өзгермелі (жоғары немесе төмен) бағаның белгіленуі.
Үнемі есепке алып отыратын, былайша айтқанда, әрдайым сақ болатын жәйттер:
- кәсіпорынның кезектен тыс тексерілуі;
- коммерциялық қызметтердің орынсыз шектелуі;
- лицензиялардың алынып тасталуы немесе тоқтатылуы жэне т.б.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын камтамасыз ету, дағдарыстың алдын алуды ұйымдастыру - өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі.
Тактикапың екі турі бар:
Қоргану тактикасыяғни жиынтықты шараларды ұқыпты жүргізу. Олай болса, оныңтиісті стра-тегиясы мен тактикасын қолдану кэсіпорынның бір қалып-ты жұмыс істеп, тиімділігін арттырудың кепілі болып та-былады. Өнім өндіру, дайын тауарларды сату процесіндегі барлық шығындарды мейлінше қыскартуға негізделген.
Бастырмалату тактикасы яғни бірінші кезекте стратегиялық мәні бар шараларды іске асыру.
Мұндағы негізгі бағыттар:
•нарықтардың жаңа түрлерін зерттеу жэне оларды игеру;
•тиімді баға белгілеу;
•өндірісті жетілдіру есебінен шығындарды азайту;
•негізгі қорларды жаңарту;
•жаңа технологияны енгізу жэне т.б. жүргізіледі.
Осы кезеңде кәсіпорын басшылығын кайта бекіту немесе алмастыру калыптасқан жағдайды кешенді талдау және бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
Өндірістік бағдарламаның кайта қаралуына сәйкес:
кәсіпорынды дамытудың стратегиясы да өзгереді;
- нарықта кәсіпорынның тыңғылықты позициясын рәсімдеу;
- шығарылатын өнім атауларын жаңарту;
- жаңа нарық сегменттерін игеруді қарастырады.
- қаржылык нәтиже туралы есепте және баланс
құрылымындағы кенеттен пайда болған өзгерістер, әсіресе:
- есеп шоттардағы ақшаның кенеттен азайып кетуі (ол екінші жағынан, есеп шоттағы ақшаның көбеюі келешекте күрделі қаржының мүмкіндіктеріне теріс әсерін тигізудің айғағы);
- дебиторлық қарыздардың көбеюі (бұлардың күрт азайып кетуі де тиімсіз, өйткені қоймадағы дайын өнімдердің тым көбеюі оларды сату процесін қиындатып жібереді);
- дебиторлық шоттардың ескіре бастауы;
- дебиторлық және кредиторлық қарыздар балансының бұзылуы;
- кредиторлық қарыздардың өсуі (сонымен қатар есеп шоттарда қолма-қол ақша тұрғанда кредиторлық қарыздардың күрт азайғаны өндіріс көлемінің тарыла бастағанының айғағы);
- сатылатын тауар көлемінің азаюы;
- кәсіпорындағы жанжалдар, әлдекімді басшылық қызметтен босату, қабылданған шешімдердің сан жағынан бірден артуы және т.б.
Мұнымен қатар сатылатын тауар көлемінің шектеп тыс көбейіп кетуі де пайдалы болмауы мүмкін. Өйткені жан-жақты,тереңойластырылмай сатып алынған шикізат-тардыңжәне күрделі қаржы шығындарының көбейіп кетуі келешекте кәсіпорын балансының бұзылуына әкеледі, ал бұл банкротқа ерте ұшырау деген сөз. Бұдан басқа сатылатын өнімдердің ретсіз көбейіп кетуі өнім өндіру мөлшерінде кәсіпорынның банкротқа ұшырау алдындағы құлдырауын көрсетеді.
Кәсіпорынның банкротқа ұшырауының мынандйі
кезеңдері бар.
Жасырын кезең. Бұл кезең кәсіпорынның, оның тапқан пайдасының капиталдандырылуымен анықталатын "бағасының" төмен түсіп кетуі:
Р - салықтарды, сонымен қатар қарыздармен және дивидендтердіц процентіне байланысты төлемдерді төлегенге дейінгі күтілген пайда;
К - кәсіпорынның барлық пассивтерінің (міндеттемелерінің) құнының орташа өлшемі;
V - күтілген "кәсіпорын багасы ".
"Кәсіпорын бағасының" төмендеуі оның пайдалық деңгейініңтөмендегені деген сөз. Бұл бірінші жағынан. Ал екінші жагынан, бұл жақын арада қабылдауға мәжбүр болатын міндеттемелердің орташа құнының артқанын көрсетеді. Олай болса, жақын және ұзақ мерзімді келешектегі "кәсіпорын бағасын" есептеп отыру қажет және тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |