- рәсімдерді
есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу;
- формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу;
- жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ болжам жасау.
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім олар үшін
тақырыпты білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ
кез келген қате түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу
тәсілін қолдана алады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін:
- елестету;
- салыстыру;
- түсіндіру және дәлел келтіру;
- мақұлдау (келісу).
Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқушылардың алдыңғы
меңгерген білімдері
мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа түсініктерді
қалыптастырып, оқу қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пәндердің оқу бағдарламасы
оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді:
- зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру;
- кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын
белсенді дамыту;
- өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
- қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық
проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Бастауыш пәндерін оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің оқуы
үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге
дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары
туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық
байланыс орнату арқылы олар
ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
«Функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы ЮНЕСКО енізген
уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар
қолданысқа түсіп келеді. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып
кету жөн болмақ. 1) Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс
жасай алу дағдылары. 2) Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды
оқу және жазу дағдылары. 3) Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және
жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни
адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және
сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық
деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін
және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер
қалыптасады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай
оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің
түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық
сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті
және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарымқатынас жасай алу деңгейінің
көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада
өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын
қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында
ол тек 4 білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.
Осындай сапалық
сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі
ретінде қолданылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден
көрінеді: ‒ оқу, жазу сауаттылығынан; ‒ жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан; ‒
математикалық сауаттылығынан; ‒ компьютерлік сауаттылықтан; ‒ денсаулық
мәселесіндегі сауаттылықтан; ‒ құқықтық сауаттылығынан.
Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен
қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық
ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен
бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі. Функционалдық сауаттылық –тілдік
тұлғаның
әлеуметтік –қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым, 28 тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің
қалыптасқан жүйесі. Сұхбаттық тапсырмалар диалогтан тұрады. Бастауыш сынып
оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты таңдауымыздың
себебі ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу тілінің ең көп тараған және тілдік
қатынастың табиғи түрі. Диалогтың жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған
жалпы ойға байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі
екені ескерілді. Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары мен шартты сөйлеу
жаттығулары ұсынылады. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар алынады.
Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып, диалогтің сөздерін
қайталатып, рөлге бөліп оқытылады. Мысалы: - Сен бүгін театрға барасың ба? - Жоқ, бара
алмаймын. - Неге? - Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз. -
Кіммен барасың? - Мен, бауырым мен қарындасым, әкем –төртеуіміз. - Анаң ше? - Ол үйде
апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды. -Жарайды, жақсы. Оқушылларды тек жауап
беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да
үйрету аса маңызды. Диалогтің осындай түрлері де ұсынылды. Диалогтік тапсырмаларды
орындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым дағдылары
қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту, таңдану, бұйыруды қолдану, бір-бірімен әңгімелесе
білу,
мәліметтерді нақтылап сұрау, тыңдап отырып қайта сұрақ беру, келіспеушілік,
толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік
тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі.
«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды. Тапсырманың мақсаты:
оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру.
Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу. Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым
әдістері. Көрген экспонат, мұралардың ішінен қажеттісін екшеп бөліп алып, сол туралы
ақпарат беру біліктерін қалыптастыру көзделді. Тапсырма: 1. Қазақстанның мұражайлары
жайында ақпараттар іздеп табу. 2. Ақпаратты жазбаша түрде дайындау. 3. Сынып алдында
ақпараттың мазмұнын баяндау. Нәтиже: өздеріне қажетті ақпаратты іздеп, табуға
жаттығады.
Әңгімелеу, жазу, жұмыста жұмыс істеу дағдылары дамиды. Жұмыс кезінде
коммуникативтік, мәселелердің шешімін табу құзыреттіліктері тапсырмаларын орындау
ұсынылды. 29 Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын
қалыптастыруда қатысымдық әдіс функционалдық сөйлеудің грамматикалық жағы мен
лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде алынды. Қатысым әдісі бойынша
оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, тілді үйретуді күнделікті
өмрде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескерілді.
Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері
арқылы іске асады. Бұл қатысымдық бағытта дайындалған тапсырмалардың мәні
оқушыларды ана тілінде қарым-қатынас үдерісіне
дайындау, сыныпта қарым-қатынас
жасауға жағдай тудыру болып табылады. Қатысымдық әдіс ұсынылған тапсырмалардың
бәріне ортақ, әсіресе жағдаяттық, рөлдік ойын, сұхбаттық тапсырмаларда басым болады.
Осы әдістің функционалдық сауаттылықпен байланысы жағдаяттық, сұхбаттық
тапсырмалардағы тілдесімде ерекше басымдылыққа ие болады. Рөлдік ойын әдісінде 7-12
жастағы балалар қарым-қатынасқа тез түседі де, кез-келген рөлді ынтамен орындайды.
Рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, дұрыс сөйлеу
қабілетін жетілдіруге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.