Уәжділік — бұл ниеттің қалыптасуына әкелетін ішкі серпін. Сонымен қатар, уәж деп бір іспен айналысу ниетін айтады. Қандай да бір әрекетті мәжбүрлеу бойынша да жасауға болады. Адам алдына келген кедергіні күш-жігерін жұмсау арқылы жететін мәжбүрлеуден уәждеменің айырмашылығы, ол өз еркімен нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Өкінішке орай, кәсіпкерлікте болсын, кез келген басқа істе болсын, көңілге жақпайтын, қызықсыз күйбең тірліктер кездесіп жатады. Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек Бастамашылық, табандылық пен дербестік- тіпті шағын командаға көшбасшы рөлін алатын адам қажет. Бизнес иелері күрделі шешімдер кезінде өз жауапкер шілігін көрсете білуі қажет. Айтылған кеңестердің қаншалықты маңызды екенін түсініп, өзгенің пікірін тыңдай отырып, сонан соң өзі шешім қабылдауы керек. Шығармашылыққа бейімділік - бизнес әлемінде арманшылдар ақымақ емес. Олар жаңа бір нәрсе ойлап шығаруға, өзгеше ойлауға және қарапайым адамның ойына келмейтін жерде шешім табуға қабілетті. Ықтималды табысқа әкелетін идеяны түйсіне білу қабілеті бизнесте өте маңызды: ұшқыр ой және айрықша көзқарас — табысқа жетудің кепілі Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек Батылдық пен өзіне деген сенімділік - тіпті өз ісіңді енді жоспарлай бастаған кездің өзінде-ақ сәл де болса авантюрист болған дұрыс. Егер сіз тәуекелге бел бу масаңыз, компанияңыздың өркендеуі мен дамуы үшін қажетті көп теген мүмкіндіктен айырылып қаласыз. Бірақ батылдық пен жанкештілікті шатастырып алмаңыз. Компания иесі барлық мәселелерді ойластырып, қатерлерді ескергені жөн Ұстамдылық, міндеттілік пен кепілділік - тіпті валюта бағамы күрт құлдырап, сіздің шетелден сатып алатын шикізатыңыздың бағасы бірден өсіп кетсе де, өткізетін өнімнің сапасы нашарлап кетпейтіндей оңтайлы шешім қабылдау үшін өз-өзіңізді ұстай білуіңіз керек. Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек
Достарыңызбен бөлісу: |