Дүние жүзі тарихы 1-нұсқа Грекиядағы ең атақты храм Парфенонда орналасқан мүсін: а артемида в афины


ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМДАҒЫ ӨНДІРІС ӘДІСТЕРІ



бет77/205
Дата13.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#495365
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   205
Дние жзі тарихы 1нса Грекиядаы е ататы храм Парфенонда орналасан мсін а артемида в афины

ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМДАҒЫ ӨНДІРІС ӘДІСТЕРІ
К.Маркстің жіктеуі бойынша дәстүрлі қоғамға қоғамдық-экономикалық формацияның алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық түрлері сәйкес келеді.
Өндірістің алғашқы қауымдық әдісі. Бұл адамзаттың жануарлар әлемінен бөлініп шығу кезеңінен бастап, таптық қоғамның орнауына дейінгі кезеңді қамтиды.
Өндірістің құлиеленушілік әдісі. Өндірістің антикалық әдісінің үстемдік етуі б.з.б. VI ғасырда Грекияда, б.з.б. ІІІ ғасырда Римде басталып, мыңдаған жылдар аралығында гүлденді. Бұл кезең б.з V ғасырына аяқталды. Өндірістің антикалық әдісінің аса маңызды ерекшілігі жекеменшік институтының құқықтық жағынан нығаюы болды. Жекеменшіктің маңызды нысаны құлдар еді. Грек полистерінің қолөнерге мамандандырылуы қолөнер шеберханаларында құл еңбегінің басым болуына алып келді. Рим құлдардың басым көпшілігін ауылшаруашылығына пайдаланды.
Өндірістің феодалдық әдісі. V ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін Батыс Еуропада орын алды. Феодализмнің мәні шаруалардың экономикадан тыс жеке немесе жерге тәуелділігі арқылы еңбекке қосымша өнімді феодалдық рента түрінде өндіруде және иемденуде болды. Қоғамның даму тарихы қоғамдық шаруашылықтың басты екі формуласын бөліп көрсетуге мүмкіншілік береді: натуралды және тауарлы.

21. Дәстүрлі қоғамдағы қоғамдық-экономикалық формацияның түрлері сәйкес келеді:


А) құлиеленушілік, феодалдық
В) капиталистік, феодалдық
С) құлиеленушілік, социалистік
D) капиталистік, құлиеленушілік
Е) алғашқы қауымдық, социалистік
22. Өндірістің антикалық әдісінің аса маңызды ерекшілігі
А) экономикалық институтының құқықтық жағынан нығаюы
В) әлеуметтік институтының құқықтың жағынан құлдырауы
С) жекеменшік институтының рухани жағынан нығаюы
D) қоғамдық институтының моральдік жағынан құлдырауы
Е) жекеменшік институтының құқықтық жағынан нығаюы
23. Жекеменшіктің маңызды нысаны
А) патшалар
В) ұжымшарлар
С) абыздар
D) құлдар
Е) жауынгерлер
24. V ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін Батыс Еуропада орын алды
А) өндірістің феодалдық әдісі
В) өндірістің капиталистік әдісі
С) өндірістің құлиеленушілік әдісі
D) өндірістің социалистік әдісі
Е) өндірістің алғашқы қауымдық әдісі
25. Ежелгі құлиеленушілік дәуірінің аяқталуы байланысты болды
А) Батыс Рим империясының құрылуымен
В) Византия империясының құлауымен
С) Латын империясының құрылуымен
D) Қасиетті Рим империясының құрылуымен
Е) Батыс Рим империясының құлауымен


Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды.

26. 1940 жылы 27 қыркүйекте «Үштік пакт» деп аталатын әскери одақ туралы келісімге қол қойған мемлекет(-тер):


А) Жапония
В) Германия
С) Италия
D) Франция
Е) КСРО
F) Қытай
G) АҚШ
H) Швейцария
27. Ништадт бейбіт келісімі бойынша Ресей алған жер(-лер):
А) Латвия
В) Черногория
С) Хорватия
D) Эстония
Е) Литва
F) Сербия
G) Болгария
H) Словения
28. 375 жылы Еуропа аймағына басып кіріп жойқын соғыс бастаған көшпелі тайпа(-лар):
А) ғұндар
В) скифтер
С) сарматтар
D) сириялықтар
Е) иллириялықтар
F) гректер
G) славяндар
H) вестготтар
29. 1402 жылы Анкара түінде Түріктің ұлы қолбасшысы Баязидті тас-талқан етіп жеңген(-дер):
А) Шыңғысхан
В) Хулагу
С) Әмір Темір
D) Батый
Е) Құбылай
F) Тоқтамыс
G) Тимур Шахрух
H) Тарағай Барлас Кеш
30. Франция елінде Италия мен неміс елшіліктері қаржыландырған экстремистік және ұлттық лига (-лар):
A) «Қызыл крест»
B) «Француз әрекет лигасы»
C) «Француз жастары»
D) Патриот жастар
E) «Достық лигасы»
F) Әскери крест
G) «Арыстандар ордасы»
H) «Ұлттық қауыпсіздік»
31. БҰҰ-ның ресми тіл(-і, -дері):
А) француз
В) итальян
С) неміс
D) испан
Е) португал
F) хинди
G) араб
H) бенгал
32. XVII-XVIII ғасырлар бойы Еуропа мәдениеті мен өнерінде бір-бірін ретпен ауыстырып отырған көркемөнер бағыт(-ы; -тары):
А) футуризм
В) фовизм
С) экзистенциализм
D) авангардизм
Е) сентиментализм
F) классицизм
G) романтизм
H) реализм
33. 1953 жылы ДНҚ молекуласын анықтаған(-дар):
А) П.Элюар
В) Ф.Крик
С) Дж.де Сантес
D) Л.Висконти
Е) П.Джерми
F) М.Уилкинс
G) Н.Винер
H) Дж.Уотсон
34. Б.з.б. XXVIII-XXIV ғасырларда біртіндеп дамып, жеке қала мемлекеттерге айналған қала(-лар):
А) Киш
В) Урук
С) Умма
D) Эрид
Е) Вавилон
F) Крина
G) Томбукту
H) Куско
35. Кубизм бағытының негізін салушы(-лар):
А) Г.Марсель
В) А.Камю
С) П.Пикассо
D) Ж.П.Сартр
Е) М. Шагал
F) В.Кандинский
G) Ж.Брак
H) Ф.Леже




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет