Тақырыбы: Заманауи сабақты жобалау негізі ретінде. Қысқа мерзімді сабақты
жоспарлау
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сабақты жоспарлау.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №
130 бұйрығы:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16
кыркүйектегі № 472 Бұйрығы;
ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022
№ 382
Қысқа мерізімді жоспар орта мерізімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа
байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Қысқа
мерізімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқа мерізімді
жоспарда сабаққа мақсат қою, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже,
сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдерінен құралады.
Қысқа мерізімді жоспар құрылымы:
·сабақтың тақырыбын анықтау;
·әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
·оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
·тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін
дайындау;
·төрт
дағдыны
қалыптастыру
үшін
ұсынылатын
оқу
материалдарымен
ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
·уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
·жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
·сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
·оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
дайындау;
·тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
«Дүниетану пәнінен»
ұзақ мерізімді жоспар, орта мерзімді жоспар және қысқа
мерізімді жоспар сабақтарды ұйымдастыру, өткізу барысында қарастырылады.
Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді
жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу,
сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру
туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта
қолдануға болатын ресурстар ұсынылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және
аудиоматериалдары және т.б.) Ұзақ мерзімді жоспар оқу
бағдарламасының элементі
ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді
жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа
мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге
арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған
оқыту тақырыптары көрсетіледі.
Ұзақ мерізімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерізімді жоспар білім бері
деңгейі бойынша барлық сыныптардаға пән тарауларын белгілеп,
олардың жалпы
ерекшеліктерін анықтайды. Яғни ұзақ мерізімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының
жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту
тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақты
тиімді
құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият
іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген
жерлерін анықтау мақсатында ьь ьь лшл сабақты талдап, рефлексия жасайды.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа
алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттарын басшылыққа алу;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау,
яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді,
ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық
қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім осы сабақтың мақсаты қандай болатынын
анықтайды. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсаттарына
сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін.
Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы
сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады.
Сабақ
мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу
керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек.
Бұл:
- сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар
аударуға;
- сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
- оқуды бағалауды жеңілдетуге;
- оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: