ДҮниежүзілік сауда ұйымы


- ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ



бет54/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78

- ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫ

- Соттық азаматтық-құқықтық рәсімдер мен шешімдер


  1. Қазақстанның өкілі Азаматтық және Қылмыстық кодекстердің ережелеріне, Патент Заңының 33-бабына, Тауар белгілері туралы заңның
    42-бабына сәйкес тараптар ретінде көрінетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел тұлғалары арасында зияткерлік меншік құқықтары бойынша дауларды реттеу бөлігінде ерекшеліктер жүргізілмейтінін атап өтті. Шетелдік және отандық зияткерлік меншік құқықтарының иеленушілері сот тәртібімен мынадай: (і) авторлық туралы; (іі) қорғауды берудің құқыққа сыйымдылығы туралы; (ііі) айрықша құқықтың және басқа мүліктік құқықтардың бұзылуы туралы; (iv) патент иеленушісін белгілеу туралы; (v) мәжбүрлі лицензия беру туралы; (vі) лицензиялық шарттарды жасасу мен орындау туралы; (vіі) өтемақы мен айрықша құқықтардың бұзылуы нәтижесінде келтірілген залал сомаларын төлеу туралы; (vііі) зияткерлік меншік құқықтарын қорғаумен байланысты басқа да дауларды қарауды талап ете алады. Оған қоса, құқық иеленушілер өз құқықтарын қорғау туралы өтінішті жергілікті уәкілетті органдар мен әкімшілікке бере алады, бұл сотқа арыз беруге кедергі болмайды.




  1. Қазақстан өкілі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 66-бабының
    4-тармағына сәйкес, егер іске қатысқан тараптар мен басқа да тұлғаларға дәлелдемелер ұсыну қиын болған жағдайда, сот олардың өтінішхаты бойынша дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсетеді және қажет болған кезде өтінішхат берген тұлғаға талап етілген дәлелдемені алу үшін сұрау салу береді деп жауап берді. Сондай-ақ Азаматтық іс жүргізу кодексінің 74-бабының 1-тармағында өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар адамдар соттан осы дәлелдерді қамтамасыз ету туралы сұрай алатыны белгіленген.




  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың зияткерлік меншік құқықтарын бұзушыдан құқық иеленушінің пайдасына оның шеккен шығындарын өндіріп алуға өкілеттігі бар. Арнайы қойған сұраққа Қазақстан өкілі жауабында Азаматтық кодекстің 9 және 917-баптарына сәйкес құқығы бұзылған тұлға нақты залал мен жіберіп алынған пайданы қоса алғанда, оған келтірілген шығындардың толықтай өтелуін талап ете алатыны белгіленген деп түсіндірді. Бұл ретте шығындар деп құқығы бұзылған тұлға өндірілген немесе өндіруі тиіс шығыстар, оның мүлкінің жоғалғаны немесе бүлінгені (нақты залал), сондай-ақ егер құқығы бұзылмаса айналымның әдеттегі жағдайында осы тұлға алатын алынбаған табыстар (жіберіп алынған пайда) түсініледі. Осыған байланысты, Азаматтық кодекстің 9 және 917-баптары шығындарды есептеу кезінде заңды тауардың бағасы есепке алынатынын тікелей көздейді. Тауар белгілері туралы заңның 44-бабына сәйкес тауар белгісін не тауар шығарылған жердің атауын (географиялық нұсқауды), не араласу дәрежесіне дейін онымен ұқсас белгіні заңсыз пайдаланған тұлға бұзушылықты тоқтатуға және сондай-ақ тауар белгісі мен тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға құқығы иесіне ол шеккен нақты залалдың және жіберіп алған пайдасын өтеуге міндетті. Авторлық құқық туралы заңның 49-бабына сәйкес, сот авторлық құқықтарды бұзумен байланысты мәселелерді қарау кезінде талапкердің өтініші бойынша авторлық құқықтарды бұзушыға мыналарды: (і) арыз берушіге жіберіп алған пайданы қоса алғанда, шығындарды өтеуді; (іі) бұзушы алған табысты өтеуді немесе; (ііі) жауапкерді 20-дан 50-ге дейінгі барынша төмен жалақы мөлшері сомасында өтемақы төлеуді (ЭЕМ бағдарламалары немесе деректер базасы үшін авторлар құқықтары бұзылған кезде 500-ден 50 000 дейінгі барынша төмен жалақы мөлшерінде) міндеттей алады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 111-бабына сәйкес өз пайдасына сот шешімі шығарылған тарапқа процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша ол шеккен шығыстарды осы тараптың талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің 10 %-ынан аспайтын сомасына шеккен нақты шығындар мөлшерінде екінші тараптан алып береді. ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 45(2) бабына сәйкес сот органдарының пайда өтету бойынша өкілдігі бар ма деген сұраққа жауапта Қазақстан өкілі Азаматтық кодекстің 9-бабының 4-тармағы мен Азаматтық іс жүргізу кодексінің 111-бабының 1-тармағына сілтеме жасады.




  1. Қазақстан заңнамасының ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 46-бабына сәйкестігі туралы ақпарат беру туралы сұраққа жауапта ол авторлық құқық туралы Заңның 49-бабына сәйкес судья қарақшылық нұсқа деп болжанған туындылар мен фонограммалардың барлық нұсқаларына, сондай-ақ оларды дайындауға немесе жаңғыртуға арналған материалдар мен жабдықтарға тыйым салужәне алып қою туралы ұйғарым шығаруға құқылы екенін атап көрсетті. Туындылар мен фонограммалардың қарақшылық даналары авторлық немесе сабақтас құқықтар иеленушісінің талабы бойынша оған берілуге не сот үкімі бойынша жойылуға жатады. Бұдан басқа, туындылар мен фонограммалардың қарақшылық даналарын тәркілеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 129-бабында көзделген. Контрафактілі тауарларды азаматтық тауар айналымынан алып қою 2008 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 145-бабында да көзделген. Сонымен қатар тауар белгілері туралы Заңның 44-бабының 2-тармағына сәйкес тауар белгісін немесе тауар шығарылған жер атауын не араласу деңгейіне дейін ұқсас белгілерді құқыққа сыйымсыз пайдаланған тұлға дайындалған тауар белгісінің бейнесін немесе тауар шығарылған жердің атауын, сондай-ақ оларды тауардан, оның орамасынан, бланктерден немесе басқа құжаттамадан жоюға міндетті. Бұл талапты орындау мүмкін болмаған кезде тауар заңнамада белгіленген тәртіппен жойылуға жатады. Ерекше жағдайлардан басқа, тауар белгісінің құқыққа сыйымсыз пайдаланылуын қарапайым жоюдың жеткілікті емес екендігі туралы ескертуге берілген жауапта Қазақстанның өкілі Қазақстан ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 46-бабына сәйкес келтіру мақсатында Тауар белгілері туралы заңның 44-бабына өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.




  1. Жұмыс тобының бірқатар мүшелерін зияткерлік меншік құқықтары бойынша дауларда шешім қабылдау дағдыларын жинау үшін судьялар қандай да бір дайындықтан өте ме деген сұрақ қызықтырды. Қазақстан өкілі сот органдарының өкілдері әрдайым зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауға арналған іс-шараларға (семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер») тұрақты түрде белсенді қатысатынын атап көрсетті. Мысалы, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын тұлғалардың біліктілігін арттыру үшін
    2005 жылдың шілде айында Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ), CIPR және Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) бірлесіп зияткерлік меншік құқығы аясында құқық қолдану практикасы бойынша семинар өткізілген, оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары белсене қатысты. 2011 жылы Әділет министрлігі ЮСАИД-пен бірлесіп «Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын соттық қорғауы» тақырыбына конференция өткізді. Бұдан басқа, елде мемлекеттік институты болып табылатын Мемлекеттік қызмет академиясы жанында сот академиясы жұмыс істейді, онда өңірлердің судьялары қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дайындықтан өтіп, білім алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет