Для того, чтобы человек мог постичь


Прототип – идеалданған эталонды үлгі, яғни типтік түсінік ретінде танылса, бейнелі түсінік



бет8/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

Прототип – идеалданған эталонды үлгі, яғни типтік түсінік ретінде танылса, бейнелі түсінік – бейнелі гештальд- құрылым ретінде қарастырылады.

Когнитивтік модель (КМ) құрылымы:

КМ = ПРОТОТИП + БЕЙНЕЛІ ТҮСІНІК

↓ ↓


КОНЦЕПТ
Дж. Лакофф түсіндіруінше, «Гештальд- құрылым – мағынаның тілдік көрінісін белгілеу әдісі не форманың мағынаға ие болу амалы».

«Гештальд» пен «бейне» дублет бола алмайды, оларды бірінің орнына екіншісін қолдана алмаймыз.

В.Телия «Орыс фразеологиясы» еңбегінде: «Прототип» пен «гештальд-құрылым» алғашқы түсінікті білдіреді» [20, 96-97б],– деп тұжырым жасайды. Яғни олар ұғымнан гөрі нақты форманың бейнеленуін көрсетеді.

Бейнелі түсінік, яғни бейнелі гештальд- құрылым – бұл ықшамдалған бейне. Осыдан шығатыны: концепт бұл әрі когнитивтік модель, әрі когнитивтік бірлік. Когнитивтік жүйе концептуалдық құрылымнан тұрады. Концептуалдық құрылым: ойдағы бейне, прототип, кесте (схема), фрейм, сценарий, тұжырымды метафора. Бұл құрылым – когнитивтік жүйе бөлшектері, когнитивтік ойдың сыртқы формасы.


Сонымен әлемнің концептуалды бейнесі және әлемнің тілдік бейнесінің шектері мәселесі тұрғысынан түрлі ойлар бар:

  1. Әлемнің тілдік бейнесінің негізгі мазмұны әлемнің концептуалды бейнесін бүркейді; әлемнің тілдік бейнесі әлемнің концептуалды бейнесінің ядросын жетілдіріп аралық қызмет (переферия) атқарады (Брутян Г.А., Колшанский Г.В., Васильев С.А.)

  2. Әлемнің тілдік бейнесіне қарағанда әлемнің концептуалды бейнесі кең және бай, себебі оның қалыптасуында түрлі ойлау типтері, соның ішінде вербальді емес түрлері де қатысады. Әлемнің тілдік бейнесі – тілдік формалар арқылы өткен және тілге «байланған» концептуалды әлемнің бөлшегі (КарауловЮ.Н., Кубрякова Е.С., Касевич М.В.).

  3. Әлемнің концептуалды бейнесі мен әлемнің тілдік бейнесі бөлінбеген (не разграничны), себебі тек әлемнің концептуалды бейнесі ғана бар (Сүлейменова Э.Д).

Қорытындылай келе айтатын болсақ: «әлем бейнесі» – өмір шындығының нақты ақиқат құбылыстары, оның санадағы, адамдар ұғымындағы оймен жасалған бейнесі; «әлемнің тілдік бейнесі» – белгілі бір тілдік ұжымның күнделікті санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы түсініктердің жиынтығы, шындықты концептуализациялаудың белгілі бір тәсілі; «әлемнің ұлттық тілдік бейнесі» – әлем туралы кейбір түсініктердің ортақтығына қарамастан, оларға әр ұлт өзінше ерекше бір реңк үстеуі арқылы танылатын, көбіне ұлттық таным арқылы анықталатын әлем бейнесі; «әлемнің концептуалды бейнесі» – адам санасында жинақталған, белгілі бір тәртіпке түскен әрдайым жаңарып тұратын әлем туралы білімнің жүйесі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет