Для того, чтобы человек мог постичь


Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі



бет6/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі – идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер. Алайда әлемнің ұлттық тілдік бейнесі әлем туралы білімнің жиынтығы ретінде тек лексикада ғана емес, сонымен қатар фразеология мен грамматикада да көрініс табады. В.А.Маслова әлемнің тілдік бейнесі мен мәдениеті туралы айта отырып, осыларға мына көрсетілгендерді жатқызады: сөз, сөйлем, пайымдаудың ішкі формасы, сөздің мағыналық жағының өзгерісі, оның ауыспалы мағынада қолданылуы, сөздің эмоционалды жүгі , оның индивидуалды қолданылуындағы өзгешелігі [17, 35б].

Адам әлемі (оның ішкі әлемі, яғни рухани әлемі және сыртқы әлемі) біріншіден, ұлттық ерекшеліктерге ие, осы ерекшеліктер тілдің түрлі деңгейлері мен қызмет етуінде көрініс табады. Әлемнің тілдік бейнесі әлемнің ұлттық тілдік бейнесін бейнелейді және соңғысы түрлі деңгейлердегі тілдік бірліктер арқылы анықталуы да мүмкін. Ұлттық лексиканы әлемнің ұлттық тілдік бейнесі ретінде ұсыну екі түрлі арнамен байланысты. Бірінші арнада қоршаған ортадағы нақты заттар мен құбылыстардың атаулары жинақталатын болса, екінші арнада концепт атаулары шоғырланған. Әлемнің ұлттық бейнесін зерттей келе Г.Гачев оны «космо- психо- логос» деп атаған. Оған әсер ететін жағдайлар – табиғаттың типі, ұлттық мінез және ойлау ерекшеліктері және т.б.

Тіл этностың негізгі этнодифференциациялау белгісі ретінде этностың өмір сүруі процесі мен нәтижесі кезінде танитын шындық туралы объективті білімді қалыптастырып бекітеді. Тілді кез-келген этникалық мәдениттің ерекше бөлінбес бөлігі ретінде қарастыратын болсақ, онда сол тұрғыда ұлттық мәдениеттің ерекшелігі, оның өзге этностардан өзгешелігі көріне бастайды. Тіл мен мәдениеттің айырылмас байланысы туралы Гумбольдт былай деген : «Язык - тесно переплетен с духовным развитием человечества и сопутствует ему на каждой ступени его локального прогресса или регресса, отражая в себе каждую стадию культуры» [15, 69б].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет