Лекция 8 Құрылыстағы өндірістік қорлар.
Сабақтың мақсаты - негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы мен құрылымының негізін оқып білу
1 Негізгі жэне айналымдағы құралдардың құрылымы мен құрамы.
2 Негізгі қорларды бағалау. Физикалық және моральді тозу. Негізгі қорлардың амортизациясы.
3 Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары.
1 Негізгі жэне айналымдағы құралдардың құрылымы мен құрамы.
Кәсiпорын капиталы материалдық-заттық көрiнiсiнде негiзгi капитал мен айналым капиталынан тұрады. Негiзгi капиталға ұзақ мерзiмдi қолданылатын (ғимарат, қондырғы, машина, құралдар, т.б.) материалдық факторлар жатады. Көп жағдайда негiзгi капитал негiзгi қормен теңестiрiледi, бiрақ негiзгi капитал ұғымы одан гөрi кеңiрек, яғни негiзгi капитал - негiзгi қор + аяқталмаған құрылыс және ұзақ мерзiмдi инвестиция, яғни, капитал запасының өсiмiне бағытталған ақшалай қаражат.
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін, өзінің құнын дайын өнімге амаортизациялық аударым ретінде біртіндеп аударатын, өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын кәсіпорынның материалдық құндылықтардың бір бөлігін немесе өндіріс құралдарын айтамыз.
Негізгі қорлардың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар (өндірістік емес негізгі қорлар).
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады ( тұрғын үйлер, мәдениет, спорт кешендері, балашақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)
Негізгі қорлар - ұлттық байлықтың негізгі бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.
Негізгі қорлардың сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |