Дизайн-мышление


Жігерлілік пен ынталылық - клиентті тарту аса қиын емес — күн сайын оның сенімін ақтау әлдеқайда қиын, үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында қажырлы еңбексіз клиенттердің сеніміне қол жеткізу мүмкін



бет3/5
Дата30.11.2022
өлшемі0.68 Mb.
#466105
түріСабақ
1   2   3   4   5
971512.pptx

Жігерлілік пен ынталылық - клиентті тарту аса қиын емес — күн сайын оның сенімін ақтау әлдеқайда қиын, үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында қажырлы еңбексіз клиенттердің сеніміне қол жеткізу мүмкін емес.

Өз-өзін бағалаудағы амбициялық пен адекваттылық - егер сіз қандайда бір істі жасай алатыныңызға сенбесеңіз , онда неге сізге басқалар — әріптестеріңіз бен тұтынушылар сенуі тиіс? Кәсіпкер өз алдында ірі мақсаттар қойып және оның орындалуына сенуі тиіс. Дегенмен кәсіпкер өзінің әлсіз тұстарын ескеруі керек. Егер де өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағалап, адамдардың сенімін жоғалтсаңыз, онда олар оны кешірмейді

Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек

Өз ісіне деген сүйіспеншілік, адалдық - егер өз ісіңізбен айналысқанда құлықсыздық танытсаңыз, онда өз идеяңызбен басқа адамның қызығушылығын оятамын деп ойламаңыз. Бизнес пен айналысу — көптеген қиындықпен байланысты іс, қолыңызды бір сермеп, көздеген мақсатыңызды ұмыттырмайтын нәрсе — ол сіздің жеке ынта-жігеріңіз.

Тапқырлық пен икемділік -әдетте, өмірде көптеген нәрсе жспарлағандай бола бермейді. Сондықтан тосын жағдайларда тез әрекет ете білу және шешім қабылдай білу бизнесті жүргізу үшін аса қажет. Бәрін болжауға болады деп ойламаңыз және қажет болған кезде импровизацияға дайын болыңыз

Неліктен кәсіпкерге теңгерім таба білу маңызды?

Жақсы басшы белгілі бір қасиеттерге ие болып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі жағдайлардың теңгерімін сақтай білуі керек. Қазір біз қасиеттердің төрт жұп түрін қарастырамыз дәл осы қасиеттердің жұптарын теңдестіре білу қабілеті көптеген кәсіпкерлерге табысты болуға жол ашады

Кәсіпкер өршіл, бірақ сонымен бірге қарапайым болуы қажет. Өзіне деген сенімі мен ішкі жалыны жоқ басшы өз компаниясын жетістікке жетелей алмайды, бірақ егер ол барлық жетістіктерге тек өзім қол жеткіздім деп есептесе, онда оның әріптестері мен қызметкерлері өздерін пайдаланып жатыр деп сезінуі мүмкін, мұндайда олардың жұмыс істеуге, өсуге деген ықыласы төмендеп қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет