Дістемелік кешені



бет32/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
umkd - str-22-31

Тілекті бәсеке, яғни тұтынушының тауарға қанағаттануынан туған ізгі тілек.

  • Тауарлы-сабақтас бәсеке, яғни қандай да бір нақты тілектерді қанағаттандырудың басқа да әдістері.

  • Тауарлы-көрнекті бәсеке, яғни тұтынушының талап-тілегін қанағттандыру үшін, сол тауардың алуан түрлі болуы.

  • Маркалы бәсеке, тұтынушының қажетін қанағаттандыру үшін тауар маркаларының көп болуы.

    2.5-схема. Бәсекенің негізгі түрлері

    Мен қандай тілегімді қанағаттандыра аламын?



    Көліктік жағдайымды жақсарту үшін нені сатып алуым қажет?

    Көліктің қандай маркасын алуым керек?

    Көліктің қандай маркасын алуым керек?




    Тілекті бәсеке: Көлік құралы; Жиһаз; Саяхат.

    Маркалы бәсеке: Жигули; Мерседес; Ауди.

    Тауарлы-көрнекті бәсеке: Үш жылдамдықты; Бес жылдамдықты.

    Тауарлы-сабақтас бәсеке: Машина алу; Мотоцикл алу; Велосипед алу.

    Лекция 7 Кәсіпорын нарық экономикалық субъект ретінде


    Сабақтың мақсаты –кәсіпрынның ұйымдық-құқықтық нысандарын және өндірістік құрылымын, құрамын, типтерін оқып білу
    1 Кәсіпкерлік және кәсіпорын. Әртүрлі құрылыс кәсіпорын қалыптастыру ерекшеліктері.
    2 Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар. Құрылыстық бірлестік.
    3 Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы

    Кәсіпкерлік қатысушы – меншік иелерінің санына байланысты келесі нысандарға бөлінеді: жеке және ұжымдық.


    Кәсіпкеріліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдасытыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.
    Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.
    Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:

    • Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;

    • Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;

    • Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;

    • Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;

    • ·Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

    Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толығырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны құрусыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке кәсіпкерлікке жатады. Жеке кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаға жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процесін жеке өзі бақылауға бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуға дайын, фирманың дара иесі болып, жеке кәсіпкерлік нысанын қалайды.
    Кәсіпкерліктің осы нысанының артықшылықтары бар, олар тәуелді болмау, ұтқырылық, материалдық қызығушылық және т.б.
    Жеке кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағадайларда қол еңбегі мен өндірістің әмбебап өнімділігі аз құралдарын қолданады, ҒТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке кәсіпкерлікте капиталды тарту иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?
    Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтық мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дәулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.
    Кәсіпкерлік қызметтің бұл нысаны соңғы жылдары ерекше қарқында дамуда, Қазақстанда 1998 жылы 40433 жеке кәсіпкерлік тіркелген болатын, оның ішінде өнеркәсіпте 1950 адам (4,8 %), саудада – 29992 (74,2 %), қала және жол көлігінде – 4020 (10 %), қонақ үй мен мейрамханаларда – 1815 (4,5 %), және қызметтің басқа сфераларында 2656 (6,5 %) адам істейді. Өз кезегінде кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады.
    Ұйымдастыру-құқықтық нысанына серіктестікті, қоғамдарды, кооперативтерді жатқызуға болады.
    Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдық жауапкершілік жоғары және тәуекел өседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде “меншік иелерінің саны” белгісі бар, ұжымдық кәсіпкерлік нысанын таңдаған жөн.
    Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларға серіктестік, акционерлік қоғам, кооператитерді жатқызуға болады.
    Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылығы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.
    Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мөлшеріне байланыссыз тең материалдық жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті барлық қалғаны үшін, егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.
    Серіктестіктің қатысушылары екі топқа – толық серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.
    Коммандиттік серіктестікте әріптестердің бір бөлігінде шектелмеген, ал бір бөлігінде шектелген жауапкершілік болуы мүмкін.
    Қоғам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалардың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.
    Жауапкершілігі шектелген қоғам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.
    Ең көп таралғаны акционерлік қоғам (АҚ). Олардың ерекшелігі оларға құнды қағаз – акция шығару жолымен қажет қаржыны тарту құқығы берілген. Акционерлік қоғам қатысушылары оларға тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет