Дістемелік кешені


Өзіндік жұмыс тақырыптары



бет71/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
umkd - str-22-31

Өзіндік жұмыс тақырыптары
Капиталды Құрылыстың ұйымдық түрі
Жеке және заңды тұлғалардың меншік қүқығы
Құрылыс өндірісін таңдау
Құрылыстағы есептеулер
Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік
Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері .
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
Құрылыстағы бағалардың негіздері
Құрылыстың сметалық құны мен Құрылыс монтаждың жұмыстардың құрылымы
Құрылыстағы келісім бағалар,
Құрылыстағы Кәсіпкерлік қызмет .
Құрылыс нарығының ерекшеліктері .
Құрылыстагы лизинг
Құрылыс - монтажды жұмыстардың өзіндік кұны
Құрылыстағы бәсекелестік бәсекені тудырушы факторлар
Кұрылыс кешенінің кәсіпорындарының қызметтік лицензиялау
Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы мен құрамы .
Құрылыс материалды өндірістің саласы ретінде
Капиталды құрылыстың ұйымдық түрі .
Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі
Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс .
Құрылыстағы өнімдердің өзіндік құны .
Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі
Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс .
Құрылыстағы өнімдердің өзіндік құны .




Студенттердің өзіндік жұмысы – студенттердің ғылыми әдебиеттерді, нормативтік материалдарды өз бетінше оқуының маңызды нысандарының бірі болып есептеледі. Ол студенттерге өз білімін жетілдіруге, қоғамдық құбылыстар мен процесстерді бағалай білуге, ғылыми және саяси мағлұматтардың көптеген ағымдары бойынша бейімдесе алуға мүмкіндік береді.
Студенттердің өзіндік жұмысын орындау студенттерге нормативтік материалдардың, оқу әдебиеттерінің мазмұнын қисыны бойынша талдау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, теориялық ережелерді дұрыс тұжырымдау және ашу қабілетін дамытады, пән бойынша терминологияны үйренуге, тәжірибелік ұсыныстарды білдіруге, өз бетінше қорытынды шығаруға ықпал етеді; мұның бәрі бағдарлама бойынша материалдарды неғұрлым терең әрі жақсы игеруге мүмкіндік береді.
Студенттердің өзіндік жұмысын, сонымен қатар, оқытушының студенттердің білімін тексеруінің бір нысаны болып табылады, студенттердің оқытылатын пәнге қарым-қатынасы қандай және олардың өз бетінше жасаған жұмысы қаншалықты жемісті екендігін тексеруге мүмкіндік береді.
Студенттердің өзіндік жұмысы студенттер үшін бірінен бірі келіп шығатын бірнеше сатыдан тұратын, жоспарланған еңбек процесі ретінде ізденістің алғашқы тәжірибесі болып табылады. Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жазудың бүкіл барысын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
а/ тапсырмаларды, кеңес алу және жұмыстың алдын ала жоспарын жасау.
ә/ тапсырма тақырыбына қатысты ғылыми материалдарды жинау (ең алдымен библиографиямен жұмыс істеу), әдебиеттерді оқу.
б/ мәселенің құрамдас бөліктерін талдау, тақырыпты баяндау.
в/ материалды тұтас өңдеу.
г/ жұмыстың жоспарын нақтылау.
ғ/ маркетинг пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын қорғау.
Студент, өзіндік жұмысын мұқият көңіл бөлу арқылы, уақытын дұрыс бөлу арқылы, асықпай, жоспар бойынша және жүйелі түрде жұмыс істеу арқылы оның жемісті орындалуын қамтамасыз етеді.
Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарын құру және келісіп алу.
Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарының болуы онда тек тақырыпқа қатысты мәселелерді ашуға, материалдарды баяндауда ізбе-ізділік пен нақтылықты қамтамасыз етуге, олқылықтар мен қайталануды болдырмауға, өзіндік жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыруға, қажетті жағдайда уақытты да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тақырыпты таңдау және жоспарын құру аяқ астынан жүзеге асырылмауы тиіс, алдын ала оқулықтың тиісті бөлімімен танысып, тақырыптың мазмұнын түсініп алу, мемлекет және құқық теориясы курсында оның алатын орны мен ролін анықтап алу қажет.
Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспары ғылыми жетекшімен келісіліп анықталуы тиіс. Студент әдістемелік нұсқауда берілген үлгі жоспарға сүйене отырып оған толықтырулар енгізуі немесе өзінің жоспарын ұсынуы мүмкін.Қаралатын мәселелерді неғұрлым толық ашу үшін жоспардың әрбір бөлімін неғұрлым ұсақ тармақтарға бөлуге болады. Алайда шектен тыс көп сұрақтардың жоспарда қарастырылуы да негізсіз екендігін ескерген жөн. Дұрыс емес құрастырылған жоспардың бірінші белгісі – сұрақтардың бірінде тақырыптың атының толығымен қайталануы. Әрбір жеке сұрақ оның бір бөлігін ғана ашып көрсетуі қажет.
Жұмыстың жоспарын құрастырғаннан кейін оны оқытушымен келісіп алу қажет. Мұндай келісімсіз тақырыптың мәнін ашуға тырысу дұрыс емес, өйткені дұрыс құрастырылмаған жоспар бүкіл курстық жұмысты жоққа шығаруы да мүмкін.
Тақырып бойынша ғылыми мәліметтерді жинау, библиографияны дайындау, әдебиеттер мен нормативті материалдарды оқу.
Өзіндік жұмысты тиімді орындау үшін ғылыми мәліметтерді жинаудың орны бөлек. Әрбір тақырып бойынша университеттің кітапханасында бар негізгі қайнар көздердің тізімі ұсынылған. Қайнар көздердің шеңберін кеңейту үшін басқа да кітапханаларды пайдаланған жөн.
Әдебиеттерді таңдау және тізімін жасау үшін университет кітапханасының каталогымен танысу қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі толық болуы тиіс және негізгі монографиялық жұмыстарды, оқу құралдарын, нормативтік материалдар мен журнал мақалаларын қамтуы тиіс. Оқытушымен кеңесіп алғаннан кейін студент қажетті әдебиеттерді терең зерттеуге кіріседі.
Жиналған материалдарды талдау және тақырыпты баяндау.
Қажетті әдебиеттерді жинаған соң жұмысты дайындау процесінің ең маңызды кезеңі туады - әдебиеттер мен басқа да қайнар көздерді оқу және конспектілеу.
Глоссарий
Абсолюттік пайда — барлық тауарлар мен қызметтерді сатудан алынатын және шығындарды шегергеннен кейін қалатын табыс сомасы.

Акция — акционерлік қоғаммен шығарылатын, акционерлік коғамды басқаруға қатысу және акция иелеріне дивидендтер алу құқықтарын беретін бағалы қағаз.


Акционер — акционерлік қоғам акцияларының иесі. Оның жиналысқа катысуға, акционерлік қоғамның басшылығын сайлауға және сайлануына, дивиденд түрінде пайда алуға және қоғам таратылған жағдайда мүліктегі өзінің үлесін иемденуге құқығы бар.


Алдын-ала төлемақы (аванс) — көрсетілген қызметтерге алдын-ала төленетін ақша-қаражаттар.


Амортизациялық мерзім — өндіріс құралдары құнының амортизациялық аударымдар негізінде толық өтелу мерзімі. Амортизациялық мерзім мемлекет арқылы реттеледі.


Амортизациялық қор — бір мезгілде негізгі құралдардың тозу үрдісі мен қайта өндірісті ұлғайту үрдісін көрсетуге арналған ақша-қаражаттар.


Жал — бір тұлғадан екінші тұлғаға мүлікті пайдалану меншік құқығының етуі.


Жалдаушы — мүліктерді жалдаушы (жалға алатын) заңды немесе жеке тұлғалар.


Жергілікті смета — нысанның сметасына кіретін шығындар мен жеке қызмет түрлерінің құнын анықтайтын алғашқы сметалық құжат.


Жылжымайтын мүлік —- жер учаскелері, ғимараттар, құрылыс жайлары, көпжылдық өсімдіктер және басқа да жермен тығыз байланысты нысандар.


Инжиринг — құрылыста қолданылатын экономикалық есептер мен смета құруға қажетті зерттеулердің нәтижесін техникалық құжат түрінде толтырылатын техникалық қызметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, инжиринг белгілі бір объектіні салумен немесе кешендік құралдарды жеткізумен байланысты техникалық қызметтерді де қамтиды.

Инновация (инновациялық үрдіс) — жаңа өнімдер, технологиялар мен ұйымдық формаларды ойлап табуға және жоғары сапада дамытуға бағытталған үрдіс. Инновация зерттеу, енгізу, түсіндіру, шығару, қолдану, утилизациялау үрдістерін қамтиды.


Калькуляциялау — өндірілген өнім бірлігінің және орындалған құрылыстық жұмыстардың өзіндік құнын анықтау.


Кәсіпорын (ұйым) активтері — кәсіпорын кызметінде қолданылатын барлық активтер жиынтығы.


Келісім-шарт — екі не одан коп адамдардың арасындағы құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісім.


Келісім-шарт бағалары — жұмыстардың, жеткізілген ресурстардың және көрсетілген қызметтердің келісім-шарт тараптарының келісімімен белгіленген бағасы.


Конвенция (келісім) — экономикалық, заңды, техникалық және т.б. сипаттағы мәселелер жөнінде жасалған халықаралық шарт, келісім.


Конструкторлық құжаттар — өнімдерді, бұйымдарды, жоспарды, кестелерді қайта өңдегенде, бақылағанда, қабылдағанда және жөндеу жұмыстарын жүргізгенде қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін графикалық және мәтіндік құжаттар.


Құрылыс ұйымының өндірістік базасы — құрылыс объектілерін, сонымен қатар құрылыс үрдісінде қолданылатын материалдарды өз күшімен дайындауға (қайта өндіруге) қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ететін құрылыс ұйымы мен кәсіпорындар кешені.


Құрылыс өнімдері — аяқталған құрылыс ғимараттары мен басқа да құрылыс жайларының кешені.


Лицензиялау — заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін әкімшілік реттеу әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнайы рұқсат алуды көздейді.


Мекеме (тапсырыс беруші) — күрделі құрылысты жүзеге асыру мақсатында мердігерлік ұйыммен мердігерлік келісім-шарт жасайтын ұйым. кәсіпорын.


Нормативті-техникалық құжаттар — белгілі бір қызметте орындалатын жұмыстарға міндетті түрде қойылатын талаптарды сипаттайтын құжат.


Өндірістік құжаттар — құрылыс объектілерінің техникалық жағдайлары (кестелер мен сызбалар, қабылдау актісі мен орындалған жұмыс көлемінің ведомосты) мен құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізу тәртібін көрсететін құжаттар жиынтығы.


Өндірісті автоматтандыру — басқару және бақылау қызметтерін автоматты құрылғылармен жүзеге асыратын өндірістік ұйымдардың әдістері.


Сәулет — құрылыс жайлары мен олардың кешенін қолданылу мақсатына сәйкес жобалау мен салу түрі.


Сертификат — дайындалған материалдардың (өнім, конструкция) стандартқа немесе техникалық талаптарға сәйкестігін көрсететін құжат, өңдіруші-кәсіпорынның құжаты.


Сметалық нормативті құжаттар (сметалық құжаттар) — жинақ түріндегі сметалық бағалар кешені. Ережелермен бірге талаптардан тұратын жинақ, сондай-ақ құрылыстық ғимараттар мен жайлардың сметалық құнын анықтауға қызмет етеді.


Тарифтік кесте — бірінші разрядтық жүмысшыға катысты тарифтік коэффициенттердің шкаласы.




7.Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар



  1. Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік

  2. Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері .

  3. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау

  4. Құрылыстағы бағалардың негіздері

  5. Құрылыстың сметалық құны мен Құрылыс монтаждың жұмыстардың құрылымы

  6. Құрылыстағы келісім бағалар,

  7. Құрылыстағы Кәсіпкерлік қызмет .

  8. Құрылыс нарығының ерекшеліктері .

  9. Құрылыстагы лизинг

  10. Құрылыс - монтажды жұмыстардың өзіндік кұны

  11. Құрылыстағы бәсекелестік бәсекені тудырушы факторлар

  12. Кұрылыс кешенінің кәсіпорындарының қызметтік лицензиялау

  13. Негізгі құралдардың құрылымы мен құрамы .

  14. айналымдағы құралдардың құрылымы мен құрамы .

  15. Құрылыс материалды өндірістің саласы ретінде

  16. Инвестициялық қызмет

  17. Капиталды құрылыстың ұйымдық түрі .

  18. Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі

  19. Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс .

  20. Құрылыстағы өнімдердің өзіндік құны .

  21. Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі

  22. Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс .

  23. Құрылыстағы өнімдердің өзіндік құны .

  24. Өзіндік құнның түрлері

  25. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  26. Акционерлік қоғам

  27. Құрылыстың инфрақүрылымы.


  28. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет