76
бактериоцидтік әсер ететін сірке қышқылын қосады. Ол өнімге қышқыл дәм мен хош
иіс. Сонымен бірге тағамға қант, тұз, тағамдық қоспалар қосады. Мұның бәрі сірке
қышқылының консервілеу әсерін күшейтеді.
Антисептиктерді қолдану. Анитисептиктер дегеніміз
микроағзаларға улы әсер
ететін химиялық заттар. Жасушаларға микробтар еніп, протоплазмалардың
ақуыздарымен әсерлесіп, өмір сүру
функцияларын тоқтатып, микроб жасушаларын
өлуге алып келеді. Тағам өндірісінде қолданылатын антисептиктер,
микробтарға аз
мөлшерде улы болуы керек, сонымен қатар тұтынуша кері әсерін тигізбеуі керек,
құралдармен өнімдермен
химиялық әсерлеспеу керек, тұтыну алдында оңай
ажыратылуы керек, қолдануға ыңғайлы болуы керек (сыртқы әсері, ерігіштігі).
Тағам өнімдеріне дәл сәйкес келетін антисептиктер табылмаған, бірақ көпшілік
жағдайда бор қышқылының тұздарын,
жартылай фабрикаттарды, қоймаларды,
қораптарды уақытша өңдеу үшін күкірт диоксидін қолданады. Кең қолданысқа табиғи
қышқыл-консерванттар мен олардың тұздары – сорбаттар мен бензоаттар ие. Олардың
консервілеу әсері қолданудың қажетті концентрациясымен шектеледі,
бірақ басқада
әдістермен бірге қауіпсіз және тиімді.
Антибиотиктерді қолдану. Антибиотиктер – қатты бактериоцидтік әсері бар
химиялық заттар, олар өсімдік тектес, мал тектес немесе микроб тектес болуы мүмкін.
Бірақ та тұтынушы үшін аз мөлшерде болсада өте қауіпті. Оларды медицинада кең
көлемде
қолданады, сол үшін тағам өндірісінде қолдану шектеледі. Өсімдік тектес
антибиотиктерді басқада бактерицидтік заттар (фитонцидтер) мен жүйелі түрде
біріктіріп пайдалануға болады. Басқа белгілі антибиотиктердің ішіндегі дәрілік қасиеті
жоқ биомицинді мал тектес шикізатты өңдеу үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: