Для того, чтобы человек мог постичь


Әлемнің концептуалды бейнесі



бет7/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

Әлемнің концептуалды бейнесі (когнитивті модель) адамның саналы, танымдық әрекеттерінің нәтижесін бейнелейді; біздің шынайы өмірді, физикалық, химиялық әлем бейнесі және т.б. арнайы бағытталған әлем бейнесін жалпылай көрсетеді. Әлемнің концептуалды бейнесі ойлау заңдары арқылы ұйымдастырылады.

Әлемнің концептуалды бейнесі ретінде қоршаған орта туралы білім күйінде көрінетін концептілер түсініледі. Шындық туралы ақпараттың өзгеруінің әсерінен әлемнің концептуалды бейнесі әрдайым жаңарып тұрады, яғни динамикалық түрде жасалынады. Оның қалыптасуында ойлаудың көрнекі, бейнелі, тәжірибелік, ізденушілік, адвербалды- ұғымдық түрлері қатысады. Осыған байланысты әлемнің тілдік бейнесі ұғымына қарағанда әлемнің концептуалды бейнесі ұғымы күрделірек, бай, кең. Сондықтан әлемнің концептуалды бейнесіне қарағанда әлемнің тілдік алғашқы болады және оны (ӘКБ) қалыптастырады, себебі адам әлем мен өзін-өзі тіл арқылы ғана тани алады.

Әлемнің концептуалды бейнесі түрлі адамдарда ортақ болуы мүмкін, себебі адамзаттың ойлауы ортақ.

«Концептуальная картина мира – это идеальное динамическое образование, основу которого создает не только вербальная, но и вся чувственная, вся предметно- позновательная действительность знаковым образом» [4, 20б].

Г.Гиздатовтың тұжырымынша: «Когнитивтік модель құрылымы прототип пен бейнелі ұғымның бірігуі арқылы қалыптасқан концептіден құралады. Когнитивтік модель – сөздің лексикалық мағынасының кодталған ақпараты, бұл модель – білімнің танылуы мен сақталу формасы» [18, 22б ].

Таным моделі ретінде танылатын концептуалды білім мұрагерлік жолмен жалғасып қана қоймайды, мұрагерінің танымына сай, ол өмір сүрген уақыттағы әлем бейнесі – объективті шындық өзінің әсері арқылы түрленіп, дамып, түрлі өзгерістерге ұшырайды, бейнелеуге және бейнеленуге икемді болады.

Е.Беляевскаяның «Сөздің семантикалық құрылымының қызмет етуі мен қалыптасуын танымдық негіздері» атты докторлық диссертациясында: когнитивтік модель – лексикалық мағынаның тереңдік дәрежесін көрсетеді деп көрсетеді.. Бұл модель мағыналық және логикалық құрылымнан туындайтын абстракция модельдері жайлы ақпарат ретінде де танылады. Когнитивтік модель құрылымы тұжырым құрылымымен барабар. «Когнитивтік модель – результат лингвокреативной деятельности данного языкового социума, отражающи «видения» обозначаемого в данной языковой системе» [19, 5б] – деп, ол білімді таныту және сақтау формасы ретінде танылады дейді.

«Когнитивтік модель – тілдік бірлік мазмұнын когнитивтік бейнелеу. Оның құрамында соған сай білім құрылымының фрагменті, осы модельді қалыптастыру негізіндегі когнитивтік операциялар жиынтығы бар», – деген А.Барановтың тұжырымын негізге алуға болады.

Когнитивтік модель құрамындағы прототип пен бейнелі түсінік болады (ол туралы Вежбицкая, А.В.Бондарко, В.Н.Телия, В.А. Долинская өз зерттеулерінде айтып өткен).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет