ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Шетел валютасы және төлемдер



бет2/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

Шетел валютасы және төлемдер




  1. Қазақстан өкілі валюталық операциялар мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттелетінін атап өтті: 2012 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістермен «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»
    2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Заңымен (бұдан әрі – № 57-ІІІ Заң), «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысымен (бұдан әрі – Валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері № 154), 2009 жылғы
    30 қарашадағы өзгерістермен «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциясын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысымен (бұдан әрі - № 106 қаулы), 2010 жылғы 1 ақпандағы өзгерістермен «Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» ҚРҰБ Басқармасының 2009 жылғы 16 шілдедегі
    № 63 қаулысымен (бұдан әрі - № 63 қаулы), «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының
    2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысымен және басқа да ҚРҰБ нормативтік-құқықтық актілерімен жүзеге асады.




  1. Қазақстан Республикасының валюталық реттеуінің мақсаты орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа жәрдем ету болып табылады. Валюталық реттеу міндеттері: (i) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналымының тәртібін белгілеу; (ii) Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі интеграциялануы үшін жағдай жасау; және
    (iii) валюталық операциялар мен капитал ағыны жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету.




    • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рөлі




  1. Қазақстан өкілі атап өткендей, ҚРҰБ төлем жүйелерінің тиімді және сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды, сол сияқты оларды бақылау үшін жауапты болады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы
    № 2155 Заңының 48-бабына сәйкес ҚРҰБ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді және реттейді. ҚРҰБ мыналарды белгілейді: (i) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын және тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін;
    (ii) қолма-қол ақшаны пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары.




  1. ҚР ҰБ валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функцияларына мыналар жатады: (i) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналымының тәртібін айқындау; (ii) Қазақстан Республикасында резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операцияларды жүргізу тәртбін айқындау; (iii) резиденттердің экспорт және импорт бойынша сыртқы сауда келісімшарттарын есептік тіркеуінің бірыңғай қағидаларын және шарттарын және резиденттердің репатриация талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау; (iv) Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтарды әкелу, әкету тәртібін айқындау; (v) шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялау тәртібін айқындау және лицензия беру; (vi) айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін айқындау және тіркеу куәліктерін беру; (viii) валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асыру тәртібін айқындау және олар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерінде шот ашуы туралы хабарлау, сондай-ақ тіркеу куәлігін және хабарлау туралы куәлітер беру; (ix) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін айқындау;
    (x) арнайы валюталық режим аясында валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар беру; (xi) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасында резиденттер мен бейрезиденттер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің тәртібін және нысанын айқындау; (xii) банктер және өзге тұлғалардың бұзу фактілері анықталған жағдайларда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкциялар салу.




  1. Қазақстан Өкілі Қазақстан Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) туралы келісімнің VIII бабында белгіленген міндеттерді қабылдағанын және
    1996 жылы ағымдағы операциялар бойынша теңгенің толық айырбасталатынын белгілегенін атап өтті.




  1. 2009 жылғы 4 ақпаннан бастап ҚРҰБ ұлттық валютаның айырбас бағамының АҚШ долларына байланысты болу режимін ұстанды. Ұлттық валютаның әлемдік нарықтардағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларының қолайлы баға конъюнктурасы және төлем балансының жай-күйі ықпал еткен тұрақтылығын ескере отырып, ҚРҰБ айырбас бағамын қолдауды жойды, 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап ҚРҰБ теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуді жүзеге асырды. Орта мерзімді кезеңіндегі теңгенің девальвациясы үшін алғышарттар жоқ. ҚРҰБ отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер ету мүмкін ұлттық валютаның нақтры бағамының айтарлықтай ауытқуын болдырмауға бағытталған шаралар жүргізуде. ҚРҰБ мүмкіндігінше теңге бағамының икемділігін арттыру мақсатында өзінің валюта нарығына қатысуын одан әрі төмендетуге ұмтылатын болады.







  1. Шетел валютасын сатып алуға байланысты алымдар немесе шектеулер туралы сұраққа Қазақстан өкілі №57-ІІІ Заңның 17-бабына сәйкес шетел валютасын сатып алу (айырбастау) тек уәкілетті банктер, уәкілетті ұйымдар немесе олардың айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Ол №57-ІІІ Заңға сәйкес банктік операцияларды және шетел валютасымен операцияларды, оның ішінде клиенттердің атынан операцияларды жүзеге асыратын екінші деңгейлі банктер және ұйымдар «уәкілетті банктер» болып табылатынын түсіндірді. «Уәкілетті банктер» анықтамасы шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізуге ғана уәкілетті болатын «уәкілетті ұйымдарды» қамтымайды. Ол №154 Валюталық операцияны жүзеге асыру қағидаларының 15-бабына сәйкес резиденттер мен бейрезиденттер оларды орындау үшін, шетел валютасын сатып алу және сату жүзеге асырылатын валюталық шартсыз және (немесе) төлем құжатынсыз және мақсаттар бойынша валюта нарығында шетел валютасын шектеусіз сатып алуға және сатуға құқылы. Өз кезегінде, заңды тұлғалар (бейрезиденттер және резиденттер) уәкілетті банк арқылы шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеген кезде шетел валютасын сатып алу немесе сату мақсатын көрсетеді. Бұл ретте №154 қағидалардың 18-бабына сәйкес заңды тұлғалар сатып алған шетел валютасы өтінімде көрсетілген мақсаттан басқа мақсаттарға пайдаланылмайды.




  1. Қазақстан өкілі № 57-ІІІ Заңның 26-бабына сәйкес бейрезиденттер уәкілетті банктерде шетел және/немесе ұлттық валютада шоттарды шектеулерсіз аша алатынын атап өтті. Бейрезиденттер ұлттық валютаны және шетел валютасын шектеусіз i) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі өз шоттарынан уәкілетті банктердегі өзінің банк шотына,
    ii) сондай-ақ уәкілетті банктердегі өзінің банк шотынан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі өз шоттарын аударуға құқылы.




  1. Қазақстан өкілі №154 қағидаларға сәйкес жеке тұлғалар уәкілетті банктердегі өз шоттарынан қолма-қол шетел валютасын шектеусіз ала (аудара) алады. Уәкілетті банктердегі заңды тұлғалардың банк шоттарынан қолма-қол шетел валютасы жеке тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру мақсатына мынадай жағдайларда: (i) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде есеп айырысу, сондай-ақ халықаралық тасымалдау кезінде жолда жолаушыларға қызметтер көрсету және тауарлар сату кезінде;
    (ii) уәкілетті ұйымдар мен уәкілетті банктер айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын олардың арасындағы төлемдер; (iii) резидент заңды тұлғалар бейрезидент жұмысшыларға шетел валютасында еңбекақы төлегенде, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлға резидент жұмысшыға еңбекақы төлегенде; (iv) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды заңды тұлға төлегенде; және (v) өз қызметін халықаралық қатынас үшін ашылған әуежайларда, кемежайларда және шекаралық өтпелерде жүзеге асыратын жеке тұлға мен бейрезидент заңды тұлғалар арасындағы төлемдерде алынуы мүмкін. Оның пікірінше, шетел валютасын сату және сатып алу мақсаттарын көрсету статистикалық сипатта ғана болып отыр және заңды тұлғалардың сатып алынған валютаны заңнамада тыйым салынбаған мақсаттарда пайдалануын шектемейді. Оның пікірінше, қолданыстағы заңнамалық база заңды сауда операцияларын жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.




  1. Қазақстан өкілі атап өткендей, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы ағымдағы операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары оларды уәкілетті банктердегі өз шоттары арқылы өткізген кезде шектеусіз жүзеге асырылады. №57-ІІІ Заңның 16-бабының 1-тармағы валюталық операциялар бойынша төлемдер және ашқа аударымдары Қазақстанның уәкілетті банктерінде банк шотын ашусыз қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Төлемдер мен ақша аударымдары мынадай жағдайларда банк шотын ашусыз жүзеге асырылады: (i) жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдары, сондай-ақ олардың пайдасына жасалатын төлемдер мен аударымдар ұлттық валютада Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілгенде; (ii) жеке тұлғалардың уәкілетті банктерде банк шотын ашусыз жүзеге асырылатын өтеусіз ақша аударымдары (салықтық, лицензиялық төлемдер, айыппұлдар, мұрагерлік сомасын аудару, алименттер, гранттар және т.б. қоса алғанда) және жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес және оларға қатысты келісімшарттың, хабарламаның есепке алу нөмірін беру талабы айқындалмаған, Қазақстан Республикасынан ақша аудару; (iii) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде есеп айырысу, сондай-ақ халықаралық тасымалдау кезінде жолда жолаушыларға қызметтер көрсету және тауарлар сату; (iv) уәкілетті ұйымдар мен уәкілетті банктер айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын олардың арасындағы төлемдер; (v) резидент заңды тұлғалар бейрезидент жұмысшыларға шетел валютасында еңбекақы төлегенде, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлға резидент жұмысшыға еңбекақы төлегенде; (vi) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды заңды тұлға төлегенде; (vii) өз қызметін халықаралық қатынас үшін ашылған әуежайларда, кемежайларда және шекаралық өтпелерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлға мен бейрезидент заңды тұлғалар арасындағы төлемдерде; (viii) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалар мен және бейрезиденттер арасындағы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сома шегінде ұлттық валютадағы төлемдер. Бұдан басқа, Қазақстанның уәкілетті банктеріндегі банк шоттарынан тыс мынадай төлемдер мен аударымдар жүзеге асырылуы мүмкін: чек, вексель беру арқылы жүзеге асырылатын төлемдер; бейрезиденттер заңнамалық тәртіппен ашқан шетел банктеріндегі шоттар арқылы жүзеге асырылатын, бейрезиденттермен операциялар бойынша мен төлемдер және аударымдар, сондай-ақ уәкілетті банктердің шетел банктеріндегі корреспонденттік шоттары арқылы ақша аударымдары мен төлемдері; бейрезиденттердің резидент міндеттерін орындау есебіне жүзеге асырылатын шетел банктеріндегі бейрезиденттердің шоттарынан ақша аударымдары.




    • Валюталық операцияларға қойылатын шектеулер




  1. Сыртқы тәуекелдерге ден қою тетігі ретінде валюталық операцияларды шектеулер Қазақстан Республикасының аумағында №57-ІІІ Заңның
    32-бабында көзделген жағдайларда ғана енгізілуі мүмкін, осы бапқа сәйкес валюталық операцияларға шектеу елдің экономикалық қауіпсіздігіне және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда, егер, ахуал экономикалық саясаттың басқа құралдарымен шешілуі мүмкін болмаса енгізіледі. Валюталық операцияларды жүргізуді шектеулер Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізілген арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілуі мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында осы уақытқа дейін арнайы валюталық режим енгізілген жоқ.




  1. Президент валюталық операцияларды шектеуі мүмкін рәсімдер мен өлшемшарттарды түсіндіру туралы сұраққа Қазақстан өкілі бұл рәсімдер мен өлшемшарттар № 57-ІІІ Заңның 32-бабында келтірілгенін және олар мыналарды қамтитынын атап көрсетті: (i) валюталық операция сомасының пайызы ретінде анықталатын мөлшерде сыйақы төлеусіз уәкілетті банкте немесе ҚРҰБ-да белгіленген мерзімге сыйақы төлемей банктік депозит ашу талабы; (ii) валюталық операцияны жүргізу үшін ҚРҰБ арнайы рұқсатын алу; (iii) ҚР резиденттері алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабы; немесе (iv) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану жөніндегі шектеулер, валюта түсімін қайтару мерзімін және лимиттерін, валюталық операциялар бойынша есептесудің валюта мөлшерін, сомасын және валютасын белгілеу деп айтты. Қазақстан өкілі барлық шаралар бірден қолданылмайды, кейбір шаралар валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануы үшін қатерлердің сипатына қарай қолданылатынын атап көрсетті. Президент басқа да валюталық шектеулер қоя алады. Арнайы валюталық режимнің шаралары Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының төлем балансы бойынша және ішкі валюталық нарықта жағдайды жетілдіру үшін жағдай жасауға бағытталған.




  1. Қазақстан өкілі арнайы валюталық режимді Президент Ұлттық банкпен және Үкіметпен бірлескен консультациялардың негізінде енгізетінін айтты. Арнайы валюталық режимді енгізу туралы Президент актісі мыналарды қамтиды: (i) операциялар жүргізуге енгізілетін шаралар мен уақытша шектеулер тізбесі; (ii) арнайы рұқсат беру шартын қоса алғанда, арнайы валюталық режим талаптарын орындау тәртібі; (iii) арнайы валюталық режимді енгізу уақыты және оның қолданылу мерзімі. Арнайы валюталық режим бір жылдан артық мерзімге енгізілмейді. Арнайы валюталық режим енгізілген уақыттан бастап бір жыл ішінде Президент арнайы валюталық режим мерзімін ұзарта алады (егер ол бір жылдан аз мерзімге енгізілген болса) немесе оны күшін толығымен жоя алады немесе оның қолданысының ішінара тоқтата алады. Арнайы валюталық режим қолданылған кезеңде резиденттер және бейрезиденттер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режим енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.




  1. Бұл режимді енгізу жөніндегі нақты өлшемшарттар мен рәсімдер белгіленген жоқ, өйткені мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен қаржылық тұрақтылығына қауіп төнуіне әкеп соғуы мүмкін екендігін болжау қиын болды. Қазақстан өкілінің пікірінше, бұл жүйе ДСҰ келісімдерінің қағидаларына сәйкес келеді және ХВҚ қатысты міндеттемелерге қайшы келмейді. Жеке сұраққа ол, валютаны міндетті түрде сату режимі
    1999 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін жаңа айырбас бағамы режиміне көшу кезеңінде уақытша енгізілді. Содан бері шектеулер енгізу үшін негіздер болған жоқ.




  1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер 2010 жылғы 5 шілдеде жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және/немесе қаржы құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібіне байланысты. Қазақстан аталған келісімді «Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы
    №389-IV Заңмен ратификациялады. Шартқа сәйкес Қазақстанға үшінші елдерден импорттау және Қазақстаннан үшінші елдерге экспорттау жағдайында мыналар жазбаша түрде кедендік декларациялауға жатады:
    (i) баламада 1000 АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол ақша қаражаты мен жол чектері, (ii) сомасына қарамастан ұсынушыға арналған ақша құралдары. Бұл шарт ЕАЭО шеңберінде өз қолданысын сақтайды.

Валюталық операцияларды лицензиялау, тіркеу және хабарлау




  1. Жұмыс тобының бірқатар мүшелері валюталық заңнамада валюталық операцияларға қойылатын лицензиялық талаптардың көптігіне алаңдаушылық танытты, олардың кейбіреулері қалыпты сауда есеп-қисаптарды қиындатып жібереді және Қазақстанның валюталық режимді ырықтандыру жоспарлары туралы ақпарат беруді өтінді.




  1. Қазақстан өкілі, 2009 жылғы 1 қаңтарына дейін қолданылған валюталық операцияларды лицензиялау режимі (рұқсат беру режимі) № 57-ІІІ Заңмен толық алынып тасталғанын айтты. Қазіргі уақытта, лицензиялау режимі тек айырбастау пункттерінің және уәкілетті банктердің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша қызметіне ғана қатысты қалып отыр. Қазақстан жыл сайын ХВҚ-ға валюталық режим туралы баяндамалар ұсынады. ХВҚ тарапынан Қазақстан режимінің ХВҚ келісіміне қандай да бір қайшылықтары туралы мәлімдеме болған емес, атап айтқанда Келісімнің VIII бабына сәйкес жүргізіледі деп жауап берді. Келесі екі тармақта көрсетілгендей, тіркеу және хабарлау режимдері бойынша талаптар Қазақстанның міндеттемелерінің/түсімдерінің статистикалық мониторингі үшін және Халықаралық Валюта қорына және Дүниежүзілік банкке тиісті ақпаратты ұсыну үшін сақталған.




  1. Жұмыс тобының мүшесі №57-ІІІ Заңға валюталық операциялардыын және бөлшек сауданы лицензиялау жөнінде қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндіруді сұрады. Қазақстан өкілі 2005-2009 жылдар аралығында лицензиялау режимін кезең-кезеңмен ырықтандыру кезеңінде келесі валюталық операцияларға қатысты лицензиялау күшін жойды деді:




    • Бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасы үшін қызмет көрсету жөніндегі қызмет. Бұрынғы режим бойынша лицензия бажсыз сауда кедендік режимінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар жасайтын теңіз, ішкі су, әуе, теміржол және автомобиль көлігінде өз қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға берілген болатын;

    • 180 күн мерзімнен асатын экспорт/импорт есеп-қисаптары;

    • Резиденттердың бейрезиденттердің бағалы қағаздарын, бейрезиденттердің резиденциялық қорларының пайларын сатып алуы, бейрезиденттердің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің салымдар енгізуі, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операциялар;

    • Резидент жеке тұлғалардың және резидент-заңды тұлғалардың шетел банктерінде шоттар ашуы. Бұрынғы режим бойынша ҚРҰБ лицензиямен қаражат қалдығының құралдар лимитін және шетел банкіндегі шотты пайдалану шарттарын белгіледі.




  1. ҚР өкілі атап өткендей, резиденттер ғана ірі капиталдың қозғалу операцияларын тіркеуге, ол туралы ҚРҰБ-ға уақтылы хабарлауға тиіс. Олар құны 500000 АҚШ долларынан асатын капитал қозғалысына және мүлік (капитал) алуға байланысты немесе Қазақстан Республикасынан құны
    100000 АҚШ долларынан асатын капитал (материалдық активтер) аударуға байланысты операцияларды тіркеуге тиіс. Ол № 57-ІІІ Заңға сәйкес ҚРҰБ-да резиденттердің және бейрезиденттердің мынадай операциялары тіркелуге жатады: (i) осы баяндаманың 485-тармағында көрсетілгендей импорттық-экспорттық валюталық бақылауға жататын сыртқы сауда келісімшарттарын есептемегенде, 180 күннен асатын мерзімге коммерциялық кредиттер; (ii) тікелей инвестициялар; (iii) қаржылық лизингті қоса алғанда, 180 күннен асатын мерзімге қаржылай қарыздар; (iv) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқыққа ие болу; және (v) бірлескен қызметке қатысушының міндеттемелерін орындау үшін ақша аудару және басқа мүлік аудару. ҚРҰБ-ның тіркеу және хабарлау талаптары резиденттерге ғана қолданылады. Қазақстанға тікелей инвестиция салушы бейрезиденттер өз инвестицияларын және кірістерін ешбір шектеулерсіз олаодан экспорттай алады. Валюталық келісімшартты тіркеуден келесі жағдайлар бойынша бас тартылады:
    (і) №57-ІІІ Заңға сәйкес анық емес ақпарат беру не бермеу; (іі) жүргізілген операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болмауы. №57-ІІІ Заңның 8-бабының қағидалары тіркеу операцияларынан бас тартудың жалғыз негізі болып табылады. Мұндай жағдайда, егер резидент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес валюталық операция бойынша құжаттардық толық топтамасын ұсынса, уәкілетті банк келісімшартты тіркеуден бас тарта алмайды. Тіркеліп қойған операциялар алып тасталмайды және күшін жоймайды.




  1. Қазақстан өкілі тіркеу режимі резиденттің ҚРҰБ-ға оның негізінде капитал қозғалысы операциясы жүзеге асырылатын шарттың, сондай-ақ өтініштің, жеке басты куәландыратын құжаттардың және валюталық шарт бойынша міндеттемелердің көшірмелерін ұсынуын көздейтінін атап кетті. Хабарлама режимі операция жүргізілгенен кейін ол туралы ақпарат берумен шектеледі. Валюталық режимдерді ырықтандыру реформасының бір бөлігі ретінде, кейбір валюталық операцияларды тіркеу талабы тіркеу режиміне алмастырылды. Резиденттер мыналармен байланысты валюталық операциялар туралы хабарлауға тиіс: (i) 500 мың АҚШ долларына баламадан асатын сомадағы мүліктің (құралдың) түсуін көздейтін капитал қозғалысы (ii) Қазақстан Республикасынан 100 мың АҚШ долларына балаадан асатын сомадағы қаражатты (материалдық активтерді) аудару, және (iii) резиденттің бейрезидентке және (немесе) бейрезиденттің резидентке туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша, сондай-ақ жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортына (импортына) байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде аудару сомасы 100 мың АҚШ доллары баламасынан асқан жағдайда. Хабарлау тәртібі мыналарға: (i) қаржылай қарыздарды және тікелей инвестициялау операцияларын қоса алғанда, банктердің меншікті операциялары; (ii) брокер-резидентпен жасалған, брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылатын бағалы қағаздар операциясы (брокер хабарлайды); (iii) туынды қаржы құралдарымен операциялар;
    (iv) қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын алу; және (v) резиденттердің шетел банктерінде шот ашуы, (vi) сенімгерлік басқаруға берілген мүлікке, (ақша қаражатына және материалдық активтерге) таралады.




  1. Қазақстан өкілі № 154 Валюта қағидаларының 30-тармағына сәйкес валюталық реттеу режимдері мыналарға: (i) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік ішкі қарыздар туралы келісімдерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес ішкі қарыздарға, сондай-ақ осы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылатын операцияларға; (ii) келісімшартты есептік тіркеу талап етілетін экспортқа (импортқа) байланысты коммерциялық кредиттерге; (iii) бейрезиденттердің екінші деңгейдегі нарықта басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумақтарында шығарылған эмитент-резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуға (эмитент-резиденттердің бағалы қағаздарына шығарылған депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда); (iv) екінші деңгейдегі нарықта резиденттердің эмитент бейрезиденттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған (қазақстандық депозитарлық қолхаттарды қоса) бағалы қағаздарын сатып алуына;
    (v) бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы; (vi) банктердің туынды қаржы құралдарымен меншікті операцияларына; (vii) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері жүзеге асыратын валюталық операцияларға; және (viii) банктер бейрезиденттерге 180 күннен асатын мерзімге берген коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздарға таралмайды. Ол тіркеу және хабарлау режимдері статистикалық есепке алу мақсаты үшін қажет екенін атап өтті.




    • Айырбастау пункттері




  1. Жұмыс тобының бірқатар мүшелері Қазақстан өкіліне кәсіпорындар қалай валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқықтар ала алады, шетелдік ұйымдар лицензияланған банктер немесе валюта айырбастау пункттері бола ала ма, сондай-ақ лицензияны банктерден басқа да ұйымдарға беруге бола ма деген сұрақтар қойды. Қазақстан өкілі шетел валютасымен, оның ішінде клиенттердің тапсырыстары бойынша операциялар жүргізуді екінші деңгейлі банктер және басқа да қаржы ұйымдары ҚРҰБ берген лицензия негізінде жүзеге асыратынын атап өтті. Ол одан әрі «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
    12 сәуірдегі №25 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау агенттігінің таратылғанын айтып өтті. Бұл ретте, таратылған Агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері ҚРҰБ-ға берілді.




  1. Қазақстан өкілі ҚРҰБ шетел валютасымен қызметінің жалғыз түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын (айырбастау пункттері) заңды тұлғаларға айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия беретінін атап өтті. №57-ІІІ Заңның
    6-бабының 4-тармағына сәйкес лицензия алу үшін өтінім беруші – ҚРҰБ Басқармасының № 63 қаулысында жазылған бастапқы капиталының болуы туралы бір ғана біліктілік талабына сай болуы қажет.




  1. Қазақстан өкілі мұндай заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында да, шет елдерде де өкілдіктер құру құқығынсыз және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқықсыз, бірақ Қазақстанда филиалдар ашу құқығымен жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде құрылуы мүмкін екенін атап кетті. №106 қағидалардың
    2- тарауының 7-бабына сәйкес әділет органдарының уәкілетті ұйымға рұқсат алуға құжаттарды мемлекеттік тіркеуге тапсырғанға дейін үш жылдан кем мерзім ішінде шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан немесе шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру лицензиясынан айырылған уәкілетті ұйымның құрылтайшылары (құрылтайшыларының біреуі) болған тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері немесе бейрезиденттері – жеке және заңды тұлғалар уәкілетті ұйымның құрылтайшылары бола алады. Айырбастау операцияларын жүргізуге арналған бас лицензия өтінім берушінің айырбастау пункттерінің санын шектемейді.




  1. Шетелдік банктердің бөлімшелері мен өкілдіктері Қазақстанның заңды тұлғалары ретінде тіркелгенге және айырбастау операцияларын жүргізуге арналған рұқсатты алғанға дейін қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асыра алмайды.




  1. Қазақстан өкілі, егер Қазақстан валюталық оперцияларға немесе шетел валютасымен төлемдерге шектеулер енгізетін болса, онда мұндай шектеулер ДСҰ талаптарына сәйкес қолданылатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. ЖТ мүшесі Қазақстанның ақша-кредит және салық-бюджет саясаты саласындағы өңірлік бастамалар бойынша ақпарат беруін сұрады. Қазақстан өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ЕАЭО туралы шарттың XIV «Валюталық саясат» бөлімі және «Келісілген валюталық саясатты жүргізуге бағытталған шаралар туралы хаттамасы» атты 15-қосымшасына сәйкес мүше мемлекеттер ЕАЭО шеңберінде келісілген валюталық саясатты әзірлейтінін және жүргізетінін түсіндірді. 64-бапқа сәйкес бағамдық саясатты үйлестіруді құрамына мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің басшылары жетекшілері кіретін жеке орган жүргізеді. Ақша-кредит (валюталық) саясаты жөніндегі Консультативтік кеңес (Консультативтік кеңес) 2011 жылдың 12 желтоқсанында қол қойылған және 2012 жылдың
    1 қаңтарында күшіне енген «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Ақша-кредит саясатының келісілген принциптері туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің келісілген ақша-кредит (валюталық) саясаты туралы» шартқа сәйкес Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде құрылған. Консультативтік кеңес мүше мемлекеттердің ақша-кредит (валюталық) саясатын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО шеңберінде құрылған консультативтік орган ретінде қызметін жалғастыратын болады. Консультативтік кеңес шешімдері консенсус негізінде қабылданады және міндетті болып табылмайды. Кеңес өз қызметін тоқсанынан бір рет өткізілетін отырыстар арқылы тұрақты негізде жүзеге асырды. Сондай-ақ Қазақстан өкілі ақша-кредит және салық-бюджет саясаты саласында шешімдер қабылдау бойынша өкілеттіктер мүше мемлекеттердің ұлттық құзыретінде қалатынын түсіндірді.

Инвестициялық режим




  1. Қазақстанның өкілі Қазақстанның инвестициялық режимін қозғайтын заңнама 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясынан, 2011 жылдың 25 наурызындағы соңғы өзгерістерімен 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №269-XII Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінен (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) және 2010 жылғы 2 сәуірдегі соңғы өзгерістерімен 1999 жылғы 1 шілдедегі
    № 409 Ерекше бөлімінен; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы
    10 желтоқсандағы № 99-IV кодексінен, сондай-ақ: 2012 жылғы 20 ақпандағы соңғы өзгерістерімен «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-ІІ Заңды (бұдан әрі – Инвестициялар туралы Заң), «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-IV Заңды, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І Заңды, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
    2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-І Заңды («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң), «Концессиялар туралы» 2006 жылғы
    7 шілдедегі №167-ІІІ Заңды, «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы
    31 қаңтардағы №124-ІІІ Заңды қоса алғанда бірқатар нормативтік-құқықтық актілерден тұратынын айтты. Сондай-ақ ЕАЭО келісімдеріндегі және Қазақстан қосылған келісімдердегі (осы Баяндаманың «Тарифтік жеңілдіктер» бөлімін қараңыз) инвестициялық режимдерге жататын ережелер қолданылады.




  1. Қазақстан өкілі «Инвестициялар туралы» Заңның Қазақстанның инвестициялық саясатының құқықтық негізінің нақты элементтерін қамтитынын қоса айтты. Бұл заң Қазақстандағы инвестицияларға қатысты қатынастарды реттейді, инвестициялар тартудың құқықтық және экономикалық негізін айқындайды, Қазақстанға инвестиция жасайтын Қазақстандағы нивесторлардың құқықтарының қорғалуына кепілдіктер береді, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын және дауларды шешу тәртібін белгілейді. «Инвестициялар туралы» Заң жергілікті қамту талаптары мен инвестицияларды мемлекеттік қолдау шарасы ретінде экспортты жүзеге асыру бойынша талаптарды белгілемейді. Сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі «Инвестициялар туралы» заңның келісімшарттық құқықтарды белгілейтін ережелерді қамтымайтынын, оның орнына инвестициялық келісімшарттарды жасасу және бұзу тәртібін сипаттайды деп жауап берді.




  1. Инвестициялар деген түсінікті нақтылау туралы және ол барлық тауарларды қамти ма, жоқ па деген сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі, «Инвестициялар туралы» заң лизинг туралы шарт жасасқан сәттен бастап қаржылық лизинг бойынша мүлікті; инвестор заңды тұлғаның жарғылық капиталына салатын мүліктік қатынастарды; және кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын, тіркелген активтерді ұлғайтуды, сондай-ақ концессия шарты шеңберінде (оның құқық мұрагерін қоса алғанда) концессионер алған және шығарған тіркелген активтерді қоса алғанда, инвестицияларды барлық мүлік түрлері ретінде (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) анықтайды деп жауап берді.




  1. Одан әрі ол «Инвестициялар туралы» Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес инвесторға Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына толық және сөзсіз кепілдік берілетінін хабарлады. Инвестицияларды бұл құқықтық қорғау инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын толық және сөзсіз қорғаудан және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актілерді шығаруының нәтижесінде инвесторға келтірілген зиянды өтеу кепілдігінен тұрады. Азаматтық кодекстің 922-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай шығындар сот шешімі бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.




  1. Мүше «Инвестициялар туралы» Заңға сәйкес инвестор мен мемлекеттік орган арасында жасалған келісімшарттар талаптарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызметтің басым түрлерінің тізбесін өзгерту немесе мұндай тізбе күшін жоғалтатын мән-жайлар көзделген-көзделмегенін түсіндіруін өтінді. Қазақстан өкілі инвесторларға арналған құқықтық кепілдіктер «Инвестициялар туралы» Заңда белгіленетінін айтып жауап берді. Заңның
    4-бабының 3-тармағына сәйкес өзгерістер тараптардың келісімі бойынша енгізілетін шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттардың жағдайлары мен мерзімдерінің тұрақты болуына кепілдікті қамтамасыз етеді. Инвесторларға арналған бұл кепілдіктер мыналарға: (i) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістерге және/немесе олардың күшіне енуіне, акцизделетін тауарларды импорттау, өндіру, сату тәртібі мен шарттарын өзгертетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерістерге; (ii) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды. Заңның 4-бабында көзделген айрықша жағдайларда, жасалған шарттар өзгертілуі мүмкін, яғни мемлекет жаңа заңнама қабылдауы немесе қолданыстағы заңнаманы өзгертуі мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстан жоғарыда көрсетілген айрықша жағдайларды қолданбағанын және тиісінше қол қойылған инвестициялық келісімшарттардың талаптарына өзгерістер енгізбегенін айта кету маңызды. Осылайша инвесторларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілетін құқықтық кепілдіктер қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілетін кез-келген өзгерістер немесе мұндай тізбенің күшінің жойылуы жасалған келісімшарттарға ешқандай ықпал етпейтінін де білдіреді.




  1. «Инвестициялар туралы» Заң мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы бойынша кепілдіктерді, инвестиялық қызметтерге қатысты (компанияны тіркеу, жарғы, лицензиялау және т.б.) ақпаратқа қолжетімділікті; инвесторлар үшін пайданы өз еріктері бойынша пайдалануға кепілдіктерді; мемлекет меншігіне алу және реквизициялау кезінде инвесторлар құқықтарының қорғалу кепілдігін; сондай-ақ осы заңда көзделген, дауларды халықаралық төрелікте шешу мүмкіндігін қоса алғанда, инвестициялық даулардың шешілуін реттеуді қамтамасыз етеді. Аталған Келісімдер саяси (реттеуші) тәуекелдер орын алған кезде, мемлекет меншігіне алу және экспроприациялау кезінде инвестициялардың қайтарылу; кемсітуді болдырмау, сондай-ақ халықаралық төрелік соттарға шағымдануды қоса алғанда, дауларды шешуді реттеу кепілдіктерін көздейді.




  1. Мүшенің мемлекет меншігіне алу бойынша толығырақ ақпарат беру туралы сұрай салуына Қазақстан өкілі меншікті мемлекет меншігіне алу рәсімі Азаматтық кодексте және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда белгіленеді деп жауап берді. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 54-бабына сәйкес мемлекет меншігіне алу қоғамдық мүдделерде белгіленген заңдық тәртіпті сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуы және кемсітусіз жүргізілуі мүмкін. Мемлекет меншігіне алынған мүліктің құнын және басқа да шығындарды өтеу меншік құқығы Қазақстан Республикасына толық көлемде өткенге дейін жүргізіледі.




  1. Бағалау қызметі бойынша заңнаманың бар-жоғы және оның өтеуге қандай ықпалы бар екені туралы сұрау салуға Қазақстан өкілі реквизициялау және мемлекет меншігіне алу кезінде мемлекет сатып алатын немесе иеліктен шығарылатын мүлікті бағалауды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізетінін айтты. Мемлекет меншігіне алуға және реквизициялауға жататын мүліктің нарықтық құны алда болатын мемлекет меншігіне алу немесе реквизициялау туралы хабарландыру нәтижесіндегі өзгерістерді ескерусіз белгіленеді. Мемлекет меншігіне алынатын меншік иесінің талабы бойынша өтемақы төленетін күнге мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құнын қайта бағалау жүргізіледі.




    • Инвестициялық преференциялар




  1. Қазақстан өкілі бұдан әрі «Инвестициялар туралы» Заң инвестицияларды мемлекеттік қолдау жаңа технологияларға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуге және жаңартуға, кадрларды оқытуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға салынатын инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық жағдайлр жасауға бағытталғанын айтып өтті. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының барлық заңды тұлғаларына олар белгіленген талаптарға сай болған жағдайда басым қызмет түрлері тізбесі бойынша инвестициялық преференциялар беруді қамтиды. Осыған байланысты «Инвестициялар туралы» Заң инвестициялық преференцияларды қоса алғанда, шетел инвестициялары үшін ең аз капитал бойынша талаптарды, оның қолданылу саласын белгілемейді, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қамтиды. Инвестициялық преференциялар басым қызмет түрлерінің тізбесі (Үкіметтің 2003 жылғы
    8 мамырдағы №436 қаулысымен бекітілген және Үкіметтің 2010 жылғы
    6 тамыздағы №809 қаулысымен толықтырылған) немесе стратегиялық инвестициялық жобалар тізбесі бойынша инвестициялық қызметке беріледі. Ол одан әрі Үкіметтің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі №1293 қаулысымен қабылданған инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінің күші жойылатынын және осыған байланысты инвестициялық стратегиялық жобалардың жаңа тізбесі әзірленетінін түсіндіріп өтті.




  1. Бұған дейін инвестициялық салық преференциялары мүлік салығынан, жер салығынан және корпоративтік табыс салығынан толық босату нысанында берілген және инвестор объектіні пайдалануға енгізген күннен бастап қолданылған. Алайда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл инвестициялық салық преференциялары «Инвестициялар туралы» Заңнан алынып тасталды. Сонымен қатар 2009 жылға 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар үшін өтпелі кезең қарастырылады. Мәселен, «Инвестициялар туралы» Заңның 23-бабына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісімшартқа сәйкес берілген салықтық преференциялар осы келісімшартта белгіленген мерзім өткенге дейін өз күшін сақтайды. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін салықтық преференциялар беруді көздейтін шамамен 100 инвестициялық келісімшарт жасалған, олардың 58-і әлі күнге дейін қолданылуда. 2009 жылға 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық шарттардың бір де біреуінде жергілікті қамту талабы қамтылмайды.




  1. Инвестициялық преференциялардың барлық түрлерін беру үшін негізгі талап – инвестициялық қызмет басым қызмет түрлерінің тізбесіне кіруге тиіс. Инвестициялық преференциялардың келесі түрлері инвестициялық келісімшарт шеңберінде ұсынылуы мүмкін:




    • кедендік баждар салудан босату;




    • мемлекеттік заттай гранттар;




    • инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асырушы заңды тұлғалар үшін жер салығы және мүлік салығы бойынша жеңілдіктер;




    • әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асырушы заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер.




  1. Кедендік баж салудан босату және мемлекеттік заттай гранттар Үкіметтің 2003 жылғы 8 мамырдағы №436 қаулысымен бекітілген, басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізіледі. Кедендік баж салудан босату инвестициялық келісімшарттар жасалған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге ұсынылады. Мемлекеттік заттай гранттар инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап инвестициялық келісімшарт іске асырылатын кезеңге ұсынылады. Инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер салығы және мүлік салығы бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ өнеркәсіптік жеңілдіктер үшін қосымша талап белгіленген, яғни инвестициялық жоба инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізілуге тиіс. Егер, жоба инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізілмеген жағдайда, заңды тұлға мұндай преференциялар алуға бере алмайды.




  1. Қазақстан экономикасын дамыту үшін статегиялық мәні бар стратегиялық инвестициялық жобалар, оның ішінде жобалар түсінігі
    2012 жылдың 20 ақпанынан бастап «Инвестициялар туралы» Заңға қайта енгізілді. Стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы заңды тұлғалар жер салығы және мүлік салығы, сондай-ақ өнеркәсіптік салықтар бойынша жаңа инвестициялық жеңілдіктер алулары мүмкін. Жер салығы және мүлік салығы бойынша жеңілдіктерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен айқындалады. Жер салығы және мүлік салығы бойынша преференциялар инвестициялық шарт жасалған күннен бастап 7 жылдан артық емес мерзімге ұсынылуы мүмкін. Өнеркәсіптік жеңілдіктер әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы заңды тұлғаларға, газға; электр энергиясына; жер учаскесін сатып алуға; ғимараттарды, құрылыстарды сатып алуға (құрылысын салу) шығындардың бір бөлігін төлеу немесе өтеу үлгісінде ұсынылады. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендердің тізілімі Үкіметтің 2012 жылғы
    10 мамырдағы № 601 қаулысымен бекітілген. Өнеркәсіптік жеңілдіктер беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы
    № 61 қаулысымен бекітілген. Өнеркәсіптік жеңілдіктер стратегиялық инвестициялық жобалар пайдалануға берілген күннен бастап 7 жылдан артық емес мерзімге берілуі мүмкін. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік переференциялар және мүлік салығы мен жер салығы бойынша преференциялар ұсынылған жоқ.




  1. Қызметтердің басым бағыттары және стратегиялық инвестициялық жобалар тізілімі мезгіл-мезгіл қарастырылып тұрады. Үкіметтің 2003 жылғы 8 мамырдағы №436 қаулысымен бекітілген қызметтердің басым бағыттары Үкіметтің 2009 жылғы № 925 қаулысымен өзгертілді және Үкіметтің
    2010 жылғы № 809 қаулысымен тағы да өзгертілді. Өзгерістер қызметтер түрлеріне қатысты жасалынды, бірақ қызметтер саны (93) өзгерген жоқ. Қызметтердің басым бағыттары тізіліміне Үкіметтің 2012 жылғы
    8 қарашадағы қаулысымен өзгерістер енгізілген. Қызметтердің басым бағыттарының жаңартылған тізімі Жұмыс тобының баяндамасына
    (2 қосымшада) тіркелген.




  1. «Инвестициялар туралы» Заңның 19-бабына сәйкес өтініш берушіден заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаны немесе стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжаттарды Үкімет айқындаған инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға ұсыну талап етіледі. Уәкілетті орган ұсынылған ақпаратқа және олардың орындалуы бойынша бақылауға негізделген инвестициялық преференциялар ұсынуға шарттар жасасу бойынша жауапты орган болып табылады. Осы орган, сондай-ақ инвестициялық преференциялар ұсынуға және олардың мерзімдерін созу мүмкіндігіне қатысты шешімдер қабылдайды. Қазіргі уақытта инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті болып табылады.




  1. «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының кедендік одағын бірегей кедендік-тарифтік реттеу туралы» КО комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес келтіру мақсатында 2012 жылғы 20 ақпандағы «Инвестициялар туралы» Заңға өзгерістер енгізілген болатын. Осы өзгерістерге сәйкес кедендік баж салықтарынан босату уәкілетті органмен жасалынатын инвестициялық шарттар шеңберінде инвестициялық жобаны немесе стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін әкелінетін технологиялық жабдықтарға, оның құрамдас бөліктеріне және қосалқы бөлшектеріне, шикізаттарға және материалдарға ұсынылады. Мемлекеттік натуралық гранттарды Үкімет инвесторларға жер учаскелері, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, есептеу техникалары, өлшейтін және реттейтін аспаптар, көлік құралдары (жеңіл автокөліктерді қоспағанда), өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары түрінде ұсынылуы мүмкін. Уәкілетті орган сондай-ақ, ішкі заңнама негізінде және тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша мемлекеттік натуралық гранттарды меншікке немесе уақытша жерді пайдалануға ұсына алады.




  1. Бұдан әрі, ол инвестициялық салық преференцияларын жеңілдетілген және кеңінен ұсыну рәсімдері мен шарттары Салық кодексімен белгіленетінін түсіндіріп өтті. Қазақстан Республикасының Салық кодексі корпоративтік табыс салығы бойынша шегерістер үлгісінде инвестициялық салықтық преференцияларды қарастырады. Осы салық префренцияларын қолдану заңды тұлғадан инвестицияларды реттеу саласындағы құзіретті органмен олардан пайда алу үшін инвестициялық шарт жасасуды талап етпейді. Салық кодексіне сәйкес бұл салық префренцияларын қолдану жергілікті қамту талаптарын белгілеумен байланысты емес. Осы инвестициялық салық преференциялары заңды тұлға үшін табыс салығы бойынша шегерімдерге өндірістік маңыздағы құрылыс және ғимараттың, өндірістік маңыздағы машиналар мен жабдықтардың құнын, сондай-ақ жаңғырту мен қайтадан жөндеуге арналған шығындарды жатқызуға мүмкіндік береді. Бұл салық преференцияларын қолдану мерзімі заңды тұлғаның қандай шегеру тәсілін таңдағанына байланысты болады. Шегерімдер төмендегі екі әдістің бірі бойынша жүргізілуі мүмкін:
    (і) объектіні пайдалануға бергеннен кейінгі шегеру әдісі; немесе (іі) объектіні пайдалануға бергенге дейінгі шегеру әдісі. Объектіні пайдалануға бергеннен кейінгі шегеру әдісі – шығындарды (ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, құрылысын салу, монтаждау және орнату) алғашқы үш салықтық кезең ішінде тең бөліктерде немесе объектіні пайдалануға беру жүргізілген салық кезеңінде бір рет шегерумен байланысты болып табылады. Екінші әдіске сәйкес, яғни объектіні пайдалануға бергенге дейінгі шегеру әдісі – шығындарды (ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, құрылысын салу, монтаждау және орнату, сондай-ақ қайтадан жөндеу мен жаңғырту) бұл шығындар орын алған салық кезеңінде шегеруге жатады. Осы салық преференциялары алғашқы рет пайдалануға беріліп отырған, үш жылдан кем емес уақытта пайдаланылатын өндірістік маңыздағы машиналар мен жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.




  1. Автомобиль көліктері саласындағы инвестициялық преференциялар жергілікті қамту талаптарын қамтитын еркін қойма режимінде ұсынылады. Қосымша, жергілікті материалдарды пайдалану шарттарына байланысты преференциялар осы Баяндаманың «Еркін аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар» тарауында сипатталады. Жоғарыда көрсетілген «Инвестициялар туралы» Заңға сәйкес ұсынылатын кедендік баж салықтарын төлеуден босату құрылымдық және құқықтық тұрғыдан осы Баяндаманың «Сауда жасаумен байланысты инвестициялық шаралар» тарауында сипатталған бос қойма режиміндегі жергілікті қамту талаптарынан және Қазақстанның автокөлік инвестициялық бағдарламасындағы жергілікті қамту талаптарынан туындайтын кедендік баж салығынан босатудан ерекшеленеді.




  1. Қазақстанның өкілі «Инвестициялар туралы» Заңның 3-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік мақсаттары үшін шетелдік инвестициялық қызметтер кейбір салаларда шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-І Заңның
    5-бабына сәйкес шетелдік жеке және заңды тұлғаларға Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаның 20% артық акциясына тікелей немесе жанама иелік етуге, қолдануға және басқаруға тыйым салынады. «Күзет қызметі туралы»
    2000 жылғы 19 қазандағы № 85-II Заңның 5-бабына сәйкес шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысушылары бар заңды тұлғалар, шетелдіктер,
    сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға құқықтары жоқ. Ол, сонымен қатар «Ұлттық қауіпсіздік туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233-І Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес телекоммуникация саласында қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде қызметті жүзеге асыратын, жер бетіндегі байланыс желілеріне ие (кабельдік, оның ішінде талшықтық-оптикалық және радиорелелік) заңды тұлғаның капиталындағы шетелдік қатысу 49%-ға дейін шектелгендігін қоса айтты.




  1. «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңына сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыратын әуе компаниясының жарғылық капиталындағы шетелдік үлес 49%-дан аспауы тиіс. Ол сонымен бірге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
    1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I Заңның 36-бабына сәйкес шетелдік үлестері бар жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасындағы барлық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталының 25%-нан артық болмауы қажеттігін атап өтті. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдар үшін бұл сан 50% деңгейінде белгіленген. Бұдан өзге, жинақтаушы зейнетақы қорларының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың директорлар кеңесінің кемінде үштен бірін Қазақстан Республикасының азаматтары құрауы тиіс. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №107-III Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 128-III Заңына сәйкес банктер мен сақтандыру (қайтадан сақтандыру) компанияларына қатысты шетелдік капиталдың қатысуы бойынша осыған ұқсас шектеулер жойылғанын атап өтті. Ол «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы
    11 желтоқсандағы № 204-III Заңымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерін жүзеге асырушы бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталындағы 49%-дық шетелдік үлестің жойылғанын қоса айтты.




  1. Ол, сонымен қатар 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексінің 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының шекаралық аймақтарында және шекаралық жолағында орналасқан жер учаскелерін шетелдік азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке меншікте иеленуіне тыйым салынатынын атап өтті. Бұдан өзге, шетел азаматтары және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық өндірісіне және ағаш егу шаруашылығына арналған жер учаскелерін жеке меншікте иелене алмайды. Шетелдіктер ауыл шаруашылық өндірісіне арналған жер учаскелерін 10 жылдан аспайтын мерзімге уақытша пайдалану құқығына ие бола алады. Сондай-ақ, шетелдіктерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен шектелетін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жалға алуға тыйым салынады.




  1. Топ мүшесі шекаралық аймақ және шекаралық жолақ айқындамасын түсіндіруді сұрады. Қазақстанның өкілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы №70-V Заңының 2-бабы 29-тармағына сәйкес шекаралық жолақ – Мемлекеттік шекарамен тікелей шектесіп жатқан құрлықтағы жер учаскесі аумағының бөлігі, Мемлекеттік шекара шекаралық өзендер, көлдер және басқа су қоймалары бойынша өтетін, көрсетілген су қоймаларының негізгі жағалауымен шектелетін аумақтың бөлігі, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимі жұмыс істейтін сол су қоймаларында аралдар орналасқан аумақ ретінде айқындалатынын түсіндірді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның 2-бабының 28-тармағына сәйкес шекаралық аймақ – бұл әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы шегінде шекаралық жолақпен шектесетін, Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі.




  1. Шетелдік тұлғаларға сатып алуға немесе жалға алуға тыйым салынған шекарадан минималды қашықтық туралы жұмыс тобы мүшелерінің бірінің сұрағына Қазақстанның өкілі «Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 365 қаулысына сәйкес мұндай арақашықтық Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасына шектес әкімшілік аумақтар (аудандар) шеңберінде және/немесе 27 км. аумағында, Қазақстанның өзендерінің жағалау сызықтарында, көлдерінде және басқа бассейндерінде бекітіледі; Каспий теңізі жағалауында Каспий теңізі жағалау сызығына шектес жерлерде – 25 км. деп жауап берді.




  1. Жергілікті заңды тұлғаларға әрекеті қолданылмайтын, бірақ жер қорларына және жер қойнауын пайдалану құқықтарына лизингке инвестиция салатын, шетелдік қатысушылары бар Қазақстандағы заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын кез-келген шектеулер мен шарттардың бар не жоқ екендігі туралы сұраққа жауап ретінде Қазақстанның өкілі барлық шектеулер Қазақстанның барлық заңды тұлғаларына қатысты тең дәрежеде, шетелдік қатысушылардың бар не жоқ екеніне қарамастан қолданылады деп жауап берді. Ол экономикалық қауіпсіздік Қазақстанның энергетикалық ресурстарын сақтауын және күшейтуін қамтитын «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233-I Заңының ережелеріне сәйкес «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 12-бабына өзгерістер енгізілгенін қоса айтты. Осы өзгерістерге сәйкес Қазақстан Үкіметінің қазіргі қолданушысы сататын жер қойнауын пайдаланушы құқығын алуға басым құқығы бар.




  1. Топ мүшесі, сонымен қатар Қазақстан өкілінен жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүзеге асыруға арналған құқыққа ие кәсіпорынға иелік етушінің өзгеруі бойынша кәсіпорындағы жеке капиталды/үлесті сату, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңды қолдану сияқты кез-келген қаржылық әрекеттерге әкеп соғатынын не соқпайтынын түсіндіруді сұрады. Қазақстанның өкілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) және/немесе объектісін3 иеліктен шығару ниеті болған жағдайда, мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) және/немесе обьектісін алуға басым құқыққа ие деп жауап берді. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) және/немесе обьектісін иеліктен шығару ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы құзіретті органға өтінім жібереді. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бөлігін) және/немесе обьектіні иеліктен шығаратын құқықты сатып алу туралы шешімді құзіретті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан қабылдайды. Осыған байланысты жер қойнауы саласындағы операцияларды жүзеге асыру құқығына ие кәсіпорынға иелік өзгеруі бойынша кәсіпорындағы жеке капиталды/үлесті сату сияқты кез-келген қаржылық әрекеттерге қатысты, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын иелігінен шығаратын құқығын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын қарастыратын «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның ережелері қолданылады.




  1. Жұмыс тобы мүшелерінің бірі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға енгізілген түзетулердің Қазақстанның инвестициялық климаты үшін салдарлары туралы өзінің алаңдаушылығын білдірді. Қазақстанның өкілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Заң Қазақстанның инвестициялық климатына теріс ықпал жасамайтынын айтты, өйткені ол шетелдік инвесторларды қазақстандық инвесторлармен салыстырғанда кемсітпейді. Заң тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың ашықтығына және жер қойнауын пайдалану туралы шарттардың нормаларын сақтауына кепілдік береді. 2011 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында 142 компания жұмыс жасайды, оның 86-сы – шетелдік үлестері бар компаниялар.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелерінің сұрағына Қазақстан өкілі Қазақстан қолданыстағы қолжетімділік құқықтар негізінде құбырлардың қолжетімді қалдық қуаттылығы шегінде ұлттық заңнамаға4 сәйкес, жартылай немесе толығымен Үкіметке тиесілі және реттейтін иеленген құбыр желісіне Қазақстанның ұлттық заңнамасына сәйкес шикі мұнай және газ өндіретін шетел инвестициялары бар Қазақстанның заңды тұлғаларына кемсітушіліксіз қолжетімділікті қамтамасыз ететінін айтты. Қолжетімділік адал және әділетті тәртіппен Қазақстанда шикі мұнайды өндіретін компаниялардың өндірістік қуатына барабар түрде бөлінетін болады. Қазақстанда шикі мұнай мен газды өндіретін шетел инвестициялары бар Қазақстанның заңды тұлғалары үшін құбыр желісіне қолжетімділікті қоса алғанда, құбыр желісі бойынша осындай тасымалдауға қатысты шараларды қолдану кезінде Қазақстанның Үкіметі келесі қағидаттардың сақталуын қамтамасыз етеді: (і) құбырмен тасымалдауға қолжетімділік және тарифтер бойынша толықтай ашық құқықтық және реттеу шаралары; (іі) Қазақстан аумағы және бағыттары шегінде шикі мұнайдың шығуы мен газдың өндірісіне қатысты кемсітпеушілік; және (ііі) шетелдік және отандық инвесторларға қатысты тасымалдауға арналған кемсітпеушілік тарифтерін қолдану. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




  1. Қазақстанның өкілі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 193-1-бабына сәйкес стратегиялық маңыздағы объектілердегі үлестерді сату/сатып алу немесе кез-келген иеліктен шығару Үкіметтің рұқсатын алуды және келісуді талап ететінін қоса айтты. Стратегиялық маңызды секторлар Азаматтық Кодекстің 193-1-бабында анықталған. Стратегиялық маңызды объектілер тізілімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданады.




  1. Жұмыс тобы мүшесі стратегиялық маңызы бар объектілердің тізілімі қазіргі уақытта бекітілгенін және оның мезгіл-мезгіл жаңғыртылатынын және қоғам үшін қолжетімді екендігін растауды сұрады. Қазақстанның өкілі ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың немесе үлестес тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жарғылық капиталына берілген, сондай-ақ мемлекеттің үлесі бар басқа заңды тұлғалар және мемлекетпен үлестес емес заңды тұлғалардың, сонымен қатар жеке тұлғалардың меншігіндегі стратегиялық объектілер тізілімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен мақұлданған деп жауап берді. Бұл тізілім мезгіл-мезгіл (соңғы түзетулер 2011 жылдың
    21 шілдесінде енгізілген) қайтадан қарастырылып тұрады. Соңғы өзгерістер енгізілген стратегиялық маңызы бар объектілер тізілімі қоғам үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (www.minplan.kz) және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің (www.minjust.kz) ресми веб-сайттарында екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет