24-ҚОСЫМША
Преференциялық сауда келісімдері
I. ТМД еркін сауда аймағы
Негізге алынатын келісімдер
-
Еркін сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісім;
- Еркін сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылғы 2 сәуірдегі хаттама;
- Еркін сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімнің мүше мемлекеттердің бос сауда режимінен алып тастауларды кезең бойынша алып тастау жөніндегі кеңес беруді жүргізу процедураларының ережелері туралы 1999 жылғы 24 желтоқсандағы хаттама; және
- Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина қол қойған – Еркін сауда аймағы туралы 2011 жылғы 18 қазандағы шарт; және
- 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы келісімді 2013 жылғы 31 мамырдағы Келісімге мүше елдер мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану жөніндегі хаттама.
ТМД шеңберінде еркін сауда туралы екіжақты сауда келісімдер
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы хаттама - күші жойылған, жаңа хаттамаға қол қойылған;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2005 жылғы 24 мамырдағы хаттама;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1999 жылғы 2 қыркүйектегі келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1999 жылғы 2 қыркүйектегі хаттама - күші жойылған, қолданыс мерзімі өткен;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1997 жылғы 23 қыркүйектегі келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1997 жылғы 22 маусымдағы келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1997 жылғы 22 маусымдағы хаттама - қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1995 жылғы 26 маусымдағы келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1995 жылғы 26 маусымдағы хаттама - қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1992 жылғы 22 қазандағы келісім – күші жойылған;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1992 жылғы 22 қазандағы хаттама - күші жойылған;
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы алулар мен шектеулерсіз еркін сауда режимін енгізу туралы хаттамаға - күші жойылған;
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы алулар мен шектеулерсіз еркін сауда режимін енгізу туралы хаттамаға 1998 жылғы 23 желтоқсандағы толықтырулар - күші жойылған;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1995 жылғы 22 қарашадағы келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1995 жылғы 22 қарашадағы хаттама - қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1997 жылғы 2 маусымдағы келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1997 жылғы 2 маусымдағы хаттама - қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы 1994 жылғы 17 қыркүйектегі келісім – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1997 жылғы 29 желтоқсандағы хаттама - қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы келiсiм – қолданыста;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы келісімге еркін сауда режимін алып тастау туралы 1997 жылғы 11 қарашадағы хаттама - күші жойылған, жаңа хаттамаға қол қойылды;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы 1997 жылғы 11 қарашадағы еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 2004 жылғы 11 қарашадағы хаттама – қолданыста.
ТМД ЕСА шеңберінде қабылданған барынша маңызды келісімдер:
- Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үкіметі басшылар кеңесінің 2000 жылғы 30 қарашадағы шешімі – күші жойылған;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісім - қолданыста;
- Тауарларды қайта экспорттау және қайта экспорттауға рұқсат беру тәртiбi туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келiсiм;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Сыртқы Экономикалық Қызметінің (СЭҚ) бірыңғай тауарлар номенклатурсы туралы 1995 жылғы 3 қарашадағы келісім;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында СЭҚ бірыңғай тауарлар номенклатурсына өзгерістер енгізу туралы 1999 жылғы 8 қазандағы хаттама;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында СЭҚ бірыңғай тауарлар номенклатурсы туралы келісімге 2000 жылғы 20 маусымдағы хаттама; және
- Жалған тауар таңбаларын және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы 1999 жылғы 4 маусымдағы келісім.
II.ЕурАзЭК шеңберінде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағы
Кеден одағының құқықтық базасын құрастыратын ЕурАзЭК келісімдері:
- Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одақ туралы 1995 жылғы 6 қаңтадағы келісім;
- Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден одақ туралы 1995 жылғы 20 қаңтадағы келісім;
- Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістігі туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шарты;
КО құқықтық базасын құрастыруды аяқтаған Кеден одағының келісімдері:
- Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы келісім;
- Тауарлардың шығарылған елін анықтаудың біыңғай ережелері туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы келісім;
- Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кеден бағаларын белгілеу туралы 2008 жылғы 25 қаңтадағы келісім;
- Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы хаттама;
- Тауарларды дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы келісім;
- Кеден одақтың Кеден кодексі туралы 2009 жылғы 27 қарашадағы шарт;
Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістігі үшін құқықтық негізін анықтайтын келісімдер:
- Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық 2010 жылғы 19 қарашадағы келісім;
III Еркін сауда-саттық туралы өзге екіжақты келісімдер
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы еркін сауда-саттық туралы 2010 жылғы 7 қазандағы келісім (2012 жылдың 10 қаңтарда күшіне енді).
ҚОСЫМША
ШЕШІМ ЖОБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ
[2015 жылғы Х айдағы] шешімі
Бас кеңес,
Дүниежүзілік Сауда Ұйымын тағайындау туралы Марракеш келісімінің (ДСҰ Келісімі) ХІІ-бабы 2-тармақ пен ХІ-бабы 1-тармақты және Бас Кеңес мақұлдаған ДСҰ Келісімінің ІХ мен ХІІ-баптарына сәйкес шешім қабылдау тәртібін басшылыққа ала отырып (WT/L/93),
ДСҰ Келісімінің IV-бабы 2-тармағына сәйкес отырыстар арасындағы кезеңде Министрлік конференция функцияларын орындай отыра,
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 29 қаңтардағы ДСҰ Келісіміне қосылу туралы өтінімін ескере отырып,
Қазақстан Республикасының ДСҰ Келісіміне қосылу шарттарын белгілеуге бағытталған келіссөздер нәтижелерін белгілей отыра және Қазақстан Республикасының қосылуы туралы Хаттаманы дайындай отыра,
Келесі шешімді қабылдайды:
-
Қазақстан Республикасы осы шешімге қоса берілген Хаттамада белгіленген мерзімде және шарттарда ДСҰ Келісіміне қосыла алады.
_______________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ
Кіріспе
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің (бұдан әрі «ДСҰ келісімі» деп аталатын) ХІІ бабына сәйкес берілген Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас кеңесі мақұлдауының негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі «ДСҰ» деп аталатын) және Қазақстан Республикасы (бұдан әрі «Қазақстан» деп аталатын)
2015 жылғы 23 маусымдағы WT/ACC/KAZ/93 құжатында ұсынылған Қазақстан Республикасының ДСҰ келісіміне қосылуы туралы Жұмыс тобының баяндамасын (бұдан әрі «Жұмыс тобының баяндамасы» деп аталатын) назарға ала отырып,
Қазақстанның ДСҰ келісіміне қосылуы туралы келіссөздердің нәтижелерін ескере отырып,
Төмендегілер туралы уағдаласады:
I БӨЛІМ – ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
-
8-тармаққа сәйкес осы Хаттаманың күшіне енуімен Қазақстан көрсетілген Келісімнің ХІІ бабына сәйкес ДСҰ келісіміне қосылады және осылайша ДСҰ мүшесі болады.
-
Қазақстан қосылатын ДСҰ келісімі осы Хаттама күшіне енген күнге дейін күшіне енуі мүмкін осындай құқықтық құжаттармен енгізілген түзетулермен, түзетпелермен және өзге де өзгерістермен бірге көрсетілген Келісімге түсіндірме ескертпелерді қоса алғанда, ДСҰ келісімі болып табылады. Жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында көрсетілген міндеттемелерді қамтитын осы Хаттама ДСҰ келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Егер жұмыс тобы баяндамасының 1175-тармағында өзгеше көзделмесе, көрсетілген Келісім күшіне енген кезден басталатын уақыт кезеңі ішінде орындалға тиіс ДСҰ келісіміне қосымша болып табылатын көпжақты сауда келісімдері жөніндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасы көрсетілген Келісімді ол күшіне енген күнінен бастап қабылдағандай орындайды.
-
Көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімнің (бұдан әрі «ГАТС» деп аталатын) ІІ бабының 1-тармағына сәйкес келмейтін шараның осы Хаттамаға қоса берілетін ІІ баптан алып тастаулардың тізбесіне енгізілуі және ІІ баптан алып тастаулар бойынша ГАТС қосымшасының талаптарына сай болуы шартымен, Қазақстан Республикасы мұндай шараны сақтап қала алады.
II БӨЛІМ – ТІЗБЕЛЕР
5. Осы Хаттамаға Қосымшада берілген тізбелер 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімге (бұдан әрі «1994 жылғы ГАТТ» деп аталатын) қоса берілетін Басқаға беру мен міндеттемелер тізбесіне және Қазақстанға қатысты ГАТС-қа қоса берілетін Ерекше міндеттемелер тізбесіне айналады. Тізбелерде санамаланған басқаға беру мен міндеттемелер кезеңділігі тиісті тізбелердің тиісті бөліктерінде көрсетілгендей жүзеге асырылады.
6. 1994 жылғы ГАТТ ІІ бабының 6 (а) тармағындағы анықтаманың мақсаттары үшін осы Хаттамаға қоса берілетін Басқаға беру мен міндеттемелер тізбесіне қатысты күнге сәйкес келетін көрсетілген Келісімнің күндері осы Хаттаманың күшіне енген күні болып табылады.
III БӨЛІМ – ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7. Осы Хаттама қол қою немесе өзге тәсіл арқылы Қазақстанның қабылдауы үшін 2015 жылғы 31 қазанға немесе Бас кеңес айқындауы мүмкін неғұрлым кешірек күнге дейін ашық.
8. Осы Хаттама оны Қазақстан қабылдаған күнінен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
9. Осы Хаттама ДСҰ Бас директорына сақтауға тапсырылады. ДСҰ Бас директоры 7-тармаққа сәйкес осы Хаттаманың расталған көшірмесін және Қазақстанның оны қабылдағаны туралы хабарламаны ДСҰ әрбір мүшесіне және Қазақстанға дереу ұсынады.
10. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркеледі.
[...] [...] [...] ағылшын, француз және испан тілдерінде жалғыз данада жасалды, әрі қоса берілетін Тізбеде осы тілдердің біреуінде ғана тең түпнұсқалы болып табылатындығы белгіленуі мүмкін жағдайды қоспағанда, әрбір мәтін тең түпнұсқалы болып табылады және Жұмыс тобының баяндамасы тек ағылшын тілінде ғана тең түпнұсқалы болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін
|
Дүниежүзілік сауда ұйымы үшін
|
_______________
ҚОСЫМША
Тек ағылшын тілінде теңтүпнұсқалы болып табылатын
CLXXII ТІЗБЕСІ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
(WT/ACC/KAZ/93/Add.1 құжатында таралған)
_______________
Тек ағылшын тілінде теңтүпнұсқалы болып табылатын
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЕРЕКШЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТІЗБЕСІ
ІІ-БАПҚА СӘЙКЕС БҚР-ДАН АЛЫП ТАСТАУЛАР ТІЗБЕСІ
(WT/ACC/KAZ/93/Add.2 құжатында таралған)
_______________
Достарыңызбен бөлісу: |