Для того, чтобы человек мог постичь


Бойын [бойды] қуаныш биледі



бет20/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

Бойын [бойды] қуаныш биледі. Шатыққа бөленді, жаны жадырады.

Кеудесін [көкірегін] қуаныш кернеді. Шаттыққа бөленді, көңілі тасыды.

Көз қуаныш. Риза боларлық, сүйсінерлік.

Қуаныш әкелді. Қуантты, қуанышқа кенелтті, мәз етті.

Қуаныш білдірді. Бірге қуанды, қосыла қуанды

Қуаныш етті. Қуанды, мәз болды.

Қуаныш көрді. Бірге қуанды, мәз болды.

Қуанышқа батты. Қуанды, мәз болды, шаттанды.

Қуанышқа бөледі. Қуантты, мәз етті.

Қуанышқа бөленді. Қуанды, шаттанды, мәз болды.

Қуанышқа кенелді. Мәз болды, шаттанды.

Қуаныш құтты [қайырлы]болсын! Қуанышты адамға (семьяға) айтылатын тілек.

Қуаныш қылды. Қуанды, мәз болды.

Қуаныш оты жарқ етті [көрінді]. Қуанғандықтың белгісі байқалды.

Қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздады.Қатты қуанды, шаттанды.

Қуанышы қойнына сыймады. Шаттыққа бөленді, мәз болды.

Қуанышында шек жоқ [шек болмады]. Қатты қуанды, шатыққа бөленді.

Қуанышын жасыра алмады [ішіне сыйғыза алмады]. Мәз болды, шаттанды.

Қуанышынды жер көргір! «Жастай солғыр» деген мағынадағы қарғыс (Балаға айтылады).

°Қуаныш дастарханы

Қуаныш- күйініш зат. Қуанышы да, күйініше де, екеуі де.

Қуаныш-қайғы зат.Қуанышы мен қайғысы, екеуі де.

Қуаныш-реніш зат. Қуанышы мен реніші, екеуі де.

Қуаныш-сүйініш зат. Қуанышы да, сүйініші де, екеуі де.

Қуанышсыз сын. 1.Қуанышы жоқ; қайғысы көп. 2. үст. Қуаныш сезімін бастан кешпей; қуанбай-ақ.

Қуанышта ет. Қуаныш ету, қуану.

Қуаныштау. Қуанышты атау.

Қуанышты сын. Қуанышы мол; ризалық сезімге бөленген.

Қуаныштылық зат. Қуанғандық, шатыққа бөленгендік [43, 384-387].

Ал Орыс тілінің түсіндірмелі сөздігінде (ред проф. Д.Н.Ушаков т.ІІІ, –М., 1939, стлб. 1110) қуанышқа мынадай анықтама берілген: «Радость – 1. Чувство удовольствия внутреннего удовлетворения, веселое настроение».

Степановтың айтуынша, «қуаныш орыс және әлемдік мәдениетте нашар сипатталған, Г.Честертон сөзімен айтқанда: «ұстап алу мүмкін емес материя» (неуловимая материя) [29, 445б].

Сонда қуаныш – біріншіден, болған оқиғаға не нәрсеге шаттанып, көңіл көтеріліп қуану сезімі, яғни мұнда ол бір нәрсенің салдары, екіншіден, ол біреудің ең «қымбат» нәрсесі, жұбанышы, қызығы, арқа сүйері, яғни себептің өзі болып табылады. Ол мынадай етістіктермен тіркеседі: (қуаныш) әкелді, білдірді, етті, көрді, қылды; (қуанышқа) батты, бөледі, бөленді, кенелді. Күйініш, қайғы, реніш, сүйініш сөздері арқылы қос сөз жасайды.


ҚАЙҒЫ зат 1 Күйік, Қасірет, мұң-шер.

2. Ауыс. Бір нәрсенің қамын жасаудағы машақатты әрекет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет