Өзіңізді кәсіпкермін деп елестетіңіз . Көрсетілген жеке тұлғалық сипат пен алынған машықтарға сүйене отырып, мынадай мәселелерді шешу жолдарын ұсыныңыз: - Солтүстік Қазақстанда боран, жол қозғалысы шектелген. Сізге уақытында азық-түлікті супермаркетке жеткізу қажет.
- Сіз жаңа өнім — картон қаптамадағы ешкі сүтін шығардыңыз. Тұтынушы сол өнім туралы хабардар болуы үшін не істейсіз?
- Кешке қарай жол кептелісінен қала жолдарындағы қозғалыс қатты қиындады. Қалалық билікке кәсіп кер ретінде сіз қандай шешім ұсынар едіңіз ?
- Қаланың басты көшелерінде балаларға арналған кафе аштыңыз. Мұнда көлік қозғалысы көп болады, бірақ автокөлік тұрағында орын аз, күндіз мұнда қаланың іскерлік өмірі жанданады. Сіздің кафеңіз табысты болмай шықты. Мұндай сәтсіздіктен қандай сабақ аласыз?
- Сіз өз бизнесіңізді — гүл сататын дүкен ашқыңыз келеді. Бірақ қалаңызда ондай гүл сататын дүкендер бар, демек, сіз үлкен бәсекеге тап боласыз. Дүкеніңіз табысты болу үшін қандай шара қолданасыз?
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |