Дүниетану пәнін оқыту пәнінен лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата26.01.2024
өлшемі464.39 Kb.
#489946
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
downloadPdfUmkd (1)

6. Тақырыбы:Мұғалімнің 
практикалық 
іс-әрекетінде 
саралаудың 
әр 
түрлерін қолдану. Саралау тәсілін қолданудың ерекшелігі. Оқушының 
қажеттілігін қанағаттандырудағы саралау тәсілінің мәні 
Білім игеру процесі – белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана жүзеге 
асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің түрлері мен өзіндік дәрежесі неғұрлым көп және 
жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі. 

2

Саралап оқыту әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен 
нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі, оқушыларды оқуға 
ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға 
септігін тигізеді. 

3

Оқытудағы саралаудың негізгі мәні оқушылардың оқуындағы жеке 
айырмашылықтарды біле отырып және ескерту арқылы олардың әрқайсысы үшін 
анағұрлым оңтайлы болатын жұмыс түрін анықтау. 
Оқу үрдісінде оқушыларды саралау сипаты шартты болып табылады. Ол әрбір 
оқушыға жекелей тәсілмен қарауға мүмкіндік беретін икемді және өзгермелі болуы тиіс. 
Саралау балаларды қабілеттері немесе басқа қасиеттері бойынша іріктеуге бағытталмаған. 
Оның негізгі міндеті оқушылардың қабілеттерін және бейімділігін дамытуға, білім 
мазмұнынын табысты игеру мақсатында білім беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар 
жасау болып табылады. 
Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы. 
Оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған
оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқытуда бір 
материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді 
және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі 
бойынша жіктей отырып, оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып олардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы сабақты тиімді ұйымдастыруды талап етеді. 
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған білім 
беру бағдарламасының оқу жоспарын әзірлеуде маңызды болып табылады. Блэк және басқа 
авторлар (2003) бұл тәсілдің оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал ететінін мәлімдеп, 
мұны бірқатар метаталдау арқылы дәлелдеді. Бірінші кезеңде оқушылардың қазіргі кездегі 
мықты тұстары мен олар кездестіретін қиындықтар анықталады. Бұл көп жағдайда 
оқушылардың тапсырмаларды қалай орындайтынын бақылау арқылы, яғни ауызша 
жауаптарын бақылау және жазбаша жұмыстарын тексеру арқылы жүзеге асады. Содан 
кейін бұл ақпарат әр оқушының үлгерімін жақсартуға көмектесетін жаттығуларды 
жоспарлау үшін пайдаланылады.
Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар: 
- мұғалімдер оқушылар қателік жіберуге қорықпайтын, тәуекелге бару мәдениетін 
қолдайды; 
- мұғалімдер оқушыларға жұмысының сапасын бағалау құралдарын таңдауға 
көмектесу үшін барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды; 
- мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу 
мақсаттарын белгілеп, олармен оқушыларды таныстыру арқылы, мақсаттарды бақылап, 
оқытуды реттеу арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді; 
- мұғалімдер оқушылардың түсінуін бағалау үшін әртүрлі әдістерді қолданады және 
әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқыту әдістерін 
түрлендіреді. 

4

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың 
ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін 
зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға 


арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға 
сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата-аналармен әңгіме жүргізу керек. 
Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақта сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды 
т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген 
сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер 
жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал улгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың 
тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады.
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар. Атап 
айсақ: тапсырма, дереккөздер, қарқын, қорытынды, диалог және қолдау көрсету, бағалау, 
жіктеу.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет