Берілген мәтіннің негізінде Түркия мемлекетінің президенті Мұстафа Кемалдың діни саясатын талдаңыз.
1924 ж. 3 наурызда Шариғат және Вакфтар Басқармасы жабылып, Дін істері министрлігі құрылды. Білімнің Біріктірілуі туралы Заң шығарылып, бүкіл медреселер мен мектептер Ұлттық білім министрлігіне бағындырылды. 1924 жылы 20 сәуірде жаңа Конституция қабылданды. Осылайша құқық ережелері дінге негізделген теократиялық жүйе жойылып, құқықтық, зайырлы мемлекет құрылды. Әлемде зайырлы жүйеге көшкен алғашқы мұсылман мемлекеті болды. Мазхабтар арасы құқықтық ережелерінің алуандығын жойып, мұсылман мен мұсылман еместерді, әйел мен еркекті, барлығының заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету үшін жалғыз құқық жүйесі енгізілді. Осылайша ұлтына, наным-сеніміне, жынысына, табына қарамастан барлығы заң алдында тең болды.
1925 жылы сәуірде Отан Сатқындығы заңына діни-саяси мақсаттағы ұйымдар құруға тиым салынатын бап қосылды, діни мақсатта мемлекеттік жүйені өзгертуді, бұзуды көздеу отан сатқыны саналатын болды.
Дереккөзі: http://kerey.kz/?p=11483
Қоғамда қандай жағымды
|
Қоғамға қандай жағымсыз
|
Қоғам қалай өзгерді?
|
өзгеріс әкелді?
|
өзгеріс әкелді?
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
М.Кемалдың діни саясатының жағымды әсерін түсіндіреді;
М.Кемалдың діни саясатының жағымсыз әсерін түсіндіреді;
М.Кемалдың діни саясатынан кейінгі өзгерісті жазады.
11