Для того, чтобы человек мог постичь


Бас қайғы. Жан сақтаудың амалы, әрекеті. Басымен қайғы



бет21/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

Бас қайғы. Жан сақтаудың амалы, әрекеті.

Басымен қайғы. Өз жайымен өзі әуре.

Жан қайғы. Бас сақтау, аман қалудың әрекет-қамы.

Қайғы басты. Мұң- шер меңдеп, көңіл-күйі жабықты, қамықты.

Қайғы жеді. Мұңға батып, уайымдады.

Қайғы тартты. Күйік-шерге батты, қамықты.

Қайғы шекті. Қасірет тартты.

Қайғы-дерт. зат. Жан күйзелткен мұң-шер, қасірет.

Қайғы-зар. зат. Шерлі күйік, уайым.

Қайғы – қасірет. зат. Басқа түскен шерлі, мұңдыауыр жай.

Қайғы-мұң. зат Қасіретті күйік-шер, уайым.

Қайғы-шер. зат. Қасіретті көңіл күйігі [44, 520-522].

Қайғы – болған оқиғаға немесе нәрсеге күю, қасіретпен мұң-шер шегу, көңілдің түсіп мұңаю сезімі; бір нәрсені жасаудағы машақатты әрекет. Ол мынадай етістіктермен тіркеседі: (қайғы) басты, жеді, тартты, шекті, шақты, батты, шекті. Дерт, зар, қасірет, мұң, шер сөздері арқылы қос сөз жасайды.

Жоғарыдағы сөздерге сөзікте берілген түсіндірмелер – қарапайым, алғашқы, жалпы түсініктер. С.Р.Сүгірбекованың анықтауынша бұл түсінікте сөздің ұғымдық құрылымының кейінгі даму үрдісі толық бағдарланған, олардың барлық мағыналарының эмбрионы. «Концепт–1 впервые проявляется тогда, когда человек на оснований первичного представления об объекте действительности дает имя этому объекту, но еще имеет сложившегося мнения о нем. Концепт–1 не оформлен в ментальный образ, не развернут в понятие, поэтому и является «неуловимым мельканием в умственном кругозоре» [42, 20б]. Сонымен, қуаныш – 1, қайғы – 1 қуаныш – 2, қайғы – 2-ге дейін дамып, әр контекстте керекті мағынаны беріп отырады. Екінші деңгейдегі концептілерді сипаттаудың, талдаудың орасан көп жолдары мен тәсілдері бар.

Зерттелетін концептілердің құрылымының негізі ретінде келесі концептуалды белгілердің топтары алынады: «кеңістіктік» (жоғары/ төмен ), «уақыт», «сындық», сыртқы келбет, ауа райы, витальді (тіршілік иесіне тән) қасиеттердің болуына, жас мөлшеріне байланысты, зооморфты, отқа, сұйықтыққа, санаға, жүрекке байланысты белгілері, жұмбақ ретінде көрінуі.



Белгі – концептінің ең кішкентай бірлігі, «ұқсастықтың негізінде бекітілетін танылған мен танылмаған арасындағы жақындық» (Пименова).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет