Дістемелік кешені



бет33/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
umkd - str-22-31

Кооперативтер – мүліктік пай жарналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы құрған кәсіпорын.
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру-экономикалық нысандарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.
Концерн – қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларының бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компаниялардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакеттерін иелену мүмкін.
Ассоциация – экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйымдардың өз еріктерімен бірігу нысаны.
Ассоциация құрамына белгілі террторияда орналасқан маманданған кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.
Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум – ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу масатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жобасына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).
Кәсіпкерлердің мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкіндігін береді, мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. Өйткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.
Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалардың түйіскен жерінде пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.
Синдикат – бір сала кәсіпкерлерінің арасындағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.
Картель – бір сала кәсіпорвндары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарығын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т.б. келісімді білдіреді.
Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыру-экономикалық нысандары қаржылық өнеркәсіптік топтар, ол өнеркәсіптік, банктік, сақтардыру және сауда капиталының, сонымен қатар кәсіпорынның (интеллекттік) парасаттық әлеуетін біріктіру.

Кәсіпорын қызметінің нәтижелігі оның сыртқы ортасынан көрінеді. Сондықтан сыртқы ортаны шеберлікпен реттеп отырудың және оның кәсіпорынның ішкі құрылымымен үйлесімді байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор.


Кәсіпорынның сыртқы ортасы төмендегі негізгі факторлармен сипатталады:
• факторлардың өзара байланысы;
• күрделілік;
• қозғалмалылық ;
• белгісіздік.
Сыртқы орта факторларының өзара байланысы
сыртқы ортаның бір факторының өзгеруі басқа факторларға қаншалықты, қандай деңгейде ықпал ететінін анықтау арқылы көрінеді.
Сыртқы ортаның күрделілігі факторлардың санына байланысты. Осыған орай әр кәсіпорын өзінің түпкі мақсатының орындалуына оң ықпал ететін факторларды есепке алып, оның деңгейін анықтап отыруға мүдделі.
Қозғалмалылық — бұл кәсіпорын қызмет жасап тұрған ортада болып жатқан құбылыстардың қозғалысы. Ұйым айналасында болып жатқан өзгерістер неғұрлым жедел қозғалыста болса, өндірістік жүйедегі өзгерістер де солғұрлым тез дамып отырады.
Сыртқы ортаның белгісіздігі кәсіпорынның сыртқы орта факторларын есепке алуына, олардың әрқайсысының қаншалықты жөне қандай деңгейде ықпал ететінін анықтап отыруына, ақпараттардың саны мен сапасына байланысты. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым коп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі.
Сыртқы орта факторлары:

  • тікелей

  • жанама әсер ететін болып бөлінеді.

Тікелей әсер ететін факторлар:

  • мемлекет;

  • жеткізуші;

  • тұтынушы;

  • бәсеке болып бөлінеді.

Мемлекет — кәсіпорын үшін реттеуші, қорғаушы және басшылық етуші ролін атқарады.
Сонымен қатар, ол:

  • салық жеңілдіктерін белгілейді;

  • субсидия (жәрдем), несиелер береді;

  • нарыққа көшуді көздейтін экономикалық заңдарға бақылау жасайды;

  • процент мөлшерін белгілейді;

  • басқа да көптеген реттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Жеткізуші — кәсіпорынның өндірістік кызметтеріне қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші. Жеткізуші материалдық қорлардың бағасына, тауарлар мен шикізаттардың сапасына, сонымен қатар халыққа өр түрлі қызмет көрсетуге, қатысты келісім-шарттарға сүйене отырып ұтымды байланыстарды ұйымдастыруға міндетті.
Жанама әсер ететін факторлар:

Экономикалық хал-ахуал:

  • экономикалық өсудің қарқыны;

  • төлем балансы;

  • жұмыспен қамту деңгейі болып бөлінеді.

Экономикалық осу — үкіметтің инфляцияны таяу
жылдарда ауыздықтау, ал келешекте мүлдем тоқтату және төлем балансын қалыпқа келтіру жолындағы негізгі мақсаты. Экономиканы серпінді дамыту жан басына шаққанда ұлттық өнім үлесінің өсуіне, халықтың, оның барлық әлеуметтік топтарының ауқатты өмір сүруіне негіз болады. Экономикалық хал-ахуал кәсіпорынның мүддесіне қосымша капитал тартуына тікелей ықпал етеді.
Үкімет:

  • салықтарды, ақша массаларын, несиенің

  • процент мөлшерін реттейді;

  • экономикалық жағдайдың тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Төлем балансы — елдің белгілі бір уақыт ішінде сыртқы экономикалық операциялар балансын көрсететін маңызды статистикалық құжат.
Жұмыспен қамту деңгейі. Мұндағы басты мәселе жұмыссыздық. Ол жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды адамдардың өндірісте және басқа да қызмет орындарында жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық — нарықтық экономика жағдайында жұмыс күшіне деген сұраным пен ұсынымның арақатынасының көрсеткіші. Жұмыссыз қоғам мүшелерінің санын барған сайын азайтып, жұмыссыздық деңгейінің оңтайлы межеден аспауын қамтамасыз ету жолында іске асырылатын макроэкономикалық шаралар кәсіпорындар қызметінің оңалуына тікелей әсер етеді.
Мәселен:

  • салыққа қатысты жеңілдіктер беру;

  • шектеу аясын тарылту.

Техникалық факторлар — кәсіпорынның атқарымдылығы, өзгерту, жетілдіру, қосымша мүмкіндіктер мен шектеу тенденцияларын қамтиды. Жоғары деңгейдегі технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпорындар техниканың жаңа түрлерін әзірлеп, олармен өндірісті жабдықтаудың тиімді жолдарын басқаларға ұсынады. Өндірісті жаңа техникамен жабдықтаудың өнім өндіруде, оны дайындау мен тиімді сатуда, ақпарат жинауда, кәсіпорыннан тұтынушылардың қандай жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін күтетіндігін анықтауда алатын орны ерекше.
Әлеуметтік факторлар. Кәсіпорын белгілі бір мәдени ортада қызмет атқарады, оның қызметтерінің табыстылығына ел тұрғындарының:

  • мәдениеті,

  • тарихи ерекшеліктері,

  • менталитеті мен әдет-ғүрыптары әсер етеді.

Саяси факторлар қоғамның саяси жағдайын жөне оның тұрақтылық деңгейін анықтайды. Бұл — мемлекеттің, заң органдарының және соттардың кәсіпорынмен қарым-қатынас барысында ұстанатын көзқарасы.
Осы көзқарас:

  • табысқа салық салу;

  • салық жеңілдіктерін белгілеу;

  • тұтынушыларды қорғау жөніндегі заңдарды әзірлеу;

  • айналадағы ортаны қорғау;

  • бағаға бақылау жасау;

  • жалақыны реттеу мәселелерінде үкіметке ықпал етеді.

Кәсіпорын үшін саяси тұрақтылық элементтеріне түрлі партиялар тобының қызметі мен ұстанымдары, шетел инвестицияларын тиімді пайдалану да жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет