Дүниетану пәнін оқыту пәнінен лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата26.01.2024
өлшемі464.39 Kb.
#489946
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
downloadPdfUmkd (1)

Экстраполяция-/ Жорамалдау/ Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның 
екінші бөлігіне тарқату
– оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары 
мен нәтижелерін болжау. 
·Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді; 
·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді; 
·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді; 
·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; 
айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп 
беріңіз. 
 
-Зат есім етістікті саластыр 
— Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз; 
— Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз
— Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз. 
Қолдану
Таным мен ойлаудың орта деңгейі. 
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу 
материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда 
ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық 
тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды 
тереңірек игеруді талап етеді. 
— Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; 
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады
— Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы 
да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай 


бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек. 
Талдау
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. 
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және 
жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. 
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің 
бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл 
категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша 
құралатындығын меңзейді. 
-Элементтерді талдау, 
-Қарым қатынасты талдау, 
Ұйымдастыру қағидаттарын талдау; 
— Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады; 
— Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды
— Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; 
— Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз. 
— Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз. 
— “Ер туған жерiне, ит тойған жерiне”деген мақалды қалай түсiнесiз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет